Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
265-415.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
☆

14.8.1. Трепонемалар (Тrероnеmа туыстығы)

Морфологиясы мен тинкторналдық қасиеттері. Трепонема туыстастығына 10 түр және түршелер жатады. Грам және Романовский-Гимзе бояу әдістерімен нашар боялады. Морфологиясы күміспен импрегнациялау, фазалы-контрастты және түнекайдынды микроскопта қарау әдісімен анықталады.____________________________________________________________________________________394

Жасушаның әр полюсында бір фибриллалар орналасады. Сұйық қоректік орталарда бір мезгілде айналмалы және үдемелі қозғалулар жасайды.

Ферменттік белсенділігі. Патогенді трепонемалар микроаэрофилдер, жасанды қоректік орталарда өспейді. Паогенді емес трепонемалар қатал анаэробтар , күрделі қоректік орталарда өседі.

Эпидемиологиясы. Табиғатта бос тіршілік ететін трепонема туыстастығының түрлері кездеспейді. Трепонемалар әртүрлі жануарлардың ауыз қуысында, асқорыту жолдарында, жыныс мүшелерінде мекендейді. Адам ауыз қуысы микрофлорасында трепонемалардың келесі түрлері кездеседі: Тrероnеmа dеntісоlа, Тrероnеmа mасrоdеnticum, Тrероnеmа оrаlе, Тrероnеmа vіnсеntіі. Соңғы түрі фузобактериялармен бірлесіп фузоспирохетоз дамуына қатысады - Венсан-Плаут-некрозды баспа (ангина) қоздырады.

Адамның патологиясында Тrероnеmа раllidum маңызды рөл атқарады: үш түршеге бөлінеді - раllidum (мерез қоздырғышы), еndеmісum (эндемиялық мерез қоздырғышы), реrtеnuе (фрамбезия қоздырғышы)және саrаtеum (пинта қоздырғышы).

14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Тrероnеmа раllidum).

Мерез - Тrероnеmа раllidum, (раllidum түршесі ) тудыратын жүйелі, созылмалы, жұқпалы венерологиялық ауру.

Таксоиомиясы

Тұқымдастығы: Sріrосhаеtасеае

Туыстастығы: Тrероnеmа

Түрі: Тrероnеmа раllidum Тrероnеmа раllidum

Мерез қоздырғышын - (латынша trеро - бұру, nemо - жіпше) 1905 жыл Ф.Шаудин мен Э.Гофман ашқан.

Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. «Бозғылт трепонема» атауы анилинді бояулармен боялу қабілетініңтөмен болуына байланысты. Басқада патогенді трепонемалар бар, олар тудыратын аурула көбінесе ыстық және ылғалды климатты аймақта кездеседі. Бозғылт трепонема - спираль пішінді жіңішке бактерия, біркелкі ұсақ бұрамалары бар, бұрамаларының саны 8-12. Романовский-Гимзе әдісімен бояға ерекше солғын-қызғылт түске боялады.

Бозғылт трепонема көлденеңінен екі немесе бір мезгілде бірнеше сегментгерге бөлініп көбейеді,; олардың әрқайсысынан жеке - дара (особь өсіп - жетіледі. Трепонемалардың боліну барысы 30-33 сағатқа созылса, осіп - жетілуі 1,5 - 2 сағатқа созылады. Спиральдан басқа да пішіндері болуы мүмкін - ңиста, гранула, L-пішінді. Циста түзу қоздырғыштың қолайсыз жағдайда түрін сақтау және көбейе алу тәсілі. Циста түзу кезінде иірімдері бұралып, шеңберленіп, сыртынан көп қабатты қорғаушы қабық пен капсула тәрізді қоймалжыңмен қапталады. Циста трепонемалардың тыныштық күйі сияқты қарастырылады. Циста түзіліп болған соң ұзақ уақыттардан кейін, қолайлы жағдай туғанда аналық жасушадан ұсақ домаланған немесе кіші - гірім иректелген бастапқы штамға ұқсас жаңа популяция пайда болады. L-трансформация бозғылт трепонеманың тірішілігін сақтау мүмкіндігі. Ол түрлі химиялық заттар (сульфаниламидтер, антибиотиктер),физикалық факторлар (жоғары температура, сәулелену), сонымен бірге иммунитеттің спецификалықжәне бейспецификалықфакторларыныңәсерінен болады. L-трансформация кезінде жасуша қабығының синтезі баяулайды, ал протоплазматикалық цилиндрдің диаметрі ұлғаяды. Микроорганизм бөліну қабілетін жояды. Жасуша қабығын толықтай немесе жартылай жоюына байланысты пішіні шар тәрізді болып өзгереді де сыртынан уақытша мембраналық қабықпен қапталады. L- пішіннің мөлшері ұсақ, ірі, кейде бүршіктенген шарлар тәрізді көрінеді. Микроорганизмге қолайлы жағдай болғандабастапқа пішініне оралады.

Дақылдандыруы. Бозғылт трепонема - облигатты анаэроб, арнайы қоректік орталарда өсуі қиын. Қолайлы қоректік орта құрамына ми немесе бүйрек тіндері қосылады. Тауықтардың үрықтарының хорионаллантоистық тіндерінде, қоянның қан сарысуына ми тіндерін қосып, вазелин майының астына сепкенде жақсы өсу танытады. Қоректік ортада өсетін трепонема - дақылдық спирохета - патогенді_______________________________________________________________________________________395

Түрімен вируленттілігінің төмендігімен ерекшеленеді, дегенмен антигендері ұқсас, сондықтан мерезге іық диагноз қоюда қолданылады. Патогенді спирохе-талар дақылын алу үшін орқоянның жыныс жүқгыру қолданылады. Өсу температурасы 34 - 40°С (анаэробты жағдайда). Микроаэрофил, жасанды қоректі ортада оспейтіндіктен биохимиялық қасиетгері нашар зерттелген. Көптеген дақылдарына -адамның, қоянның, теңіз шошқасының, қойдың, жылқының эритроциттерін гемолиздеуі. Кейбір штамдары глюкозаны, галактозаны, сахарозаны, мальтозаны, маннитті газ түзіп ыдыратады, индол, күкіртті сутек түзеді, желатинді сұйылтады.

Антигендік қасиеті. Бозғылт трепонема басқа трепонемалармен қатар адам мен жануарлар тіндерінің липоидты байланыстарымен антигендік жақындығымен сипатталады. Қоздырғыштың бірнеше антигені , оның ішінде протеиндер, полисахаридтер, липидтер кешені жасуша қүрлымына кіреді. Липо- протеидтері адам мен ірі қара мүйізді малдардың антигендеріне ұқсас, өте сезімтал антиген. Бозғылт трепонемалардың ақуыздық антигендік құрлымы күрделі. Спецификалық антиденелері бактерияларға иммобилизацияланып, антидене тәуелді цитотоксиндік қалыптастырады. Ауру барысында реагиндік типтік бейспецификалық өнімдер (вассермандық АД) түзіледі.

Патогенділік факторлары. Т.раllidum-ның негізгі патогендік факторы микроорганизмнің микрооганизм жасушаларына фибронектиннің көмегімен жабысуы. Трепонемалар көбейген кезде тамырлардың айналасындағы мукоидтық затты бұзады, ол тамырлардың қабырғаларының бұзылуына, кейіннен тромбозға, өлі еттенуге және тіндердің ыдырауына әкеледі. Вируленттілік факторлары улылық ие ЛПС пен жасуша қабығының белоктары. Иммунды патологиялық үрдістің дамуына еиндер қатысады. Зертханалық штамдар вируленттілік қасиеттерін біртіндеп жоғалтады, оны йге пассаж жасау арқылы сақтауға болады. Ол үшін қояндардың аталық безіне жұқтырып, орхит ауруын қоздырады және көздің мүйізді қабығына жұқтырады. Бірақ маймылдан басқа жануарларға Т.раllidum аз патогенді.

Резистенттілігі. Қоршаған ортада бозғылттрепонематұрақсыз; кептіруге, жарыққа, сынап, висмут, мышьяк тұздарына, пенициллинге сезімтал. Тұрмыстық заттарда жұғу қабілетін кепкенге дейін сақтайды; мәйіт тінінде жақсы сақталады. Қолайсыз жағдайда цисталар мен L-пішінге ауысады. Эпидемиологиясы. Мерез тек антропонозды инфекция. Инфекция көзі - ауру адам. Неғұрлым жиі негізгі жүғу жолы - жыныстық қарым-қатынас арқылы. Сау адамға жұғу үшін жұқтырушы адамның шырышты қабаттарында немесе терісінде эрозиялы, жаралы элементтер байқалу керек деген түсінік бар. Қоздырғыш ену үшін кіші - гірім жарақаттар болуы керек деп саналады. Ондай жарақаттар жыныстық қатынас кезінде өте жиі кездеседі.

Бозғылт трепонема аса вирулентті микроорганизм. Қоздырғышты жұқтыру үшін адам организміне 10-100трепонема енсе жеткілікті. Транспланцетарлы жұғу жолы - науқас анадан ұрыққа плацента арқылы ірғыштың отуі, яғни туа біткен мерез. Трансфузионды жол. Мерезбен ауыратын науқастың қанын құю кезінде жұғады, онда аурудың кез келген сатыда, тіпті жасырын кезеңде болуы да реципиент үшін қауіптіті, әсіресе екіншілік кезендегі донор қаны. Тұрмыстық қатынас (стакан, тіс щеткасы т.б.), сүйісу, ана сүті арқылы жүғуы мүмкін (тұрмыстық мерез). Қазіргі кезде бұндай жұғу жолы сирек кездеседі. Кәсіптік. қоздыр-ғышпен жұмыс жасайтын қызметкерлерге зертханалық жағдайда, жануарларға жұқтыру барысында, мерезбен ауыратын науқастың қаны арқылы манипуляциялар кезінде хирургтер, акушер - гинекологтар, стоматологтар және патологанатомдар жұқтыруы мүмкін. Бұл кезде біріншілік көрініс қолдарында байқалады. Мерезбен науқастанған адамдардың физиологиялық сұйықтықтарының жұққыштығы болады. Бала емізетін ананың сүті, сперма, сілекей (әсіресе ауыз қуысында әр түрлі жарақаттар немесе бөртпелер болған жағдайда) арқылы жұғу қаупі болуы мүмкін. Науқастың тері мен зәрі қауіпсіз. Жануарларға сезімталдығын тәжірибе жүзінде патологиялық жағдайды орқоянның терісі мен аталық безінен, адам тәрізді маймылдардың терісінен көруге болады.

Патогенезі және клиникалық белгілері. Мерез қоздырғышы организмге тері және шырышты қабық арқылы түседі, ағзалар мен тіндерді зақымдай отырып таралады. Жасырын кезеңі орташа 3-4 аптаға созылады. Жасырын кезеңнен кейін мерез біріншілік, екіншілік және үшіншілік түрінде өтеді.

_______________________________________________________________________________________396

Қоздырғыштың енген жерінде (жыныс мүшелерінде, ерінде т.б.) алғашқы зақымдану - қатты шанкр күрт шектелген тығыз беткейлі ойық жара байқалады. Жаралар сирек, ал эрозиялар жиі байқалады. Жарақаттың сипаты: шеттері тығыздалған, ортасы ойысталып терендеп, табақшаға ұқсаған. Жарақа түбі таза, бөліндісі шамалы серозды. Екіншілік инфекция қосылған жағдайда бөлінді мөлшері көбейеді, түсі серозды - іріңді. Анықтаушы белгісі негізі тығыз инфильтрат (қатты шанкр), тығыздығы сонша пальпация кезінде эрозияның астында шеміршектік қабат бар сияқты сезіледі. Мерездік шанкрлар, ба да терідегі жарақаттар ауырмайды, себебі трепонемалар бөлетін токсиндері нервтік тарамдарының үштарын жансыздан-дырып тастайды. Шанкрлар біреу немесе бірнешеу ғана болады, егер көп болса жүқтырушымен қатынастың көп болғандығын дәлелдейді. Шанкрдіңтүрлері: генитальді, парагенита экстрагенитальді. Жыныстық қатынас арқылы қоздырғыш жүққан болса біріншілік аффект генитал байқалады. Келесі бір айқын көрінісі - жақын лимфа түйіндерінің ісінуі (регионарлы лимфаденй Шанкрдың орналасу орнына байланысты лимфаденит пайда болады және шанкр пайда болған соң аптадан кейін лимфа түйіндерінде ісінулер байқалады. Лимфадениттің мөлшері бүршақтан жүмыртқа үлкендігіне дейін болуы мүмкін.Лимфа түйіндерінде мөлшеріне қарамастан ауыру сезімі болмайды,тьг дығы - тығыз эластикалық (склераденит). Біріншілік кезең 6-7 аптаға созылады. Алғашқы 3 аптада кардиолипидтік антигенмен қойылған серологиялық реакциялар (КБР, МР) кешені теріс нәтиже көрсете. ИФР мен ИФТ реакцияларының нәтижесі жасырын кезенде - ақ оң нәтижелі болады.Содан соң денеде генерализацияланған, көбінде таңдақ тәрізді(разеолалы), түйінді (папулалы), кейде іріңді (пустул өте сирек жағдайда төмпешікті (везикулалы) бөртпелер пайда болады, ол екіншілік кезеңнің басталға білдіреді. Генерализацияланған бортпелер пайда болмай түрып 6-7 күн бүрын күмәнді кезеңнің белгілері айқын көрінеді, яғни делсалдылық, бастың ауыруы, дене температурасының жоғарылауы, сүйектер мен буындардың ауыруы, тәбеттің болмауы. Бірнеше аптадан соң бөртпелер өздігінен басылып, жасырын (латентті) кезеңге отеді. Бүл кезде мерез серологиялық реакциялармен айқын анықталады. Мерез екіншілік кезеңі 3-4 жылға дейін созылады, бөртпемен, ағзалардың жалпы жағдайының бүзылуым сипатталады. Біріншілік және екіншілік мерездің клиникалық көріністері қатерсіз аяқталады.4- ші жыл- басыннан және одан да көп жылдардан соң латенттік кезеңнің клиникалық көріністері өзгереді де үшіниг мерезге айналады. Үшіншілік мерездің аяғында теріде, тері астында төмпешіктер, гуммалар пайда болады. Бұл элементтер деструктивтік сипат алады, жазылуы ұзақ, баяу, тыртықтанып жазылады.Терінің, шырьп қабықтың ішкі ағзалардың, сүйектің, жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады: ыдырауға, бүзылыс қабілетті түзілістер пайда болады. Төмпешіктер мен гуммалар бірнеше айлар немесе жылдар бойы сақталады.

Емделмеген жағдайда кесел төртіншілік мерезге, яғни «құрғақ жұлын» кезеңіне жалғасады. Бұл кезең ОЖЖ-нің зақымдауына байланысты үдемелі сал болумен, ми және жүлынның гуммамсым сипатталады. Жасырын мерез. Науқаста теріде, шырышты қабықтарында, ішкі ағзаларында, не жүйесінде, тірек - қимыл аппаратында ешқандай өзгерістер байқалмаған жағдайда серологиял реакцияларға сүйеніп қойылады.

Туа біткен мерез науқас анасының қүрсағында жатқан үрыққа плацента арқылы қоздырғыш өткен жағдайда дамиды. Қоздырғыштың өту мүмкіндігіне байланысты жүктіліктің VI -VII айында үрықтың.өлі тууына; нәресте туғанда мерезбен тууы мүмкін, ол ерте (0-2 жас) немесе кеш (2 жастан кейін) байқалуы мүмкін. Қандай жағдайда болса да мерез манифесттік немесе жасырын болады. Диагноз барлық серологиялық реакциялармен дәлелденуі тиіс.

Иммунитеті. Мерезге туа пайда болатын иммунитет жоқ. Мерез кезінде стерилді емес иммунитет қалыптасады; жазылғаннан кейін иммунитет жойылады, соған байланысты қайталап ауыру мүмкін.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу материалы: шанкр боліндісі (I кезең); бөртпе бөліндісі. лимфа түйіндерінен пунктат (II кезең); қан (II, III, III кезең); жұлын сұйықтығы (IV кезең).

Бактериоскопиялық зерттеу. Қатгы шанкр бөліндісінен, бортпелерден, лимфа түйіндерінен пунктат алып бозғылт трепонеманы анықтау үшін түнек айдынды микроскоппен қарайды. Ол үшін зерттеу материалынан «езілген» тамшы әдісімен препарат дайындайды. Оң нәтижелі болса нәзік, ұзындығы 6

______________________________________________________________________________________397

14мкм болатын біркелкі 10-12 иірімі бар ирекше микроорганизмдер анықталады. Т.раllidum болса қозғалысы маятник тәрізді немесе иіліп, жазылып қозғалады. Ауыз қуысындағы шанкрден анықталса, басқа сапрофиттік трепонемалардан ажырату керек. Ол үшін сол маңдағы лимфа түйіндерінің

пунктаттарынан қоздырғыш табылуы керек.

Романовский-Гимзе әдісі бойынша препаратты бояп, тексеру. Фиксациядан кейін (3-4 мин. 4% лен 2 сағат өндеу) жағындыны 2-4 сағат бойы бояйды немесе бу шыққанша қыздырып бояйды, бояуды бірнеше рет ауыстырып отырады, соңғы бояу 5 минут үсталады. Боялған препараттарды сумен ауада кептіреді. Т.раllidum бозғылт - қызыл түске боялады, басқа микрофлора өкілдері - күлгін боялады.

Морозов бойынша күмістендіру кезінде Т.раllidum қара немесе қошқыл қоңыр түске боялады. Бурри бойынша боямай қарағанда бүрамалары жақсы көрінеді.

Екіншілік және үшіншілік мерез кезінде дәл осындай әдіспен теріден алынған материалдарды зерттейді.

Бактериологиялық зерттеу әдісі қоздырғыш жасанды қоректік орталарда нашар өсетіндіктен қолданылмайды.

Жеделдетілген зерттеу әдісі: Төте ИФР қолданылады, ол үшін зерттеу материалының жағындысын ацетонда фиксациялап, Т.раііісіит - ге қарсы таңбаланған ФИТЦ антиденелерімен өңдейді. Сонымен бірге ИФР - биопсиялық және аутопсиялық материалдармен де қояды, бірақ алдын ала 10% бейтарапты формалинде 24 сағат өңдейді. Люминесценттік микроскопта трепонемаларға тән морфологиялық жарқырау байқалады.

Серологиялық зерттеу әдістері. Серологиялық анықтау үшін екі топтық тесттер қолданылады: спецификалық (трепонемалардың антигендері қатыспайды) және спецификалық. Бірінші топқа иолипидтік антигендері бар тесттер қатысады: КБР (Вассермен реакциясы) қан сарысуымен қойылады. Және плазмамен қойылатын скринингтік жеделдетілген әдістер-жиі қолданылатын микропреципитация тесті (шет елдерде солардың аналогтары қолданылады; плазманың реагиндеріне тест - RРR немесе TRUST және әйнекше бетіне қойылатын флокуляция реакциясы - VDRL немесе USR). Екінші топқа иммобилизация реакциясы, жанама ИФР (зерттелушінің қан сарысуымен қойылатын иммунды флюоресценттік микроскопия), ИФТ, РНГА (шет елдегі аналогы МНА - ТР, микрогемагглютинация) жатады. бейспецификалық тесттер липопротеиндік және басқа липоидты антигаендерге қарсы түзілетін антиденелерді табуға негізделген. Мүндай антигендер макроорганизмнің жасушалары зақымданғанда пайда болады, тіпті қоздырғыштың өзі де болуы мүмкін.

Аурудың бастапқы және ақырғы кезеңінде бейспецификалық тесттердің сезімталдылығы төмен. Бейспецификалық тесттермен болжамдау диагноз беруге, ал спецификалықпен қортынды серологиялық диагноз қоюға болады. Серологиялық диагноз қою мерездің ақырғы және латенттік ағымдағы кезеңін анықтаудағы жалғыз әдіс болып табылады.

Вассермен реакциясын қою үшін қан сарысуын және жүлын сүйықтығын (нерв жүйесі зақымдан- ғанда) пайдаланады. Вассерман реакциясы КБР қою техникасына үқсас. Реакцияны дайын антигендермен қояды: спецификалық (трепонемалық) және бейспецификалық (кардиолипидтік). Спецификалық антигенді дақылда өсірілген Рейтер трепонемаларын ультра дыбыспен бүзып алады, бейспецификалық антиген - өгіз жүрегінің липидтік фракциялары. Тәжірибені бастамас бүрын антигендерді НХИ-мен (натрий хлоридының изотоникалық ерітіндісі) араластырып дайындайды (яғни 1:5). Қалған ингредиенттер КБР- дай қосылады. Бақылауға оң нәтижелі (науқастан) және теріс нәтижелі (дені сау адам) сарысу пайдаланылады.Оң нәтижелі болғанда гемолиздің кідіруі, ал теріс нәтижеде - әритроциттердің гемолизі байқалады. Реакцияның интенсивтілігі (++++) - ден (-) - ге дейін бағаланады. Мерездің біріншілік кезеңі серонегативті, сондықтан Вассерман реакциясы теріс нәтижелі болады. Науқастанушылықтың 50% жағдайында Вассерман реакциясы қатты шанкр пайда болғаннан кейін 2-3 аптадан соң оң нәтижені көрсетеді. Мерездің II -III кезеңдерінде оң нәтиже корсеткіші 75 -90% жетеді. Дүрыс ем қабылдау нәтижесінде Вассерман реакциясы теріс нәтижелі болады._______________________________________________________________________________________398

Мерездің кеш сатыларында және латенттік формасында жұлын сұйықтьіғы мен жоғарыда айт антнғендерді пайдаланып Вассерман реакциясын қояды. Жұлын сұйықтығын Вассерман реакциясы инактивацияламайды, себебі онда комплемент жоқ. Тәжірибеге сұйытылмаған және сұйытылған; сұйықтығын алады. Жұлын сұйықтығында комплемент болмағандықтан комплементті оның титрі сәйкестендіріп қосады.

Микропреципитация реакциясын тұрғындарды жаппай тексеру үшін қолданады. Реакцияны бейспецификалық антигендермен тексеруге алынатын қан сарысуы және плазмамен қояды. Реакция плегсигласты пластинка ойықшасына немесе зат әйнегіне 3 тамшы сарысу және 1 тамшы кардиолипидтік антиген араластырылады. Оң нәтиже - мамық тәрізді тұнбаның түзілуі, ал теріс болса - біркелкі лайлану. Оң нәтиже бойынша болжамдау диагноз қоюға болады, ондай адамды тіркеуге алып, тереңірек зеттеу жүргізеді.

ИФР - жанама ИФ реакция мерезді анықтаудың спецификалық әдісі болып есептеледі. Антиген ретінде тіндік трепонемалардың қоспасын қолданады. Реакция қою әдісінің түрлері көп. Науқас сарысуын Вассерман реакциясындағыдай инактивациялайды да 1: 200 қатынасына дейін сұйылтады. Заттық әйнекшеге антиген тамызып, кептіріп, ацетонда 5 минут фиксациялайды. Препаратттың бетіне науқас сарысуын тамызып, 5 минуттан соң шайып тастап, кептіреді. Келесі кезеңде препаратты адамның иммундыглобулиндеріне қарсы флюоресцирлеуші сарысумен өңдеп, дайын болған препаратты люминисцентгік микроскопта қарайды. Нәтижесінде трепонемалар жарқырарап көрінеді.

Трепонемаларды иммобилизациялау реакциясы да спецификалық болып саналады. Реакцияның мәнісі комплементтің қатысуы арқылы науқастың қан сарысуындағы антиденелермен трепонемалардың қозғалысын баяулату. Трепонемалардың таза дақылын қояндардың аталық бездеріне дақылдандыру арқылы алады. Қоздырғыш жұқтырылған жануардың аталық безін арнайы қоректік ортада ұсақтайды, о трепонемалар қозғалысын сақтайды. Реакцияның қойылуы: тіндік трепонемалардың қоспасын зерттелген сарысумен пробиркада араластырады, үстінен жаңа бөлінген комплемент қосады. Бақылау пробиркасының біреуіне зерттелетін сарысудың орнына дені сау адамның сарысуын, келесіге - жаңа бөлінген комплемент орнына инактивацияланған комплемент қосады. 35°С температурада анаэробты жағдайда инкубаи лағаннан кейін, барлық пробиркадан «езілген» тамшы әдісімен препарат дайындап, түнек айдыи микроскопта қозғалатын және қозғалмайтын трепонемалардың санын анықтайды. Спецификалық қозғалғыш трепонемалардың санын келесі формуламен анықтайды:

Х=Тх - То х100 Тkn

Тк - бақылаудағы қозғалғыш трепонемалардың саны(инактивтелген комплементпен), То - тәжі рибедегі қозғалғыш трепонемалардың саны (активті комплементпен). Реакцияның нәтижесі оң деп саналады, егер қозгалғыштық 50% жоғары болса, оңға жақын - 31 - ден 50- ге дейін, күмәнді 21- 31аралығында , 20 - дан төмен болса теріс нәтижелі деп тіркеледі.

Спецификалық антиденлерді анықтау үшін медицина саласында басқа да серологиялық реакциялар соның ішінде ЖГАР жиі қолданылады. Бірақ науқастанушылықты анықтау кезінде Вассерман және микропреципитация реакцияларын жиі қолданатындығын ескерген жөн. РИТ, ИФР және басқа спецификалық реакцияларды диагнозды нақтылау үшін арнайы зертханаларда қояды. Дегенменен, осы реакцияларды емдеу әсерін бағалау үшін пайдалануға болмайды. Сонымен қатар, фрамбезия, беджель міндеттерімен науқастанғандарда да бұл реакциялар оң нәтижелі болады.

Емдеуі. Анағұрлым тиімді антимикробты препараттарға пенициллин қатары жатады. Сонымен қатар дюрантты (ретарпен, экстенциллин), орта дюрантты (перкаин - пенициллин), суда еритін препараттар (натрий тұзы), висмут, йод т.б. қолданылады. Бензилпенициллинді организмі қабылдамайтын болса, оның орнына доксициклин, тетрациклин, эритромицин, ампициллин, оксациллин және цефтриаксон пайдаланылады.

____________________________________________________________________________________399

Емдеу аяқталғаннан соң науқас 3 айдан -3 жылға дейінгі мерзім аралығында клиникалық - серологиялық бақылауда болады.

Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ. Бейспецификалық сақтандыру жеке гигиенаны сақтауға, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы санитарлы-гигиеналық шаралар кешенін жүргізуге негізделген: мерез ауруларын тіркеу, жұқпалы түрдегі барл ық науқастарды ауруханада емдеу, науқастың жанүясындағы барлық адамдарды тексеру, қауіп тондіретін топтарды (нашақорлар, жезөкшелер, гемосексуалистер, донорлар) жүйелі түрде зерттеу, түрғындардың арасында санитарлық-ағарту жүмыстарын жүргізу т.б.

Басқа патогенді трепонемалар және олар тудыратын аурулар

Тreponema раllidum endemicum түршесі - беджел деп аталатын эндемиялық мерез қоздырғышы. Орта Шығыста, Африка, Оңтүстік-Шығыс Азияда таралған. Ауру тері және кілегейлі қабатта ,бөрпелердің пайда болуымен сипатталады, олар мерез гуммаларына ұқсас жарақаттарға айналады. Таралу жолдары - қарым-қатынастық.

Тreponema раllidum реrtеnuе түршесі - фрамбезия қоздырғышы. Ауру жер шарының тропикалық рінде кездеседі. Таралу жолдары - қарым-қатынастық-жыныстық және түрмыстық заттар арқылы Жанүялы ауру түрінде кездеседі. Қоздырғыш енген жерде ауырмалы жара пайда болады, нәтижесінде тері мен сүйекте дистрофиялық үрдістер қалыптасады.

Тreponema саrаtеum - пинта қоздырғышы. Жер шарының батыс тропика-лық аймақтарында қара нәсілді адамдарда кездесетін ауру. Таралу жолдары - шыбын-шіркейлер арқылы, қоздырғыш енген жерде папула пайда болады, әрі қарай жалпы үрдіске айналады. Ол келесі белгілермен сипатталады: теріде ақ тандақтар пайда болады, алақан мен табанның гиперкератозы, шаштың түсуі басталады.

Микробиологиялық диагноз қою. Мерез ауруында жүргізілетін зерттеулер осы ауруларда қолданылады.

Емдеуі. Пенициллин қатарындағы антибиотиктермен емдейді.