- •Денсаулық адамның әлеуметтік өмірінің құндылығы мен негізі. Денсаулық өмір сүру стилі ретінде.
- •Экологияның денсаулыққа әсері. Әлеуметтік, экономикалық факторлардың денсаулыққа әсері.
- •Денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық даму кезеңдері.
- •Антикалық кезеңнен бастап xiXғ. Дейін. Дамудың жаңа кезеңі. XX-XXI ғғ. Денсаулық сақтау.
- •Қазақстандағы халықтың денсаулығын сақтау саясаты. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша жақсарту реформалары мен бағдарламалар.
- •Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қорғаудың негізгі бағыттары: құқықтар мен кепілдемелер
- •Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдар.
- •Мемлекетпен кепілденген әлеуметтік қызметтер. Халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, құқықтық, ұйымдастырушылық негіздер.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
- •Денсаулық сақтау мекемелері және олардың түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері мен даму кезеңдері.
- •Шетелдегі халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгілері.
- •Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби мінез-құлқы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың формасы мен әдістері
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың негізі. Әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты бағыттары.
- •Әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгері. Ауруға шалдығуды ескертудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі.
- •Науқастардың реабилитациямен емделуіндегі нәтижелілікті қамтамасыз ету. Әлеуметтік бейімделу.
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің маңызы.
- •Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыстың технологиясы
- •Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың мазмұны. Әлеуметтік технология түсінігі.
- •Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі түрлері. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы.
- •Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың жаңа технологиясының жалпы сипаттамасы
- •Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс
- •20 Ғ. Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлер. Швеция ауруханаларындағы әлеуметтік қызметкерлер.
- •Гермениядағы медициналық әлеуметтік қызметкерлер. Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктері (ақш, Швеция, Ұлыбритания).
- •Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері
- •Үлкен жастағы адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмыс. Егде адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-медициналық жұмыстың үлгісі.
- •Геронтологиялық орталықтар. Гериатриялық орталықтар. Геропрофилактикалық орталықтар.
- •Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптар.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің маңызы.
Денсаулықты сақтау мен нығайтуға жасалатын әрбір қадам – қоғамның басты капиталы адамдардың қалыпты да, ұзақ өмір сүруінің негізі. Әсіресе науқастарға денсаулық сақтаудың емдеу, алдын-алу жүйесінде психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету – дамыған мемлекеттер тәжірибесінен белгілі, сауығу мерзімін арттырудың алғышарттары саналады.Дамыған мемлекеттер тәжірибесінде бұл қызметті ұйымдастыру түрі аймақтық ерекшеліктеріне қарай өзіндік формаға ие.Айталық АҚШ, Британия және Канада мемлекеттерінің науқасты психо- әлеуметтік қолдау ісі – науқас стационардан шыққан кезеңнен бастап, отбасына оралудағы аралықта оның сұраныстарын толық қанағаттандыратын топпен арнайы жасақталған орында оңалту шараларын жүргізу негізінде қалыптасса, Ресей Федерациясында бұл мәселе (Свердловск психиатриялық диспансерінде) медициналық-әлеуметтік қызметі мазмұнымен терең сабақтастырылған.Елімізде психикалық проблемасы бар науқастардың тұлғалық және әлеуметтік құндылықтарын қалпына келтіру – медициналық жолмен оңалту ісіне екпін береді яғни, мұндай қадам, әлі де осы санат өкілдеріне психологиялық-әлеуметтік қолдау жүйесі қалыптаспағандығы, нәтижесінде емделушілердің тұлғалық қажеттіліктерінің қанағаттандырылмай жатқандығы аталмыш проблеманың кезек күттірмес міндет екендігін алға тартуда.Сонымен, тақырыбымызға арқау болған психо-әлеуметтік қызмет дегеніміз қандай қызмет жүйесі, әлеуметтік маңызы қандай? Бұл қызмет құрамын қандай мамандар құрайды және негізгі жұмыс мазмұны немен белгіленеді?Психо-әлеуметтік қызмет-(бұдан әрі қарай ПӘҚ) арнайы жасақталған топ мүшелерінің науқастың тұлғалық әлеуметтік құндылықтарын қайта қалпына келтіру, әлеуметтік-психологиялық сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру және қоғамға бейімделуінде көрсететін қолдауы. Дәлірек айтсақ, қызметте науқастың жойылған әлеуметтік дағдыларын қалпына келтіру; әлеуметтік жағдайдағы проблемаларымен жұмыс; кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру; отбасы, туған-туыстарымен байланысты қалпына келтіруге қолдау көрсету; жойылған құжаттарын тіктеу ісін жүргізу; мүгедектікке және зейнетке шығу кезеңінде әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ, еңбекке араласуға нақты бағыттар беру секілді сауалдар шеңберінде шаралар жүргізіледі. Аталмыш әлеуметтік мәселелерді шешуде науқас және оның отбасына психологиялық кәсіби қолдау көрсету-қызметтің басты міндеттері саналады.Психологиялық-әлеуметтік қызметтің топтық жүйесін қалыптастырудың алғышарты ретінде, 2009 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Астана қаласының «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесіндегі күндізгі стационар және №2, 3, 4, 5, 6 – шы бөлімшелерінде жалпы саны 105 емделушімен «Тиімді қарым-қатынасқа жол» психологиялық-әлеуметтік шара жүргізілді. Науқастарға жасалған алғашқы қадам олармен әлеуметтік оңалту картасы толтырылып, берілген жауаптарына қарай әлеуметтік-психологиялық мәселелері айқындалды.Әлеуметтік-психологиялық шараға мына талаптар бойынша, яғни толғандыратын мәселелері ортақ, шизофрения диагнозы қойылған, адамдармен қарым-қатынаста психологиялық проблемасы бар, 16 жастан жоғары 44 ер, 61 әйел жынысындағы науқастар қамтылды. Аталмыш көрсеткіштерден 51 – II, 6 – III – топтағы мүгедектер. Бағдарламада көзделген басты мақсат: емделушілердің отбасында жақын адамдармен қарым-қатынаста эмоциональдық өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру болатын. Шараның гипотезасы егер де, тиімді қарым-қатынасқа жол психологиялық шара толыққанды жүзеге асырылатын болса, онда емделушілердің өзін-өзі сезінуінің жақсаруы; отбасылық қарым-қатынасқа байланысты шағымдарының азаюы; шараға өз еркімен келіп қатысушылар санының артуы; белсенділіктерінің артуы; өзін-өзі бақылау ептіліктерінің қалыптасуы; туысқандары тарапынан жағымды пікірлердің туындауы және емделушінің тиімді қарым-қатынастың оның сауығуында басты рөл атқаратындығын аңғаруына мүмкіндік берумен белгіленді.
