- •Денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің құндылығы мен негізі. Денсаулық өмір сүру стилі ретінде.
- •Экологияның денсаулыққа әсері. Әлеуметтік, экономикалық факторлардың денсаулыққа әсері.
- •Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдері.
- •Антикалық кезеңнен бастап xiXғ. Дейін. Дамудың жаңа кезеңі. XX-XXI ғғ. Денсаулық сақтау.
- •Қазақстандағы халықтың денсаулығын сақтау саясаты. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша жақсарту реформалары мен бағдарламалар.
- •Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелер
- •Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдар.
- •Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтер. Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздер.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
- •Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдері.
- •Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілері.
- •Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың формасы мен әдістері
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың негізі. Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттары.
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгері. Ауруға шалдығуды ескертудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі.
- •Науқастардың реабилитациямен емделуіндегі нәтижелілікті қамтамасыз ету. Әлеуметтік бейімделу.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің маңызы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясы
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұны. Әлеуметтік технология түсінігі.
- •Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы.
- •Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технологиясының жалпы сипаттамасы
- •Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс
- •20 Ғ. Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлер. Швеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкерлер.
- •Гермениядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлер. Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктері (ақш, Швеция, Ұлыбритания).
- •Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері
- •Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс. Егде адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгісі.
- •Геронтологиялық орталықтар. Гериатриялық орталықтар. Геропрофилактикалық орталықтар.
- •Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптар.
Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтер. Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздер.
Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс-әрекеттің ерекше, бірлестірілген, пәнаралық түрі. Әлеуметтік-саяси кепілдіктер - [франц. garantie - кепілдік, қамтамасыз ету] - әлеуметтік және саяси дәрежелерді, рөлдерді, құқықтар мен бостандықтарды және адамдар мен топтардың міндеттерін жүзеге асыруға шынайы мүмкіндік беретін материалдық, әлеуметтік, саяси және заңдық құралдар, шаралар, жағдайлар. Әлеуметтік-саяси кепілдіктерді қамтамасыз етуде мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты, кәсіподақтар мен қорлар және басқа да ұйымдар шешуші рөл атқарады. Әлеуметтік-саяси кепілдіктерді қоғамның барлық мүшелері қажетсінеді, бірақ балалар, мүгедектер, қарттар және еңбекке жарамсыз жандар ерекше зәру. Олар үшін әртүрлі жәрдемақылар, зейнетақылар, жеңілдіктер, пұрсаттар аса маңызды мәнге ие. Ерекше Әлеуметтік-саяси кепілдіктер әлеуметтік-кәсіби (мыс., өте ауыр және зиянды өндірістегі жұмысшыларға) және әлеуметтік-аумақтық (мыс., Арал аймағы тұрғындарына) негізде де берілуі мүмкін.
Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру – зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мем. Емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылады. Қорланымдардың ынтымақтастық негізіндегі жүйесімен дербес қорланымдыр жүйесіне өтпелі кезкң зейнеткерлердің еңбек сіңірген зейнетақыларын алу құқықтарын сақтау қажетігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жасы келген азаматтардың көбінің мем.емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қызмет алушылардың мынадай:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі - балалар);
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер (бұдан әрі - 18 жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (бұдан әрі - мүгедектер);
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар (бұдан әрі - қарттар);
6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар (бұдан әрі - үйсіз адамдар) қатарынан дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға (отбасыларға) және (немесе) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, сондай-ақ жасына байланысты.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдары бар.
2005-жылдан бастап елімізде 1-5 жас аралығындағы балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үрдісін енгізу қажет. Бұл туралы бүгін, 3-қарашада үшінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
Н.Назарбаевтың айтуынша, диспансерлік тіркеуде тұрған жасөспірімдер мен балалар, сондай-ақ, жүкті әйелдер де тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен бірге, президенттің пайымдауынша, 2005-жылдан бастап еліміздегі ересек тұрғындарды жыл сайын тегін профилактикалық дәрігерлік байқаудан өткізіп отыру үрдісін енгізу қажет, ол үшін дәрігерлік мекемелердің жұмысына қолайлы жағдайлар тудыру талап етіледі.Облыстық әкімдікте өңір халқын тегін және түрлі жеңілдіктермен берілетін дәрі-дәрмекпен қамтуды оңтайландыруға бағытталған жаңа бағдарламаның тұсауы кесілді. Денсаулық басқармасы облыс әкімінің тапсырмасымен соңғы бес жылдағы жағдайды зерттеп, бұл жүйедегі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін өз жобасын әзірледі.Қазіргі уақытта Үкімет және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапалы және қазіргі заманғы жүйесін дамыту мен жетілдіруге, сондай-ақ, ушығулар мен емдеуге жатқызу жағдайларын төмендетуге ерекше көңіл бөлуде. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында, дамудың басым бағыттарының бірі халықтың амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіруге үлкен көңіл бөлінген.
2012 жылдан бастап амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша негізгі іс-шараларды іске асыру басталды. Өткізіліп жатқан реформалардың негізгі мәні пациентке, оған көрсетілетін дәрілік көмектің сапалылығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған фокусты айқындаумен тоғысады.
Бүгінде, позитивті қозағлыстарды байқауға болады. Осылайша, 2012 жылдан бастап пациенттер, бұдан бұрын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде тегін негізде босатылған және препарат құнының 50% өз қаражаты есебінен төленген дәрілік заттарды тегін алатын. Амбулаториялық деңгейде тегін берілетін дәрілік заттардың тізбесінің 2012 жылы 40 пайызының 179-дан 276-ға өскенін де атап өткен жөн. Дәрілік заттардың көлемінің ұлғайғаны жүректің ищемиялық ауруы, артериалды гипертензия, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, пневомония, асқазан жарасы ауруы, созылмалы өкпе жетіспеушілігі, жүрек қызметінің артемиясы сияқты ауруларды қамтыды. Тізім жекелеген ауруларды біріктіру, дәлелді медицина позициясы бар және дәлелді тиімділігі жоқ препараттарды қоспағанда дәрілік заттарды қайта қарау арқылы оңтайландырылды.Азаматтар тегін дәрілік заттарды емханадан шықпай-ақ медицина ұйымдарында ұйымдастырылған арнайы дәріхана пункттерінде ала алатындығының маңызы зор. Сонымен қатар біздің халқымыз үшін маңызды жағдайларды осы жылдың басынан бастап енгізілетін Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі әкеледі деп күтіледі
ҚР-ның халықты әлеуметтік қорғаудағы заңды-құқықтық негіздері: негізгі заңдар, жарлықтар, 1991 мен 2013 жылдар аралығындағы қойылымдар мен жағдайлар
1991-1992 ж. Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастар экономикасына өтуімен сипатталады. Осындай өтпелі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құрастыру қажеттіліктері пайда болды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1- бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды; оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі; мен бостандықтары; деп жазылған. Осыған байланысты, Қазақстанда, өркениетті мемлекет ретінде, экономика индивидтің материалды, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға мақсатталуы керек. Әлеуметтік бағытталған экономикалық негізгі мақсаты болып мемлекеттің экономикалық өсуінің қалыптылығы, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар көп сұрақтардың ішіндегі ең маңыздысы мүгедек азаматтар мәселесінің шешілуі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (1996- ) Таратылған ҚР Еңбек министрлігі мен ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің негізінде ҚР Президентінің 1996 ж. 29 қазандағы Жарлығымен[1] құрылды.[2] ҚР Үкіметінің 2001 ж. 20 шілдедегі қаулысымен[3] министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес министрлік өзінің қүзіретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асырған ҚР орталық атқарушы органы болып табылды. Министрліктің ведомствосы — Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті болды. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары болды.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды:
еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыру;
жұмыссыздық деңгейін азайту және кедейлік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
әлеуметтік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
жинақтаушы зейнетақы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
еңбек, еңбек қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекетгік бақылауды қамтамасыз ету;
заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Министрлік және оның аумақтық органдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің біртүтас жүйесін құрады. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 21 желтоқсандағы қаулысымен[4] министрлік дәрігерлік-әлеуметтік сараптау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган екендігі белгіленді. ҚР Президентінің 2002 ж. 17 мамырдағы Жарлығымен[5] министрлік ҚР Үлттық Банкіне жинақтаушы зейнетақы қорларының (қызметін реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілу жолымен қайта үйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы қаулысымен[6] министрліктің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті таратылып, мүлкі ҚР Ұлттық Банкіне берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеден министрліктің ведомствосы бар екендігі көрсетілген тармағы алынып тасталынды. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 31 қазандағы қаулысымен[7] министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру міндеті жатқызылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 2 сәуірдегі қаулысымен[8] министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру міндеті жатқызылды. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен[9] ҚР Коші-қон және демоғрафия жөніндегі агенттігі оны министрлікке қосу жолымен қайта үйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен[10] министрлік туралы ереже бекітітуі- Көші-қон жөніндегі комитеті құрылды және ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің аумақтық органдары мемлекеттік мекемелері Көші-қон жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекетгік мекемелері болып қайта үйымдастырылды. Министрлік өзінің қүзіретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің негізгі міндеттері мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде, еңбек, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру, өз қүзіретінің шегінде көші-қон процестерін реттеу саласындағы салааралық үйлестіру болып табылады. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. Министрліктің ведомствосы — Көші-қон жөніндегі комитеті бар.
