
Медициналық симуляцияның сценариі
Клиникалық жағдай: «Нефротикалық синдром»
Ситуациялық есеп: Сіз – ОКА-ң терапия бөлімінің дәрігерісіз. Бөлімшеге 30 жастағы ер адам түсті.
Науқастың анамнезін жинап, қарап тексеріңіз
Лабораторлы – құралдық зерттеулер мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз
Диагноз қойыңыз
Науқасты жүргізу тәсілін анықтаңыз.
Стандартты әртіске арналған сценарийдің мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:
Беті, аяқ басы мен балтырының ісінуіне шағымданады.
Сұрақтың мәні |
Әртіс үшін сұрақтың қойылуы |
Жауабы |
Ісіктердің пайда болуын нақтылау |
Ісіктер басында қандай аймақта пайда болды |
Ісіктер басында бетте, ал одан кейін аяқтардың басында, балтырларда пайда болды |
Шағымдардың пайда бо-луы мен провокациялық факторлардың арасында байланысты нақтылау |
Шағымдардың пайда болуы немен байланысты? Олардың пайда болуына әсер еткен факторлар бар ма? |
Бірінші рет шағымдар алты ай бұрын өзенде шомылғаннан кейін пайда болды |
НС-ң дамуына әсер ететін факторлар мен ауруларды анықтау
|
Буындар ауруларымен аурасыз ба? Себепсіз терідегі бөртулер, периодты түрдегі дене қызуының жоғарлауы болды ма? Қант диабеті, жұқпалы аурулармен аурасыз ба (туберкулез, вирусты гепа-титтер)? Дәрілік препарат-тарды (СЕҚҚП, тырысуға қар-сы, антибактериальді т.б.) қабылдадыңыз ба, вакцинация жүргізілді ме? |
Жоқ, бұрын ешқандай аурулармен ауырмағанмын. Дәрілік препа-раттарды қабылдаған жоқпын. Вакцинациялар жүргізілмеген.
|
Жанұялық анамнезді анықтау |
Сіздің туыстарыңызда бүйрек аурулары бар ма? |
Жоқ |
Анамнезінде: жарты жыл бұрын жазда өзенде шомылған, қазан айынан бастап бетінің таңертеңгі уақытта ісінуін байқаған. Кейін жағдайы жақсарды – ісінулер қайтты. Дәрігерге қаралған жоқ, тексерістен өткен жоқ. Жағдайының нашарлауы бір апта шамасында, ісіну қайтадан бетінде, сонымен бірге аяқтарында да пайда болды, кіші дәретінің бөлінуі азайды.
Объективті: Салмағы 70 кг, бойы 172 см. Жағдайы орташа ауырлықта (ісіну синдромымен негізделген). Қалыпты тамақтанулы (нормального питания). Бетінің, аяқ басының және балтырларының жоғарғы үш бөлігіне дейін, симметриялы ісінуі. Өкпеде тынысы везикулярлы. ТЖ – 19 рет минутына. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс, ЖСЖ – 80 рет минутына. АҚ - 120/80 мм с.б. Бауыры ұлғаймаған. Пальпацияда бүйректер проекциясында ауру сезімді. Ұрғылау симптомы екі жақта да теріс. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімсіз. Зәрі көбіктенген.
Жалпы зәр анализі
Көлемі – 100 мл
Түсі – сары
Мөлдірлігі – мөлдір
Салыстырмалы тығыздығы – 1022
Реакциясы – қышқыл
Белок – 5,4 г/л
Жалпақ эпителий – 0 – 2 к/а
Лейкоциттер – 1 – 1 к/а
Эритроциттер – 1-2 к/а
Цилиндрлер – гиалинді 3-5 к/а
Лабораторлы мәліметтер:
Жалпы қан анализі Гемоглобин – 156 г/л Эритроциттер – 4,68 х 1012 /л Тісті көрсеткіш – 0,9 Тромбоциттер – 270х109/л Лейкоциттер – 8,4 х 109/л Таяқшаядерлі нейтрофилдер – 4% Сегментядерлі нейтрофилдер – 60% Эозинофилдер – 2 Базофилдер – 0 Моноциттер – 2 Лимфоциттер – 30% ЭТЖ – 23 мм/сағ
|
Зәрмен белоктың тәуіліктік экскрециясы: 4,6 г/л |
Биохимиялық қан анализі Мочевина – 5,8 ммоль/л Креатинин – 73 мкмоль/л Белок – 48 г/л Альбуминдер – 20 % Глюкоза – 4,2 ммоль/л Жалпы холестерин – 8,6 ммоль/л, ХсТТЛП-4,18 ммоль/л Натрий – 142 ммоль/л АЛТ – 12 МЕ АСТ – 14 МЕ |
Коагулограмма: АЧТВ – 22 сек Тромбинді уақыт -16 сек протромбинді индекс – 100% фибриноген-4,8 г/л
|
В және С вирусты гепатиттердің маркерлері – теріс. Аутоиммунды антиденелерді анықтаудың ИФА: бірспиральді ДНК-2,0 МЕ/мл. - теріс (норма 15 ме/мл-ден төмен), екіспиральді ДНК- 3,9 МЕ/мл. - теріс (норма 15 ме/мл-ден төмен). |
Зимницкий бойынша зәр анализі
Қабылданған сұйықтық мөлшері _____1500 мл___________
№ порциялар |
сағат |
Салыстырмалы салмағы |
Зәр көлемі, мл |
1 |
6.00 |
1022 |
150 |
2 |
9.00 |
1018 |
50 |
3 |
12.00 |
1014 |
100 |
4 |
15.00 |
1012 |
50 |
5 |
18.00 |
1012 |
50 |
6 |
21.00 |
1018 |
100 |
7 |
24.00 |
1018 |
50 |
8 |
3.00 |
1020 |
50 |
күндізгі диурез ___400______
түнгі диурез ___200___
жалпы диурез _____600____
ШФЖ: Кокрофт-Гоулт формуласы бойынша есептеу: 88*(140-жасы)*салмағы кг*коэф
72*Сарысудағы креатинин мкмоль/л
Коэффициент: ер адам=1, әйел=0,85.
Бүйректің фильтрационды функциясы: қалыпты
Аспаптық зерттеудің мәліметтері:
УЗИ – оң бүйрек 13,8 х 5,4 см, паренхима қалыңдығы 1,4 см, біртекті, тостағанша-қалқанша жүйесі 1,6 см. Сол бүйрек 13,5х5,5 см, паренхима қалыңдығы 1,4 см, тығыздалған. Қорытынды: екі бүйректің өлшемдерінің ұлғаюы. Құрсақ қуысындағы бос сұйықтық.
Бүйректің биопсиясының мәліметі:
Капиллярлы ілмектер (С) қалыңдаған, матрикстің жиналуына байланысты мезангиальді кеңістіктің ұлғаюы байқалады (М). Қорытынды: мембранозды нефропатия.
Соңғы нәтиже (outcomes):
Нефротикалық синдромы бар науқасты сұрастыру және физикальді қарауды жүргізу
Зерттеу әдістерінің мәліметтерін интерпретациялау: жалпы қан анализі; белок және оның фракциялары, креатинин, мочевина, глюкоза, жалпы холестерин деңгейі; коагулограмма;
Жалпы зәр анализі; зәрмен белоктың тәуіліктік экскрециясы; Зимницкий сынамасы; ШФЖ-н есептеу және бүйректің қызметін бағалау;
Нефротикалық синдромы бар науқастың міндетті инструментальды зерттеу әдістері
Нефротикалық синдромның салыстырмалы диагностикасы
Науқасты жүргізу тәсілі.
«Нефротикалық синдром» клиникалық жағдай бойынша
Бағалау парағы (check-list)
Емтихан тапсырушының коды ______________________ Емтихан күні _____________________
Емтихан қабылдаушы__________________________________________________________
№ |
Қадамдарды бағалау критерийлері
|
Ұпайлар |
|||
Дұрыс орындады |
Толық орындамады |
Орындамады |
|||
1 |
Шағымдар мен анамнез жинау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
2 |
Аурудың симптомдарын салыстырмалы диагностика мақсатында қосымша сұрақтар қою арқылы нақтылау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
3 |
Нефротикалық синдром дамуын тудыратын қауіп қатер факторларын сұрастыру |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
4 |
Физикальді қарауды жүргізу – жалпы қарау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
5 |
Зәр шығару жүйесін қарап тексеру |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
6 |
Алдын-ала қойылатын диагнозды негіздеп қою |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
7 |
Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
8 |
Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
9 |
Жалпы қан анализі, зәрмен белоктың тәуіліктік экскрециясы мәліметтерін интерпретациялау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
10 |
Жалпы зәр анализі мәліметін интерпретациялау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
11 |
Биохимиялық анализ бен коагулограмманы интерпретациялау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
12 |
Зимницкий сынамасын интерпретациялау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
13 |
Кокрофт-Гоулт формуласы бойынша ШФЖ-н есептеу және бүйректің қызметін бағалау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
14 |
Иммунологиялық анализдерді талдау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
15 |
Бүйректің УДЗ - н интерпретациялау Бүйректің биопсиясының мәліметін интерпретациялау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
16 |
Салыстырмалы диагностика үшін негізгі симптомдарды анықтау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
17 |
Қорытынды диагнозды негіздеп қою |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
18 |
Емдеу тәсілін анықтау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
19 |
Емнің эффективтілігінің критерийлерін анықтау |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
20 |
Науқаспен оптимальді қатынасты орнату және қобалжуды басу |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
БАРЛЫҒЫ |
20,0 |
10,0 |
0 |