- •17.1.1.3. Есно - вирустары
- •17.1.1.4. Гепатит а вирусы (агв-нау)
- •17.1.1.6. Аусыл вирусы
- •17.1.2. Тогавирустар
- •17.1.2.1. Альфавирустар
- •17.1.2.2. Қызамық вирусы
- •17.1.3. Флавивирустар
- •17.1.3.1. Сары қызба вирусы
- •17.1.3.2. Кенелік энцефалит вирусы
- •17.1.3.3. Жапондық энцефалит вирусы (масалық энцефалит)
- •17.1.3.4. Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •17.1.3.5. С гепатит вирусы (нсv)
- •17.1.3.6. С - гепатит вирусы (нсv)
- •17.1.3.7. Е гепатит вирусы (неv)
- •17.1.3.8. Ттv-гепатит вирусы
- •17.1.4. Коронавирустар
- •17.1.5. Реовирустар
- •17.1.5.1. Реовирустар (ортореовирустар)
- •17.1.5.2. Ротавирустар
- •17.1.7. Парамиксовирустар
- •17.1.7.1. Парагрипп вирустары
- •17.1.7.2. Мысқыл (эпидемиялық паротит) вирусы
- •17.1.7.3. Қызылша вирусы
- •17.1.7.4. Респираторлық - сиицитиальдық вирус
- •17.1.8. Рабдовирустар
- •17.1.8.1. Везикулярлық стоматит вирусы
- •17.8.2. Қүтыру вирусы
- •17.1.9. Ретровирустар
- •17.1.10. Ареновирустар
- •17.1.10.1. Лимфоцитарлық хориоменингит
- •17.1.10.2. Ласса геморагиялық қызбасы
- •17.1.10.3. Д гепатит вирусы (ешу)
- •17.1.11.Филовирустар
- •Марбург ауруы
- •Эбола қызбасы
- •17.1.12. Буньявирустар
- •17.1.12.1. Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы (қкгқ)
- •17.1.12.2. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба вирусы (бсгқ)
- •17.2.2. Аденовирустар
- •17.2.3. Поксвирустар
- •17.2.3.1. Нагыз немесе қорасан шешегінің вирусы
- •17.2.3.2. Шешектік вакцина вирусы (сиыр шешегінің вирусы)
- •17.2.3.3. Контагиялық моллюск вирусы
- •17..2.4. ¥Шық вирустары - Герпесвирустар
- •17.2.4.1. Қараиайым ұшық вирустары (қ¥в
- •17.2.4.2. 3-Типтік ұшық вирусы
17.1.1.6. Аусыл вирусы
Аусыл (ящур) - дене қызбасы көтерілуімен, ауыз қуысының шырышты қабатында, қол ұшы және аяқ басының терісінде пайда болатын ойық - жаралы зақымданумен сипатталатын зоонозды жұқпалы ауру.
Аусыл вирусын 1898 жылы Ф.Леффлер және П.Форш ашқан, бұл вирус адамдардан табылған ең алғашқы патогенді вирустың қатарына жатады. Аурудың клиникалық көріністерін алғашқы рет Норвегия дәрігері Сагар сипаттаған.
Таксономиясы. »
Туқымдастыгы: Рісоrnaviridae.
Туыстастыгы: Арһtovirus.
Түрі: Аусыл (ящур) вирусы (7 серотиптері бар).
Морфологиясы және құрылымы бойынша аусыл вирустары жалпы пикорнавирустар сияқты болып келеді. Сфера пішінді, өте ұсақ вирустар.
Дақылдандыру. Аусыл вирусы жалпы вирустар сияқты абсолютті паразиттер болғандықтан олар жасуша дақылдарында өсіп - өндіріледі. Ол үшін бұзаудың, ірі қара малдың тілінен, бүйрегінен дайындалған жасуша дақылдарын пайдаланады.
Антигендері. Аусыл вирусының 7 серологиялық типтері белгілі (біздің елде О және А типтері кездеседі), олар бір-бірінен типтік - спецификалық антигендерімен ерекшеленеді.
Резистенттілігі. Аусыл вирусы кейбір азық-түліктерде (сары майда, тоң майда) 2-3 айға дейін сақталады, сондай мерзімде өлген жануарлардың сүйек кемігінде, қан ұйығында да сақталады. Вирус бірнеше апта бойы сыртқы орта нысандарында ауру туғызу қабілеттілігін жоймайды.
Эпидемиологиясы. Аусыл - зоонозды инфекция, дегенмен адамдар да ауырады. Инфекция көзі - ауру малдар, әсіресе ірі қара мал (сиырлар). Қостұяқгы ауру малдардан вирус олардың сүтімен, сілекейімен, несебімен сыртқы ортага бөлініп шығады. Ауру малдардың ауызындағы, ерініндегі жара көпіршіктері өте қауіпті. Адамдарға вирус ауру малдарға күтім жасағанда (жанасу-контакт) және ластанган және де жеткілікті дәрежеде температурада өнделмеген тағамдық өнімдерді (сүт, ет т.б.) пайдаланғанда жұғады. Сүт арқылы жұғу балалар арасында жиірек байқалады. Адамдар арасында аусыл вирусын қабылдаушылық жоғары емес.
Патогенезі және клиникалық көріністері. Аусыл вирусы өте жоғары вирулентті және дерматотроптылығы күшті. Вирус терінің және шырышты қабаттардың эпителиялық жасушаларында репродукцияланады. Содан кейін қанға түсіп вирусемия қоздырады. Аусылдың жасырын кезеңі 2-18 тәулік,
__________________________________________________________________________________________461
содан кейін ауыз қуысының, еріннің, қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарында күлдіреу, сонан соң ойық - жаралар пайда болады. Кейбір жағдайда миокардтың және паренхиматозды ағзалардың зақымдануы ықтимал.
Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін ұзақ мерзімғе созылмайтын (1-1,5 жылдай) типтік - спецификалық иммунитет пайда болады.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін заттар - ойық-жара (афт) бөліндісі, сілекей, қан, науқастың қан сарысуы.Вирусты бөліп алу (индикациялау): а) жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ бойынша анықтайды); б) емізік жастағы тышқандарға (миына) жұқтыру (өлім туғызады); в) теңіз шошқасының табан терісіне жұқтыру (24-48 сағаттан кейін енгізген жерде сулы бөртпелер пайда болады). Идентификациялау (серотиптерін анықтау) - БР, КБР. Серологияльқ диагноз қою - БР, КБР, ПГАР, ИФТ (науқастан алынған қос қан сарысуларымен). Жедел диагноз цою - ИФР (гомологиялық сарысулармен).
Емдеуі - симптоматикалық ем шаралар.
Алдын алуы - жалпы медициналық санитарлық - гигиеналық сақтану шаралары. Адамдар арасында вакцина егу қолданылмайды. Жалпы ветеринариялық шаралармен қатар ірі қара малдарға вакцина егу жүргізіледі.
