Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауап Денсаулық 1-32.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.52 Кб
Скачать
  1. Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілері.

Нарықтық экономика механизмдерін қалыптастыру мәселелерінің арасында халықтың белгілі бір топтарын әлеуметтік қорғаудың сенімді және тиімді жүйесін жасау шаралары аса маңызды орындардың бірінде тұр, өйткені әлеметтік “беріктік” резервінің шексіз болуы мүмкін емес. Әңгіме халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа кепілдік берудің қазіргі механизмдерімен салыстырғанда принципті жаңа механизмдері жайында болып отыр. Барлық деңгейлерде: республикалық, аймақтық, еңбек ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік кепілдіктердің принципті жаңа жүйесін қалыптастыру қажет /1, 59б./. Бұл жағдайда әлеуметтік қорғау шараларының жүйелігі мен кешендігі ерекше маңызды. Нарыққа өту жағдайларында халықтың әлеуметтік қорғалуын қолдау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Дұрыс қабылданған әлеуметтік саясат – тұрақтылықтың кепілі, ал саясат негізінде әлеуметтік қорғау жүйесі жатыр. Егер елімізде әлеуметтік тұрақтылық болмаса, халық өз тұрмысына риза болмай жиі-жиі ереуілденіп тұратын болса, сөйтіп әлеуметтік сілкіністердің еліне айналатын болсақ, басқа мәселелердің барлығы бос әңгіме болып қалмақ /2, 6б./. Сондықтан қазіргі кезде Елбасының соңғы жолдауында Қазақстан әлеуметтік экономикаға нысандауы тиіс деп белгіледі. Сөйтіп, әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қамтамасыз етуге кабілетсіз топтарына ғана бағытталуға тиіс.Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, таңдалған бітіру жұмыстың тақырыбы “Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі” бүгінгі күні өзекті болып табылатығына күмән жоқ. Әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қабілетсіз топтарына ғана бағытталуға тиіс. Қоғамның әлеуметтік араласуын күшейту және ондағы қарама-қайшы процестерді дамыту әлеуметтік кепілдіктердің сенімді жүйесін жасауды қажет етеді, ол мына процестердің дамытылуына негізделетін болуға тиіс: 1) адамның өндірістегі, бөлу мен тұтынудағы құқықтарын қамтамасыз ететін әлеуметтік кепілдіктер түрлерін сақтау және оның меншікті, одан алынатын табысты иелену құқығы, меншік түрлеріне еңбек ақысының сараланған ең төменгі мөлшерін алу құқығы, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы алу құқығы, ақшалай табысты индекстеу механизмі сияқты жаңа түрлерін қалыптастыру;2) халықтың экономикалық тұрғыдан ең осал топтарына көп балалы және толық емес отбасыларына, зейнеткерлерге, уақытша жұмыс істемейтіндерге, студенттерге, қызметкерлердің төмен жалақы алатын топтарына әлеуметтік қолдау көрсету.Басты кепілдіктердің бірі әрбір еңбеккердің белсенді және өнімді еңбек етуі үшін жағдайлар жасау кепілдігі болуға тиіс, оның өзі шаруашылық жүргізуші кез келген тұлғаға экономикалық қызметпен және кәсіпкерлікпен шұғылдану бостандығының берілуін көздейді. 

  1. Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау.

Әлеуметтік жұмыс кәсіби профессионалды қызмет түрі ретінде «Кәсіпкерлер мен жетекшілер анықтамалығына» 1991ж енгізілді. Маманның профессионалдық кәсіби бой тұрғызуы – үздіксіз, созылмалы процесс. Студенттердің келешек мамандығы туралы мәлімет алуы олардың ұшталып, кәсіби шындарға ұмтылудың қайнар көзі. «Профессионализация» -жеке және орнықты кәсіби мағыналы білімдер туралы кәсіби маңызды сапалардың,кәсіби позицияның қалыптасуы,кірігуі кәсіби қызметтің жоғары деңгейде орындалуы.

Профессионализм әлеуметтік жұмыстың бір бөлімі ретінде әлеуметтік жұмыскердің жек тұлғалық джәне профессионалдық қасиеттері мен қызығушылықтарының негізінде қалыптасады.Осы қасиеттер мен біліктіліктің дакмуына мна мәселелердің шешілуі септігін тигізеді:

-таңдалған мамандыққа деген қызығушылықтың артуы

-профессионалдық жұмыс туралы алғашқы бейнелердің қалыптасуы

Профессионалдық бой көтерудің мәселелері тек оқыту процесінің тұлғалық бағытталған педагогикасы арқылы ғана шешіледі.

Денсаулық — мақсат емес, ол әл-ауқатқа жету ретінде, жалпы жағдайдың, психиканың, мәдениет және рухани қажеттіліктерге жету жағдайы.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешудің бір жолы қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ХХI ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау. Ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіншілік, қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласына мемлекеттің араласуы денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибелік жұмыстардың сапалы жүзеге асуына мүмкіншілік жасайды.

Мамандардың қоғамдық денсаулық сақтау саласынан толық және сапалы білім алуы, кәсіптік біліктілікті меңгеруі, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдетуін іске асыру да бұл жұмыста өз нәтижесін береді. Дайындықтан өткен мамандардың білімі мен икемділігінің деңгейі халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыру жұмыстары мен менеджментте, сонымен қатар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы практикалық жұмыста олардың басым орын алуына жеткілікті болуы тиіс. Қоғамдық денсаулықты денсаулықты нығайу мақсатында, аурушаңдықтың алдын-алу және емдік шараларды негіздеп қолдану мақсатын нығайту басты бағыттардың бірі болып есептеледі.

Көптеген мемлекеттердің денсаулықты қорғау «XXI ғасырда - денсаулық бәріне» саясаты бойынша ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қабылдаған әдістемесінде, халық денсаулығын қалыптастырудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде материалдық-техникалық базаларды нығайту, салаларды бекіту, бірінші реттегі медициналық-санитарлық көмекті халықтың кең қабаттарына жеткізу келісілген. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті, адамзаттардың сауығуына және қаржыландыру база саласын дамыту, азаматтардың әлеуметтік қорғауын арттыру, психологиялық және адам ресурстарының дамуы мемлекеттің негізгі басымдылығы болып келеді. Сонымен қатар ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау негізгі мәселе ретінде қалып отыр. Ол үшін білім беруді жақсарту және оны іске асыру керек. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау мәселелері негізгі кілтті бағыттар болып есептеледі. Денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарын дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.