Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
265-415.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.98 Mб
Скачать

14.2.1.4. Оба қоздырғышы

Оба (лат. реstіs) - Үегзіпіа резііз тудыратын ауыр интоксикациямен, жоғары қызбамен, тері, өкпе, не де лимфа жүйесінің зақымдалуымен, септицемиямен сипатталатын жоғары деңгейде олім туғызатын 0-75%) жүқпалы ауру. Ауру аса қауіпті инфекция тобына кіреді, халықаралық ережелерімен бақыланады, ндықтан конвенциялық (карантинді) инфекцияларға жатады.

Таксономиясы. Ауру қоздырғышын 1878 жылы Г.Н. Минх және 1894 жылы А. Иерсен мен Ш. Китазато Гонконгтағы оба эпидемиясы кезінде бір - бірінен бөлек ашқан.

Түңымдастыгы: Еntеrоbасtеrіасеае

Туыстастыгы: Yеrsіnіа.

Түрі: Үеrsіnіа реstіs.

Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Үеrsіnіа реstіs - полиморфты, үсақ сопақша яқша, талшықтары жоқ, спора түзбейді, нәзік капсуланы 37°С-та түзе алады, грамтеріс, патологиялық материалдардан алынған жағындыларда биполярлы боялады.

Дақылдандыру. Оба қоздырғышы - факультативті анаэроб, психрофил: ең қолайлы өсу мпературасы 28°С. Тығыз қоректік орталарда К- және 3- пішінді колониялар түрінде өседі; К-пішіндісі ары вирулентгі, 8-пішінділердің вируленттілігі төмен. Иерсиниялардың өсуін жылдамдату үшін қоректік рталарға өсу стимуляторлары қосылады: натрий сульфиті, гемолизденген қан, сарцина фильтраты. Тығыз қоректік ортада өскенде 8-12 сағатта «сынған шыныға» үқсас түссіз колониялар түзеді, 18-20 сағатта колониялары «айнала өрнекті орамалға» немесе «түймедақ гүліне» ұқсас, ортасы ашық түсті, кейбір кезде 48 сағаттан кейін 8-колонияларға ауысады. Үегзіпіа резііз-тің көптеген штамдары күнгірт пигментті юлониялар түзеді. Сүйық қоректік органың бетінде үлбір түзіп өседі, одан томен қарай «үңгір сталактитіне» үқсас жіпшелер түзеді, түбінде агглютинация реакциясына үқсас түйіршіктеніп оседі.

Ферменттік белсенділігі. Қоздырғыштың биохимиялық белсенділігі бар, көмірсуларды (глюкоза, манноза, маннит, мальтоза, арабиноза, салицин, ксилоза, эскулин) көмірқышқыл газға дейін ыдыратады, гиалуронидаза, протеинкиназа, фибринолизин, гемолизин, лецитиназа, РНҚаза мен коагулазаны түзеді. Глицеринді ыдыратуына байланысты «+» және «-» хемоварианттарын бөледі. Сүтті үйытпайды, индол мен күкірт сутегін түзбейді, нитратты нитритке айналдырады. Каталаза түзеді және оксидаза түзбейді.____________________________________________________________________________________314

Глицеринді және мелибиозды ыдыратуы бойынша оба иерсинияларын үш биовариантқа бөледі ортаазиялық және Ирандық mеlіvіаlіs (+, +), ортаазиялық және ортаафрикалық аntіguа (+, +) жән космополиттық оrіепtаlіs (-, -). Идентификациялау үшін қолданатын негізгі биохимиялық қасиеттері:

  • желатинді сүйылтпайды, мочевинаны ыдыратпайды;

  • рамноза мен сахарозаны ыдыратпайды;

  • декстринді ыдыратады.

Антигендік қасиеті мен патогенділік факторлары. Оба бактериясының антигендік қүрылы

күрделі. Оба қоздырғышының 15-тен астам антигендік қүрылымы бар. Үеrsіnіа реstіs-тің термолаб капсулалық және термостабилді соматикалық антигендері бар; олардың негізгілері: Ғ,- (капсулалы), V (ақуыз) және - (липопротеидті) антигендер - фагоцитозды тоқтатады. Басқа иерсиниялармен эшерихиялармен, сальмонеллалармен, шигеллалармен ортақ антигендері бар.

Оба бактериялары жоғары вируленттілігімен ерекшеленеді, зақымдалмаған тері арқылы да ене алады тышқандар үшін улылығы жоғары ерекше токсин бактериоциндер (пестициндер - тышқандық токсин түзеді. Вируленттілігінің көптеген факторлары (V -, W - антигендер, тышқандық токсин- ақуыз, Ғ, коагулаза және т.б.) плазмидалардың гендерімен бақыланады (рРSt, рСаd, рFrа). Олар жүрек, бауыр жасуш митохондрияларының қызметін бүзады: рРst плазмидасы-пестицин, плазмокоагулаза, фибринолиз түзілуін қадағалайды; рFrа плазмидасы - капсуланың 37°С-та түзілуіне және фагоциттердің микроб жоюына кедергі жасайды; рСаd плазмидасы - V- және W-антигендердін түзілуін және фагоцитгер қүрамы сақталуын қадағалайды. Сонымен қатар, вирулентгілік факторларға микробтың антифагоцитарлық қасиеті күшейтетін жасушадан тыс аденилатциклаза, цитохромоксидаза ферменттері және пигмент түзілуі жатады. Адам қанының О-тобымен ортақ антигені бар.

Резистенттілігі. Күн және ультра күлгін сәулесі, кептіру, жоғарғы температура мен дезинфекциялық заттар (лизол, фенол, хлорамин және басқалары) Ү. резііз-ті тез арада жояды. Төменгі температураға, мүздатқанға және еріткенге төзімді, патологиялық материалда 10 тәулікке дейін өмір сүреді, Оә" температура кезінде 6 айға дейін сақталады.

Эпидемиологиясы. Оба қоздырғышына кемірушілер (тарбағандар, суырлар, құрсуырлар,- сарышұнақтар, егеуқұйрықтар, үй тышқандары) сезімтал. Түйелер, ақбөкендер, мысықтар, түлкілер, кірпішешендер сезімтал болады. Зертханалық жануарлардың ішінде ақ тышқандар, теңіз шошқалары, орқояндар және маймыл-дар анағұрлым сезімтал. Қазақстан Республикасында арнайы обаға қарсы мекемелер бұл індеттің 17 автономды ошақтан түратын 6 табиғи ошағына эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етеді. Қазақстанның 38% жерінде обаның табиғи ошақтары орналасқан.

Оба - табиғи-ошақтық ауру, аса қауіпті инфекцияларға жатады. Орта ғасырдағы оба эпидемиялары ондаған миллион адамның өліміне әкелді.

Оба инфекциясының негізгі көзі - кемірушілердің бірнеше түрлері (тарбағандар, суырлар,( саршұнақтар, сұртышқандар). Екіншілікті инфекция көздері үй тышқандары, дала суыры, қояндар, егеуқұйрықтар (барлығы 300 түр) болып табылады. Инфекцияның негізгі таралу механизмі - трансмиссиялық. Бұл індет адамдарға инфицирленген бүргенің шағуы нәтижесінде, сондай-ақ қарым-; қатынас (ауру жануарды сойғанда, терісін алып, етін болгенде) және тағамдық (жануардың етін жеткіліксіз, термиялық өңдеп қолдану кезінде) жолдармен жүғады. Зақымданғаннан кейін науқас адам инфекция көзі болады. Обаның өкпелік түрі аса қатерлі болып есетеледі, ойткені ауалы-тамшылы жолмен ауру көп адамдарға жұғады. Аурудың қандай түрінде болмасын науқастарды оқшаулайды (изоляциялайды), қатал карантиндік шаралар өткізеді.

Патогенезі. Оба кезінде инфекциялық процестің дамуы бүл ауру қоздырғышының ену қақпасына байланысты. Қоздырғыш тері және шырышты қабатгары арқылы өтіп, лимфалық тамырлар бойынша таралады, тез көбейеді, лимфа түйіндерінің, өкпелердің және басқа ағзалардың зақымдалуын, организмнің жалпы улануын (интоксикация) тудырады.

Бубонды, өкпелік және біріншілік- септикалық, ішектік (сирек жағдайда) түрлерін бөледі. Бубонды түрі кезінде лимфа түйіндері зақымдалады (бубон - лимфа түйінінің тауық жүмыртқасындай үлғаюы),

___________________________________________________________________________________315

одан қоздырғыштар барлық ағзаға, оның ішінде өкпелерге түсіп, екіншілік пневмония тудыра алады. Ауалы -.тамшылы жолмен таралғанда обаның біріншілік өкпелік түрі дамиды. Жаппай зақымдану кезінде біріншілік-септикалық түрі дамиды. Оба кезінде барлық ағзалар мен жүйелер (жүрек-тамырлық жүйе, бүйректер, бауыр, көкбауыр, сүйек миы, ішкі секреция бездері және басқалар) зақымдалады.

Клиникалық көріністері - жүғу жолына байланысты. Әдетте жасырын кезеңі 2-3 күнге созылады. Септикалық және біріншілік өкнелік обада инкубация 1 -2 тәулікке қысқарады және вакцина қабылдаған адамдарда ол үзарады. Ауру жалпы симптомдармен (бас ауыруы, дене қызуының көтерілуі 39 - 40°С, , қалтырау, бүлшық еттің ауыруы, кейбір жағдайда қүсу), сондай-ақ бубонды немесе өкпелік түрлеріне тән симптомдармен көрінеді. Ауру ауыр жағдайда өткенде (бубонды түр, сепсис, екіншілік пневмониямен қабынғанда) қанда көп мөлшерде оба қоздырғыштарын табуға болады.

Терілік обада қоздырғыш енген жер алғашқыда қызарады,сосын ауыратын папула, содан кейін везикула және пустула пайда болады. Терілік оба сирек кездеседі. Қалыпты жағдайда терілік-бубонды обаға айналады. Енген жерден ауру қоздырғышы регионарлы лимфа түйіндеріне өтеді, онда олар тез көбейіп біріншілік бубонға айналады. Бубон ауырғыштығымен сипатталады, әсіресе салмақ түскенде.

Бубонды обада ену қақпадағы тері зақымданбайды. Негізгі белгілері обаның бұл түрінде регионарлы шеткейлік лимфа түйіндері зақымданып біріншілік және екіншілік бубондар түзіледі. Көбінесе бубонды обабүрге шаққаннан оба жүқтырылған кейін пайда болады. Бубонды оба асқынулармен өтеді. Ішінде ең ауыры екіншілік өкпелік оба, менингит, кобінесе олімге әкеледі.

Септикалық обаның біріншілік және екіншілік түрін ажыратады, соңғысы бубонды обаның асқынуы болып есептеледі. Біріншілік септикалық оба әлсіз организмге көп мөлшерде жоғары вирулентті ауру қоздырғышы енгенде дамиды. Ауру аяқ астынан бастал ып ауыр дамиды. Бірінші орында ауыр интоксикация белгілері болады: жоғары қызба, жүрек-тамыр жүйесінің бүзылыстары және ентігу. Жиі геморрагиялық синдромдармен сипатталады (терілік геморрагия, ішкі ағзалардың қанталауы).

Біріншілік өкпелік оба адамдарда ауалы-тамшылы жолмен жүққанда пайда болады. Бүл оба әпидемиологиялық түрғыдан аса қауіпті және ауыр өтеді, болжамы нашар болып келеді. Г.П. Руднев (1940) ауруды негізгі үш кезеңге бөлді: алғашқы қызбалы қозу, анық кезең және сапронозды (терминальды) кезең. Аурудың алгашқы кезеңі әртүрлі белгілермен басталады. Ауру жедел 39 - 40°С қызбамен, буындардың, белдің, бүлшық еттердің ауыруымен басталады. Ауру адамдар бастың қатты ауыруына, әлсіздікке, жүректің айынуына, қүсуға шағымданады. Аурулардың бетгері ісінеді, қызарады және кейбір кезде конъюнктивит дамиды. Бірінші күннің аяғында аз қақырықпен әлсіз жөтел пайда болуы мүмкін, онда оба микробы болуы да болмауы ықтимал. Емделмеген ауру қақырығында оба микробтар саны көбейеді және терминальды кезенде максимумға жетеді. Біріншілік пневмониялық обада қақырық мөлшері мен сипатының диагностикалық маңызы бар, өйткені қалыпты оба дамуында қақырық көп бөлінеді және ол көпіреді, тағы да онда қан байқалады. Аурудың анық кезеңінде адам жағдайы ауырлайды, кеудеде ауыруы күшейеді, демікпе пайда болады, дене қызбасы жоғары, жүрек дүрсілдері ашық емес, тахикардия мен аритмия анықгалады. Терминальды кезенде сопоронозды жағдай пайда болады, өкпе-жүрек жетіспеушілік белгілірі дамиды. Көбінесе 2-4 тәулікте өлімге әкеледі.

Ішектік оба өте аз кездеседі, сондықтан патогенезі бойынша ортақ мағлүматгар жоқ. Клиникасы ауыр түрде жоғары қызбамен, интоксикациямен, жүрек-тамыр және нерв жүйелерінің өзгерістерімен өтеді. Науқас ішінің ауратынына, қан қүсатынына шағымданады. Қан аралас іші өтеді. Ішектік оба 1-2 тәулікке созылады,уақытылы емес басталған ем өлімге әкеледі.

Иммунитеті. Иммунитеттің ұзақтығы мен деңгейлігі әртүрлі. Қайталап ауру жағдайлары сирек кездеседі.

Микробиологиялық диагноз қою. Барлық зертгеулер арнайы зертханаларда, қорғаныш киімдерімен жүргізіледі. Зерттеу материалы бубон пунктаты, қақырық, қан, нәжіс, мәйіттер мен олген жануарлар агзаларының бөлшектері болып табылады.

Зерттеудің бірінші күні. Әкелінген материалдан жағынды дайындайды, оны ауада кептіреді, Никифоров ерітіндісінде 20-30 минут фиксациялайды. Жағындыны Грам әдісімен және метилен көгімен

_______________________________________________________________________________316

бояйды. Жағындыларды микроскопта қараған кезде, алдын-ала болжамдау диағноз қоюға мүмкіндік беретін, биполярлы боялған грамтеріс сопақша таяқшалар анықталады. Люминесцентті сары суымен боялған жағындыда арнайы жарқыраған оба микробтары көрінген болса алдын-ала болжамды диагнозының дүрыстығын көрсетеді.

Нативті материалда оба микробының 1 - фракциясын анықтау үшін иммуноглобулинді және антиденені антигендік диагностикуммен немесе обаға қарсы люминесцентті сары суымен өндейді, кейінгі кезде ПГАР және антигенді бейтараптау реакциясы иммундыглобулинді диагностикуммен микробына қарсы Ғ1 антиденелерді ауру қанынан анықтау үшін қолданады.

Басқа микробтан таза зерттеу материалдарын осіргіш заттар қосылған (қан, натрии сульфиті және т.б.) Хоттингер немесе Мартен агарларына және сорпаларына себеді. Қүрамында басқа микрофлора бар материалдарды 1:200 - 1:800 концентрациялы генцианфиолет бар Туманский ортасына себеді. Ортаны 28°С температурада, оба микробының 1 - фракциясын анықтау үшін 37°С инкубациялайды.

Зерттеудің бірінші күні фагпен сынама қоюға болады - жедел әдіс. Зерттеу материалын Туманский орталарына: бір табақшаға бір тамшы зертгеу материалын сеуіп оған бір тамшы оба фаг тамзады, келесі табақшаға материал себіледі, сосын табақша шетіне фаг тамызып оны «жол» сия ағызады; үшінші табақшаға (бақылау) материал енгізіп себеді.

Теңіз шошқасы мен ақ тышқанға биологиялыц сынама қояды. Қақырықты, көмейден алынғы шайындыны, ашық абсцесс іріңін тері ішіне жағу арқылы енгізеді (алдын-ала тері жүнін қырып тастайды стерильді изотоникалық натрий хлориді ерітіндісін жағып скарификациялайды). Скарификацияланғ аймаққа зерттеу материалын, скальпелдің жалпақ бөлігімен (аймақ бетін стерильді Петри табақшасыме қалқалап) жағады. Ластанбаған материалды (қан, жабық бубон ішіндегісі және т.б.) жануарлардың те астына немесе іш қуысына енгізеді. Жануарлар 3-9 күнде өледі. Диагноз қоюды жеделдету үшін біртеңі шошқасына және ақ тышқанға жүқтыруға 2 сағат қалғанда гидрокортизонның 5 мг-ын аяқ тері астын енгізеді. Жедел диагноз қою үшін гидрокортизон егілген ақ тыщқанды 1-ші тәуліктен кейін сояды, 3-ші тәулікте гидрокортизон егілген теңіз шошқасын сояды, қалғанын 6-ші тәулікте сояды.

Зерттеудің екінші күні (18-24 сағаттан кейін). Тығыз және сүйық қоректік орталардағы микроб өсуін зерттейді. Сүйық ортада қалыпты өскен колониялардан жағынды дайындап Грам әдісімен және метилен көгімен бояп микроскопта қарайды. Тығыз қоректік ортада өскен қалыпты колонияларды таза дақыл бөліп алу және идентификациялау үшін іріктейді.

Оба қоздырғышына күмәнді екі-үш колонияларға оба бактериофагтарын тамызады. 10-12 сағат инкубациядан кейін оба бактериофагтарымен қойылған сынамаларды талдайды. Оба бактериофагтарының әсерінен лизистенген колониялардың диагностикалық маңызы бар. Зерттеу материалында оба микробы болған жағдайда анықталады: 1-ші табақшада - стерильді таңба, 2-де - фаг енгізілген жерде стерильді жолақ, 3-де - қалыпты оба микробы.

Зерттеудіц үшінші күні (36-48 сағат). Бөліп алынған дақыл келесі негізгі белгілері бойынша идентифи кациял анады:

микробтың морфологиялық (нативті материал мен таза дақыл микропрепараттары), Хоттингер сорпасы мен агарындағы колониялар сипаттары; оба бактериофагына сезімталдығы; таза дақылдың люминесцентті микроскопта арнайы жарық шығаруы; ПГАР мен АгБР анықтаган оба микробына сәйкес арнайы Аг Ғ1 фракциясы болуы.

ферментативті белсенділігі - глицеринді, мочевинаны, рамнозаны, сахарозаны, глюкозаны және т.б. ыдырату.

Идентификациямен қатар сериялық сүйылту және дискілеу әдістерімен антибиотиктерге сезімталдығы анықталады.

Зерттеудің төртінші күні (60-72 сагат). Идентификация қорытындысы келесі сынамалармен қойылады:_______________________________________________________________________________317

оба бактериофагына және антибиотиктерге сезімталдығы; 1 - фракцияны ИФР, ПГАР немесе АдБР рқылы анықтау; ферменттік белсенділігін анықтау.

Қорытынды диагноз дақылды бөліп алып идентификациялау, зерттеу материалын жұқтырған теңіз иошқалары мен ақ тышқандардың өлімі негізінде қойылады. Зерттеу материалында Ғ1 антигенді анықтау ІФР) және серологиялық әдістер (ИФТ, ПГАР, АгБР-антигенді бейтараптау реакциясы және АдБР- ценені бейтараптау реакциясы) қолданылады.

Емдеуі. Антибиотиктер (стрептомицин, тетрациклин, левомицетин, рифампицин, ципрофлоксацин) әне ұзақ уақыт әсер ететін сульфаниламидтер және обаға қарсы иммундыглобулин мен спецификалық фаг қолданылады.

Алдын алуы. Шет елден инфекцияның әкелінуін және оба бойынша эндемиялық ошақтарда аурудың цайда болуын алдын алуға бағытгалған шаралар негізгі болып табылады. Ол үшін халықаралық және республикалық ережелер мен талаптарға негізделетін шаралар жүйесі бар. Біздің елде бұл індетке қарсы шараларды жүргізетін обаға қарсы орталық және арнайы станциялар торабы бар. Арнайы сақтандыруды эпидемиялық көрсеткіштер бойынша обамен ауыратын науқас пайда болуы жағдайында немесе обаның табиғи ошақтарында түратын адамдар арасында жүргізеді. Аттенуацияланған ЕУ штамынан алынған тірі яна қолданылады, оны тері үсті, тері астына (инесіз егу), пероралды және аэрозолды жолмен енгізуге олады. Вакцинациядан кейін түзілген иммунитет 6 айға созылады. Ревакцинация 12 айдан кейін жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]