- •Тарихнаманың тарих ғылымдарының арасында алатын орны
- •Деректанудың
- •Тарихнамалық дерек
- •Тарихнамалық факті субъекті шығармашылығының жемісі санала отырып, оның жұмыс процесінде объект пен субъектнің бірлігі “түйісінде” тұрады. Тарихнамалық фактілер өзінің табиғаты жағынан объективті.
- •Тарихнамалық талдаудың ерекшеліктері
- •Роль дополнительных источников в исследовании
- •Тарихнаманың зерттеу принциптері
- •Тарихнаманың зерттеу әдістері
Тарихнамалық факті субъекті шығармашылығының жемісі санала отырып, оның жұмыс процесінде объект пен субъектнің бірлігі “түйісінде” тұрады. Тарихнамалық фактілер өзінің табиғаты жағынан объективті.
Тарихи және тарихнамалық фактлердің арасындағы айырмашылықтар ақпараттық материалдың мазмұнына қарай орын алады. Тарихнамалық факт бұл - ғылымның дамуы, оны ұйымдастырудың түрлері туралы ақпарат. Тарихнамалық факті ақпараттың дерегі ретінде оның сипатына, көлеміне, тереңдігіне, шынайылық дәрежесіне нұсқайтын белгілерді қамтиды. Осыған сәйкес ол нақтылық, даралық, сабақтастық, қайталану, баяндау тәрізді көрсеткіштерге ие болады. Бұл көрсеткіштер белгілі бір фактні өзгелермен салыстыра, байланыстыра отырып көрсету, оның тарих ғылымындағы орнын, рөлі мен маңызын айқындау үшін қажет. Сонымен қатар тарихнамалық факт әлеуметтік функция атқаруымен де ерекшеленеді.
Фактнің әлеуметтік шарты тарих ғылымының қоғамдық мәртебесін түсінумен, оның гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі, тіпті әлеуметтік қатынастар ауқымындағы орнына байланысты.
Тарихнамалық фактінің ұғымы оны қазіргі кезеңдегі ғылымның ақпараттық “бейнесін түсіру”,“объект туралы мәлімет”,”білім” ұғымдарының эквиваленті ретінде түсіндіру орын алған. Себебі ақпаратта өткен мен қазіргі жөнінде мәлімет келтіріледі. Ақпарат тарихнамашыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді, сондықтан да оны тарихнамалық ақпарат деп атауға болады.
Методологиялық тұрғыда ақпарат тарихнамалық фактнің көпқырлы қасиеттерін түсінуге септеседі. Дәлірек айтсақ, ақпарат зерттеушінің әлеуметтік позициясын, оның нақты ахуалдарға қатынасын айқындауға, тарихи білімнің қалыптасу тарихын тануға, оларды болжауға қызмет етеді. Тарихнамалық ақпарат тарихи фактен, оның қызмет шарттарынан, деректен алынады.
Тарихнамалық факті бойына мол ақпарат жинақтайды, алайда олардың барлығы бірдей тарихнамалық талдауға қажет бола бермейді.
Тарихнамалық фактіде бір фактінің екінші фактімен байланысын, мәнін, ерекшеліктерін, нақты мәселені зерттеуге қызмет етуін, бағытын ашатын тұстары маңызды. Ғылыми білімді жинақтауға, фактілердің қозғалысын, ғылыми бағыттардың қалыптасу өзгерістерін, зерттеулердің деңгейін, т.б. көрсететін ақпарат ерекше құнды болып табылады. Фактінің әлеуметтік - саяси функцияларымен байланысты ақпарат таптырмас мәлімет.
Тарихнамалық фактіні басшылыққа алған тарихнамашы фактілерді сұрыптай отырып, ғылыми ақпараттың тереңдігі мен ауқымын, оның шынайылығын, ғылымның дамуын меңзейтін идеялық бағытын айқындайды.
Тарихнамалық фактілердің өздерінің градациясы бар. Градация олардың иеархиялық мәні мен ауқымына қарсы келмейді. М.В.Нечкина тарихнамалық фактінің негізгісі және бастысы ретінде ғалымдардың еңбектерін санайды. Тарихшының рухани шығармашылығының қорытындысы ретіндегі еңбектері ғалымның жұмысының сипаты, пайдаланған әдістемесі, зерттеу тәсілдері, көзқарастары, идеялары, тұжырымдары туралы фактілерге толы.
Тарихнамалық фактілерге жарық көрген симпозиум, конференция, пікір таластардың, т.б. материалдары да жатады. Сонымен қатар ғылым дамуының әрбір сатысындағы оны ұйымдастыру, ғылыми институттардың жүйесі, ғылыми қоғамдар, тарихи мерзімді басылымдар, сондай-ақ тарих ғылымының мамандары, тарихи білім - міне осылардың барлығы маңызды тарихнамалық фактлер болып саналады. Алайда бұл тарихнамалық фактілердің тізімі толық емес, аяқталмаған. Тарихнаманың пәні мен нысанын түсінудің кеңеюі, оның тарих ғылымындағы рөлінің күшеюі, соған сәйкес қоғамның әлеуметтік өмірінде олар тарихнамалық зерттеулердің өздерінің нығаюына және тарихнама ғылымындағы жаңа құбылыстарды тарихнамалық факт деңгейіне көтереді.
Ғылымда рецензияларды тарихнамалық факті ретінде тану мәселесі пікір - талас тудырып келеді. Тарихшылардың бір тобы, әрине ресейлік тарихшылардың кейбіреулері рецензияны талқылаусыз тарихнамалық фактге жатқызса, екіншілері дербес тарихнамалық еңбектің түріне және бір мезетте тарихнамалық іргелі зерттеулер дайындауға аса қажетті материал ретінде таниды. Ал үшіншілері оны ақпараттық сипаттағы библиографиялық еңбектер түрінде жіктейді. Осыған орай рецензияны тарихнамалық фактге жатқызбайды. Егер рецензия бірнеше еңбектерді салыстыра қарастырып, заманауи ғылыми білімнің позициясынан баға беретін болса ғана, ол тарихнамалық фактілер қатарына енгізілген.
Осылайша тарихнамалық факт өзінің сипаты бойынша көп нұсқалы, көп қабатты, ақпараттық жағынан таусылмас көлемді, сол себепті де ғылыми білімді дамытуда, қоғамның әлеуметтік-саяси өмірінде де үлкен рөл атқарады. Ол тарихнама ғылымын дамытуда таным процесінің ортасында тұрады әрі тарихи білімнің жинақталып, толықтырылуына тікелей ықпал етеді.
