«Нефротикалық синдром» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны
№ |
|
|
1 |
Шағымдар мен анамнез жинау |
Жүйелі және тәртіппен жүргізілді |
2 |
Аурудың симптомдарын салыстырмалы диагностика мақсатында қосымша сұрақтар қою арқылы нақтылау |
Салыстырмалы диагностика мақсатында барлық сұрақтар қойылды |
3 |
Нефротикалық синдром дамуына алып келетін қауіп қатер факторлары |
Нефротикалық синдром дамуына алып келетін қауіп қатер факторлар анықталды- дебютте денені салқындатумен байланыстың болуы, екіншілк нефрит дамуына алып келетін қауіп қатер факторлардың және аурулардың болмауы |
4 |
Физикальді қарауды жүргізу – жалпы қарау |
Беті, аяқ басы мен балтырының ісінуі анықталды (ісігі жұмсақ консистенциялы), ережелерді сақтаумен АҚ дұрыс өлшенді |
5 |
Зәр шығару жүйесін қарап тексеру |
Бүйректің пальпациясы (пальпация кезінде ауру сезімі), ұрғылау симптомы (екі жақта да теріс) жүргізілді. |
6 |
Алдын-ала қойылатын диагнозды негіздеп қою |
Шағымдарын – алғашқыда бетінде, сосын аяқ басы мен балтырында симметриялы ісінудің пайда болуы; дебютінде салқын тиюмен байланысын; екіншілік нефрит пен НС дамуына әкелетін аурулар мен факторлардың жоқ болуын; пальпацияда бүйректер проекциясында ауру сезімнің анықталуын; ЖЗА-де нефротикалық деңгейдегі протеинурияны (тәуілігіне 3 г/л жоғары) ескере отырып мына диагноз қойылады: Нефротикалық синдром. Бүйрек қызметі тексеруді талап етеді. |
7 |
Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау |
Жалпы қан анализі, зәрмен белоктың тәуіліктік экскрециясы, коагулограмма, ҚБХА - белок және оның фракциялары, креатинин, мочевина, глюкоза, жалпы холестерин деңгейі, натрий, АЛТ, АСТ; Зимницкий сынамасы; ШФЖ-н есептеу және бүйректің қызметін бағалау
|
8 |
Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау |
бүйректің УДЗ; морфологиялық вариантты анықтау үшін бүйректің биопсиясы
|
9 |
Жалпы қан анализі, зәрмен белоктың тәуіліктік экскрециясы мәліметтерін интерпретациялау |
ЖҚА – ЭТЖ жоғарлауы; зәрмен белоктың тәуіліктік экскрециясы – 4,6 г/л |
10 |
Жалпы зәр анализі мәліметін интерпретациялау |
ЖЗА-3 г/л-ден жоғары протеинурия (5,4г/л) |
11 |
Биохимиялық анализ бен коагулограмманы интерпретациялау |
Гипопротеинемия, гипоальбуминемия (жалпы белок 48 г/л, альбумин 20 %), гиперхолестеринемия – 8,6 ммоль/л; гиперфибриногенемия (4,8г/л) |
12 |
Зимницкий сынамасын интерпретациялау |
Тәуіліктік диурез 600 мл. Бүйректердің концентрационды қызметі сақталған. |
13 |
Кокрофт-Гоулт формуласы бойынша ШФЖ-н есептеу және бүйректің қызметін бағалау |
ШФЖ 129 мл/мин. Бүйректердің фильтрационды қызметі сақталған. |
14 |
Иммунологиялық анализдерді талдау |
В және С вирусты гепатит маркерлері – теріс. аутоиммуннды антиденелер бір спиральды ДНК ИФА анықтау -2,0 МЕ/мл. - теріс (қалыпты 15 ме/мл төмен), екі спиральді ДНК- 3,9 МЕ/мл. - теріс (қалыпты15 ме/мл төмен). |
15 |
Бүйректің УДЗ - н интерпретациялау
Бүйректің биопсиясының мәліметін интерпретациялау |
Бүйректердің өлшемі ұлғайған (паренхиманың ісінуі), асцит. Капиллярлы ілмектер (С) диффузды қалыңдаған, иммунды комплекстердің субэпителиальді жиналуы (М). Қорытынды: мембранозды нефропатия. |
16 |
Салыстырмалы диагностика үшін негізгі симптомдарды анықтау |
Нефротикалық синдромның негізгі симптомдары-симметриялық екі жақты сирақ және аяқ басының, беттің ісінуі, пальпация кезінде бүйрек маңының ауру сезімі, нефротикалық деңгейдегі протеинурия (более 3 г/л); гипопротеинемия, гиперхолестеринемия; гиперкоагуляция; ЭТЖ жоғарылауы; зәрде белоктың тәуліктік экскрециясы - 4,6г/л. |
17 |
Қорытынды диагнозды негіздеп қою |
Алдын-ала қойылған диагноздың негізделуін, сонымен бірге нефротикалық деңгейдегі протеинурияны (тәуілігіне 3 г/л жоғары); гипопротеинемияны, гиперхолестеринемияны; гиперкоагуляцияны; биопсия бойынша мембранозды вариантқа сәйкес келетін капиллярлы ілмектердің (С) диффузды қалыңдауы, иммунды комплекстердің субэпителиальді жиналуын (М), бүйректердің концентрациялық және фильтрациондық қызметтерінің сақталуын ескере отырып мына диагноз қойылады: Нефротикалық синдром. Мембранозды нефропатия. Бүйректердің қызметі сақталған. |
18 |
Емдеу тәсілін анықтау |
Қажет болған кезде алмастырушы терапия (альбумин) |
19 |
Емнің эффективтілігінің критерийлерін анықтау |
|
20 |
Науқаспен оптимальді қатынасты дұрыстау және қобалжуды басу |
Толық өз-өзін ұстауы, дағдыларды дұрыс орындауы |
Әзірлеуші : кафедра ассистенті Кедельбаева К.М.
Рецензент: м.ғ.д., Кабулбаев К.А, нефрология модулінің меңгерушісі
№1 терапия бойынша Иж/еР кафедрасында талқыланған және бекітілген (27 қаңтар 2015, №7 хаттама)
Ішкі аурулар бойынша ББК мәжілісінде талқыланған және бекітілген (29 қаңтар 2015, №5 хаттама)
