
- •Қызметкерлерді басқару-менеджменттің бір бөлігі ретінде
- •Қызметкерлерді дұрыс дайындаудың мәні
- •Қызметкерлерді бсқару бойынша негізгі құрылымдық бөлімшелер
- •Нарықтық жүйеге көшу шартында қызметкерлерді басқару тұжырымдамасы
- •Қызметкерлерді басқару үрдістерінің кезеңдері
- •Кадрлық жоспарлаудың мәні
- •Кадрлық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттері
- •Қызметкерлермен жұмыс істеудің оперативті жоспары
- •Қызметкерлерге қажеттілікті жоспарлау
- •Жұмысқа қабылдау-қызметкерлерді басқарудың қажетті бөлігі ретінде
- •Қызметкерлерді жинау көздері
- •Жергілікті газеттерде бос жұмыс орындары туралы хабарлар
- •Радиода бос жұмыс орындарын жарнамалау
- •Қызметкерлерді іріктеудің негізгі мақсаты
- •Қызметкерлерді іріктеу кезіндегі жасалтын шешімдерге әсер ететін факторлар
- •Қызметкерлерді іріктеу бойынша шешім қабылдау үрдістерінің сатылары
- •Алдын-ала іріктеудегі әңгімелесу
- •Жұмыс орнын бағалау
- •Жұмыс орнына қойылатын талаптар
- •Еңбекақы мөлшерін анықтау
- •Еңбекақы мөлшерін бекіту
- •Қызметкерлерді оқытудың маңызы
- •Қызметкерлерге білім беру мен оларды дайындаудың өзар байланысы
- •Оқыту мен қайта дайындаудың қажеттілігін туғызатын себептер
- •Тренинг
- •Қызмет бабымен жоғарылау
- •Қызметкерлерді жұмыстан босату
- •Қызметкерлерді қысқарту
- •Өндірістік соттар
- •Кадрлық қызмет міндеттерінің эволюциясы
- •Қызметкерлерді таңдау
- •Жұмысқа қабылдау
- •Біліктілікті жоғарлатудың фирмалық курстары
- •Менеджерлерді даярлау жүйесі
- •Еңбекақы төлеу жүйесі
- •Қызметкерлерді басқару тиімділігін жоғарлату
- •Қызметкерлерді басқару жүйесінің мінездемесі
- •Жұмысшыларды өмір бойы жалдау жүйесі
- •Фирмалық оқыту жүйесінің табыстылық себептері
- •Жұмыс кезінде оқыту арқылы қызметкерлерді дайындау
- •Қызметкерлердің сенімділігі және олардың корпарация мүддесіне берілуі
- •Белсенді қарым-қатынас
- •Еңбекақы жүйесі және қосымша жеңілдіктер
- •Қызметкерлерді басқарудың жапондық жүйесінің салдары
Қызметкерлерді басқару-менеджменттің бір бөлігі ретінде
Адамдарды басқару ірі және шағын кәсіпорындардағы, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдармен қатар өндірістік және қызмет көрсету аясындағы барлық шаруашылық қызметтері үшін өте маңызды. Керекті адамдарсыз ешбір ұйым өзінің мақсаттарына жетіп, әрі қарай өмір сүре алмайды. Сондықтан да қызметкерлерді басқару (еңбек ресурстары) басқарудың теориясы мен тәжірибесінде маңызды аспектілердің бірі болып табылады.
Қызметкерлерді (қызметкерлерді) басқару - кәсіпорын ішіндегі адамдар мен олардың қарым-қатынастарының байланысынан тұратын менеджменттің бір бөлігі. Ол тек өндіріс пен коммерцияға ғана емес, сонымен бірге жұмысбастылықтың барлық аяларына қатысты тиімділік пен әділеттілікке жетуге бағытталған.
Қызметкерлерді басқару еркектер мен әйелдерді біртұтас тиімді ұйымға біріктіріп, оларды фирманың және өздерінің жетістікке жетуі үшін ынталандырады. Сонымен бірге жұмысқа жалдаудың әділетті шарттарын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді басқару жоспарлау, жалдау, таңдау, жұмыс күшін орналастыру; жұмыскерлерді оқыту мен дайындау; жұмыс бойынша ілгерілеу, мансап; жалдау шарттары мен еңбекақыны төлеу стандарттары; жұмыс шарттары мен қызмет көрсету; ресми және ресми емес байланыс, жалданушылар мен жалдаушыларға кеңес беру; еңбекақы және жұмыс шарттары туралы келіссөздер сияқты бөлімдерді кіргізетін саясатты жасау және оны іске асырумен байланысты.
Персоналдар менеджменті сонымен қатар жұмыс тәсілдерін, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді де зерттейді.
Соңғы уақытқа дейін “қызметкерлерді басқару” ұғымы еліміздің басқару тәжірибесінде болған жоқ. Әр ұйымның басқару жүйесінде қызметкерлерді басқарудың және ұжымның әлеуметтік дамуының функционалды ішкі жүйесі болды. Қызметкерлерді басқару жұмыстарының үлкен бөлігін бөлімнің сызықтық жетекшілері атқарды.
Қызметкерлерді дұрыс дайындаудың мәні
Басқару негізінен ұйым жұмысының басқа адамдар арқылы орындалуын білдіреді. Сондықтан да қызметкерлерді дұрыс таңдау жұмыстағы қиындықтардың кем дегенде жартысын болдырмауға мүмкіндік береді.
Қызметкерлерді таңдау бұл – берілген жұмыс орнында жұмыскерге бағытталған жеке талаптар мен ең іскер үміткерді жұмысқа қабылдау мен оқытудың үрдісі. Сонымен бірге мұнда ұйым штатындағы жұмыскердің біліктілігін жоғарлату мақсаты да кіреді. Яғни, қызметкерлерді таңдау бұл – жұмысқа қабылдау мен ұйым қызметкерлеріның біліктілігін жоғарлату болып табылады.
Қызметкерлерді дайындау жұмыскерлерді өндірістік оқыту мен оларды неғұрлым көп өнімділік әкелетін жұмыс орындарына жіберуге негізделген. Қызметкерлерді жақсы дайындау жұмыскерлер, компания және жалпы қоғам мүддесі үшін тиімді. Оларды дұрыс дайындау жұмыскерге келесідей тиімділік әкеледі:
1) одан да көп табыс алуға;
2) еңбектен қанағат алуға;
3) қызмет бойынша жоғарлауға;
4) жаңа білім мен тәжірибе алуға.
Компания үшін қызметкерлерді дұрыс таңдау оның бәсеке қабілеттілігін жоғарлатып, өз өнімдерін сатудан немесе көрсеткен қызметінен түскен табысын көбейтуде тиімділік әкеледі. Қоғам үшін өнімділіктің жоғарлауы тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарлатып, әлемдік нарықтарда елдің бәсеке қабілеттілігін арттыруда үлкен маңызға ие.