Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
265-415.rtf
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.98 Mб
Скачать

14.6.3. Актиномицеттер (Асtynomyces туыстастығы)

Актиномикоз - жеделдеу немесе созылмалы түрде өтетін, клиникалық көрінісі көп түрлі - іріңдеу, абцесс, жыланкоз түзетін гранулематозды ауру. Адамдармен қатар жануарлар да ауырады. Қоздырғыштар актиномицеттердің түрлері болып табылады. Науқастың диагнозы көп жағдайда кешіктіріліп қойылады

Дертке ең бірінші болып 1845 жылы В. Ьап§епЬек сипаттама берген. Кейінірек 1877 жылы неміс ветеринары Otto Bollinger ірі қара малда ісік тәріздес зақымдануларда кристалл сияқгы дәнді бөлшектерг тапқан, осыған байланысты оларды друзалар деп атаған. «Актиномикоз» (сәулеленген саңырауқүлақтар терминін неміс ботанигі Саrl O Harz (1877ж) грануладағы жіпшелерініңсаңырауқүлақтардың мицелилері тәріздес сәулеленіп таралуына қарап үсынған.

Таксономиясы. Қоздырғыштардың басым көпшілігі Асtynomyces туыстастыгына жатады еңжиі кездесетіні анаэробты түрі - А.irsaeliі, кейбір түрлері Рropionobacterium немесе Bifidobacterium туыстастығына жатады. Қалған түрлерінің ішінде жиі кездесетіндері: А.bovis, А.vіsсоsis, А.паезіипсііі, А.naeslundii болып табылады (36- сурет)

Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Тармақтары бар жіпшелер мен жіңішке таяқшалар, грамша оң боялады, қозғалмайды. Саңырауқүлақтардан айырмашылығы жасуша қабырғасынді хитин немесе целлюлозасы жоқ, қабырғасының қүрылымы грам оң бактериялар сияқты. Мицеллиялар " қарапайым, жіңішке, тармақталған, тік немесе иілген таяқшалар. Актиномицеттердің ерекше қасиеттері- жақсы дамыған мицеллий түзеді. Мицеллийдің гифалары бөлінбеген. Таяқша пішінді акгиномицеттердіц үштары жуандау. Жағындыда жүптасып V, Ү- тәрізді немесе қатарласып орналасады. Барлық морфологиялық пішіндері шынайы тармақталуға қабілетті, әсіресе гиогликольді жартылай сүйық қоректік ортада. Грам әдісімен нашар боялады. Жиі - дәнді немесе таспих пішінді. Конидиялары жоқ. Қышқылга түрақсыз. Типтік өкілі - Асtynomyces bovis.

Дақылдылдандыру. Тыныс алуы бойынша - облигатты анаэробтар, факультатитвті анаэробтар, капнофилдер. Баяу өседі (7-10 тәулік). Қанды агарда альфа, бетта, гамма гемолиз береді. Жүрек-ми қосылған агарда, сарысу мен қанмен байытылған орталарда, ашытқы экстракгы қосылған орталарда, Сабуро және

_________________________________________________________________________________________379

Чапек орталарында жақсы өседі. Кейбір түрлері мицеллийге үқсас жіпше микроколониялар түзеді. Екі аптадан кейін S-пішінді, қүрғақ, қиқым сияқты колониялар пайда болады. Кейбір штамдардың пигменттері бар Асtynomyces іrsаеlіі қарапайым қоректік орталарда жақсы өспейді, сарысу, ақуыз қосылған қоректік орталарда түссіз, мөлдір, тегіс, қоректік ортамен тығыз байланысқан колониялар түзеді. Пигмент түзбейді. Қанды агарда ақ түсті томпақша колониялар түзеді. Асtynomyces оdоntоlуtісus қанды агарда қызыл түсті, бетта гемолиз аймағы бар колониялар түзеді.

Ферменттік белсенділіғі. Хемоорганотрофтар. Көмірсуларды газсыз, қышқылға дейін ыдыратады.( Сірке қүмырсқа, сүт, янтарь қышқылына дейін). Индол түзбейді. Түрлік дифференциациясы 14.20- кестеде берілген.

Кесте 14.20.

Актиномицеттердің негізгі дифференциациялық белгілері

Белгілері

Түрі

А.viscosus

А.naeslundii

А.israelii

А.odontolyticus

А.bovis

Аэробты жағдайда өсуі

+

+

-

+

+

Серологиялык топтары (ИФТ)

В

Е

Ә

А

Ғ

Коло- ниялары:

тегіс

-

-

-

+

+

өрмекші тәрізді

+

+

+

-

-

Каталаза

+

-

-

-

-

Уреаза

+

+

-

-

-

Крахмал

-

-

-

-

+

Арабиноза

+

+/-

-

?

Инозит

+

+

+

-

?

Ксилоза

-

-

+

-

+/-

Маннит

-

-

+

-

-

Манноза

+

+/-

+

-

?

Антигендік қасиеті. Жасуша қабырғасыныңтүрспецификалық антигендері дифференциациялаушы белгілері болып табылады. ИФТ көмегімен 6 серологиялық топтарға бөлінеді: А, В, С, О, Е, Ғ.

Резистенттілігі. Ауаға түскенде бірден жойылады. Пенициллин, эритромицин, тетрациклин, цамицинге сезімтал. Дегенмен, фунгицидтық препараттарғатүрақты. Тәжірибеде кеңінен қолданатын инфектанттар мен антисептиктерге сезімтал.

Негізгі мекендейтін ортасы - топырақ. Тұрақты түрде суда, ауада, әртүрлі қоршаған орта фактілерінде, өсімдік, жануарлар және адамдарда табылады. Адам және сүтқоректі жануарлардың ауыз қуысының шырышты қабатында орналасады.

Эпидемиологиясы. Актиномикоздар эпидемиологиясының ерекшеліктері: Сапроноздар.

Жүқтыру көздері: қоршаған орта объектілері, науқастар мен батерио-тасымалдаушылар (адамдар мен жануарлар).

Жүғу механизмі: аэрогенді.

Көбінесе таралу механизмі - қарым-қатынастық, жанасу; берілу жолдары - жарақат арқылы. Актиномицеттерді қабылдағыштық шартты-патогенді микроорганизмге сәйкес келеді. Актиномицеттер көп мөлшерде адам ағзасында қалыпты микрофлора қүрамында кездесіп отырады, яғни сау адамның ауыз қуысында, ас қорыту жолдарында, қынапта кездеседі. Бүл микроорганизмдер адамдарда тіс кариесі, периодонтит, көз инфекциялары және жатырішілік контрацептивтік заттарды қодлнаған кезде дамитын инфекциялық аурулар және де басқа қабыну үрдістері дамуы кезінде маңызды орын алады.

__________________________________________________________________________________________380

Патогенезі. Актиномикоз - аэробты және факультативті анаэробты актиномицеттер тудыратын адам және жануарлардың созылмалы оппортунистік инфекциясы. Актиномицеттер ауыз қуысы мен ішектік қалыпты микрофлорасының құрамына кіретіндіктен эндогенді инфекция дамуы мүмкін. Түрлі ағзалар мен тіндерде қабыну ошақтары - актиномалар түзіледі. Актиномаларда актиномицеттердің друзалары табылады. Оппортунистік инфекция тудырады.

Алғашқы актиномицеттік зақымданулар олардың орналасқан жерлерінде пайда бола бастайды. Содан соң біртіндеп тері асты шелмайлар, байланыстырушы тін, лимфа және қан арқылы бүкіл ағзаға тарала бастайды. Міне соның салдарынан ол эндогенді инфекция ретінде дамиды. Бірақ та топырақ, өсі және т.б. арқылы ағзаға келіп түсетін әкзогенді жолды да ескеру қажет. Аурудың бүл жолмен дамуы ағза бүтіндігі бүзылуы керек (тері, шырышты қабат жарақаты және т.б.).

Клиникалық көріністері. Клиникасы гранулемалық қабынумен сипатталынады, белгіле, полиморфты. Орналасуы бойынша мойынды-беттік, торакалді, абдоминалді, зәр шығару-жыныстық, сұйе: буындық, сепсистік ж.т.б. түрлерін ажыратады.

Ең жиі кездесетін түрі жақ-бет және мойын-беттік түрі болып табылады (58-97%). Өкпе актиномикозы оған қарағанда сирегірек кездеседі. Біріншілік және екіншілік зақымдану түрінде пайда болады. Екіншілік түрі мойын-беттік түрінің үлғайып кетуінің салдарынан диафрагма мен қүрсақ қуысының зақымдануымен көрініс беруі мүмкін. Бастапқы кезде бронхит, интерстициальды пневмония, плеврит сияқты клиникал көрініс береді. Дами келе үрдіске плевра эмпиемасы,перикардит, көкірек қабырғасының қабынулар қосылады. Ауру ағымы солғын болғандықтан диагноз қою қиындайды.

Актиномикоздың абдоминальды түрінде кіші жамбас қуысы ағзаларының перфорациясы салдарынан дамиды. Ол - аппендикстің жарылуы, ойық жара тесілуі, хирургиялық дивертикулиттер мен басқа жарақаттық зақымдалулар.

Тіндік актимномикоз кезінде пролиферация дамып, жиеьсгері грануляцияланған көптеген абцес іріңді ошақтар мен жылакөздері бар қуыстар пайда болады. Ірің ішінде диаметрі 1мм пішіні, түсі әр қырыққабатқа үқсас друзалар табылады, бұлардың диагностикалық маңызы зор. Друзаның жан-жағы поли_ морфты-ядролы лейкоциттермен қоршалып, грануляциялық тін түзіліп, фиброзды қабаттар пайда бола бастайды.

Иммунитеті. Аз кернеулі, ЖСБТ (ГЗТ) түзіледі. Толығымен зерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою үшін келесі әдістерді қолданады:

Микроскопиялық әдіс. Зерттеу материалы - қақырық, ликвор, ірің, пункгатгар, тіннің биопсияс Бакгериоскопиялық әдіс кезінде орталығында пигментгелген дәнді гифалардың жиынтығы бар, шетгері колба тәрізді ісінулері бар гифалар көрінеді. Жарақатган алынған зерттеу затын зат әйнекшесі не қойып бетін жабынды әйнекпен жабады, ұлғайтуын азайтып, конденсорды төмен түсіріп немес метилен көгімен бояп қарайды. Гистологиялы зерттеу затын биопсиялық зертгеуден өткізу де диагноз қоюды оңайлатады. Грам әдісі бойынша споралары қоңыр-аспанкөк түсті, мицеллийлері - аспанкөк түсті, друзалары - ақшь қызыл түске боялады. Циль-Нильсен әдісі бойынша - споралары қызыл түске боялады.

Бактериологиялық әдіс. Қорытынды диагноз қоздырғышты бөліп алу арқылы қойылады. Қоздырғыштың таза дақылын бөліп алу 14 күннен артық уақыт алуы мүмкін. Қолданылатын қорек орталар: қантты агар, Сабуро ортасы. Жалпылама қолданатын кесте бойынша таза дақылға идентификациялау жүргізеді. Бөлінген дақылдың актиномицеттерге тән белгілерін анықтайды: сү ұйытады және пептонизациялайды. Анаэробты микробтардың бөлінуі актиномикоз диагнозын дәлелдейді,

Серологиялық диагноз қою үшін антилизатпен КБР және ПГАР қолданады.

Аллергиялық сынама актинолизатпен жүргізіледі.

Емдеуі. Пенициллин, эритромицин, тетрациклин, клиндамицинге сезімтал. Дегенмен, фунгицин препараттарға түрақты.

Арнайы алдын алуы қарастырылмаған. Бейспецификалық сақтандыруы адамның иммундық статусын жоғарылатуға бағытталған.

____________________________________________________________________________________________381

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]