- •5В070100 – «Биотехнология» мамандығы
- •5В070100 – «Биотехнология» мамандығы
- •Реферат
- •Реферат
- •Мазмұны
- •Белгілер мен қысқартылған сөздер
- •Әдебиетке шолу
- •1.1 Микоризалы саңырауқұлақтар
- •1.2 Везикулярлы – арбускулярлы микоризаны түзетін саңырауқұлақтар
- •3 Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау
- •3.1 Микробалдырлардың физиологиялық белсенді штаммдарын алу
- •3.2 Бидай өскіндерінің ұзындығына балдыр суспензиясымен тұқымдарды алдын ала өңдеу әсері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
Әдебиетке шолу
1.1 Микоризалы саңырауқұлақтар
Микориза – саңырауқұлақты тамыр, саңырауқұлақ жіпшелерімен күрделі өсімдік тамырларының селбесуі.
Микориза (гр.rhiza – тамыр) – саңырауқұлақтың жоғарғы өсімдіктермен селбесіп тіршілік етуі. Селбесудің негізі саңырауқұлақтың өсімдіктен дайын органикалық заттар, ал өсімдіктің саңырауқұлақтан су мен минералды заттарды алуында. Микориза түзушілер – негізінен қалпақты саңырауқұлақтар, сирек зигомицеттер, қалталылар және жетілмеген саңырауқұлақтар, микоризаның түрлі типтерін түзеді:
1. Перитрофты – саңырауқұлақ гифалары өсімдік тамырының ішіне енбей, тек оны шырмай орайды. Ризосферада дамып, саңырауқұлақ онда өсімдіктің өсуі мен дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.
2. Экотрофты – мицелий тамырды шырмай орап, топыраққа тарайтын көптеген гифалары бар ерекше жабын түзеді.
3. Эндотрофты – саңырауқұлақ гифалары тамырды сыртынан тығыз орап, қабықтық паренхимаға енеді.
4. Эндоэктотрофты – саңырауқұлақ гифалары иесінің ұлпаларының ішінде тарап, сирек сыртқа шығады [1].
Микоризаның биологиялық маңызын не мутуалистік симбиоз, не саңырауқұлақтың шектелген паразитизмі ретінде қарастырады.
Микориза түзушілер – микориза түзуге қабілетті саңырауқұлақтар, және де түзу міндетті, бірақ жиі факультативті болады.
1.2 Везикулярлы – арбускулярлы микоризаны түзетін саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар арасында симбиотикалық ассоциациялар кеңінен таралған: цианобактериялар және балдырлармен (қыналар), жоғары сатылы өсімдіктердің фотосинтездеуші ұлпаларымен (эндофит-саңырауқұлақтар), өсімдіктердің фотосинтезделмейтін ұлпаларымен (микоризалы саңырауқұлақтар). Микориза түзуге зигомицеттердің 200 түрі, базидомицеттердің 3000 түрі және аскомицеттердің 10 түрі қатысады. Саңырауқұлақтар, негізінен, микоризаның төрт түрін түзеді: эндомикоризалар (арбускулалық микориза түзетін саңырауқұлақтар), эктомикоризалар, эрикоидтты және орхидті микоризалар [2].
2 Зерттеу материалдары мен әдістері
2.1 Зерттеу материалдары
Зерттеу объектілері ретінде .............
2.2 Зерттеу әдістері
2.2.1 «Құмыралы дақыл» әдісі
Арбускулярлы микоризалардың әсерін зерттейтін эффективті әдістердің бірі болып «ашық құмыралы дақыл» әдісі есептелінеді. Бұл әдіс кезінде құмыраның жартысындағы өсімдіктер инокулюм (микориза түзгіш саңырауқұлақтың спорасы) арқылы эндомикоризалы саңырауқұлақтармен залалданады, ал қалған жартысы микоризасыз болады (бақылау) [4, 5].
2.2.3 Нитратредуктазаның белсенділігін анықтау
Нитратредуктаза нитраттардың нитриттерге дейін қайта қалпына келу реакциясын катализдейді. Ферменттің белсенділігін (in vitro және in vivo) көбінесе колориметриялық әдістермен анықтайды. Ол белгілі бір уақытта түзілген нитриттің санына байланысты. Ферменттің тазартылған препараттарының белсенділігін анықтауда спектофотометриялық әдістерде қолданылады [56].
D (α · β · γ)
A = –—————, (1)
t · d
мұнда D – аааааааа; d – аааааааа; t – аааааааа; α, β, γ – аааааааааааа.
