- •Денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің құндылығы мен негізі. Денсаулық өмір сүру стилі ретінде.
- •Экологияның денсаулыққа әсері. Әлеуметтік, экономикалық факторлардың денсаулыққа әсері.
- •Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдері.
- •Антикалық кезеңнен бастап xiXғ. Дейін. Дамудың жаңа кезеңі. XX-XXI ғғ. Денсаулық сақтау.
- •Қазақстандағы халықтың денсаулығын сақтау саясаты. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша жақсарту реформалары мен бағдарламалар.
- •Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелер
- •Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдар.
- •Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтер. Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздер.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
- •Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдері.
- •Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілері.
- •Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың формасы мен әдістері
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың негізі. Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттары.
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгері. Ауруға шалдығуды ескертудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі.
- •Науқастардың реабилитациямен емделуіндегі нәтижелілікті қамтамасыз ету. Әлеуметтік бейімделу.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің маңызы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясы
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұны. Әлеуметтік технология түсінігі.
- •Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы.
- •Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технологиясының жалпы сипаттамасы
- •Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс
- •20 Ғ. Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлер. Швеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкерлер.
- •Гермениядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлер. Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктері (ақш, Швеция, Ұлыбритания).
- •Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері
- •Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс. Егде адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгісі.
- •Геронтологиялық орталықтар. Гериатриялық орталықтар. Геропрофилактикалық орталықтар.
- •Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптар.
Геронтологиялық орталықтар. Гериатриялық орталықтар. Геропрофилактикалық орталықтар.
Гериатрия – гериатрия (грек. geron, gerontos – кәрі, lstreia – емдеу)-егде және кәрілік жастағы ауруларды зерттейтін медицина саласы.Гериатрияның негізгі міндеті болып жасаралық даму ерекшеліктерін,клиникалық өзгешелігі мен ағымын анықтау,уақытынан бұрын қартаюдың емделуі мен профилактикасы болып табылады.«Қазақстанда гериатрларды (егде және кәрі жастағы адамдардың ауруларына маманданған дәрігерлер) мен геронтологтарды (қартаю мәселелерімен айналысатын мамандар – ҚазТАГ)дайындау бағдарламасын жасап, жүзеге асыру қажет.Бүгінгі күні бізде екеуінің ешқайсысы жоқ. Бұған қоса, гериатриялық орталықтар желісін құру қажет», – деді Е. Мирзаев дүйсенбі күні ЮНФПА-ның «ХХІ ғасырдағы қартаю: триумф пен үндеу» баяндамасын талқылауға арналған баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, еңбек белсенділігі жасынан егде жастағы адамдардың тобына өтуді кез-келген адам психологиялық тұрғыда да, әлеуметтік жағынан да қиын көтереді. Денсаулығы да сыр бере бастайды.
«Егде жасқа жеткен адам қартаюға байланысты аурулардың «нысанасына» айналады» – дедігеронтолог.Е. Мирзаевтың айтуынша, жас проблемаларымен байланысты медициналық секторды күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар, егде жастағы адамдарға белсенді еңбек процесіне оралуға көмектесу керек.«Басты міндет – егде адамдарды еңбек процесіне оралту. Бұдан зейнеткерлерге ғана емес, мемлекетке де пайда бар – жұмысқа тәжірибесі мол және тәжірибелік білімі бар адамдар тартылады. Олар (зейнеткерлер – ҚазТАГ) өздерінің материалдық жағдайын түзетіп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларда егде жастағы адамдардың тобына өтуге байланысты психологиялық проблема туындамайды», – деп есептейді Е. Мирзаев..
Егде жастағы адамдарды қорғаудың негізгі проблемалық мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу перспективаға елеулі көмегін тигізе алады. Осыған байланысты мемлекет ғылымға, геронтологиялық гериатриялық мониторингтер, қартайып келе жатқан халықтың мүмкіндіктерін мақсатты зерттеулер жүргізуге және т.б. қағидаттық қатысу мүмкіндігін иеленеді. Қазіргі уақытта республикада арнайы ғылыми пайдаланымдардың жоқтығына байланысты тиісті мамандардың жаңа жүйелік жетістіктерінің нәтижелеріне сұраныс көп болады. Егде адамдардың проблемалық мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерді қаржыландыру геронтологиялық ғылымды дамытуға, егде адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық іс-әрекеттерді әзірлеу кезінде мониторингтің нәтижелерін қолдану мүмкіндігіне ықпал ететін болады.
Геропрофилактикалық орталықтар-қазіргі кезде кәрі адамдардың бойынан кездесетін ауруларды ашық түрде жекелей анықтаудың құрылымдық бағыты болып табылады.Қарттық адам өмірінің табғи кезеңімен,ол өмірлік қабілеттің төменгі бағыттаушысы және аурудың тұрақтылығы мен еңбекке деген қабілеттіліктің тежелу кезеңі болып табылады.
Қартаюдың басымдылығы әлемнің барлық тұрғындарына тән құбылыс.Кәрі адамдарда кездесетін ауруларды медицина саласы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру қарастырылған.Геропрофилактикалық орталықтың мақсаты:геропрофилактика,биоактивация және көпшілік программасының негізінде өмірлік жасты ұзарту курстары(барлық жастағы адамдар үшін)
Гериатриялық орталық егде және қарт жастағы халыққа және ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғаларға арнайы стационарлы және кеңестік- диагностикалық медициналық көмек көрсету үшін керек, сонымен қатар гериатриялық көмек көрсету мәселелері бойынша мамандар мен медициналық, әлеуметтік-медициналық мекемелердің әрекетін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқарулармен қамтамасыз ету.
Гериатриялық орталықтың келесідей міндеттері көрсетіледі:
жасы үлкен адамдар тобындағы тұлғалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу және олардың медициналық немесе әлеуметтік-медициналық көмекке қажеттіліктері;
ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғалар мен халықтың үлкен жастағы топтарына оңалту көмегі мен емдік-диагностикалық көмек көрсету бойынша жалпы емдік гериатриялық және әлеуметтік-медициналық мекемелер жүйелеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелердің іс-әрекетіне талдау жүргізу;
мемлекеттік кепілдіктердің орындалуына бақылау жүргізу, соның ішінде, медициналық және дәрімен қамтамасыз ету бойынша жеңілдіктер, протездеудің жеке түрлеріне жеңілдіктер;
белгіленген азаматтар категориясын дәрімен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша аймақтық және территориялық бағдарламаларды дайындауға қатысу;
ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғалар мен халықтың үлкен жастағы топтарына кеңес беру, емдік-диагностикалық, оңалту көмектерін көрсету;
әртүрлі жастық топтардағы адамдарға емдеудің адекватты дәрілік және медикоментозды емес әдістерін таңдау;
