Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АВ блокада ГОС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249.34 Кб
Скачать

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

1ТЕРАПИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ СИМУЛЯЦИЯ СЦЕНАРИІ

Медициналық симуляцияның сценарийі

Клиникалық жағдай: «Өткізгіштіктің бұзылуы (2 дәрежелі АВ бөгеме (блокада)) және оны жүргізу тактикасы»

Ситуациялық есеп: Сіз – ҚКО-ң 4-ші кардиологиялық бөлімшенің дәрігер кардиологсыз. Бөлімшеге 77 жасар ер адам түсті.

  • Анамнез жинап науқасты қарауды жүргізіңіз

  • Лабораторлық, аспапты зерттеу әдістерінің нәтижесін талдаңыз

  • Диагнозды құрастырыңыз

  • Науқастың жүргізу тактикасын анықтаңыз

Қорытынды нәтиже (outcomes):

  • Науқасты сұрау мен физикалық тексеруді жүргізу

  • Жүрек қызметінің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуының диагностикасы

  • ЭКГ-ң регистрациясы мен интерпретациясы

  • Ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бар науқасты жүргізу тактикасы

Бейімделген әртіске (науқасқа) арналған сценарийдің мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы:

Шағымы: алдын ала белгілері жоқ кенеттен болатын қысқа уақытты есінен талу эпизодтарына, жалпы әлсіздікке, бас айналуына, жүрек соғысының өзгеруіне, иррадиациясы жоқ, 150 м ара-қашықтықта жүргенде пайда болатын, тыныштықта басылатын төс артындағы қысатын ауру сезімінің ұстамаларына.

Сұрақтың мәні

Әртіске арналған сұрақтың формулировкасы

Жауабы

Есінен талу эпизодтары

Эпизодтардың ұзақтығы қандай

Есінен талу эпизодтары 2-3 минуттай созылады

Есінен талу ұстамасы немен бірге өтеді?

Есінен талу ұстамалары тырысулар, аузынан көпіріктің бөлінуімен, ықтиярсіз зәр жіберуімен бірге өтті ме

Тырысулар, аузынан көпіріктің бөлінуімен ықтиярсіз зәр жіберуі бірге болған жоқ

Естен талудың себебі дәрі дәрмек қабылдаумен байланысты ма?

Естен талудаң бұрын дәрі дәрмектерді қабылдады ма?

Бірінші рет ұстама 20 мг анаприлин қабылдаған соң пайда болды; ал кейінгі реттерде - ешкандай дәріні қабылдаған жоқ.

Жүрек тұсындағы ауру сезімінің сипаттамасын нақтылау

Ауру сезімінің сипаттамасы қандай: басатын, күйдіретін, қысатын, шаншитын?

Ауру сезімі қысатын (кеудесіне жұдырығын қойып көрсетеді) және күйдіретін сипатта болады

Ауру сезімінің ұзақтығы

Ауру сезімі қанша уақытқа созылады?

15 минуттай

Ауру сезімінің шақыруы

Ауру сезімің не шақыртады?

күштеме кезінде пайда болады

Ауру сезімінің иррадиациясы

Ауру сезімі қай жерге беріледі, таралады?

Ешқайда берілмейді

Ауру сезімі немен басылады

Ауру сезімін басу үшін не қабылдадыңыз?

Ауру сезімі тыныштық жағдайда басылады

Анамнезінде: 2 ай ішінде үш рет есінен талған, бұрын жүрек соғысының бұзылуы анықталынған, осыған байланысты эпизодты түрде анаприлин қабылдаған, бірақ әсері болмаған; жалпы әлсіздік, бас айналу пайда болды.

Алғашқыда күштеме кезінде төс артында пайда болған ауру сезімі 3 жыл бұрын байқалынған, тексерілмеген, емделмеген. Сонғы айларда төс артындағы ауру сезімі бұрынғымен салыстырғанда азырақ күштеме кезінде пайда бола бастаған. Кезекті болған есінен талу эпизодынан кейін госпитализацияланған. Невропатологтың диспансерлік есебінде тұрмайды, ешқандай дәрілерді қабылдамайды.

Қарап тексергенде: бойы 173 см, салмағы 80 кг. Дене бітімі гиперстениялық. Перифериялық ісіну жоқ. ТАЖ 18 рет минутына, сырылдар жоқ. Жүрек: сол жақ шекарасы – сол бұғанаорталық сызығы бойында, оң – төстің оң қыры бойымен, жоғарғы - III қабырғаның төменгі қырымен. Жүрек тондары тұйықталған, шуылдар жоқ. ЖСЖ 46 рет минутына, ерте (преждевременные) жиырулар естіледі (минутына 6-ға дейін), АҚ 130/80 мм с.б. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз, бауры ұлғаймаған.

ЭКГ

Холтер бойынша ЭКГ-ң тәуіліктік мониторингісі: синусты ырғақ, ЖСЖ күндіз 42-117/мин. (орташа 58/мин.), ЖСЖ түнде 35-64/мин. (орташа 50/мин.). Қарыншалық политопты экстрасистолия - барлығы 2130; қарыншаүсті экстрасистолия - барлығы 847. Максимальді паузасы 3,2 с болған 2 типті II дәрежелі (2:1 и 3:1) АВ бөгеменің тұрақты емес (преходящие) эпизодтары тіркелген. ST-T анализі: сол кеуде тармақтарында ST сегментінің 0.2 мВ депрессиясы, ауру сезімі болған уақытта тіркелген.

ЭХОКГ: Аорта кеңеймеген, склерозданған. КДРсқ – 5,5 см КСРсқ- 3,5 см, Тзслж – 1,2 см, Тмжп-1,1 см. КДРоқ – 2,6 cм. Гипокинезия аймақтары анықталынбаған, ФВсқ -57%, дельта S- 28%.

ЖҚА

ЖЗА

Биохимиялық анализ

эритроциттер 3,8х1012

гемоглобин 140 г/л

ТК 1,05

лейкоциттер 8,6х109

с/я 68%

т/я – 2%

эозинофилдер 2%

лимфоциттер 24%

моноциттер 4%

ЭТЖ 8 мм/сағ.

көлемі 100,0 мл,

салыстырмалы тығыздығы – 1020,

түсі – сары,

лейкоциттер– 2-3 к/а.

Глюкоза – 5,3 ммоль/л

Холестерин 6,7 ммоль/л

ТТЛП – 3,5 ммоль/л

ЖТЛП – 0,4 ммоль/л

Триглицеридтер – 2,8 ммоль/л

Креатинин – 112 мкмоль/л

Зәр қышқылы – 360 мкмоль/л