- •Қызбаның сатылары.
- •Қызбаның организм үшін маңызы.
- •Шеткері ағзалар мен тіндердегі қан айналым патофизиологиясы
- •Артериялық гиперемия
- •Қанның ағу жылдамдығының ұлғаюы
- •Артериалық гиперемия
- •Веналық гиперемия.
- •Реперфузия.
- •Тромбоз.
- •Тромбоз дамуының салдарлары.
- •Артериялық тромбоздың клиникалық түрлері
- •Веналық тромбоздың клиникалық түрлері.
- •Эмболия.
- •Жіті қабыну
- •Қабыну дамуындағы комплемент жүйесінің маңызы
- •Микроциркуляцияның бұзылыстары, эксудация мен лейкоциттердің эмиграциясы
- •Фагоцитоздың бұзылыстары.
- •Қабынулық жалқықтың (эксудаттың) ісінулік сұйықтан (трансудаттан) айырмашылықтары.
- •Эксудаттың түрлері.
- •Эксудацияның маңызы.
- •Пролиферация.
- •Созылмалы қабыну.
- •Созылмалы қабынудың даму жолдары.
- •Жергілікті қабыну мен жалпы организмнің байланысы.
- •Қабынуды емдеудің жалпы патогенездік негіздері.
- •Жасуша патофизиологиясы
- •Жасуша мембраналарының бұзылыстары.
- •Мембрана бұзылыстарының даму жолдары (патогенезі).
- •Еркін радикалды тотығу мен майлардың асқын тотығуы.
- •Ишемия кезіндегі жасушалардың бүліну жолдары
- •Мембраналардың механикалық (осмостық) бүліністері.
- •Иммундық (аллергиялық) әсерлер.
- •Мембрананың тосқауылдық қызметінің бұзылыстары.
- •Гендік құрылымдарының бұзылыстары.
- •Жасуша қызметтері реттелулерінің бұзылыстары.
- •Жасуша бүліністерінің көріністері.
- •Жасуша бүліністерінің түрлері.
- •Бүліндіргіш ықпалдарға жасушаның бейімделу жолдары.
- •Жасуша бүліністерін емдеу жолдарының негіздері.
Созылмалы қабыну.
Созылмалы қабыну мен жіті қабынудың біршама айырмашылықтары бар (16-сызбанұсқа). Созылмалы қабыну дер кезінде дұрыс емделмеген қауырт қабынудың нәтижесінде дамуы немесе өз бетінше бірден созылмалы болып басталуы мүмкін. Ол қабыну туындатқан себепкер ықпалдың түріне және ерекшеліктеріне байланысты. Созылмалы қабыну дамуының негізінде макрофагтардың фагоцитоздық белсенділігі төмен болуы маңызды.
16-сызбанұсқа
Жіті және созылмалы қабынулардың айырмашылықтары.
Сипаттамалары |
Жіті қабыну |
Созылмалы қабыну |
басталу жолдары |
қан тамырларының өгерістерімен |
әсерленген макрофагтардан |
қатысатын жасушалар |
нейтрофилдер |
макрофагтар, лимфоциттер |
өту жылдамдығы |
тез |
баяу |
эксудация |
елеулі |
өте аз мөлшерде |
аяқталуы |
жалқық шығарумен |
дәнекер тін өсіп-өніп беріштенумен |
17-сызбанұсқа
Созылмалы қабынудың даму жолдары.
Сонымен
жіті
қабынудың жасушалық құрамында
көп-түрлі ядролы лейкоциттер
(нейтрофилдер)
басым болса, созылмалы қабынуда бір
ядролы жасушалар (моноциттер, лимфоциттер,
макрофагтар) жинақталады. Бір ядролы
жасушалардың ошақталып
жинақталуынан
қабынған тінде майда түйіршіктер
қалыптасады. Сондықтан ондай қабынуды
түйіршіктелген қабыну немесе
«гранулема» деп атайды
және ол
қабынудың
ұзақ
мерзімде созылмалы түрде өтуіне ықпал
етеді. Жіті
қабыну микроциркуляцияның бұзылыстарымен,
эксудация құбылысының
басымдылығымен басталса, созылмалы
қабыну әсерленген макрофагтардың көп
мөлшерлерде
жиналуымен басталады (17-сызбанұсқа)
(6, 7-суреттер).
Созылмалы қабыну дамуында макрофагтардың әсерленуі мына себептерден болуы мүмкін:
● макрофагтардың ішінде ұзақ мерзім тіршілігін сақтайтын және онда өсіп-өніп, көбейетін микробтардың (туберкулез таяқшалары, құлғана (лепра), сарып, токсоплазмоз т.с.с. көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары) әсерлерінен; Осыдан макрофагтар әсерленіп, қабыну дәнекерлерін өндіре бастайды
● макрофагтардың ферменттерімен ыдыратылмайтын заттар (мәселен, күрделі поликанттар, декстран, зимозан, көмір, кремний ұнтақтары т. б.) әртүрлі ағзалардағы (бауыр, өкпе т. с. с.) макрофагтармен жұтылады да, оларды әсерлендіреді.
Әсерленген макрофагтар химиялық тартқыштар өндіріп моноциттердің қаннан тінге шығуына әкеледі. Бұл химиялық тартқыштарға моноциттердің хемотаксистік протеині-1, С4 және Д4-лейкотриендер, Е2-простагландиндер, комплемент құрамбөлшектері т. б. жатады. Сонымен бірге әсерленген макро-фагтар биологиялық тотықтырғыштар өндіріп, қабыну ошағындағы басқа жасушалардың мембраналарында майлардың асқын тотығуын туындатады.
Макрофагтардың лизосомалық ферменттері (коллагеназа) коллагенді ыдыратады. Коллагеннің ыдырау өнімдері қандағы моноциттерге күшті хемотак-систік әсер етеді. Сонымен қатар әсерленген макрофагтар қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатады (С4- , Д4-лейкотриендер, тромбоксан, лизосомалық ферменттер т. б.). Осылай әсерленген макрофагтардың айналасына қаннан шыққан моноциттер жиналады, гранулема (түйіршіктер) қалыптасады.
Моноциттер қабыну сіңбелеріне түскеннен кейін фибронектин өндіреді. Осыдан макрофагтар дәнекер тіннің коллаген талшықтарына жайылып жабысады. Мұның фагоцитоздық қызмет атқару үшін маңызы зор. Макрофагтардың қызмет атқаруында олардың лимфоциттермен функциялық бірігуінің маңызы бар. Бұл жасушалардың өзара әсерлері инфекциялық қабыну ошағында арнайы иммундық қызмет атқаруға қатысады.
Макрофагтар микробтарды жұтып, оларды жартылай ыдыратады. Осылай өңделген антиген макрофагтың сыртқы мембранасына қайта шығарылып, иммундық жауаптың күшін анықтайтын нәруыздардың түзілуін қадағалайтын гендермен байланысады. Тек осылай өңдеуден өткен антигенді Т-лимфоциттер таниды. Осындай созылмалы қабыну ошағындағы макрофаг пен Т-лимфоциттердің өзара әрекетесуін антигенге тәуелді әрекет деп атайды.
Сонымен бірге, макрофагтар лимфоциттердің өсіп-өнуін және олардың белсенділігін күшейтетін зат (интерлейкин I) өндіреді. Ал, белсенділігі көтерілген лимфоциттер макрофагтарды әсерлендіретін цитокиндер шығарады. Бұлардың көпшілігі гликопротеидтерге жатады. Макрофагтардың миграциясын тежейтін цитокин, олардың мембраналарының жабысқақтығын ұлғайтады, макрофагтармен өндірілетін қабыну медиаторларының өндірілуін көбейтеді. Сонымен қатар лимфоциттер макрофагтардың өзара жабысуын, олардың өсіп-өнуін күшейтетін және созылмалы қабынуға тән көп ядролы алып жасушалар құратын макрофагтардың өзара бірігуін арттыратын цитокиндер өндіреді. Цитокиндер макрофагтардың бактерияларды жоятын әсерлерін жоғарылатады.
Сонымен бірге, әсерленген макрофагтар сүйек кемігінде моноциттердің өндірілуін ұлғайтатын зат шығарады. Содан моноциттер қабыну ошағындағы әсерленген макрофагтардың орнын ұдайы толтырып тұратындықтан қабыну сүзілмелерінің тез тарап кетуі болмайды. Сондықтан қабыну созыла береді.
Созылмалы қабыну науқас адамның өмір бойына созылуы ықтимал. Мезгіл-мезгіл оған нейтрофилдер мен жаңа макрофагтар түсуінен созылмалы қабынудың асқынулары байқалады. Осыдан келіп дәнекер тінінің бүліністері қайталанып, онда жаңа талшықтар өсіп кетеді, ағзаның қызметі бұзылуына әкелетін беріштену дамиды. Осылай созылмалы бауырдың қабынуы — циррозға, өкпенің қабынуы — пневмосклерозға, бүйректің қабынуы — нефросклерозға т.с.с. әкеледі.
-сурет. Созылмалы қабыну кезіндегі макрофагтардың маңызы.
