Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауап Денсаулық 1-32.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.52 Кб
Скачать
  1. Қазақстандағы халықтың денсаулығын сақтау саясаты. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша жақсарту реформалары мен бағдарламалар.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылғаназаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.

- Денсаулық сақтау жүйесінде шешілмеген проблемалар жоқ деп айтсақ дұрыс болмас еді. Проблемалар жеткілікті, оның үстіне біз Қазақстан сияқты серпінді дамып отырған мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Бүгінде ел алдына үлкен міндет - бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне қол жеткізу міндеті қойылып отыр.

Мемлекеттің әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері үлкен. Сондықтан да ол көрсетілетін барлық қызметтердің, соның ішінде медицина қызметінің де барлық жағынан талапқа сай болуын қажет етедіАйталық, Бүкіләлемдік форумның рейтингілік бағалау нәтижелеріне қарағанда, елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі индикаторлар бойынша Қазақстан 2008 жылы балалар өлімі жөнінен - 87-ші орынға, туберкулездің таралуы бойынша - 94-іншы орында, АҚТҚ таралуы көрсеткішінен - 23-інші және адам өмірінің күтіліп отырған ұзақтығы мәселесінде - 101-інші орында болды. Бұл саланы одан әрі реформалау жөнінде қосымша шаралар алу қажеттігін көрсетеді. Бүгінде Қазақстан денсаулық сақтау қызметінің алдына халыққа медициналық қызмет көрсетуде ең озат әлемдік стандарттарға сай келетін, денсаулық сақтау ісіне азаматтардың да ынтымақтаса қатысуын қамтамасыз ете отырып,  сапалы жаңа деңгейге тезірек шығу міндеті қойылып отыр.Бүгінгі қоғамның барлық талап-тілектеріне жауап бере алатын денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру қазақстандықтардың жеке және қоғам денсаулығы көрсеткіштерінде нақты оңды ілгерілеуге қол жеткізуге бағытталған бір-бірімен өзара байланысты стратегиялық міндеттердің тұтас кешенін шешуді көздейді. Мұның арасында алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек жұмысы, ана мен бала денсаулығын қорғауды тиімді ұйымдастыру да бар. Біз халықтың әлеуметтік-маңызды сырқаттарға ұшырау деңгейін төмендетуге, халықты жаппай иммундау шараларына тартуға  барынша күш жұмсауға тиіспіз. Бұдан басқа, медициналық көмек көрсетуде халықаралық стандарттарды енгізу, біртұтас денсаулық сақтау  ақпараттық жүйесін құра отырып, саланы ақпараттандыру қажет. Бұл қайта құрулар, сонымен қатар, медициналық білім берудің құрылымын өзертпей және  сапасын артттырмай мүмкін емес. Олар жүйелі сипатта бір-бірімен өзара байланысты және Қазақстанда бәсекеге қабілетті, жоғары тиімді денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруды қамтамасыз ететін  біртұтас идеологияға біріккен. Бүгінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты, соның ішінде денсаулық сақтау саласының қызметі түпкілікті нәтижеге, яғни қазақстандықтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталуымен сипатталатын жаңа деңгейге шықты. ҚР- ның денсаулық сақтау жүйесі бойынша жақсарту реформалары мен бағдарламаларына тоқталыңыз.

Казакстан Республикасының денсаулық сактау министрлігінің жумысшылар тобының құрамында алдыңғы катардағы ғылыми зерттеу орталықтардың катысуымен жұкпалы емес созылмалы аурулардың алгашқы және кезекті турде алдын алу, мектеп жасындағы балалардың

және ауыл тұргындарын социологиялык зерттеу, үзбей бакылау және сауыктыру туралы әдістемелік бағдарламалар дайындалды.Сонымен катар әлеуметтік медицина ғылыми орталығының ғалымдары халыкаралық ынтымақтастықты дамытуда улкен жұмыс жасады. Денсаулык сактаудың өзекті мәселелері бойынша Еуропальқ бірлестік , Британия кеңесшінің Ноу-хау корының, Америка денсаулык сактау халыкаралык одағының т.б. халыкаралыкбағдарламалар icкe асырылды: «Халыктьң медициналык кызметке кол жеткізудегі кедергілері (1999-2001), «Медициналык мекемелерде қаралушылардың ресми жэне бейресми төлем акылары» (2000-2002), «Денсаулык сактау менеджментіне окыту багдарламасы» (1999-2002), т.б. 1999-2003 ж.ж. когамдык денсаулык сактау кафедрасына медициналык информатика курсы косылды, оның Heгiзгi мақсаты - болашак дәрігерлердің компьютерде жумыс жургізуде білімін жогарылату және дағдыларьн қалыптастыру.Әлеуметтік медицина және денсаулык сактауды баскаруғылымының Қазакстанда дамуына кеңінен жол ашылған жэне оны әpi карай жетілдіру болашақтың үлесіне тиесілі. Бүгiнгi таңда саланы дамытып отырған негiзгi бағдарламалық құжаттар оларды әзiрлеу сәтiндегi талаптарына барабар болған, алайда қазiргi уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерiстер қарқынынан кейiн қалып отыр. Осы құжаттарда белгiленген жекелеген iс-шаралар түпкілiктi нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның iшiнде қаржыландыру жүйесiн өзгерту үнемi дәйектi сипатқа ие бола бермейдi. Бүгiнгi күнi денсаулық сақтау жүйесiнiң жай-күйi қоғамды, мемлекеттi және саланың өзiн толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етедi. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесiн, денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек берудi ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілiктi оңтайландыруды жетiлдiруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сатып алуды міндеттi түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерiстер жүргiзу қажеттiгi көрсетiлгенДенсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған осы мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейiнгi Даму стратегиясын, Президенттiң «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында әзiрленген.

Бағдарламада Қазақстан Республикасында қолжетімді, сапалы, әлеуметтiк бағдар ұстанған және экономикалық тиiмдi денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға бағытталған қажеттi экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың жиынтығы белгiленген.