- •17.1.1.3. Есно - вирустары
- •17.1.1.4. Гепатит а вирусы (агв-нау)
- •17.1.1.6. Аусыл вирусы
- •17.1.2. Тогавирустар
- •17.1.2.1. Альфавирустар
- •17.1.2.2. Қызамық вирусы
- •17.1.3. Флавивирустар
- •17.1.3.1. Сары қызба вирусы
- •17.1.3.2. Кенелік энцефалит вирусы
- •17.1.3.3. Жапондық энцефалит вирусы (масалық энцефалит)
- •17.1.3.4. Омбылық геморрагиялық қызба (огқ)
- •17.1.3.5. С гепатит вирусы (нсv)
- •17.1.3.6. С - гепатит вирусы (нсv)
- •17.1.3.7. Е гепатит вирусы (неv)
- •17.1.3.8. Ттv-гепатит вирусы
- •17.1.4. Коронавирустар
- •17.1.5. Реовирустар
- •17.1.5.1. Реовирустар (ортореовирустар)
- •17.1.5.2. Ротавирустар
- •17.1.7. Парамиксовирустар
- •17.1.7.1. Парагрипп вирустары
- •17.1.7.2. Мысқыл (эпидемиялық паротит) вирусы
- •17.1.7.3. Қызылша вирусы
- •17.1.7.4. Респираторлық - сиицитиальдық вирус
- •17.1.8. Рабдовирустар
- •17.1.8.1. Везикулярлық стоматит вирусы
- •17.8.2. Қүтыру вирусы
- •17.1.9. Ретровирустар
- •17.1.10. Ареновирустар
- •17.1.10.1. Лимфоцитарлық хориоменингит
- •17.1.10.2. Ласса геморагиялық қызбасы
- •17.1.10.3. Д гепатит вирусы (ешу)
- •17.1.11.Филовирустар
- •Марбург ауруы
- •Эбола қызбасы
- •17.1.12. Буньявирустар
- •17.1.12.1. Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы (қкгқ)
- •17.1.12.2. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба вирусы (бсгқ)
- •17.2.2. Аденовирустар
- •17.2.3. Поксвирустар
- •17.2.3.1. Нагыз немесе қорасан шешегінің вирусы
- •17.2.3.2. Шешектік вакцина вирусы (сиыр шешегінің вирусы)
- •17.2.3.3. Контагиялық моллюск вирусы
- •17..2.4. ¥Шық вирустары - Герпесвирустар
- •17.2.4.1. Қараиайым ұшық вирустары (қ¥в
- •17.2.4.2. 3-Типтік ұшық вирусы
17.1.5. Реовирустар
Реовирустар-тыныс алу және ішек жолдары арқылы,кейде трансмиссивті тәсілмен жұғатын, сыртқы қабаты жоқ,екі жіпшелі фрагменттелген РНҚ-құрамды вирустар тұқымдастығына жатады.
Тұқымдастығы терминін бірінші рет А.Сэбин (1959 ж.) адамдардан бөлінген бір топ вирустарды атау үшін ұсынған. Оларды алғашқыдаЕСНО-вирустардың 10-типіне жатқызып келген болатын. Реовирус- ағылшынша respiratory enteric orphan virus-деген сөздердің бастапқы әріптерінен тұрады, қазақша - респираторлық энитериттік жетім вирус -деген мағына береді.
Таксономиясы.
Тұқымдастыгы: Reoviridae
Туыстастыгы: Огthoreovirus-адамдар мен сүтқоректілердің орторео-вирустары.
Огbivirus-қойлардың көгерген тіл вирусы,кемерово вирусы.
Соltivirus-колорадалық дене қызбасының вирусы.
Rotavirus-адамдар мен маймылдардың ротовирустары және т.б.
Бұл тұқымдастықтың көптеген өкілдері табиғатта кең таралған. Олар сүтқоректілермен қатар құстарды,жәндікгерді және өсімдіктерді де зақымдайды. Адамдарға патогенді реовирустар 3 туыстастыққа жатады-меншікті реовирустар, ротавирустар, орбивирустар. Олар вирионының құрылымы бойынша бір тұқымдастыққа топтастырылған. Вирондары екі жіпшелі фрагменттелген РНҚ-нан екі қабатгы (сыртқы және ішкі) капсидтен және РНҚ-мен байланысқан вирусспецификалық транскриптазадан тұрады.
_____________________________________________________________________________________474
17.1.5.1. Реовирустар (ортореовирустар)
Ортореовирустар - жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуын және диарея қоздыратын РНҚ-ы вирустар.
Таксоиомиясы. Тұқымдастыгы: Reoviridae Туыстастыгы: Оrthoreovirus.
Құрылымы және химиялық құрамы. Вирионы сфера пішінді, диаметрі -60-80 нм, сыртқы қабыршағы жоқ. Капсиді екі қабатты, икосаэдрлік типті симметриядан тұрады. Геномы екі жіпшелі сызықшалы РНҚ, 10-12 сегменттерден тұрады. Ішкі капсид және ғеномдық РНҚ вирионның жүрекшесін (серңевина) құрайды. Реовирустардың ішкі капсидінің құрамына транскрипциялық жүйе, лямбда-1, лямбда-3, мю-2 ақуыздары кіреді. Жүрекшесінен лямбда -2 ақуызынан тұратын тікенекшелер шығып тұрады. Сыртқы капсиді сигма-1, сигма-3, мю-іс ақуыздарынан, және де тікенекше тәрізді жүрекшесінен шығып тұратын лямбда-2, ақуыздардан тұрады. Сигма -1 ғемағғлютинин және жабыстыруға жауапты ақуыз болып табылады. Мю-Іс ақуызы реовирустардың ішек жасушаларына жұғуын және кейіннен ОЖЖ-н зақымдауына жауапты.
Антигендері. 1-8 серотиптерін ажыратады. Олардың бәріне ортақ комплементбайланыстырушы антигені және типтікспецификалық антигендері (сыртқы капсидінің ақуызы) бар, оларды бейтараптау реакцияларымен анықтайды. Кейбір серотиптерінің гемагглютинациялық қасиеттері бар.
Реиродукциялануы. Вирионның репликациялануы және құрастырылуы жасушаның цитоплазмасында атқарылады. Реовирустардың вирионы (сигма-1 ақуызының көмегімен) жасушаға жабысады және рецепторқостаушы эндоцитоз тәсілімен жасуша ішіне енеді. Жасуша цитоплазмасында лизосомалдық ферменттердің әсерінен жартылай депротеинизация (эндоплазматикалық вакуольдің құрамында) жүреді, содан кейін сыртқы капсиді бұзылысқа ұшырап жұқпалы субвириондық бөлшектер пайда болады (олардың инвазивтік қабілеттілігі күшейеді). Жасушаға вирус енуінің басқа да механизмдері болуы ықтимал. Мысалы, құрамында сигма-1 ақуызы жоқ жұқпалы субвириондық бөлшекгер жасушалық мембрана арқылы өтеді (механизмі әлі белгісіз) және жүрекшені босатып цитоплазмаға шығарады.
Транскрипциялану процесі кезінде РНҚ- транскриптаза ферментінің көмегімен екі жіпшелі РНҚ-ның әрбір фрагментінің бір жіпшесінде и- РНҚ-ң (ақпараттық) функциясын атқаратын плюс-жіпше синтезделеді. Осындай плюс жіпшелер минус - жіпшелердің синтезделуі үшін матрица болып табылады, нәтижесінде плюс және минус жіпшелерден тұратын екі жіпшелі вириондық (геномдық) РНҚ-ның пайда болуына әкеледі. Вириондық ақуыздар жасушалық рибосомаларда синтезделеді, олар вирусспецификалық полисомадағы и РНҚ-ң біреуімен бірігеді. Репликациялану циклы 14 сағат және одан да ұзақ уақытгқа созылады. Бір жасушада 1000-ға дейін вирустық бөлшектер пайда болады. Вирустық бөлшектердің (вириондардың) сыртқа шығуы «қопарылыс» жолымен яғни жасушаның лизистенуімен атқарылады.
Эпидемиологиясы. Адамдар арасында ортореовирустарды симптомсыз түрде тасымалдаушылық жиі байқалады. Негізгі берілу жолы - ауалы - тамшылы. Алиментарлық жолмен таралудың, әсіресе инфицирленген тағамдық өнімдер арқылы жұғудың маңызы зор.
Патогенезі, клиникалық көріністері. Реовирустар алғашқыда ауыз қуысының, жұгқыншақтың және жіңішке ішектің шырышты қабаттарының эпителиялық жасушаларында регионалдық лимфа түйіндерінде репродукцияланады, содан кейін лимфаға және қанға түседі.
Реовирустық инфекция ас қорыту және тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталады, нәтижесінде тиісті клиникалық көріністер байқалады. Өте ауыр түрде, әсіресе жаңа туылған нәрестелерде (6 айға дейінгі), өтеді, оларда пневмония (өкпе қабынуы) және энцефалит болуы мүмкін. Вирус плацента арқылы өтіп эмбриопатиялық әсер етуі ықтимал.
Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін вирусбейтараптаушы, комплемент-байланыстырушы антиденелер және антигемагглютининдер жинақталады.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын материалдар: мұрын-жұтқыншақ шайындысы, нәжіс, қан. Вирусты бөліп алу (индикациялау) - жасуша дақылдарына жұқтырып, ЦПӘ
__________________________________________________________________________________________475
және ГАР бойынша анықтау. Идентифи-кациялау - БР, ГАТР,ИФР. Серологиялыц әдіспен диагноз қою - БР, ГАТР, КБР.
Емдеуі- симптоматикалық.
Алдын-алуы - жалпы медициналық алдын-алу шаралары, спецификалық профилактика, яғни вакцина егу қолданылмайды.
