- •13.2.2.9. Вакцина қолданудың нәтижелі болуының жағдайлары
- •13.2.2.10. Қазіргі кезде қолданылатын вакциналардың жалпы сипаттамасы
- •13.2.2.11. Вакцинаны егудің көрсетімі мен қарсы көрсетімдері
- •13.2.2.12. Вакцина егудің күнтізбесі
- •13.2.3. Бактериофагтар
- •13.2.4. Пробиотиктер
- •13.2.5. Сиецификалық антидеиелердің негізінде жасалган иммундыбиологиялық препараттар
- •13.2.5.1. Иммунды қан сарысулар. Иммундыглобулиндер
- •13.2.5.2.Моноклоналды антиденелер
- •13.2.5.3. Иммундытоксиндер. Иммундыадгезиндер
- •13.2.5.4. Абзимдер
- •13.2.6. Иммундымодуляторлар
- •13.2.7. Адаптогендер
- •13.3. Вирустық инфекциялардың спецификалық профилактикасы 13.3.1. Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді
- •14.1 Коктар
- •14.1.1. Аэробты грам оң коктар
- •14.1.1.1. Місrососсасеае түқымдастығы
- •14.1.1.1.1Стафилококтар (Stарhу1ососсus туыстастығы)
- •14.1.1.2. Strерtососсасеае түқымдастығы
- •14.1.1.2.1. Стрептококтар
- •14.1.1.2.2. Энтерококтар (туыстастығы Еntеrососсus)
- •14.1.2 Аэробты грам теріс коктар 14.1.2.1 Нейссериялар
- •14.1.2.1.1. Менингококтар
- •14.1.2.1.2. Гонококтар
- •14.1.3. Анаэробты коктар 14.1.3.1. Анаэробты грам оң коктар
- •14.1.3.2. Анаэробты грам теріс кокктар 14.1.3.2.1. Вейлонеллалар (Үеіііопеііа туыстастыгы)
- •14.2. Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар 14.2.1. Энтеробактериялар (ЕніегоЬасіегіасеае түқымдастығы)
- •14.2.1.1. Эшерихиоздардың қоздыргыштары
- •14.2.1.2 Клебсиеллалар (Klеbsіеllа туыстастығы)
- •14.2.1.3. Шигеллалар
- •14.2.1.4. Салмонеллалар (Sаlmоnеllа туыстастығы)
- •14.2.1.4.1. Салмонеллез (астан улану) қоздыргыштары
- •14.2.1.4.2. Ауруханаішілік салмонеллез
- •14.2.1.4.3. Протей (Рrоtеus туыстастығы)
- •14.2.1.4. Оба қоздырғышы
- •14.2.1.5. Энтеропатогенді иерсиниялар
- •14.2.1.6. Псевдотуберкулез қоздырғышы
- •14.2.1.7. Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •14.2.2. Вибриондар (Vіbrіоnасеае түқымдастығы)
- •14.2.2.1.Тырысқақ қоздыргышы
- •14.2.2.2. Парагемолитикалық вибриондар (Vіbrіо туыстастығы)
- •14.2.2.4. Хеликобактериялар (Неlісоbасtеr туыстастығы)
- •14.2.3. Раstеurеllасеае түқымдастыгы
- •14.2.3.1. Гемофилді бактериялар
- •14.2.3.1.1. Наеmорhііlus іnfluеnzае (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)
- •14.2.3.1.2. Наеmорhіlus duсrеуі
- •14.3. Бордетеллалар
- •14.3.1. Көкжөтел және паракөкжөтел қоздыргыштары
- •14.3.1.1. Воrdеtеllа brоnсhіоsерtіса, Воrdеtеllа аvіum
- •14.3.2. Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары
- •14.3.3.Туляремия қоздырғышы
- •14.3.4. Легионеллез қоздыргышы
- •14.3.5. Псевдомонадалар (Рsеudоmоnаs туыстастығы)
- •14.4. Анаэробты бактериялар 14.4.1. Спора түзбейтін анаэробтар (клостридиялар емес)
- •14.4.2. Күйдіргі бациллалары (Васіllus туыстастығы)
- •14.4.3. Спора түзетін Сlоstridium туыстастығына жататын бактериялар
- •14.4.3.1. Анаэробты инфекция қоздырғыштары
- •14.4.3.1.1. Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары.
- •14.4.3.1.2. Сіреспе клостридиясы (Сlostridium tetani)
- •14.4.3.1.3. Ботулизм клостридиясы (Сlostridium botulinum)
- •14.4.3.2 Лактобациллалар (Lactobacillus туыстастығы)
- •14.5. Листериялар (Listerіа туыстастығы)
- •14.6. Коринебактериялар (Сorynebacterium)
- •14.6.1. Дифтерия қоздыргышы (Corynebacterium diptheriae)
- •14.6.2. Микобактериялар (Мусоbacterіасеае тұкымдастығы)
- •14.6.2.1. Туберкулез қоздыргыштары
- •14.6.2.2. Алапес (лепра) қоздырғышы (Мусоbасtеrіum lерrае)
- •14.6.3. Актиномицеттер (Асtynomyces туыстастығы)
- •14.6.3.1. Нокардиялар (Nосаrdіа туыстастығы)
- •14.6.3.2. Бифидобактериялар (Bifidobacterium туыстастығы).
- •14.6.3.3. Гарднереллалар (Gardnerella туыстастығы)
- •14.7.1.2. Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы
- •14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздыргышы
- •14.7.2. Ориенциялар (Цуцугамуши қоздыргышы)
- •14.7.3. Коксиеллалар (Ку- қызбаның қоздырғышы)
- •14.8. Спирохеталар және басқа ирекше, иілген бактериялар
- •14.8.1. Трепонемалар (Тrероnеmа туыстығы)
- •14.8.1.1. Мерез. Бозғылт трепонема (Тrероnеmа раllidum).
- •14.8.2. Боррелиялар. Боррелиоздар
- •14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек
- •14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы)
- •14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •14.9 Хламидиялар. Хламидиоздар
- •14.10. Микоплазмалар. Микоплазмоздар
14.8.2.3. Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
Синоннмі: лайм - боррелиоз, Лайм ауруы.Иксод кене боррелиозы трансмиссивті табиғи ошақты , Воrrеlіа туыстастығының спирохеталары тудырады. Кене арқылы тасымалданады. Lymе қаласында - тың Коннектикут штаты) 1975 жылы А. Stееrе деген ғалым-жасөспірімдердің ревматоидтық артритінің бұрқетпесін анықгау барысында иксод кенесі мен ол шаққаннан кейін дамитын аурудың арасында байланыстың бар екендігін анықтады. Жаңа инфекция нозологиялық түр ретінде Лайм ауруы деген атауға ие болды (бұрқетпенің болған жеріне байланысты). Бірақ қоздырғыштың өзін 1981 жылы W. Вurgdоrfеr : А. Воurbоr атты ғалымдар (АҚШ, Нью - Йорк штаты) Іхоdеs dаmmіnі кенесінің ішегінен тапты. 1984 жылы спирохетаны К.S. Jоhnsоn және т.б. толық сипаттады. Таксономиясы
Тұқымдастыгы: Sріrосhаеtасеае
Туыстастыгы: Воrrеlіа
Түрі: Воrrеlіа burgdоrfеrі
Морфологиясы мен дақылдандырылуы. Ірі спирохеталар (0,2 х 10 - 30 мкм.), грамша теріс боялады, анилинді бояулармен жақсы боялады, 7-11 периплазмалық талшықтары бар. Баяу айналып қозғалады. Боррелиялар хемоорганотрофтылар, микроаэрофилдер. Іn vitro Воrrеlіа burgdоrfеrі қоректік ға өте талғамды, арнайы альбуминмен, өгіздің немесе қоянның плазмасымен, амин қышқьшдармен, витаминдерминдермен, және басқа да заттармен байытылған ортада өсіріледі. Оптималды өсу температурасы 32 7 °С, 5 апта бойы өседі.
Аитигендік және патогенділік қасиеттері. Боррелияларға тән сыртқы мембранасының антигені бар-порин, оны синтездейтін ферменттер, әр тұрлі липопротеидтер. Негізгі ақуыздары - беткейлік (OspA,ОsрB , ОsрС,ОsрF және т.б.), жалпы 30 - дан астам ақуыздары анықталған. Олар спецификалық (флаггелин қарсы антидене түзіледі) және бейспецификалық ақуыздар. Ақуыздардың синтезделуі көбінесе змидалық гендермен бақыланады. Негізгі патогендік факторы - адгезиндер.
Резистенттілігі басқа боррелияларға үқсас. - 70 - 90°С температурада тіршілігін сақтайды. Эпидемиологиясы. Лайм ауруының тобындағы аурулар табиғи - ошақты зооноздарға жатады. Воrrеlіа - ның табиғи резервуары жылы қанды омыртқалылар (кеміргіштер, бұғылар, құстар және т.б.), сонымен бірге иттерге, жылқыларға, ірі қара мүйізді малдарға жұғатыны анықталған. Қоздырғыш Іхоdеs dammani және т.б. кенелер арқылы таралады. Қоздырғыш кененің сілекейі арқылы, қанды сорған кезде жұғады.
Ауру көбінесе Солтүстүк Америкада, әсіресе АҚШ - та, Солтүстік Афри-кады, Европада, Евразияда, Азияда тіркелген. Ресейде ауру кобінесе орманды аймақтарды қамтиды.
Патогенезі мен клиникалық көріністері. Иксодтық кенелік боррелиоздың патогензі нашар -зерттелген. Клиникалық көріністері ауқымдылығымен сипатта-лады. Зақымдалатыны тері, тірек - қимыл аппараты, нерв, жүрек - қан тамыр жүйесі, бауыр, көк бауыр, көз және басқа ағзалар. Рецидиві дамуы мүмкін, себебі қоздырғыш организмде ұзақ уақыт сақталады. Жасырын кезеңі 3 - тен 32 күнге дейін. Қоздырғыш кененің сілекейі арқылы теріге енген соң, сол жерде терілік спецификалық антиденелер және - жасушалары жиналып, жасушалық иммундық жауап туғызады. Спецификалық ІgМ, сарысулық ІgМ көбеюіне ықпал жасап, ревматоидтық факторлар пайда болады. ОЖЖ зақымдалғанда ІgМ және ІgG түзіледі. Бірақ максималды жасушалық иммунитет аурудың соңғы кезеңінде (әсіресе лайм - боррелиозы кезінде) қалыптасады. Емдеуден соң жазылған кезде антиденелердің мөлшері қалыпты жағдайға дейін төмендейді. Соңғы кезеңде антиген - антидене кешені буындар мен тіндерде орын алады. Зақымданған тіндер жасушалық иммунитеттің нейтрофилдері мен медиаторлары арқьшы инфильтрацияланады. Боррелия- ларды периваскулярлы, тіндерде, кейде жасуша ішінен де табуға болады. Боррелиялар аутоиммунды реакциялардың бастамасы болуы мүмкін, ол қоздырғыш болмағанда да анықталып отыруы мүмкін.
Науқастанушылықтың үш кезеңін ажыратады: I - кезең - жергілікті инфекция, кене шаққан орында I - 2 аптадан кейін пайда болады, 4-5 аптаға созылады. Науқастардың 80% жуығында үнемі көшіп отыратын______________________________________________________________________________________404
эритема(диаметрі 1 - 20 см, кейде 60 см). 3-5 күннен кейін ол айналасы қоршалған папулатүрінде өзгереді, ол негізгі симптоммен бірге басталуы да мүмкін, кейде оның басталуына себепші болады. Температура жоғарылайды (38 - 39°С), лимфа түйіндері үлғаяды, бас ауыруымен, қүсу, артралгия, миалгиямен бірге жүретін интоксикация белгілері көрінеді. Бүл кезең 3 -7 күнге созылады. II - кезең - боррелиялар организмге таралуы. 1 айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Қоздырғыш қан ағымына тамырлардың арасындағы эндотелия жасушаларымен немесе тікелей эндотелий арқылы енеді. Бүл кезең неврология және кардиологиялық бүзылыстармен қатар жүреді. Кей жағдайларда сероздық менингит, омыртқаның мойын, көкірек, бел аймағындағы жүйке талшықтарында бүзылыстар пайда болады. Жүректің жұмы бүзылады. Көзде және бездіктіндерде зақымдану болуы мүмкін.ІІІ- кезең - созылмалы түрі, кене шаққа кейін 2 айдан соң (кейде 2жылдан) дамиды. Арнайы ағзалар жүйесіндегі зақымданулар түрінде көрін (мысалы, полиартрит, білек және тізе буындарының артриттері), үзақтығы 8 күннен 3 айға дейін соз лады. Артриттер рецидивтік сипат алып, ол сүйектер мен буындардың деструкциясына әкеледі. Кеейде артерияларда тромбоз пайда болып, ол өлімге үшыратады. Терінің зақымдануы атрофиялық акродер лимфаденома, түйіншектік атрофиялық склеродермия түрінде көрінеді. Көз зақымданғанда кератит дамиды. Науқастанушылықтың клиникалық коріністеріның кезеңдерге болінуі шартты болып табылады. Науқастарда кейбір кезеңдері болмауы мүмкін, ал сирек жағдайда бірден III - кезең басталуы мүмкін.
Микробиологиялық диагиоз қою. Диагнозды зертханалық және эпидемиологиялық мәліметтер сүйене отырып қояды. Клиникалық көріністері бойынша стрептококты эризипелоидтардан, аллергиялық дерматиттерден, фотодерматиттерден, коллагеноздардан және басқа аурулардан ажыратып алады. Зертханалық диагноз қоюда микроскопиялық, бактериологиялық және серологиялық әдістерді қолданады.
Микроскопиялық зеттеу әдістері. Боррелиялды қаннан, жүлын сүйықтығынан анықтауға мүмкін бермейді, себебі биоматериалдарда олардың мөл-шері өте аз болады. Қазіргі кезеде сүйек тіндерінен дайындалған препараттарды күмістендіру арқылы анықтау (У/аПһіп әдісі) тиімді болып отыр. Морфология бойынша Воrrеlіа burgdоrfеrі туыстастықтың басқа өкілдерінен ерекшелене бермейді.
Бактериологиялық зерттеу. Воrrеlіа burgdоrfеrі -ді күрделі құрылымды сұйық қоректік ортада (Келли және т.б. орталар) дақылдандырады. Қоздырғышты идентификациялау үшін биохимиялық және молекулалық - генетикалық (сыртқы мембрана ақуыздарын есептеу үшін гелдік -электрофорез әдісі, гибридизациялау, ДНҚ рестрикциялалық талдау) әдістері қолданылады.
Жеделдетілген-диагностикалық әдістер: иммунды химиялық, биохимиялық, молекулярлы биологиялық зерттеу. Иммунды химиялық зерттеу. Зақымданған тері аймағындағы немесе қоздырғыш жұққан кененің гемолимфасындағы биоптаттағы қоздырғыштыңантигенін ИФ әдіспен анықтауға болады
Биохимиялық-молекулалық зерттеу. Инфекция ошағынан алынған зерттеу материалын қоздыр ғыштың ДНҚ -н ПТР көмегімен анықтайды. Сәйкес молекулалар табылса болжамдау диагноз қоюға болады.
Серологиялық әдіс. Науқастың қанындағы антиденелерді анықтау үшін жанама ИФР және ИФ әдістерін қолданады.
Емдеу және алдын алу шаралары. Тетрациклин (доклициклин, юнидокс), макролидтер (азитро- мицин, рокситромицин, кларитромицин), цефалоспорин, пеницилиндер және басқалары қолданылады. Емнің нәтижелігін 2 айдан кейін диагностикалық әдістерді пайдалана отырып анықтайды. Боррелиозбен ауырып жазылған адамдардың барлығын 1 жылдан артық мерзімге диспансерлік бақылауға алады.
Спецификалық профилактикалық шаралары табылмаған. Бейспецификалық шараларға кенелерден қорғану (репелленттер, қоғаушы киімдер, аяқ киім); тұрғындардың арасында жеке басының алдын алу шаралары жөнінде мәлімдемелер тарату; алғашқы белгілері байқалғанда кешікпей дәрігерге көрінулерін ескерту жатады.
14.8.3. Лептоспиралар. Лептоспироз
Лептоспироз - табиғи ошақты зоонозды жұқпалы ауру. Бұл аурудың бастапқы атаулары: Вейль - Васильев ауруы, су қызбасы, саз қызбасы, ит қызбасы, шошқа бағатындардың ауруы. Қазақстанда жергілікті халық бұл ауруды «су безгегі» деп атайды.
__________________________________________________________________________________405
Жеке нозологиялық ауру ретінде лептоспироз туралы алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың соңында неміс - дәрігер Вейль (1886) және С.П. Боткиннің шәкірті - клиницист Н.П. Васильев (1889) бауырдың, бұйректің ерекше ерекше зақымдалуымен, көк бауырдың ұлғаюымен, айқын геморрагиялық имптомдармен көрінетін жұқпалы сарғаюы туралы мәлімдеме жасағаннан кейін пайда болды. Бұл аурудың бір атын соған байланысты атаған. Қоздырғышы кеш анықталды. 1914 ж. бір уақытта Р. Инадо мен И.Идо (Жапония), Р.Unlenhuth және олардан бөлек Н.Нubеnеr, Н.Rеіtеr (Германия) қоздырғышты науқас қанынан тапты, бірақәр қайсысы өзінше атады. 1907 жылы А.Stimpson қоздырғышты алғаш анықтап, Leptospira interrhogans деп атады, бірақ ол оны сары қызба қоздырғышы деп санады. «Lерtоsріrа» деген астық атауын (гректің lерtоs - жіңішке, sріrа - иірім) Н. Nоguсhі (1917) ұсынған. Таксономиясы
Тұқымдастығы;Leptospiraceae.
Туыстастығы; Leptospira
Түрі; L. Interrhogans, L. Biflexa
Лептаспироз қоздырғыштарының (Leptospira interrhogans) 200-ден астам серологиялық варианттары бар. Leptospira туыстастығы 2топқа бөлінеді; патогенді лептоспиралар (Leptospira interrhogans) адамдардың және жануарлардың организмінде паразиттік тіршілік етеді; сапрофитті лептоспиралар - L. Biflexa, ашық су көздерінен бөлінген (1914ж. S.Wolbac). Дымқыл топырақта, сазды жерлерде мекендейтін галофилді лептоспиралар жылы қандыларға патогенді емес.
Морфологиясы. Лептоспиралар - ирекше пішінді бактериялар, ұзындығы 7- 20 мкм, жуандыгы 0,1 0,15 мкм. Жас жасушалары қысқарақ, ал қартайғандары ұзарады (30 - 150 мкм). Лептоспиралардың жасушалары спираль тәрізді иректелген, 12-18 алгашқы иірімі бір - біріне тығыздалған және екінші рет иілген, ұштары ілмек тәрізді болып, «S» және «С» әріптерінің пішініне ұқсайды. Бірақ бір ілмекті немесе ексіз пішінділері де бар. Лептоспиралар спора, циста, капсула түзбейді. Сүйық қоректік ортада іімалы, иілмелі, коймалжың ортада толқынданып, винт немесе жылан тәрізді қозғалыс жасайды. Лептоспиралар көлденеңінен бөлініп көбейеді (7-12 сағ). Қоректік орталарда өте баяу өседі, басқа риялармен салыстырғанда 12 есе баяу жүреді. Оптималды өсу температурасы 28 - 30°С. Электронды роскопта олардың сыртқы қабығы, осьтік жіпшесі және цитоплазмалық цилиндрі көрінеді. опротеидтік қүрылымды сыртқы қабығы остік жіпше мен цитоплазмалық цилиндрді қоршайды. Лептоспираларды әдеттегі сәулелі микроскоппен бояусыз қарағанда көрінбейді, сондықтан оларды түнек айдынды микроскопты пайдаланып қарайды. Онда олар нәзік, белсенді қозғалатын күміс жіпшелерге ұқсап керінеді. Бастапқы бүрамалары маржан моншаққа үқсайды. Лептоспиралар анилинді бояулармен нашар боялады, оларды анықтау үшін күмістендіру әдісімен анықтайды. Лептоспиралардың жасушалары алау - қоңыр түс алып, жарық айдында жақсы көрінеді. Романовский - Гимзе әдісі бойынша госпиралар ашық қызғылт түске боялады. Патогенді және сапрофитті түрлері морфологиясы, трақүрлымы, тинкториалдық қасиеті, қозғалғыштығы мен кобеюі жағынан бір - бірінен ерекшеленбейді. Лептоспиралар хемоорганотрофтылар. Тыныс алуы бойынша - аэробтар, микроаэрофилдер. спираларды сарысулы, альбуминді немесе синтетикалық сүйық, жартылай сүйық және тығыз күрделі құрылдымды қоректік орталарда дақылдандырады. Тығыз қоректік ортада лептоспиралар 3 түрлі болып өседі: бетінде, агар тереңдігіне еніп, агар түбіне дейін. Сондықтан колониялардың морфологиясы әр түрлі ады. Ал сүйық және жартылай сүйық қоректік орталарда орта бетінде күреңкі сақина тәріздес өсінді еді. Биохимиялық қасиеттері толық зертгелмеген. Патогенді лептоспираларда каталаза, пероксидаза, цитохромды энзимдер, аминопептидазалар, дегидрогеназалар және басқа да метоболиз процесіне қатысатын ферментгер анықталған. Сонымен бірге аггрессиялық ферментгер (гиалуронидаза, липаза, фибринолизин, азмокоагулаза, гемолизин, ДНКаза, эстераза, уреаза) анықталған, олар макроорганизмге енуге комектеседі.
Антигендік қасиеті. Лептоспиралардың күрделі антигендік құрлымы бар. Leptaspira туыстастығындағы өкілдердің ішінен 200 серологиялық вариантын ажыратады, олар 25-тен астам серологиялық топтарға бірігеді. Туыстастықтың спецификалық қасиетіне полисахаридті фибриллярлы
_________________________________________________________________________________406
антиген жатады (КБР көмегімен анықталады), топқа және варианттқа қатысын сәйкесінше қабықша ақуыздары мен липопротеинді антигендермен агглютинациялық реакция арқылы анықтайды (агглютиногендері, преципитиногендері, комплемент байланыстырушы антигендері, гемагглютиногендері Лептоспиралардың таксономиялық критерийі - олардың антигендігі бойынша анықталады. Негізгі таксоны -серовар.
Патогенділік факторлары. Лептоспираның патогенді қасиеті келесідей: инвазивтілігі мен қоймалжың ортада қарсы қозгалу қабілеті (вискотаксис) - бұл қасиеті лептоспиралардың жоғары қозғалғыштығымен, гиалуронидаза, фибринолизин және т.б. факторлармен шырышты қабықтан өту көмектесуімен байланысты; экзотоксин өнімдерін түзеді - гемолизин, липаза, ДНКаза және басқа да улы өнімдер жасушаның бұзылуына әкеледі; липополисахаридтті табиғатты эндотоксиннің болуы – пирогенді некрозды, летальді әсер көрсетеді.
Қалыпты және иммунды сарысулардың, комплементтің, фагоцитоздың бактериоцидті белсенділіктеріне тұрақтылық қасиетке ие бола отырып, макроорганизмде ұзақ сақталады.
Тәжірибелік жануарлардың ішінде жаңа бөлінген штамдарға сезімталы алтын түсті атжалман (6-8 апталық), жас теңіз шошқалары, қоянның көжектері. Тәжірибелік жағдайда патогенді лептоспиралар вируленттілік қасиеттерін тез жояды.
Резистенттілігі. Лептоспира жоғары температурада, дезинфекциялық заттардың (сулема, лизол, хлорамин, карбол қышқылы және т.б.) әсерінен тез жойылады, бірақ төменгі темпертураға жеткілікті дәрежеде түрақты. Табиғи су қоймаларында 5-10 күн, топырақта 270 күнге дейін өмір сүреді. Қышқыл және сілтілі ортада тез жойылады.Төмен температурада ұзақ сақталады, яғни - 70°С температурада олардың вируленттілігі мен тіршілікке қабілеттілігі 7 жылға және одан да ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін.Олар,; мұздатылып, ерітіліп, қайта мұздатылу процесін 6 ретке дейін қайталағанға дейін сақтала алады .Тағамдарда бірнеше күнге дейін сақталады.
Пенициллин, тетрациклин, стрептомицин тобындағы антибиотиктер оларды олтіреді. Неомицин, рифампицин, амфотерицин В және басқа антибиотиктер олардың белсенділігін жоя алмайды.
Эпидемиологиясы. Лептоспироз - кең тараған зооноз, барлық жерде кездеседі. Лептоспироздың табиғи ошақтары - көбіне орман, өзен жағалауы, батпақты жерлерде кездеседі. Инфекция көзі жабайы жануарлар - кеміргіштер, түлкі т.б. болып келеді. Жануарлар зәрі суга түсіп, топырақ және өсімдіктерді залалдайды. Аурушылдық қатаң мерзімдікпен сипатталады (маусым - қыркүйекте), бұл ауылшаруашылық жұмыстарымен (пішен орғанда), сонымен қатар саңырауқүлақ, жидек жинаумен, аңға шығумен, балық аулаумен байланысты. Ауылды жерлерде инфекцияның көзі үй жануарлары болуы мүмкін: доңыз, ірі қара мал, иттер. Тағамдық жол арқылы да жұғуы мүмкін, мысалы сүт пайдаланғанда, ауру малдарды қарау кезінде қарым-қатынас-тұрмыстық жолмен таралуы мүмкін. Дегенмен, инфекцияның негізгі таралу жолы су арқылы. Ауылдық жерлерде ауру жануарлардың зәрімен ластанған су қоймаларында шомылған адамдардар арасында күрт көбеюі жиі кездеседі. Лептоспироз ауруы егеуқұйрықтар кобейге портгы қалаларда шығуы мүмкін.
Патогенезі. Инфекцияның ену қақпасы - ауыз қуысының, ас қорыту жолдарының шырышты қабаты, көз, мүрын, зақымданған тері. Енген жерде қабыну аймағы байқалмайды. Лептоспиралар лимфатикалық жолмен таралады, қанға өтеді (лептоспиремия, токсемия) және қан ағынымен организмде таралып эртүрлі ағзаларға (бауыр, бүйрек, өкпе т.б.) түседі. Ағзаларда микроорганизмдер қарқынды көбейіп қайтадан қанға түседі. Қоздырғыштың және оның токсиндерінің әсер етуі нәтижесінде қан капиллярларының қабырғасы зақымдалады және әртүрлі ағзалар мен тіндерде қан құйылу байқалады. Көп зақымдалатын ағзалар - бауыр, бүйрек, бүйрек үсті безі, жүрек және бүлшық ет.
Клиникалық көріністері. Лептоспиралар жұлынға енуге қабілетті, науқастанушылықтың 7-15 күні менингеалды көріністер байқалады.
Науқастанушылықтың симптоматикасы мен ауырлыгы қоздырғыштың сероварына, қоздырғыштьщ вируленттілік жағдайына, макроорганизмнің жағдайына, жұғу жолдары мен механизміне байланысты. Жасырын кезеңі 7-10 күнге, ауру 5-6 аптаға дейін созылады. Ауру жедел басталады, дене темперагурасы_____________________________________________________________________________________407
39-40 Cжоғарылайды, бас ауруы, бұлшықет ауруы әсіресе балтыр етінің ауырсынуы байқалады. Ағзалардың зақымдалуына байланысты олардың белғілері пайда болады: бүйреьсгік жетіспеушілік, сарғаю және тағы басқалары. Толқын тәрізді қызба тән. Лептоспироздың клиникалық түрлері әртүрлі - жеңілден өлімге алып келетін ауыр түріне дейін. Кеш асқыну фазасында көздің зақымдануы, пиелит, менингоэнцефалиттің қалдық көріністері де байқалады.
Иммунитеті. Иммунитеті ұзақ, қарқынды, дегенмен қатаң серологиялық вариантты спецификалық. 3-4 аптада стерилсіз иммунитет қалыптасады. Қанда антиденелер көп жиналады. Бүйректе қоздырғыш ұзақ сақталып, несеппен ұзақ уақыт бөлінеді (40 күн және одан да артық). Иммунитет біртіндеп күшейіп, ақырында қоздырғыштан толық айығады (науқастанушьшықтың 5- 6 аптасында).
Микробиолоғиялық диагноз қою. Негізгі зерттеу әдістері: микроскопиялық; бактериологиялық; серологиялық; ПТР.
Микроскопиялық зерттеу. Зерттеу материалы ретінде аурудың бірінші аптасында қан, кейінірек ми-жүлын сұйықтығын алады. Бактериоскопиялық әдісте түнек айдынды микроскопта қарау қолданылады, бұл әдістің сезімталдығы мен спецификалығы томен деңгейде. Спирохеталар анилиндік бояулармен нашар боялады, сондықтан ДД¥ үсынған келесі әдістерді қолданады: күміспен импрегнациялау, иммунды пероксидазалы бояу, қоянныңжәне тышқанның моноклоналды флюоресцирлеуші антиденелерін ,қолданып қоятын ИФР.
Бактериялогиялық әдіс: аурудың алғашқы күндерінде қаннан, аурудың 2-3 аптасында зәр мен ми- сүйықтығынан таза дақылдарын бөлу. Сарысуы бар қоректік орталарда, фосфатты - сарысулы ортада 28-30°С өсіреді. Зерттеу материалын науқастың төсек орнында жатқызып алады, 3- 5 пробиркаға алып, бетіне вазелин майын құяды, 2 ай бойы өсіреді. Лептоспиралар өскенде қорекгік орта мөлдір болып сақталады, сондықтан әр 5- 6 күн сайын түнек айдынды микроскопта қарау үшін препарат дайындап, зерттеп отырады. Таза дақылдың морфологиялық, дақылдық, қозғалғыштық, антигендік қасиеттерін анықтап диагноз қойылады.
Биосынама. Теңіз шошқаларына, көжектерге, алтын түсті хомяктарға қүрсақ астына жұқтырады. Бір ай бойы бақылайды. Жануар өлгенде қаннан, зәрден, өлексе ағзаларының материалынан жағынды дайындап, түнек айдынды микрос-копта қарап, таза дақыл алу үшін қоректік орталарға себеді. Жеделдетілген зерттеу әдістері. Биохимиялық және молекулалық - биологиялық зерттеулер ізіледі. Инфекция анықгалған ошақтан қоздырғыштың ДНҚ анықтау үшін ПТР қолданады. Серологиялық әдіс. Науқастың қанынан антиденелерді науқастанушылықтың 1 аптасының соңында анықтауға болады. Ол үшін КБР, микроагглютинация реакциясы және лизис реакциясы науқастың сарысуы мен стандартты микроорганизмдердің жиынтығымен қойылады.
Емдеуі. Көбінесе антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин топтары) және лептоспирозға қарсы гетерологиялық иммундыглобулин қолданылады. Ауыр жағдайда кортикостероидтар, витаминдер кешені, жүрек - қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттар қолданьшады. Басқа мамандардың кеңесінен өту шарт. Алдын алуы. Бейспецификалық сақгандыру бірқатар ережелерден тұрады: қайнатылмаған суды қолдануға, жуынуға, мал 'су ішетін жерде суға түсуге болмайды. Эпидемиялық көрсеткіш бойынша спецификалық алдын алу ретінде көп кездесетін серологиялық варианттардан тұратын өлі вакцина қолданылады.
