- •Денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің құндылығы мен негізі. Денсаулық өмір сүру стилі ретінде.
- •Экологияның денсаулыққа әсері. Әлеуметтік, экономикалық факторлардың денсаулыққа әсері.
- •Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдері.
- •Антикалық кезеңнен бастап xiXғ. Дейін. Дамудың жаңа кезеңі. XX-XXI ғғ. Денсаулық сақтау.
- •Қазақстандағы халықтың денсаулығын сақтау саясаты. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша жақсарту реформалары мен бағдарламалар.
- •Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелер
- •Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдар.
- •Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтер. Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздер.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
- •Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдері.
- •Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілері.
- •Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың формасы мен әдістері
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың негізі. Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттары.
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгері. Ауруға шалдығуды ескертудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі.
- •Науқастардың реабилитациямен емделуіндегі нәтижелілікті қамтамасыз ету. Әлеуметтік бейімделу.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің маңызы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясы
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұны. Әлеуметтік технология түсінігі.
- •Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы.
- •Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технологиясының жалпы сипаттамасы
- •Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс
- •20 Ғ. Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлер. Швеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкерлер.
- •Гермениядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлер. Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктері (ақш, Швеция, Ұлыбритания).
- •Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері
- •Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс. Егде адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгісі.
- •Геронтологиялық орталықтар. Гериатриялық орталықтар. Геропрофилактикалық орталықтар.
- •Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптар.
Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдар.
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылғаназаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 29 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығын қорғауға құқығы бар және медициналық көмекті тегін алуға кепіл беруі ҚР Үкіметінің 27.01.2014 жылғы №29 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 15.12.2009 жылғы №2136 Қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысымен бекітілген.
Бұл кепілдің негізгі ұстанымын қамтамасыз ету адам құқығын сақтау және адамның денсаулығын қорғау саласында және осы мемлекеттік кепілдің құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
Олар:
- профилактикалық шаралардың басымдылығы;
- әлеуметтік көмектің медициналық ұстанымы;
- басқарушылық және мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігі, кәсіпкерлік, мекемелердің және жеке форумнан тәуелсіз ұйымдар, лауазымды тұлғалардың адамдардың денсаулығын қорғауға қамтамасыз ету.
Адамдардың денсаулық құқықтарын қорғау саласында денсаулық қорғау жүйесінде жұмысшылардың сонымен қатар заңгерлердің пікірлері әрдайым ескеріледі. Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулық қорғауда ажыратылмайтын құқыққа ие. Қоршаған ортаны қорғау, еңбек шартына қолайлы жағдай жасау, демалыс, тұрмыс, азаматтарды оқыту және тәрбиелеу тамақ сапасын жүргізу, сонымен қатар халықты дәрігерлік әлеуметтік көмекке шақыру бұл денсаулық қорғаудағы маңызды бағыттар.
Қазақстан Республикасы азаматына кез келген қалыпта тең құқықтан айырғанда, түрлі ауруларда қорғалуға кепілдік беріледі, ал айыпты жақ заң алдында жауапты болады. Заңдар жоғарғы мемлекеттік билікте заң шығару органдарымен қабылданады, бекітіледі, қоғамдық қатынастарда жүргізілуі реттеледі. Тәртіппен денсаулық сақтау жүйесімен қалыптастырылады, денсаулықты қорғаудың негізгі заңдылығы қамтамасыз етіледі және халық денсаулығын бекітеді. Адамның құқықтық қатынаста реттелуі және мемлекеттік ортада барлық адамның денсаулығын қорғау жүйесінен кете алмайды. Түрлі қалалардың конституциясында медициналық көмектің айырмашылығы қаралады. 1948 жылы азаматтардың жалпы құқықтық Декларациясының халықаралық масштабы қабылданды.
Азаматтар денсаулығын қорғау өз кезегінде қоғамдық құқықтық реттеу маңыздылығы 1990 жылға дейін Қазақстанда заң шығарушылықпен шектелді. «КСРО-ның негізгі заң шығарушылығы немесе денсаулық сақтау жөніндегі одақтық республика Қаз КСР заңдары», «Денсаулық сақтау» негізінде қабылданды. Әдебиеттерде көбіне медициналық көмектің мамандандырылған адамның құқығын қорғау денсаулығын сақтау және қамтамасыз ету мәселелерін жариялау көзделген.
Құқықтарды зерттеу әлеуметтік маңызды жағынан ғана емес, сондай-ақ олардың заңгерлік негіздерінің байланысы бір-біріне иерархиялық әсер етуімен де сабақтас. Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.
Себебі адам денсаулығы — оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек.
