
- •13.2.2.9. Вакцина қолданудың нәтижелі болуының жағдайлары
- •13.2.2.10. Қазіргі кезде қолданылатын вакциналардың жалпы сипаттамасы
- •13.2.2.11. Вакцинаны егудің көрсетімі мен қарсы көрсетімдері
- •13.2.2.12. Вакцина егудің күнтізбесі
- •13.2.3. Бактериофагтар
- •13.2.4. Пробиотиктер
- •13.2.5. Сиецификалық антидеиелердің негізінде жасалган иммундыбиологиялық препараттар
- •13.2.5.1. Иммунды қан сарысулар. Иммундыглобулиндер
- •13.2.5.2.Моноклоналды антиденелер
- •13.2.5.3. Иммундытоксиндер. Иммундыадгезиндер
- •13.2.5.4. Абзимдер
- •13.2.6. Иммундымодуляторлар
- •13.2.7. Адаптогендер
- •13.3. Вирустық инфекциялардың спецификалық профилактикасы 13.3.1. Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді
- •14.1 Коктар
- •14.1.1. Аэробты грам оң коктар
- •14.1.1.1. Місrососсасеае түқымдастығы
- •14.1.1.1.1Стафилококтар (Stарhу1ососсus туыстастығы)
- •14.1.1.2. Strерtососсасеае түқымдастығы
- •14.1.1.2.1. Стрептококтар
- •14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Еntеrососсus)
- •14.1.2 Аэробты грам теріс коктар 14.1.2.1 Нейссериялар
- •14.1.2.1.1. Менингококтар
- •14.1.2.1.2. Гонококтар
- •14.1.3. Анаэробты коктар 14.1.3.1. Анаэробты грам оң коктар
- •14.1.3.2. Анаэробты грам теріс кокктар 14.1.3.2.1. Вейлонеллалар (Үеіііопеііа туыстастыгы)
- •14.2. Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар 14.2.1. Энтеробактериялар (ЕніегоЬасіегіасеае түқымдастығы)
- •14.2.1.1. Эшерихиоздардың қоздыргыштары
- •14.2.1.2 Клебсиеллалар (Klеbsіеllа туыстастығы)
- •14.2.1.3. Шигеллалар
- •14.2.1.4. Салмонеллалар (Sаlmоnеllа туыстастығы)
- •14.2.1.4.1. Салмонеллез (астан улану) қоздыргыштары
- •14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез
- •14.2.1.4.3. Протей (Рrоtеus туыстастығы)
- •14.2.1.4. Оба қоздырғышы
- •14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар
- •14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
- •14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •14.2.2. Вибриондар (Vіbrіоnасеае түқымдастығы)
- •14.2.2.1.Тырысқақ қоздыргышы
- •14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vіbrіо туыстастығы)
- •14.2.2.4. Хеликобактериялар (Неlісоbасtеr туыстастығы)
- •14.2.3. Раstеurеllасеае түқымдастыгы
- •14.2.3.1. Гемофилді бактериялар
- •14.2.3.1.1. Наеmорhііlus іnfluеnzае (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)
- •14.2.3.1.2. Наеmорhіlus duсrеуі
- •14.3. Бордетеллалар
- •14.3.1. Көкжөтел және паракөкжөтел қоздыргыштары
- •14.3.1.1. Воrdеtеllа brоnсhіоsерtіса, Воrdеtеllа аvіum
- •14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
- •14.3.3.Туляремия қоздырғышы
- •14.3.4. Легионеллез қоздыргышы
- •14.3.5. Псевдомонадалар (Рsеudоmоnаs туыстастығы)
- •14.4. Анаэробты бактериялар 14.4.1. Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)
- •14.4.2. Күйдіргі бациллалары (Васіllus туыстастығы)
- •14.4.3. Спора түзетін Сlоstridium туыстастығына жататын бактериялар
- •14.4.3.1. Анаэробты инфекция қоздырғыштары
- •14.4.3.1.1. Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары.
- •14.4.3.1.2. Сіреспе клостридиясы (Сlostridium tetani)
- •14.4.3.1.3. Ботулизм клостридиясы (Сlostridium botulinum)
- •14.4.3.2 Лактобациллалар (Lactobacillus туыстастығы)
- •14.5. Листериялар (Listerіа туыстастығы)
- •14.6. Коринебактериялар (Сorynebacterium)
- •14.6.1. Дифтерия қоздыргышы (Corynebacterium diptheriae)
- •14.6.2. Микобактериялар (Мусоbacterіасеае тұкымдастығы)
- •14.6.2.1. Туберкулез қоздыргыштары
- •14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (Мусоbасtеrіum lерrае)
- •14.6.3. Актиномицеттер (Асtynomyces туыстастығы)
- •14.6.3.1. Нокардиялар (Nосаrdіа туыстастығы)
- •14.6.3.2. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).
- •14.6.3.3. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
- •14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы
- •14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздыргышы
- •14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздыргышы)
- •14.7.3. Коксиеллалар (Ку- қызбаның қоздырғышы)
- •14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар
- •14.8.1. Трепонемалар (Тrероnеmа туыстығы)
- •14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Тrероnеmа раllidum).
- •14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар
- •14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
- •14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы)
- •14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар
- •14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар
14.1.1. Аэробты грам оң коктар
Аэробты және факультативті грам оң коктар тобына екі қасиет тән: сфералық пішіні және грам оң боялуы. Олар спора түзбейді, қозғалмайды. Медицинада маңызды орынды екі тұқымдастық алады: Місrососсасеае және Strерtососсасеае. Олар бір-бірінен цитохром және каталазалық белсендігі бойынша ажыратылады.
14.1.1.1. Місrососсасеае түқымдастығы
Місrососсасеае тұқымдастығы өкілдерінің арасында адамда ауру тудыратын қоздырғыштарға Sарhуlоссосus, Місrососсus, Stоmаtососсus туыстастықтарының өкілдері кіреді (17- сурет).
14.1.1.1.1Стафилококтар (Stарhу1ососсus туыстастығы)
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Місrососсасеае.
Туыстастығы: Stарhу1ососсus.
Түрі: S.аurеus, S.еріdеrmіdіs, S.sарrорhуtісus
Стафилококтарды Л.Пастер және Огстен (1880 ж.) ашқан. 1884 жылы Розенбах стафилококтардың толық сипаттамасын берген. Байрд-Паркер жіктеуі бойынша Stарhу1ососсus туыстастығының 3 түрі кездеседі. S.аurеus, S.еріdеrmіdіs, S.sарrорhуtісus. Соңғы кезде ұсынылған жікгеуде стафилококтардың көптеген түрлері бар - S.hаеmо1уtісus, S.hоmіnis, S.wаrnеrі, S.саріtіs, S.sассhаrоіуtісus, S.раstеurі, алайда олар тек ғылыми зерттеулерде ғана қолданылады.
Морфологиясы. Стафилококтардың барлық түрлері шар тәрізді, дұрыс пішінді диаметрі 0,5 - 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте дұрыс емес бөлініп жүзім шоғырына ұқсас шоқтық түзеді (18,19,20- сурет). Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі. Спора түзбейді, талшықгары жоқ. Кейбір штамдары капсула түзеді. L-пішін түзуі мүмкін. Жасуша қабырғасында рибитолтейхой және глицеролтейхой қышқылдары және А протейінімен байланысқан жасуша қабырғасында көптеген пептидогликандар кездеседі. S.аurеus-тің А ақуызы адамның және көптеген сүтқоректі жануарлардың ІgG Fс-фрагментімен байланысады. Көптеген стафилококтар беткей орналасқан капсула түзеді.
___________________________________________________________________________________285
Дақылдандыру. Стафилококтар қарапайым ортада (рН 7,0-7,5) өседі және факультативті анаэробтар, оорганотрофтар. Каталазасы бар, оксидазасы жоқ. Аэробты жағдайда өсіргенде амин қышқылдар және аминдерді, анаэробты жағдайда - қосымша урацил және көмірсуларды қажет етеді. Жоғары осмостық сымға төзімді, соған байланысты стафилококтар құрамында тұздың жоғары концентрациясы бар элективті қоректік орта - сарыуызды - тұзды агар немесе сүтті -тұзды агарда өсе алады. (18,19,20- сурет). рыуызды - тұзды агарда бұлыңғыр, айнала - шеті тегіс, домалақ пішінді әртүрлі пигментгелген (сарғыш, сары, қызыл - сары түсті) колониялар түзеді. Колониялардың түсі липохромды пигментпен байланысты, гі бар жағдайда түзіледі, қан, көмірсулар немесе сүт қосылған қорекітік орталарда айқын белгіленеді. гменттің таксономиялық маңызы жоқ. Құрамында 8-10% NаСІ бар ортада жақсы өседі. Сондықтан сарыуызды - тұзды агарда лецитовителлаза ферменттің түзілуіне байланысты колониялар айналасында тәрізді сақина орналасады. Қанды агарда колониялар айналасында гемолиз аймағы пайда болады. Сұйық қоректік ортаны стафилококтар біркелкі лайландырады, кейін кілегейлі тұнба пайда болады.
Ферменттік қасиеті. Биохимиялық белсенділігі жоғары: көптеген штамдары глюкозасы бар ортада ацетоин түзеді (Фогес-Проскауэр реакциясы оң), аммиак бөледі, нитраттарды нитритке немесе азотқа йінқалыпқа келтіреді, ақуыздарды, гиппуратты, майларды және твиндерді гидролиздейді. Тек Stарhу1о- сus туыстастығына тән қасиет - анаэробты жағдайда глюкозаны қышқылға дейін ыдыратуы, филококтардың микрококтардан айырмашылығы болып келеді.
Антигендік қасиеті. Стафилококтардың антигендік құрылымы өте күрделі және құбылмалы. Ақуыз, пептидогликан, тейхой қышқылынан, капсуласынан тұратын антигендері белгілі. Түрлік арнайы антигені тейхой қышқылдарымен байланысты: S.аurеus-те - рибитолтейхой қышқылы, S.еріdermіdіs-те- глицеролтейхой қышқылы, S.sарrорhуtісus-та тейхой қышқылының екі түрі де анықталады. А протейін IgG молекуласының Fс фрагментіментығыз байланысады. Иммундыглобулиннің Fаb фрагменті бос болып еді және спецификалық антигенмен байланысуы мүмкін. Осыған байланысты А протеин диагностикалық әдісте (коаглютинация) қолданылады.
Бактериофагтарға сезімталдығы (фаготип) тұрақты генетикалық сипаттамасына жатады, олар беткейлі рецепторларға негізделеді. Стафилококтардың көп штамдары лизогенді болып келеді. Экзотоксиннен анатоксин дайындалады.
Патогенділік факторлары микрокапсула, жасуша қабығының компоненттері, агрессия ферменттері таза, гиалуронидаза, липаза, плазмокоагулаза, лецетиназа, фибринолоизин, в лактамаза, гемолизин- в, г, ө) мен токсиндері (лейкоцидин, эксфолиатин, токсикалық шок синдромының токсині, энтеротоксиндер А, В, С, D, Е, F) (14.2,-кесте). Стафилококтар өте бейімделгіш болып келеді: ибактериалды препараттарға тұрақтылығы жылдам пайда болады. Трансдукцияланатын фаг комегімен жасушадан басқа жасушаға берілетін плазмидалар өте маңызды рөл атқарады. R-плазмидалар бір немесе рнеше антибиотиктерге тұрақтылығын қадағалайды, сонымен қатар жасушадан тыс бетта-лактамаза ферментін бөліп бетта-лактамды қатарға жататын антибиотиктерді бұзады.
Резистенттілігі. Стафилококтар қоршаған ортаға тұрақты болғандықтан, санитарлық микробиологияда олар ауаның санитарлық көрсеткіш микроорганизмі болып табылады. Стафилококтар тіруге тұрақты, осы жағдайда вируленттілік қасиеттерін жоймайды, құрғақ ыстық әсерінен екі сағаттан "жойылады, таза этанолға да тұрақты. Басқа антисептиктер және дезинфекциялық ерітінділердің әсеріне імтал келеді. Стафилококтар көптеген антибиотиктерге тұрақты болып келеді. Олардың негізгі себептері "мидалар қадағалайтын бетта-лактамазаның түзілуі.
Эпидемиологиясы. Стафилококтар адамның және жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері ып келеді. Соған байланысты ағзаның әртүрлі биотоптарында орналасады, көп мөлшерде теріде кендейді (S.еріdеrmіdіs).
Таралу көзі - науқас және тасымалдаушылар. Аса эпидемиологиялық қауіп төндіретіндер - медицина леткерлері, олар госпиталды стафилококк штамдарыныңтасымалдаушылары. Халықаралық жіктелуі йынша тасымалдаушыларды екі топқа бөледі: тұрақтылар - мұрын қуысынан барлық уақытта алтын сті стафилококтар табылады, тұрақсыз тасымалдаушылар - стафилококтар бір мезгілде табылады немесе қталмайды.
_______________________________________________________________________________________286
Кесте 14.'
Stарhуlососсus аurеus-тің вируленттік факторлары
Вируленттік факторлары |
Бнологиялық әсері |
Қурылымы: Капсула . А ақуызы Пептидогликан Тейхой қышқылы |
Фагоцитпен қарым-қатынасты басу. Антиденелердің Ғс-фрагментімен байланысуы. Эндогенді пирогендердің өнімін (эндотоксин тәрізді әсер), лейкоциттердің хемоатрактантын (абсцестердің қалыптасуы) күшейту. Жасуша мембранасында катиондардың мөлшерін реттейді, фибронектинді байланыстырады |
Токсшдері: Мембрандық токсиндер немесе гемолизиндер (альфа-, бета-, гамма-, дельта токсиндер), лейкоцидин Эксфолиатинді токсин Токсикалық шок синдромының токсині Энтеротоксиндер (А-Е) |
Көптеген жасушаларға, соның ішінде лейкоциттерге, эритроциттерге, макрофагтарға, фибробластарға улы. Эпидермистің гранулярлы қабатында десмосомаларды - жасуша аралык байланыстарды бүза отырып «күйген тері» синдромын тудырады. Суперантиген (Т-лимфоциттердің поликлоналды белсенділігін, цитокиндердің өнуін күшейтеді). Нейротропты, вазотропты әсері бар. Суперантиген. Нейротропты әсері бар, энтероциттерге әсер етеді (стафилококтық тағамдық интоксикациясы). Суперантиген. |
Ферменттері: Плазмокоагулаза (коагулаза) Гиалуронидаза Липаза, лецитовителлаза Стафилокиназа (фибринолизин) Дезоксирибонуклеаза |
Фибриногеннің фибринге конверсиялану, олар фагоцитпен («псевдокапсула») байлануына кедергі келтіреді. Дәнекер тінді бүзу Липидтерді ыдырату Фибринді ұйындыларды бұзу Іріңді сүйылту ДНҚ ыдырату |
Басқа компоненттері: Каратиноидты пигменттер |
Оттегінің бактерицидтік касиетін инактивациялау ' Тер және май бездерінде көбею NаСІ мен май қышкылдарына тұрактылық |
Басқа ШПМ тәрізді стафилококтардың ағзалар мен тіндерге троптылығы болмағандықтан, олардың жұғуы мен зақымдау механизмдері коп және әртүрлі. Сондықтан, олар стерилді емес медициналық қүрал- жабдықтар, қызметкерлердің қолдары арқылы, алиментарлы (сүт және кондитер тағамдары арқылы), аэрогенді, парентералді жолмен жүғуы мүмкін.
Стафилококтар иммунды компромисті адамдар мен иммунитет тапшылығы бар науқастарда жиі ауыр түрде өтетін стафилококтық инфекциялар тудырады.
Патогенезі және клиникасы. Стафилококтар басқа ШПМ секілді оппортунисттік аурулар тудырады. Стафилококтар этиологиялық фактор ретінде келесі нозологиялық аурулар тудырады: тері және теріасты жасушаларының аурулары (пиодермия, везикулопустулез, пемфигус, абсцесс, фурункул, карбункул, гидро- адениттер); тьіныс алу мушелерінің аурулары (баспа, плеврит, пневмония); жүйке жүйесі және сезіну мүшелерінің аурулары (менингит, отит, конъюнктивит ж.т.б.); ауыз қуысы және асқорыту ағзаларының аурулары (стоматит, перитонит, парапроктит, энтерит, энтероколит, астан улану); сүйек-бүлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің аурулары (артриттер, периоститгер, остеомиелиттер ж.т.б.); қан айналымы жүйесінің
_______________________________________________________________________________________287
пары (эндокардит, перикардит, флебитж.т.б.); зәр шығаружыныс мүшелерініңаурулары (пиелит, цистит, рит, мастит, әндометрит, орхит ж.т.б.); стафилококтық сепсис.
Иммунитеті. Стафилококтық инфекциялардан кейін барлық оппортунистік ауруларға тән жасушалық ;е гуморалды түрақсыз қарқынды емес иммунитет қалыптасады. Микробиологиялық диагноз қою. Жеделдетілген әдіс: ИФА, КоАР, ПЦР.
Еактериологияльщ әдіс: зерттеу материалы ретінде қан, ірің, қақырық, несеп, мүрын - жүтқыншақтың шырышты қабығынан жағынды, қүсық массасы, нәжіс.
Зерттелетін материалды тығыз элективті орта сары - уызды- түзды агарға себеді. Қанды алдын ала қантты сорпаға және т.б. себеді, өсінді болса сары - уызды- түзды агарға себеді. Түрге дейін нтификациялау үшін 3-4 негізгі тесттерді қолданады: плазмокоагулазаны, лецитовителлазаны бөлу, маннитті және глюкозаны анаэробты жағдайда ыдыратуы. Күдікті жағдайда ДНҚ-аза және экзотоксин түзілуін анықтайтын тест жүргізіледі. Астан улануларда S.аurеus бөлінген болса, оның энтеротоксин түзуін биологиялық сынама арқылы анықтайды немесе гелдегі преципитациялық реакция арқылы анықтауға болады. Стафилококтық эпидемия ошақтарында инфекция көзін анықтау мақсатында адамнан бөлінген дақылдардың халықаралық 22 стафилококтық типтік бактериофагтар жинағы көмегімен фаготиптеу тізеді.
Серологиялық әдіс тек созылмалы инфекцияларда қолданады, онда анти-альфа-токсин және рибитолтейхой қышқылына антиденелер титры анықталады.
Микроскопиялық зерттеу көбінесе жүргізілмейді, себебі жағындыда стафилококтар жалғыздан, жұптан, төрттен орналасады. Стафилококтар туыстастығына жатқызу олардың типті морфологиясына, жасушалардың боялуы, олардың кеңістікте орналасуы және глюкозаны анаэробты жағдайда ыдыратуына ізделген.
Емдеуі. Стафилококтық инфекцияларды антибиотиктер және сульфани-ламидті препараттармен емдейді. Соңғы жылдары науқастардан бөлінген стафилококтар көптеген химиотерапиялық препараттарға тұрақты екені белгілі болды. Бұндай жағдайда емдеу үшін стафилококтық анатоксинімен иммуниза- цияланған донор қанынан алынған стафилококтарға қарсы антитоксикалық плазма немесе .иммундыглобулинді қолданады. Белсенді иммунитет қалыптастыру үшін (жоспарлы хирургиялық науқастар, жүкті әйелдер) адсорбцияланған стафилококк анатоксинін қолдану мүмкін.
Көбінесе стафилококтық инфекциялармен иммунды компромисты науқастар ауыратындықтан, иммунитетті белсендіретін препараттар қолдануға болады. Алдын алуы. Жалпы сақтандыру кешендері бірнеше бағыттардан түрады: науқастар мен тасымалдаушыларды анықтап, емдеу; медицина қызметкерлерін тексеру (әсіресе, перзентхана, нимациялық, хирургиялық бөлімдердің); жоспарлы түрде медицина қызметкерлері арасында стафилококк тасымалдаушыларының резиденттік түрлерін анықтау және оларды емдеу (стафилококгық риофаг, хлорфиллит, эктерицид, лизоцим); ауруханаларда, емханаларда санитариялық-гигиеналық елерді қатал қадағалау (асептика, антисептика, дезинфекция, стерилизация); жүре пайда болған "сенді иммунитет қалыптастыру үшін стафилококтық анатоксин қолдану; пассивті иммунитет қалыптастыру- үшін стафилококтық иммунды глобулин немесе стафилококқа қарсы донорлық гипериммунды азма қолдану.