- •Денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің құндылығы мен негізі. Денсаулық өмір сүру стилі ретінде.
- •Экологияның денсаулыққа әсері. Әлеуметтік, экономикалық факторлардың денсаулыққа әсері.
- •Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдері.
- •Антикалық кезеңнен бастап xiXғ. Дейін. Дамудың жаңа кезеңі. XX-XXI ғғ. Денсаулық сақтау.
- •Қазақстандағы халықтың денсаулығын сақтау саясаты. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша жақсарту реформалары мен бағдарламалар.
- •Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелер
- •Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдар.
- •Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтер. Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздер.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
- •Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдері.
- •Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілері.
- •Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың формасы мен әдістері
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың негізі. Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттары.
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгері. Ауруға шалдығуды ескертудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі.
- •Науқастардың реабилитациямен емделуіндегі нәтижелілікті қамтамасыз ету. Әлеуметтік бейімделу.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің маңызы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясы
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұны. Әлеуметтік технология түсінігі.
- •Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы.
- •Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технологиясының жалпы сипаттамасы
- •Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс
- •20 Ғ. Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлер. Швеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкерлер.
- •Гермениядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлер. Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктері (ақш, Швеция, Ұлыбритания).
- •Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері
- •Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс. Егде адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгісі.
- •Геронтологиялық орталықтар. Гериатриялық орталықтар. Геропрофилактикалық орталықтар.
- •Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптар.
Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдері.
1941 жылы майдандагы жэне ел ішіндегі емдеу мекемелеріне денсаулык сактауды баскаратын кызметкерлер керек болган сон кафедра кайта уйымдастырылган. Бул «Денсаулык сактау» кафедрасын Иван Васильевич Алфимов 1943 жылга дейін баскарды. Ол 1940-1941 ж.ж. жургізілген тексеру маліметтері бойынша «Казакстандагы ауылдык дәрігерлік учаське» деген такырыпта кандидаттык диссертация қоргайды. Ұлы Отан согысы жылдары кафедраның гылыми ізденістері майданды медициналык-санитарлык көмекпен камтамасыз ету мәселелеріне жұмылдырылды, госпитальдарды ашу жэне тургындарды медициналык-санитарлык кызметпен камтамасыз етуге арналды.1943 жылдан 1949 жылга дейін Казак ССР-ныц денсаулык сактау министрі Семен Алексеевич Чесноков кафедраның меңгеруші кызметінн коса аткарды.Осы жылдар аралыгында кафедрада тәжірибелі мамандар мен окытушылар кызмет аткарган, олардыц шпнде Сеньков Н.О, Шкрадюк Г.Ф. жэне Мировалева З.Г. болды.Согыс біткеннен кейінгі жылдарда денсаулык сактауды уйымдастыру кафедрасының ғылыми жумыстары халык шаруашылыгын кайта кұру мэселелеріне байланысты алга койылган максаттарды шешуге арналды. Сонымен катар денсаулык сактауды кайта кұру кезіндегі негізгі мәселелерге назар аударылды. Сондай-ак жумысшыларга жэне ауыл тургындарына медициналык санитарлык кызмет керсету, халык денсаулыгының және денсаулык сактау саласының статистикасы бойынша жумыстар жургізіп 1949 жылдан 1951 жылга дейін кафедраны Георгий Федосьевич Шкрадюк баскарды. Ол медициналык статистика саласының маманы ретінде танымал болды. 1951 жылдан 1959 жылга дешн кафедраны медицина гылымының кандидаты, доцент А.Н.Полянский баскарды. Денсаулык, сактау саласының дамуын ұзак, уакытка жоспарлау 1998 жылы 3 мерзімнен туратын (кыска, орта, ұзақ) “Халык денсаулығы” атты бағдарлама кабылданды.
Антикалық кезеңнен бастап xiXғ. Дейін. Дамудың жаңа кезеңі. XX-XXI ғғ. Денсаулық сақтау.
Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Шығыстың, Мысырдың, Қытайдың, Гректің, Тибеттің, Израилдың, Ливанның ежелгі қолжазбалары (папирустар) арқылы жетті. Бұл қолжазбаларда Ежелгі Шығыстың хан сарайындағы емшілер сол ханның денсаулығы болған күндеріне ғана ақы алғандығы туралы қызық фактілер сақталған. Сол ежелгі кездерде-ақ емдік шөптер қолданылып, тұратын жерді, ішетін суды қорғаудың гигиеналық ережелері, өлген адамдарды дұрыс жерлеудің ережелері құрылған. Ежелгі кездің Гиппократ, Аристотель, Ибн Сина (Авиценна), Корнелий Цельс, Әл-Фараби сияқты ғалым-философтары денсаулық сақтаудың тәсілдерін зерттеген. Ибн Сина дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы: « Тағам – денсаулықтың дұрыс болуының кепілі. Тәбетсіз ішкен нәрсенің қорытылуы да қиын болар » - деп жазған.
Гиппократ ( б.э.д. 460-377 жж.) әлемге «медицина атасы» ретінде белгілі. Ол ең алғашқылардың бірі болып организмнің құрылысы мен функциясын (қызметін) зерттей бастады, аурулардың туындау себептерін ашып, ауруларды емдеу туралы жазды. Гиппократ жаттығу жасау, дене шынықтыру қажеттігі туралы көп айтты. Әрбір адам өзінің жұмыс қабілетін, денсаулығын, толыққанды және қызықты өмірін сақтап қалғысы келетін болса, онда бұл дағдылар күнделікті үйреншікті ісіне айналуы тиіс деп есептеді.Аристотель – (б.э.д. 384-322 жж.) ежелгі кездің ұлы дарындылардың бірі. Ол «денсаулық» және «ауру» ұғымдарына анықтама беруге талпыныс жасады.
Әл-Фараби медицинаны тек ауруларды емдеу туралы ғана емес, денсаулықты сақтау туралы да ғылым деп есептеді. Ол денсаулықты нығайту тәсілдерін зерттеп, көптеген аурулардың емі туралы жазды. Авиценна ( 980-1037 жж.) Бұхара қаласында дүниеге келді және сонда оқыды. Кейіннен Иранда билеушінің дәрігері болып жұмыс істеді. Оның «Емделу кітабы» және «Дәрігерлік ғылым негіздері» атты еңбектері көптеген тілдерге аударылған және күні бүгінге дейін басылып шығарылуда.Рим дәрігері Авл Корнелий Цельс «Медицана туралы» деген үлкен еңбек жариялады, ол көптеген тілдерге аударылып, бірнеше рет басылып шыққан. «Еңбектенбеу кәріліктің келуін тездетеді, еңбек болса, біздің жастығымызды ұзартады. Суық су айықтырады, ауруды алдын -алуға көмектеседі, денені нығайтып, рух сергектігін сақтайды... Жаттығу ретінде доп ойнау, жүгіру, серуендеуге де болады... » деп жазды К.Цельс.
Итальяндық дәрігер әрі жазушы А.Де Вилланов (б.э.д. 1311-1235 жж.) соңына «Салерндік денсаулық кодексін» қалдырған, онда ол IX-X ғасырлардағы салерндік мектептің салауатты өмір сүруінің басты ережелерін негіздеп берді.
ХVI-XVIII ғасырларда Луи Пастер, Роберт Кох қауіпті-сібір жарасы, тырысқақ (холера), туберкулез ауруларын тудырғыш микробтар ашты. Олар жұқпалы ауруларға қарсы күресудің әдістерін ойлап тапты және қолданды.
XVI ғасырда Қазақстанда Жәнібек ханның тапсырмасы бойынша «Шипагерлік баян» атты кітап жазылды. Оның авторы халық емшісі Тілеуқабыл Өтейбойдақұлы болды. Кітапта көптеген ауруларды емдеу тәсілдері, организмді сауықтыру, шынығу, дене тазалығын сақтау және басқа көптеген денсаулықты сақтауға арналған нұсқаулар жазылған.Денсаулық жайлы ілімнің дамуына қазақстандық ғалымдар да үлкен үлес қосты. Көрнекті ғалым Халел Досмұхамедов гигиена, денсаулықты сақтау туралы балаларға арнап кітаптар жазды. Қазақстанда Х.Қ.Сәтпаев, Л.З.Тель, А.А.Ақанов, Т.К.Мұстафина, Ш.Ж.Жанәділов, А.Әділханов, Н.Иманғалиев сияқты ғалымдар салауаттануды дамытуды жалғастыруда. Олар салауатты өмір салтын ұстануға, организмді шынықтыруға, дене жаттығуларына, гигиена ережелерін сақтауға және түрлі аурулардың алдын - алуға үлкен мән береді.
Қазақстандағы ауыспалы кезеңдегі халық денсаулығы мен денсаулық сақтау. ҚР-дағы денсаулық сақтау жүйесі. Денсаулық сақтау жалпы алғанда күрделі қоғамдық динамикалық, функциональдық, ашық және адаптивті жүйе болып табылады, қоғам өзінің даму кезеңдерінде жалпы қоғамның және ондағы әр адамның денсаулығын қорғау және жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастырып және қолданып отырады.Адамзат тарихында денсаулықты қорғау туралы қоғамдық шаралар мемлекет қалыптасуымен байланысты жүргізіле бастады. Олар қоғамдық-экономикалық формацияның, өндірістік тәсілдер мен өндірістік қатынастардың, мемлекеттік құрылыстардың ауысуына байланысты өзгеріп отырды. Қоғамдық денсаулық сақтау (Public Health system) – тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту концепциясын, ауру мен жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және еңбекке қабілеттілікті қоғамның күшін біріктіру арқылы арттыруды жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекеті медициналық және медициналық емес сипаттағы құрылымдарды қамтамасыз ететін ғылыми және практикалық шаралар жүйесі.Денсаулық анықтамасы және оны бағалау денсаулық сақтау тарихында өзгеріп отырғандығын айта кеткен жөн. Қазіргі кезде денсаулық ұғымының жалпы қабылданған бірегей анықтамасы жоқ. Денсаулықтың қандай да бір аспектілеріне арналған әдебиеттерде осы категорияның көптеген анықтамалары бар, олар әр түрлі критерилер мен жүйелерге негізделген.Денсаулық (Health) – БДҰ Уставы бойынша, тек қана аурудың немесе дене ақауларының болмауы ғана емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік толық аман есендік (ДДҰ Устав, 1948).Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау тарихы КСРО-дағы мемлекеттік социализм дамуының негізгі кезеңдеріне сай. Кеңес өкіметінің орнауынан бастап денсаулық сақтаудың профилактикалық принципінің теориялық және практикалық нұсқауын жасау мемлекеттік денсаулық сақтаудың негізгі міндет етіп қойылды. Сонымен қатар халықты ақысыз жалпы қол жетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінді. . Ұлы Отан соғысы жылдарында барлық көңіл фронтты медициналық-санитарлық қамтамасыз ету және тылдағы госпитальдарды дамыту сұрақтарына бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығын қалпына келтіру және санитарық салдарларды жою қолға алынды. Кейінгі жылдарда ғылыми –практикалық қызығушылық социалистік құрылыстың идеологиясына жауап берді, соның ішінде ең көлемді шаралардың бірі халықты жалпы диспансеризациялау болды.Соңғы жылдары елдің денсаулық сақтау саясаты қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуына негізделеді.. Денсаулық — мақсат емес, ол әл-ауқатқа жету ретінде, жалпы жағдайдың, психиканың, мәдениет және рухани қажеттіліктерге жету жағдайы. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешудің бір жолы қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ХХI ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті, адамзаттардың сауығуына және қаржыландыру база саласын дамыту, азаматтардың әлеуметтік қорғауын арттыру, психологиялық және адам ресурстарының дамуы мемлекеттің негізгі басымдылығы болып келеді. Сонымен қатар ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау негізгі мәселе ретінде қалып отыр. Ол үшін білім беруді жақсарту және оны іске асыру керек. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау мәселелері негізгі кілтті бағыттар болып есептеледі. Денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарын дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.
