Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жалпы психология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.84 Кб
Скачать

1.Қазіргі психология пәні , міндеттері және әдістері Жалпы психология — өзінің даму тарихы, пәні мен зерттеу әдістері бар психологиялық ғылымдардың негізгі салаларының бірі..

Жалпы психология антикалық кезеңнен баста у алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыпьасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды.

Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне – бұл оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.

Пәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.

Пәннің міндеттері: 1) оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; 2) әр – түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдаупроцесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту; 3) Дүние жүзілік және Отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру. 

2.Психология даму кезеңдері Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. 1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады 1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді. 2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды. 3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу п.әні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы “байланыс”( ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды.Психологиялық зерттеулердің мақсаты –ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу. 4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді. Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың ,құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне ,мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті.Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады. Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор.Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді. Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі. Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология.

3.Ми және психика Психика –

1. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т.б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды; қоғамдық еңбек үдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны — адам санасы.

2. Адамның рухани жетілушілігі, оның рухани сапасы, көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы.[1]

Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Психика —

1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;

2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.

Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика — биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивидахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады

Ми' ('дұрыс айтылуы — мый) — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми бастабассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша мими көпірімишықортаңғы миаралық ми жәнеүлкен ми сыңарлары.

Ми бөлімдерінің қызметі

Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.

Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.

Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.

Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядроболады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.

Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.

Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.

Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.

Нервтердің бір жұбы — кез келген жүйке миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.

Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең –түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты. Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да). ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, ми қызметі біртіндеп ми қыртысына ауысты. Адамда мидың одан әрі дамуы – оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам миының салмағы 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мысалы, дарындылығы деңгейлес екі жазушы – Иван Сергеевич Тургеневтің миының салмағы – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салмағы – 1017 г.[1]

Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.

Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.

Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.

Ми бөлімдері[өңдеу]

Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

сопақша ми;

мишық (артқы ми);

ортаңғы ми;

аралық ми;

алдыңғы ми сыңарлары.

Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы - сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тынысалу, қан тамырларын, аскорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.

Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас болу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу; 4) өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады. Жұлын сияқты сопақша ми қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса, тынысалу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.

Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.

Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).

Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.[2]

4.Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы   Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын қасиеті. Ол – көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материалық дүниенің жетілген бейнесі.   Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамының дүниеге келуі.  Күнделікті өмірдің жағдайлары адамның арғы тегін төрт аяқтап жүруден екі аяқтап жүруге, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруына, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді. Сана – ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидттен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады. Сан жеке адмға тән дара қасиет. Адамның жеке санамен қатар өмір сүретін ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады деген түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды.   Дедерминизм тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана түсіндірмейді. Сонымен қатар. Табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады деп үйретеді

5.Психикалық бейнелеудің ерекшеліктері Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметіне байланысты тұр, ал екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады, сөйтіп адамның жан дүниесінің сырына айналады.

Психика – адам миында бейнеленетін таңба, әсер. Адам күнделікті іс-әрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат — мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбенктенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады.

Адам өзі өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланыста болып, белгілі заңдылықтар бойынша дамиды, сыртқы жағдайлардың әсеріне бейімделіп қана қоймай, оны саналы түрде өзгертеді. Сөйтіп, өз ықпалына бағындырады, сырттан алынатын сан алуан хабарларды қалыптасқан іс- тәжірибемен салыстырады. Ненің пайдалы екенін, ненің зиянды екенін, ой жүгіртіп сараптайды және саналы түрде ой қорытады.  Адамның психикалық құбылыстарда бейнеленуі-адам миында қалай бейнеленгендігіне байланысты. Бұл әркімнің өмір тәжірбиесіне, білім дәрежесіне сәйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады.

Болмыс пен шындыктың қаншалықты дұрыс бейнелендігі адамның қоғамдық-тарихи тәжірбиесімен байланысты. Адам өзінің өмір тәжірибесіне сүйене отырып, бейнеленген ұғымды, ғылыми мағлұматтарды, мүддесін шындыққа жанастырады, олардың ақиқаттығын дәлелдеуге елеулі қадам жасайды. Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл табиғи-заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады.

Материя табиғатты зерттеу әрқилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Қозғалыс – материя ішінде даму процесстері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болады, үнемі өзгеріп, дамып отырады.

Жанды материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуы мен байланысты. Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің көптеген түрлері келіп шығады.

Тітіркену – барлық өсімдіктермен жәндіктер дүниесіне тән.  Тітіркену – тірі организмдегі биологиялық мәні бар сыртқы әсерге жауап беретін биотоктық қасиет. Мұндай тітіркену қарапайым бір клеткалы организмдер – амебаларда болады.

Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудің жаңа түрі – сезімталдық – тірі организмнің сыртқы әсерінен тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі. Мұндай сезімталдық сигнал қызметін атқарады. Жануарлар психикасында инстинкт (соқыр сезім) әрекеттер мен дағдылар қалыптасады. Жануарлар психикасы дамыған сайын, оларда интелектік мінез пайда болады. Интелектік мінез – жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі ғана емес, олардың сол орта әсерін қабылдап, әрқилы әрекет- қимыл көрсетеді. Ал адам өзінің саналы әрекеті арқылы өмір сүрген ортасына бейімдеп қана қоймай, оны өзгертеді.

Эволюциялық дамуда психиканың бір орында тұрмайтындығы оның өсіп, дамып отыратындығы ғылымға ертеден-ақ белгілі болған.Оның сан алуан сапалы өзгеріс нәтижесінде пайда болғанын жаратылыстану ғылымдарының мәліметтеріне сүйене отырып түсіндіреді. Дарвиннің эволюциялық теориясы көп жаңалықпен қатар, осы мәселені анықтап шешуге жаңа тұжырымдар енгізді. Дегенмен, бұл теория жалпы дамудың сонымен бірге психикалық дамудың қалай өсетіндігін, ескінің жоғалып, жаңаның пайда болу проблемаларын шеше алмауы.                                   Эволюциялық теорияда психиканың өсіп даму жөнінде, өсіп даму,  жай ғана көбею немесе азаюды  қайталаумен ғана пара-пар деп түсіндіреді. Ең әдепті пайда болган сараптар, бастапқы қалпын өзгертпей көбейіп, ұлғайып не болмаса азайып, кішіриіп отырады. Оларда сапалар пайда болып, көп өзгерістерге ұшырамай, сол күйінде құрып отырады, сөйтіп олардың орныңа жаңа белгілер, қасиеттер сапалар пайда болады. Даму-сапалық емес ,жалғыз ғана сапалық даму. Ескі сапалар құрып, олардың орнына жаңа сапалар пайда болмайды. Даму –бір қалыпты, біркелкі жайбарақат қана дамып отырады.                 Даму процесінде революциялық жолға орын жоқ, даму –эволюциялық жолмен жүреді.                                                                                           Эволюциялық теорияның мұндай қате көзқарасының нәтижесінен бір санада ұшырайтын фактілерді ешбір өзгертпей басқа салаларға көшіруге болады деген жалған ұғым туады. Яғни, дамудың төменгі сатысында пайда болған қаситтерді техникалық түрде дамудың жоғарғы сатысына көшіруге болады. Мысалы төменгі сатыдағы тұрған хайуанаттардың психикалық әрекетін адамға, немесе адамдікін хайуанаттарға көшіруге түсінуге болады деп түсінуге болады. Мұны антроморфизмдік жол дейміз.

Сонымен Дарвиннің эволюциялық теориясы жалпы даму мәселесін, әсіресе психиканың өсіп дамуын, көзқарасын аша алмады дейміз.

Сонымен Дарвиннің эволюциялық теориясы жалпы даму мәселесін, әсіресе психиканың өсіп дамуын, көзқарасын жеткілікті аша алмды дейміз.           Мұны тек диалектикалық материализм философиясы дұрыс жауап берді.         Диалектикалық материализм көзқарасы бойынша, даму дегеніміз жай ғана өсу емес, ол даму кезінде ескі салалар өзгеріп, жойылып, олардың, орнына жаңа салалар пайда болды. Даму бірқалыпты жайбарақат өсіп отырмайды,  өзгеріске секірмелі түрде өсіп дамиды, сандық өзгеріс сапалыққа айналады.

6.Іс- әрекет туралы түсінік Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.[1]

Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзініскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.

Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.

Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады.

Іс-әрекеттің философиялық ұғымының барлық әлеуметтік ғылымдар, әсіресе, психологиясоциологияпедагогика, т.б. үшін маңызды дүниетанымдық және методологиялық мәні бар.[2]

Азаматтардың еркімен пайда болатын заңды фактілер, былайша айтқанда еркін қалауын білдіру. Құқыққа сәйкес келушілікке байланысты іс-әрекет (құқық бұзушылықтар ретінде) заңды және заңсыз болып бөлінеді.[3]

Психикалық іс-әрекет]

Психикалық іс-әрекет - субъектінің объектімен өзара әрекет ету функциясын сипаттайтын ұғым.

Іс-әрекеттік тәсіл]

Іс-әрекеттік тәсіл - социотехникалық жүйелік тәсілді қосып алғандағы детерминистік тәсілдерге қарсы бағытталған және еңбекке жұмысшы бағыттағы, сонымен қоса жұмыс орнынан тыс қалыптасатын да факторлардың ықпал етуін атап көрсететін индустриалды әлеуметтанудағы тәсіл.[4]

7.Адам іс әрекеті құрылысының сипаттама  Адамды көптеген ғылымдар қарастырады: философия, әлеуметтану, этика, эстетика, педагогика,  психология және т.т. әрбір ғылымның өзінің адамды зерттеу пәндері бар. Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: «адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек.

   Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық,  психологиялық,  педагогикалық, әлеуметтік  сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар  бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық  іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі  көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.

   Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі.  Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд  ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.

   Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен  өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.

Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:

1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.

2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.

3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.

   Тұлғаны анықтайтындар қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.

Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.

Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен  көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент,  қабілет,  мінез.

Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.

8.Іс әрекеттің түрлері Іс-әрекет түрі - ерекше қажеттіліктерді қамтамасыз етуге байланысты адамның әрекетінің зерттелетін бірлігі (мысалы, оқу, телебағдарлама көру, тігу, тоқу, ұйқы, т.б.)

9.Қарым-қатынас \іштесу\ туралы түсінік қарым – қатынас тұрлері және функциялары Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратын жағдай. Көптеген ғылым, өнер қайраткерлері осы қарым – қатынас адамдардың мінезі мен психологиялық өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Тіпті кейбір шетел социологтары адамның өзара қатынасын өзгерту арқылы капиталистік елдердегі тап күрестерін жоюға болады дейді. Расында, адамдардың өзара қатынасы тұрмыстық жағдайға, әсіресе, кішігірім топта, ұжымда, жұмыста адамдардың жеке басына әсерін тигізіп отырады. Бірақ, адамдардың қарым- қатынасын тек өмірдегі халі мен күйі әлеуметтік, экононмикалық, саяси,т.б. факторлардың күшті ықпалында болды. Барлық кездесетін қарым – қатынастарды үш түрге бөлеміз: 1. Қажетті қарым – қатынастар (Туған – туысқан арасындағы қарым -қатынас); 2. Міндетті қарым – қатынастар (Мұғалім мен оқушы, дәрігер мен сырқат); 3. Ынтымақты қарым – қатынастар (Жақсы достар арасындағы қарым - қатынастар) Осы қарым – қатынастардың жалпы сипаты іс барысында, жұмыс үстінде көрінсе, оны іскерлік (ресми) қарым – қатынас түріне жатқызуға болады. Ал, оларды тек сезім сипаатынан байқасақ, онда жеке (ресми емес) қарым – қатынас түріне жатқызамыз. Жұмыста болатын қарым – қатынастар адамдардың нұсқауда көрсетілген тәртіпті орындаумен байланысты. Осыған орай, біреулердің тәртіпті, іскер, жауапты деп санаса, оған ризашылдық білдірсе, ал керісінше болса, наразылық сезімдері пайда болады. Іскерлік қарым – қатынастар жеке бас қарым – қатынасына айналуы мүмкін. Сонымен қарым – қатынас ұғымы адамдардың бір – бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс - әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Осындай қарым –қатынас кезінде адамдар бірінен – бірі керекті деректер алады, бірін – бірі дұрыстап қабылдап, түсініп жұмыс жасау үшін бәріне бірдей жоспар жасайды. Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынастың әлеуметтік қызметін теория жағынан екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі әлеуметтік мағынасы бар, қоғамдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Екіншісі, әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынас және адамдардың қажеттіліктеріне байланысты. Әлеуметтік қарым – қатынасқа коллективтендірілген еңбегін жоспарлап, басқару, орындалғанын қадағалап , тексеріп жатады. Қарым – қатынас мазмұнына ғылыми және тұрмыстық білімдер жүйесі, дағдылар мен іскерліктер, адамның өзі, яғни оның сыртқы келбеті, мінез ерекшелігі, өзін - өзі ұстау мәнері, т. б. міндетті топпен , ұжыммен шешу, әрекет, қарым – қатынас пен өзара қарым – қатынас, т. б. жатады. Қарым – қатынас мазмұны қарым – қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым – қатынасының негізгі құралына тіл жатады. Тілдік қарым – қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен қолданылады. Олар: келбет, дене қимылдар, мимика, бейне,т.б. Қарым – қатынас қатысушыларының контингентіне байланысты жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас, жеке адам мен топ арасындағы қарым –қатынас, топтардың өзара қарым – қатынасы болып бөлінеді. Алғашқы бастапқы топта, ұжымда, жеке адамдар өзара қарым – қатынасқа түседі. Осы қарым – қатынас барысында жеке және топтық міндеттер мен мақсаттар шешіледі.Жеке бас топтық қарым – қатынас – бұл бір жағы жеке адам, келесі жағы топ, ұжым болғанда болатын қарым – қатынас. Бұл түрі әсіресе жетекші мен топтың, ұжымның өзара қарым – қатынасы кезінде жақсы байқалады. Өзара топтық қарым – қатынас – бұл екі қауымдастықтың өзара әрекеті. Бұған спорттағы командалық жарыстар мысал бола алады. Қарым – қатынастың үш жағы бар. 1. Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы 2. Интерактивтік жағы 3. Перцептік жағы

10.Адамды адам қабылдаудың психологиялық механизмдері Адам-әлеументтік қатынастармен саналы іс әрекетті жүзеге асырушы, табиғатта кемелденіп жетілген ақыл ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай адамды ғылымның көптеген салалары зерттейді. (Философия, анатомия, физиология, антропология, тарих, педагогика, психология) Әр ғылым адам проблемасын әр қырынан зерттейді. Философия- дүние танымдық, көзқарасын анатомиямен физиология –денесімен жүйке жүйесінің құрылысын оның қызметін, антропология-адамның қоғамда алатын орынын, табиғаттағы өзеге құрылыстар мен байланысын тарих –қоғам өміріндегі қарым қатынасын саралау, ал педагогикалық адам тәрбиесі, оның білім беру жүйесін қарастырып,оның қоғамның белсенді азамат етіп қарастыруын көздейді. Психология-адамның жан дүниесін,сырын, психикасын даму заңдылықтарын, оның жеке қасиеттерінің жеиілуі мен қалыптастыру жолдарын зерттейді. Қарап отырсақ әр ғылым өз бетінше белгілі бір мақсаты көздейді.

     Адамды зерттеуді Р.С.Немов 3 кезеңмен қарастырады:

1.Философиялық-әдебиеттік.2.         Клиникалық. 3.Эксперименталдық.

Жеке адамды зерттеудің философиялық-әдебиеттік кезеңі - ежелгі ойшылдардан  XIX ғасырға дейін созылады.  Адамды зерттеу мәселесі адам табиғатын,   адамгершілігі, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын   қарастырды. Адамға қатысты барлық мәселені, жеке адамға тән деп қарастырылды. Оның биологиялық, психологиялық, мінездік, мәдениеттік т.б жақтары жеке адамға қатысты деп түсінді және ондай түсінік күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Жеке адамды кең түрде талдаудың өзіндік негізі бар. Адамның қажеттілігіне байланысты мейлі тәндік болсын, мейлі жандық болсын тұтас алғанда жеке адамды сипаттайды. Әдебиеттерде, философиялық және әлеуметтік ғылымдарда жеке адамды бұлай қарастырылуын түсінуге де болады. Дегенмен, психологияда мұндай қарастыру тым кең, жалпылық деп саналады. Сондықтан, гылыми - нақты мазмұнды қажет етті.

Жеке адамды зерттеудің клиникалық кезеңі  – XIX ғ. бастауында көрініс берді. Онымен врач-психиаторлар айналысты. Олар жан ауруымен ауыратындардың  өмір сүру тарихын, мінездерін бақылап, оларға диагностика жасау, емдеу және олардың табиғаты туралы кәсіби қорытындылар жасады. Психиаторлардың ең басты назары-дені сау мен ауру адамдар арасындағы тұлғалық айырмашылықтарын белгіледі. Ауру адамдардың тұлғалық ерекшеліктері қалпынан тыс ұлғаюда, дені сау адамдарда ол біркелкі көріністе болды. Экстраверсия, интроверсия, қозу мен тежелу, мазасыздықтар  адамға қатысты. Дәрігер- психиаторлардың тұлға туралы берген анықтамалары дені сау паталогиялық, акценттелген (норманың ең соңғы шегіне сай) тұлғалардың келбеті жөнінде термин берумен шектеледі. Мүндай анықтамалар психотерапиялық мақсаттарды шешу үшін дұрыс болып табылады. Мұндай терминдер психологиялық мақсаттарды шешуге тым қысаң келеді.

  Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ертеден белгілі. Алғашқы теориялардың  бірі  греция философы Аристрах Эпикурдің адам әрекеттері, қылықтары оның сезімдерге туралы, өз тұрмысында жағымды сезімдерді тудыруға ұмтылып, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынуы жөнінде айтады. ХVІІІ ғ француз материалист ағартушылар бұл теорияны  жақтады.  Олар жағымсыз  сезімдерге қарсы шығып, дүниені ең қызығы алаңсыз өмір сүру дүниенің барлық қызық тамашасын көріп қалу, сондықтан жағымды сезімге көбірек ұмтылу керек деп есептеді. Сөйтіп, француздар мұқтаждық туралы физиологиялық теорияға негіз салды. Бұл теорияда, тәнде болатын биологиялық, физиологиялық ағымды мұқтаждықпен байланыстырады. Мұқтаждық адам тәнінде болатын биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды деп есептеді.

Неміс оқымыстысы психоаналистик психоневролог З. Фрейд (1856-1939) сексуалдық теориясында адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға, құмартуға апарып теңейді. Екі түрлі ынтығу бар деп есептейді.

Сексуалдық яғни, жыныстық ынтығу.

«Мен» яғни, өзін-өзі қорғауға ынтығу.

Екінші ынтығу біріншіден кейін пайда болады. «Мен» ынтығуы өзінің өмір сүруіне қажетті ынтығу болып саналады. Фрейд, жыныс құмартулары адам әрекетінің арлық қылықтарын негіз болады, әрі оны басқарады деп есептеді. Адам қажеттіліктері:  материалдық, рухани болып  бөлінеді. Адамда екі түрлі күш бар: биологиялық- ол жыныс ынтығуы; әлеументтік ынтығу. Міне, осы ынтығуларды адам өзін-өзі сақтау инстинкті арқылы оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны дұрыс қолданады, оны әрдайым басқарып отырады және жақсы мақсатқа жұмсайды және мәдени қажеттілік түрін басқарады. З. Фрейдің адам бойындағы белсенді әрекеттің табиғи әрі, биологиялық құбылыс екенін дәлелдеп берудің өзі айтарлықтай жаңалық. болғанымен  оның белсенділік әрекетінің қозғаушы  күші жыныстық қатынастарға сәйкес дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар .  А. Кординер, Е. Формм, К.Хорни т.б. орынсыз деп санады. Олар,  Фрейдтің көзқарасындағы кемшілікті атап айта алмасада, өздерінше «жаңа Фридизм» деген ағымды тудырды. «Жаңа Фрейдизм» ағымы  адам тіршілік еткен ортасыны тәуелді, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санайды. «Жаңа Фрейдшілердің» ойынша тіршілік ортасына бейімделген адам әлеументтен өзінің ғашығын іздейді. Соған ұмтылады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады деп адам белсенділігін асыра дәріптейді.

Философиялық - әдебиеттік және клиникалық тұрғыдан қарастыру кезеңі тұлға мәнін түсінудің алғашқы қадамы деуге болады.

  Адам психологиясының эксперименттік кезеңі - XX ғ. алғашқы он жылдығынан бастап кәсіби психологтар айналысты. Оның қалыптасуына А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел және т.б. үлес қосты. Кәсіби психологтар бұған дейін танымдық процестерді және адам жағдайларын зерттеген болатын. Эксперименттік кезеңде дені дұрыс адамдарды сенімді валидті тестілік әдістерді жасап, бағалады.

Тұлғаны зерттеуде эксперименталдық кезеңі танымдық процесті зерттеуде едәуір жетістікке жеткен кезең. Ол психология ғылымының тұтас мінез актісін түсіндірудегі тоқыраумен тұспа-тұс келді. Үстемдік   құрған адамды  атомдық тұрғыдан   қарау адам психологиясын жекелеген процестер мен жағдайлар тұрғысынан қарауды талап етті.

Адамға эксперименттік тұрғыдан қарауда ағылшын психологі Р.Кеттел ескі негізде құрмай, өзінде жаңа талпыныс жасауда ауру адамды емес, дені сауды және оларға нақты, әрі дұрыс әдісті қолданды.

Адамды экспериментальдық зерттеумен А.Ф.Лазурский, Г.Айзенек, Р.Кеттел шұғылданды. А.Ф.Лазурский тұлғаны ғылыми бақылаудың жүйелі техникасы мен әдісін ендірді. Ол сонымен бірге табиғи эксперимент арқылы дені сау адам психологиясы мен мінезіне қатысты мәлімет алу, қорыту сияқты еңбектер жасады. Г.Айзенек алынған бақылауды математикалық өңдеу процедурасы мен әдісін, құжатты талдау, сауал, т.б. тұлға туралы жинақталған мәліметтер нәтижесіндегі мәліметтермен тұлғаның өзіне ғана тән тұрақты келбетін сипаттады. Г.Оллпорт «Келбет теориясы" деп аталатын жаңа теорияны дүниеге әкелді. Ал, Кеттел Г.Айзенектің әдісін пайдалана отырып, тұлғаға факторлық талдау жасады. Олда барынша нақты факторға негізделген түлға келбетін белгіледі. Ол тұлғаны зерттеудің тестілік негізін дүниеге әкелді. Тұлғаны зерттеу тесті  16 факторлық тестіден тұрды. Бұл тест Кеттелдің атымен  «Кеттелдің 16 факторлық тесті» деп аталды.

11. « Тұлға» ұғымына ғылыми анықтама Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.[1] Философиялық түсінік бойынша[өңдеу]

Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.

Психологиялық түсінік бойынша[өңдеу]

Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.[2]

Тұлғааралық қатынас[өңдеу]

Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.

Тұлғалық белгілер[өңдеу]

Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.

Тұлғаның бағыттылығы[өңдеу]

Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық- эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.

Тұлғаның имплицитті теориясы[өңдеу]

Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі ретінде түсінігін белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның имплицитті теориясы— адамдар туралы мағлұматтар жеткіліксіз болған жағдайда, олардың сыртқы пішіні, қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер туралы теория.

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы[өңдеу]

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын өзінше таңдауы. Тұлғаның үміттену деңгейі — адам үміттенетін мақсат деңгейі.[3]

12.Тұлғаның негізгі параметрі , бағыттылығы және қүрылымы   Адамның белсенділігі, іс-әрекеті ғылыми материалистік тұрғыда қарастыруында белсенділік әрекеттердің адамның қажеттіліктерін  қанағаттанумен ұштасады.

Тұлға белсенділігі-адамның материалдық және рухани мәдениеті меңгеруде қоғамдық мәнге ие болған  бағдарлы шығармашылығында, еріктік актілерде, қарым-қатынастағы қабілеті. Тұлға белсенділігі адамның белсенді өмір позициясы арқылы идеалық принципшілдігі, реттілігі, көзқарасы, сөзбен іс бірлігінде көрінісін айтамыз.

  Қажеттілік – ол адам белсенділігінің негізгі себебімен іс -әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалында қалыптасып, адамның материалдық, рухани қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық даралық сипатқа ие болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әр түрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған байланысты, мақсатқа жету үшін түрткілер де өзгеріп отырады. Жеке адамды қандай болмасын белгілі бір әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш-қажеттіліктер. Қажеттіліктерде тоқталып өттік.

   Қажеттілік тетік белгісіне қарайтабиғи және рухани-мәдениет болып бөлінеді. Ал, сол заттарды ұстап тұтынуына қарайматериалдық, рухани қажеттіліктер болып бөлінеді.

   Рухани қажеттіліктер түрлі рухани құлдылықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Адамның айналасындағы қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырыруымен адамның түрлі ерекшеліктері дамып, өзгеріп отырады. Ол өмір сүру процесінің барысында және оқу-тәрбие процесінде шешуші роль атқарады.

 Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады.

  Жеке адамның өмір бағытын көрсететін құрамдас бөлімдері (компонентер) көп. Соның бастылары: қажеттер, мотивтер, қызығулар, бейімділік пен дүние таным мен сенім, мұрат пен талғам.

  Себептер-қазақша түрткі немесе себептер дейміз. Бұл қажеттілікті өтеуге талпындыраты түрткілер болады. Қандай болмасын обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген немесе оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.

  Қызығулар-адамның шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, сол қажеттіліктерді сезіп, соны білуге, түсінуге деген жан еліктіріп, сезім тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі-«Бұл не?» дейтін рефлекс. Адамда сан алуан қызығулар болуы мүмкін.  Қызығулар мазмұны мен бағытына қарай:материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық. т.б. болып келеді.

  Ал адамда қызығулардың болмауы немесе оның көмескі болуы оның өмірін мазмұнсыз етеді. Қызығудың мазмұнды, әрі ауқымының кең болуы-оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз аданың рухани өмір дамымайды. Қызығу пәрменді белсенді болу үшін баланың тікелей әрекеттерімен айналысу қажет.

  Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі-адам дүние танымы мен сенімі.

  Дүниетаным-адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Ақиқат дүние заңдарын дұрыс түсінетін, әрі ғылыми негізделген дүниетаным ғана адамға дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанаттын адамдардың дүниетанымы мейлінше рекцияшыл болады. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты бұрмалау-пессимистік (кертартпа) дүниетаным белгісі. Адамның алдына қойған мақсатының болуы, дүниетанымның өміріне байланыстылығы сенімдік тудырады.

  Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Сенім нақты іс-әрекет пен тәжірибеге байланысты. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қосқанатындай, адамның ең асыл қасиеті болып табылады. Берім сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлықта болмайды. Сенім қалыптаспаған адамның шындықтың жай – жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді.  Оны өмір толқыны біресе онда, біресе мұнда соқтырады да мінез-құлықты көлденеңнен кез-келген кездейсоқ жағдайлар билеп келіп отырады. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де жойылады.

Сенім-тұлға өзінің құндылық бағдарлылығына байланысты саналы қажеттілігін жүзеге асырудағы әрекетіне лайықтануы. Қажеттілік мазмұны сенім формасында көрінеді, соған орай табиғатты және қоғамда түсінуде белгілі бір көрінісін береді. Сенім-тәжірибелік әрекет. Сенім арқылы коммуникативтік әдіс арқылы өзге адамдардың санасының қалыптасуына ықпал жасалынады.Сенім әдісінің негізінде-тұтас функционалдық міндетке байланысты таңдау, фактіні логикалық жүйелеу мен қортындылау құралады.

Мұрат- жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттердің бірі.  Бұл-адамың өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді артық тұтып,  қастерлеуі. Адам осыған жету  үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат дүние танымы, сенімі айқын, сөз бен істің байланысы бар жерге ғана болады.

  Талғам-бұл да жеке адамның психологиясында елеулі орын алатын қасиет. Бұл жоғарыда аталған барлық компанент түрімен байланысып жатады. Талғам адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі елеулі әсер етеді. Дұрыс талғам жүйесі жақсы тәрбие жемісі.

  Бағыт-бағдар-адамның жеке арманы, құмарлығы әрекеті оның даралық қасиетіне тән психологиялық ерекшелігі. Адамды тану үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Кемшіліктегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу, оған ұмтылу жеке-адамның бағыт-бағдарын білдіреді.

Тұлға бағыттылығы - ол тұлғаның іс-әрекетті орындаудағы бағдарлығында, қандай да бір ситуациялық жағдайда болуына қарамастан көрінетін тұрақты себептер жиынтығы тұлға бағыттылығы көрінетін тұстары.

  Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманисттік қоғам мүддесімен  үйлеседі. Адамның  кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды» деген жеткіліксіз. Өйткені адамы ниет тілегі мен ынтасын үнемі өзгеріп, дамып күрделіленіп отырады.

13.Тұлға мәселесін зерттеу кезеңдері Тұлғаның даму  кезеңдері Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық  сипаттамалар жүйесінде алынған  нақты адам.  Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді.  Адам  тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады  деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы  қандай заңға бағынатыны жөнінде  көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының  әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін); 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас); 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы);  5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы); 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы); 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы); 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары). Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен.   

14.Топ және ұжым туралы ұғымдарға сипаттама Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз. Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді. Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру. "Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар. Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады. Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады. Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци. Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс. Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс: 1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.  2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.

15.Топ дамуының сипаттамалары Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. ұлттың бүгіні Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі 12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала Сондай-ақ, балаларды мектепалды даярлықтан өткізу барысында оқыту мен тәрбиелеудің Бірінші міндет: әлеуметтік дамуда баланың үлкендермен қарым-қатынасы және өз Екінші міндеті: танымдық даму барысында мына міндеттер ерекшеленеді: айнала Үшінші міндеті: әсемдік даму «эстетикалық» барысында өмірге деген құштарлық Төртінші міндеті: дене тәрбиесі дамуында салауатты өмір салтын қалыптастыру, Қазақастан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруде дамытудың мемлекеттік Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5 - 6 жастағы 1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.  Бала дамуындағы тұқым қуалаушылықтың ролі.  И. П. Павловтың ілімі бойынша, даму – ішкі және Даму - өте күрделі процесс. Баланың дамуына үш негізгі Тұқым қуалаушылық – жас ұрпаққа ата-аналарының бойындағы биологиялық ұқсастығының Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде — Демокрит, Бұдан кейін Ч.Дарвиннің пангенезис теориясы маңызды орын алады. Бұл Адамның міңез-құлқының тұқым қуалаушылық программасы адамзат тұқымын жалғастыра түсу, Бала өзінің әрі қарай дамуына қажетті алғышарттармен туады. Мұндай И.П. Павлов ілімі бойынша балада көптеген туа біткен инстинктер Баланың инстинкті жануарлар төлінің инстинктіндей дайын, қалыпты әсер түрінде Туа біткен икемділік өзгеріссіз қалмайды. Өзгергіштік – адамның жоғары Педагогика тұқым қуалаушылықтың ролін жоққа шығармайды, тұқым қуалаушылық арқылы 1.2. Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекші ролі.  Орта деген ұғымға стихиялы түрде балаға ықпал ететін әр Адамның психологиялық дамуы оның анатомиялық-физиологиялық дамуы негізінде мидың дамуына, Балалар айналасындағы ортаны, дүниені ересек адамдардың басшылығымен танып-біледі. Тәрбиеде Баланың мінезі де қоршаған орта мен айналасындағы адамдардың ықпалы, Кейде балаға ашуланшақ мінез биологиялық жолмен ауысуы да мүмкін. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын Олай болса, адам мінезі әлеуметтік ортадағы, отбасындағы тәрбие үстінде Балаланың туа біткен нышандарын тәрбие арқылы дамытпаса, ол бірте-бірте Нышанды дамытып, талантқа айналдырудың екінші бір жағы – жұмысқа Тәрбие бала денесінің дамуына да мәнді ықпал етеді. Мысалы: Тәрбиенің тиімділігі баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін білуге байланысты. Өйткені Кейбір талант ерте танылады. Мысалы: Австрия композиторы В. А. Кейбір баланың қабілеттілігі өте кеш көрініс табады. Мысалы, неміс Баланың дұрыс дамуына қоғамдағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруы, Қорыта келгенде, тұқым қуалаушылық жолымен ауысқан биологиялық ерекшеліктер адамның

16.Топ және ұжымдағы тұлға аралық қатынастардың ерекшеліктері Ұжымдағы  көңіл-күй  мен  қоғамдық  пікір, эмоциялық күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-психологиялык, климат-пен айқындалады. «Психологиялық климат», «әлеуметтік-психологиялық климат» немесе «микроклимат» ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар.

Географиялық климат сияқты мамыражай әлеуметтік-психологиялық климат адамның осындай климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық және кәсіптік қатынас-тарда өзін жан-жақты таныта алуын білдіреді. Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмүндық сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жьшы шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек көңілді /мажырлы/ екпінге баса мән берген.

Әлеуметтік-психолоғиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-өрекет пен өзара катынас процесінің силатын танытатын ұжымның сезімдік-психологиялык жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынандай негізгі қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның елеуметтк-психологиялық климатының топтастырушылык қызметі ұжым мүше-лерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталан-дырушылык кызметі педагогикалық әрекетгің қолдануына қажетті ұжымның «эмоциалдық күш-қуатын» қалышастыруға байланысты. Тұрақтандырушылық қызметіұжым ішілік тұрақтылығын қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт жасайды.

Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда, ұжым мүшелерінің төртібіне баға беруде керінеді.

Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде. Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса, ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы сипатгамасына баса мән беріледі.

Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:

ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі мен нәтижесіне қанағаттануы;

ресми жөне бейресми жетекшілердің беделщ мойындауы;

ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;

ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-езі басқаруға

қатысуының жоғары деңгейі;

ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшыл-дығы;

сапалы тәртіп;

еңбектің өнімділігі;

кадрлардың тұрақтылығы.

Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға болады.

Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық, селқостык нсмесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі ұнжыргасы түсіп, қағажау көреді, бұл жағдай оның көсілтік қызмстінің існдеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа ұжымға ауысуына апарьш соғады.

Кең көлемдегі кәсіптік-педагогикалық міндеттерін аткара жүріп мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді. Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан, соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілғен бағаны түсінуте бейім. Жағымды баға педагоггы ынталандырады. Жағымсыз бага өзінің қызметін, кәсіптік позициясын. өзгелсрмен қарым-қатынасын қайта қараута негіз бплады. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара сынастық, принцииті, талапшыл және тілеулестік сипатта болуды талап етеді.

Әлеуметтік-психологиялық климаттың тұлғаға ықпал жасауының механизмі еліктеуден — өзге адамдардың сезімін, ойларын тікелей қолдану, пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз әріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілері оньщ психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен сәйкес келетін, келмейтіндігін салыстыруға бсйім. Үзақ уақыт бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін едәуір жеделдетеді. Өз өріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайдан шығудътң оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді.

Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы климатқа ықпалынан түрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске жауапкершілікпен қарайтын, төртіпті, кепшіл, қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.

Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық, сезімдік және мінездерінің жігерлілік елгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген педагоггардың танымдық белсенділігі, өнер тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологиялар іздестіруге үмтылады. Жігерлі педагог-жетекші соңынан өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, одда табысқа жету қиын емес.

Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-психологаялық климатына ықпал жасайтын негізгі әдістері — кезін жеткізу, сеңдіру, жске үлгі көрееіу. Көзіыжеткізу адамдардың бағасын, пікіріи, қалыптасқаи мінез-құқық нормалары мен ережелерін нақты адамнын — көз жеткізетін тұлғаның түсінігіне сәйкес өзгертуге бағытталады. Осы жағдайда көз жеткізуші факторлардың қуатын, қисығымен дәлелді пайдалану, тек ақыл-ойға ғаня емес, әңгімелесушінің сезіміне де әсер етеді.   Сенліру процесінде бір адамның екінші адамға немесе тұтас ұжымна әсері ырықты немесе ырықсыз түрде іске асады, Ұжымдағы жағымды әлеуметтік-психологиялык климаттың қалыптасуынсыз жеке тұлғаның жасайтын ыкпалының тиімді әдісі жеке үлгі көрсету болып табылады, Ол үлгі адамішң ез еңбегіне, әріптестеріне. ұжымдык пікірге қатынасы болуы мүмкін. Үлгі барлық кезде де нақты, ол әрекет пен мінез-құлықтың үлгісін береді, көңілдегі мен өмірдегіні салыстыруға мүмкіндік береді.

Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардын қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе «климаттык ауытқуды» атауға болады. Әлеуметтік-психологиялык келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын карама-қайшыльщтын шиелешсіл кетуі ретіндв қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде болады.

Келіспеуиііліктер әртүрлі себептердің саддары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралык келіспеу-шіліктер бірлескен педагогикалық әреқет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына бапланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасыңдағы іскерлік сипаттаіғы байланыс болуы мүмкін.

Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеу-шіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ — кесіптік-педагогикалық әрекетті максатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұгалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды. Екінші педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-қүлық псн іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің оір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, көсіптік этика нормаларының бүзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық түрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.

Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің бірізділігінен түрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шсічімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушілікті    алтын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы ткіс, сондықтан ол ксліспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қальштасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс.

Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшслеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол    араласуды чгектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсштік келіспешшіліктер енбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін өзгерту, .мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ал тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушілікті жою күрделі сынаққа алады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердін өмір сүруін мойындататындай шешім қабылдайды.

17.темперамент туралы түсінік Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. [

18.Тепмперамент түрлері Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады

19.Темпераменттің физиологиялық негіздері Темпераменттің физиологиялық негізі – жүйке жүйесінің жалпы типі болып табылады. И.П. Павловтың пікірінше, темпераменттің физиологиялық  негізінде қозу мен тежелу процестерінің қасиеттері:  қозу, мен тежелу күші, олардың  тепе — теңдігі және қозғалымпаздығы жатыр. И.П. Павлов қозу күші мен тежелу күшін жоғары жүйке жүйесінің бір-бірінен тәуелсіз қасиеттері ретінде бөліп қарастырды. Қозу күші жүйке талшықтарының жұмысқа қабілеттілігін бейнелейді. Тежелу  күші тежеуді жүзеге асыратын жүйке жүйесінің қызметі.

Жүйке процестерінің тепе-теңдігі қасиетін қарастыра отырып, И.П. Павлов қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдігін көрсетті. Егер қозу немесе тежелу процестерінің бірі басым болса, адам ұстамсыз болады. Жүйке жүйесінің келесі қасиеті – жүйке процестерінің қозғалымпаздығы – бір жүйке процесінің екіншісімен алмасу жылдамдығы.

Павлов жіктеген жүйке процестері  жүйке жүйесі деп аталатын белгілі  комбинацияларды қалыптастырады. Бұл тип индивидке тән негізгі жүйке жүйесі қасиеттерінің жиынтығынан құралады – күштер, тепе-теңдігі мен қозғалымпаздығы, қозу және тежелу процестерінің сәйкестігі.

И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады.  Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.

Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;

Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;

Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.

Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші  де әлсіз тип.

20.Мізез туралы ұғым мінез құрлысы Жануарлардың жеке-дара және топтық мінез-қылығын, тіршілік қалпын зерттеу, балық өсіру, құс, аң, мал шаруашылықтарын дамыту, құстардың жылы жаққа қайту кезінде әуеде ұшақтармен қақтығысып қалуын болдырмау сияқты аса маңызды шараларды сауатты түрде іске асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, жылына 2 рет орын ауыстырып ұшатын жыл құстары ұшақтар ұшатын әуе жолдарына шығып, елеулі қауіп туғызады.

Қазір 35 елде авиациялық-орнитологиялық қызметпен шұғылданатын комитеттер, басқа да ұйымдар бар. Олардың қолында топтасып тіршілік ететін немесе топтасып ұшатын құстардың мінез-қылығын зерттеп, соған сәйкес жасалған радиолокатор сияқты қуатты техника бар. Осындай техниканың көмегімен әуе жолындағы құстардың топтарын тауып, оларды үркіту арқылы ұшақтың әуе жолын тазартады.

Құстардың топтасып ұшу кезіндегі ұшу бағыттарын бағдарлай тын сезім мүшелерін, олардың бағдарды анықтаудағы рөлін зерттеп, нысандарын жасанды түрде өзгерту арқылы да құстардың ұшу бағытын өзгертеді. Мысалы, қараторғай, ұзақ, шағала сияқты құстардың қауіп-қатерді сезген кездегі шығаратын шартты дыбысын арнайы аспап арқылы қайталап, үркітумен бау-бақшаны, егістікті, балық шаруашылығын, саябақты қорғайды... Дегенмен бұл жұмыс нағыз ғылыми негізде дұрыс жолға қойылған деу қиын. Жыл сайын әуе жолдарында 4000-ға жуық ұшақ құстармен соқтығысады екен. Көп жағдайда құс ұшақтың моторына түседі де, оны істен шығарады. Ұшақ кейде ебін тауып қонғанымен, жаңағы моторды жөндеу құны миллиондаған теңге шығын әкеледі.

Сол сияқты балықтардың, құстардың, сүтқоректілердің түрлерін жаппай құртып алмау үшін адам олардың аулау мерзімін жақсы білуі керек. Мысалы, теңізден тұщы суларға қарай өрістеп келе жатқан бекіре балығын аулауға тыйым салынады. Ұя салып балапан шығару үшін туған жеріне топ-топ болып қайтатын жыл құстарын дәл осы мерзімде ауламайды.

Ал арқар, марал, тау ешкісі, түлкі және осылар сияқты аңдарды буаз кезінде аулауды біздің халық «үлкен күнә» деп есептеген. Бұған заңмен де тыйым салынған.

Әрине жануарлардың топтық мінез-қылығының әлі де толық зерттелмеген, ашылмаған сыры көп. Мысалы, жұмыртқаны тауық мекиені басатынын жақсы білеміз. Ал кейбір жабайы құстардың қораздары ұя салумен, жұмыртқа басып, балапан шығарумен, балапандарды өргізіп, оларға қамқорлық жасайтынын көпшілік біле бермейді. Мысалы, жұмыртқаны түйеқұстың (эму) қоразы 2 айдай басады. Бұл кезде ол қоректенбейді.

 

Дегенмен ұя басып, балапан өргізу негізінен мекиенінің міндеті. Көптеген құстардың қораздары ұя орналасқан аумақты «жан аямай» қорғайды, ұяда жатқан мекиенді, балапандарды қоректендіреді. Мысалы, тамаша әнші құс – бұлбұлдың қоразы балапандар жұмыртқадан шыққан соң оларды тек өзі ғана қоректендіріп, олар ұядан ұшқанға дейін мекиенімен бірге тұқымтоп болып, ұрпағына қамқорлық жасайды. Оларды сайрауға үйретеді, ұшуға баулиды.

Қараторғайдың мекиені балапандарын ұядан шығарған соң, өзі келесі ұрпағын шығаруға қам жасап, жұмыртқа сала бастайды. Ал қанаты бекіп қатаймаған, бірақ ұяны тастап шыққан балапандарды қосымша қоректендіріп, оларға қорек іздеуді қораз үйретіп баулиды. Егер осындай кезеңде қораздарды аулап құртса, қаншама балапан қиындыққа душар болар еді. Тіпті ашығып қырылып та кететіні сөзсіз.

Міне, жануарлар әлемін қорғауда олардың бұл сияқты биологиялық мінез-қылық ерекшеліктерін білудің пайдасы зор

21.мінездің қалыптасу заңдылықтары Мінездің дамуы мен қалыптасуы Шетел психологтарының көптеген өкілдері мінез туа бітіп, оның дамып қалыптасуы нәсілдік заңдылыққа тәуелді болады дейді Психолог Маслсу А.: “Адамның тағдыры оның ата тегімен болады, ешкім өзінің жаратылыс үкімін өзгерте алмайды” — дейді. Неміс психологтары Энке және Гонштальд бір жұмыртқадан пайда болған, адам туғаннан кейінгі дамуы мен кісілік қасиеттерінің қалыптасуын бақылап, мынадай қорытынды жасаған:

“Нәсілдік пен өмірден алатын ерекшеліктері 2/1 “пропорциясында болады” — деген. Яғни адамның кісілік қасиеттерінде нәсілдік жағы екі есе артық деген сөз. Дегенмен бұл психологтардың тұжырымы шындыққа жаққындау деуге болады.

Швейцар психологі Бобен: “Нәсілдік баланың кешегі ортасы, ал қазіргі кезең -нәсілдің ертеңгі күні” — дейді. Тіпті баланың бір жылға жақын шешесінің құрсағында болып сыртқы ортаның ықпалын алатыны айғақ.

Совет психологтары мінездің дамуыу өмір жағдайларымен, тәрбиемен байланыстырады, жеке адамның ортамен қарым-қатынасында екі шешуші фактор болады. Бірі өмір жағдайларының адамға жасаған әсерлерінің ерекшелігі, екіншісі адамның өз басының белсенділігі. Кейде адамды қоршаған орта оның дамып, өніп- өсуіне қалайсыз, тіпті тосқауыл болуы да мүмкін. Бірақта осындай ортадан адамның жеке басының белсенділігінің арқасында қиыншылықтармен тайсалмай қажырлы куресіп, жеңіске жету нәтижесінде тамаша кісілік қасиеттері бар азамат қалыптасады. Осыған орай көптеген ғұлама ақын иелерін атап өтуге болады.

М.В. Ломоносов. М. Горький, Н. Островский, С. Мұқанов, Чарли Чаплин- осылардың бәрі өмірдің қатыгез қиыншыльщтарын басынан өткізіп, бірақта оған мойымай, кажырлы, табанды күресіп, жеңіп, барысынша шынығып, жаппай жұртқа үлгі болатын кеменгерлік тұлғаға айналды. Дегенмен әлеуметтік ортаның адамның мінезінің дамуы мен қалыптасуына жасайтын ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Ол туралы пікір өмір мектебінен де, жазылған кітаптардан да көптеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен Абайдың “Болыс болдым мінекей…” өлеңіндегі сол уақыттағы байлардың мансапқорлығы, ата-құмарлығы, озбырлығы, менмендігі тағы басқа жағымсыз мінез құлықтары жиі экерленеді. Әрине, байлардың бәрі осындай деген түсінік емес. Бірақ сол мастанып, бар білгені болыстықты арман еткендері болғаны шындық. Мінездің дамып, қалыптасуы баланың өмірге келіп туысымен басталады деген пікірді көптеген ғалымдар растайды. Осыған орай А.С. Макаренко өзінің “Балаларды тәрбиелеу атты лекциялар” атты еңбегінде халық ауызындағы тәрбиелік маңызы бар мынадай әңгімені келтіреді. Бір жас әке парасатты, көпті көрген кемеңгер адамға сұрақ қойыпты: “Өмірге келген менің балам бар. Қай жастан оны тәрбилей бастаған дұрыс?” Сонда кеменгер жас әкеден сүрапты: “Балаң неше жаста?” Ол: “Туғанына алты ай болды” — депті. Кемеңгер түрып; “Ендеше тәрбие беруден алты ай кеш қадың. Күнделікті өмірде осы сөздердің шындығына көзіміз жетіп жүр. Кейбір ата-аналар бала екі үш жасқа келгеннің өзінде ол сәби ғой, түсінігі жоқ, өсе келе ақылы кіріп, адам болып кетеді ғой деген философияны бетке ұстайды. Сөйтіп баланың ойына келгенін жасатып, оның кейбір қылықтарын қызықтап, соған байланысты есерлік мінез-құлыққа итерлегенін аңдамаи қалады. Өсе келе мұндай баланың мінезінде дөрекілік, өзімшілдік, қатыгездік басым келеді. Мектепте тәрбиелеудің орнына осындай балаларды қайта тәрбиелеуге мәжбүр етеді. Сөйтіп оқу-тәрбие жұмысында көптеген қиындықтар пайда болады, өйткені адамның әдеті оның екінші табиғаты, ол табиғаттағы кемшіліктерді жоқ қылу қолдан келе бермейді.

От басы тәрбиесінің басты факторы ондағы ата-анасының мінез құлқындағы жасайтын үлгісі халық: “Ұяда не көрсе ұшқанда соны жасар”- деп тегін айтпаған. Орыс халқының ұлы педагогі

Қ. Д. Ушинский: “Мінез мінезбен тәрбилейді” — деген болатын, ал біздің атақты совет педагог А. С. Макаренко: “Ата-аналардың балалар алдындағы беделінің басты негізі олардың өмірі мен жұмыстағы қызметі, адамгершілік қасиеттері, олардын мінез-құлқы” — дейді. Осыған орай отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің көбісін ол ата-аналардың балалар алдындағы беделінің көріністерімен байланастырды. Ол көріністерді А.С. Макаренко “ақылтойысу”, “жазалау”, “даңдайсу”, “жақсы көріну”, “алдап қызықтыру” т.б. беделдердің түріне жатқызып, өте орынды терең мағына беріп өтті.

Осы жалған беделдердің әрқайсысы балалар мінезінің жағымсыз көріністерінің пайда болуына себепкер болады. Мәселен ақылгойшы ата-аналар балаларының кемшілік жағын көруге дағдыланып, қия басқан сайын ақыл айтып, сөйлеп оларды мезі қылады. Осының салдарынан балалар үлкен кісінің сөзін жүре тыңдап, құлақ аспай, тіпті керісінше қылық көрсетуге бой ұрады. Сөйтіп кісіге деген сенімсіздік, қырсықтық, дөрекілік мінез бітістері көрініс бере бастайды. Баланың ынжық, жасқаншақ, жалтақ болуы ата ананың “жазалау” беделімен байланысты. Ал менсінбеушілік, күндестік, безбүйректік, өркөкіректің беделі бала мінезінде ата-ананың “даудасқанынан” пайда болады. “Жақсы көріну”, алдап қызықтыру” беделдерін басшылыққа алған ата аналар балаларын “мен саған, сен маған” моралін өмірде жетекші принцип жасауға итермелейді. Ал бұл принципке жүгінген адам дүниеқор, алдамыш, қатыгез, пайдақор келеді. Оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады. Мәселен бір адамның жарқындығы мен ашықтығын байқасақ оның басқаларға деген жақындығын, ақкөңілдігін, ылтипаты бар деп есептейміз. Мінез бітістерінің төрт жүйесін айырамыз: 1. Ұжымға жеке адамдарға қарым-қатынасы бар бітістер (ақкөңілдік, ізеттілік, сыпайлық, талапқоюшылық және т.б.) 2. Еңбекке қарым-қатынасы бар бітістер (еңбексүйгішілік, жалқаулық, жауапкершілік) 3. Өзіне қарым-қатынасы бар бітістер (атаққұмарлық, өзімшілдік жөне т.б.) 4. Заттарға қарым-қатынасы бар бітістер (үнемшілдік, тазалық, ұқыптылықкөрсе қызарлық, т.б.) Мінез бітістерінің ішінде өзекшілері болады. Олар әлеуметтік тұрмыстың әсерімен қалыптасады. Мәселен “ұжымдық мінез ұжым арқылы және ұжым үшін” тәрбиелеудің нәтижесі іспеттес. Сондай-ақ белгілі тарихи дәуір тұғызған типтік мінез болады. Ондай мінез осы типке жататын жеке адамның басын сипаттайды. Мәселен, белгілі бір ұлтты адамдары сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру жағдайлары мен ұлттың, тұрмыстың өзіндік ерекшеліктерін нәр алады, ұлттық тіл мен мәдениет ықпалымен дамиды, қазақ азаматының жеке басындағы ұлттық ерекшеліктеріне оның кеңпейілдігі, қонақ-жайлығы, ағайыншылдығы т.б. бітістері жатады, бұлқынысына әлде бір қалыпты болуына қатысты келеді. Сондай ақ темперамент шыдамдылық және төзімділікті талап ететін қабілеттен байқалады. Бірақ мінез де темпераментке әсерін тигізіп, тіпті оны бүркемелеу мүмкін қалыптасқан әдеттен дағды, мінез бітістері темпераментке ықпалын тигізіп мшез-құлықты өзгертеді. Осыны ескерш И.П.Павлов керенау Флегматиктерден белсенді флегматиктерді ажыратқан. Содай-ақ сангвиниктердің бірі істе белсенділік көрсетсе, екіншілері әбігер, бас сөзді, той-дағазаға құмар келеді. Сөйтіп мінез бен темперамент өзара қатынасын біріне-бірі әсерін тигізіп, өзгерістер жасап отырады. Бірақ темперамент мінезге қарағанда өзгерістерге өте аз беріледі, өйткені нерв типтерінің қызметтерінің көпшілік ерекшеліктері туа бітеді. Соған қарамастан өмірдің талқысы темпераментке де ізін қалдырмай қоймайды.

22.Қабілет туралы ұғымұа сипаттама Қабілет түрлері Қолайсыздану жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаз болып Ой-өрістің жоғарылығы; Шығармашылық және тиімді ойлау, өз ойын айту, пікір айту; Қатынас пен белсенділік; Қозғалғыштық; Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда, оқушы жанындағы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік Баланың жеке ерекшеліктерін анықтап алған соң, оларды дамыту жұмыстары білім дәрежесі; мақсаттылығы; сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы; оқу бағдарламасын қажетіне қарай өзгерте білуі; ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі; ата-анамен байланыс жасап, кеңес беру;  Əрқандай iс-əрекетке байланысты адам қандай да қызметтi орындауы қажет Мұндай дара психологиялық ерекшелiктер мiндеттi түрде, бiр жағынан, өзiндiк Нақты көрiнетiн бiлiм, ептiлiк жəне дағдылар қатарында қабiлет адамның Осыдан, қабiлет - бiлiм, ептiлiк жəне дағдыларды игерудiң мүмкiндiк Бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың игерiлуiмен олардың қабiлетпен тiкелей байланысы Сонымен, қабiлет бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардың өздерiнде көрiнбей, танып Нақты қабiлеттер қатарына жалпы қызмет бабында iске асатыны ғана Адам қабiлетiндегi айырмашылық iс-əрекеттiң нəтижесiнен, яғни оның сəттi не Iс-əрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуi үшiн қабiлет, қызығушылық, бейiмдiлiктен Адам қабiлетiнiң даралық ерекшелiктерiне дарындылық, шеберлiк, талант, данышпандық, шабыт Дарынды адамдарға тəн қасиеттер: зейiндiлiк, жинақылық, тұрақтылық, əрқашан қызметке Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Дарындылық дəрежесiнiң артуы қажеттi бiлiмдер мен ептiлiк, дағдыларды игерiп 1) оқу материалын шəкiрттерге түсiнiктi күйге келтiру;  2) оқушы көңiл-күйiн қалтқысыз тану;  3) жұмыста шығармашыл болу;  4) балаларды өз еркiне көндiре алу;  5) балалар ұжымын бiрiктiруге қабiлеттiлiк;  6) сөз мəнерлiгi мен мазмұндылығы;  7) сөйлеу көркемдiлiгi мен нанымдылығы;  8) педагогикалық əдептiлiк;  9) оқу материалын тұрмыспен байланыстыра алу;  10) шəкiрттерге қаратылған байқағыштық;  11) педагогикалық талапшаңдық (Ф. Н. Гоноболин). Қабiлеттер өз деңгейлерi мен ауқымы жағынан ажыратылады. Нақты iс-əрекет Алайда, бұл шеберлiктiң дайын ептiлiктер мен дағдылар бiрлiгiнен туындайтынын Əрқандай кəсiптегi (мұғалiм, дəрiгер, ұшқыш, спортшы т.б.) шеберлiк кез Шеберлiк деңгейi - өзгермелi, дамудағы құрылым. Iс-əрекет барысында адамның Адам қабiлетiнiң ерекше даралық сипатын көрсететiн психологиялық құбылыс -талант. Таланттың оянуы тiкелей қоғамдық болмысқа тəуелдi. Қай бағыттағы дарындылықтың Талант - көптеген қабiлеттердiң байланысы, бiртұтастығы. Өте жоғары дамыған, Қабiлеттердiң даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейi – данышпандық Адамның шығармашылық iс-əрекетiнiң аса табысты болуына себепшi рухи көтерiңкiлiк Шабыт пен еңбек - екеуi егiз, бiр-бiрiнсiз асамайды. Осыдан, 1.2. Қабілет туралы ғалымдардың теориялары Адам қабiлеттерiнiң табиғаты осы күнге дейiн ғалымдар арасында қызған Кез келген әрекеттің орындалуының табыстылығы қандай да болмасын әр Қабілеттің екі түрі бар: 1. Жалпы қабілет.  2. Арнайы қабілет. Арнайы қабілеттер адамның іс-әрекетінің жеке арнайы салаларындағы жетістіктерін анықтайды. Табиғи қабілет әсіресе жоғарғы, адамдар мен хайуанаттар үшін ортақ Бұл арнайы адами қабілетті жалпы және арнайы жоғары интеллектуалды Жалпы, қабілетке сан түрлі әрекеттер түрлерінде адамдардың табыстарын анықтайтындарды Біз адами қабілет қатарына адамдармен өзара әрекеттесуі қарым-қатынасында айқындалынатын Қабілетті жалпы және арнайы деп бөлудің сыртында теория-лық Қабiлеттердiң нəсiлдiкке тəуелдiлiгi туралы ғылыми зерттеулер əр адамның қабiлетiн Қабiлетiне байланысты нəсiлдiк идея Франц Галльдың "Френология" (phrenos -ақыл, Арнаулы зерттеулер негiзiнде əрқайсысы белгiлi дара қабiлетке сай келетiн Солай да болса Ф. Галль ұсынған мидың мекендiк қызметi Бұл қатарда аса белгiлi болған немiс музыканттарының тобын ұлғайтқан Осындай ғажайып қабiлет кұбылысын қазақ əн-күй өнерiн дамытуда көзге Жоғарыда аталған тұқым қуалаушылық идеяларына тiкелей қарсы шыққан ғалымдар

23.Адам қабілетінің табиғаты Ол – адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор. Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұ-рлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», - деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.  Қабілеттілікті қалай таниды? Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - депті. Ол рас. Сол себепті әрдәйім өз ісіңе сын тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет. Сірә, сондықтан да шығар, Дельфий храмында: «Өз бойыңа өзің үңіл» деп жазылып қойыпты. Мұны психологтар көпке дейін айтып та, жазып та жүрді. Мұнан туатын қорытынды: әрбір адамның өмірдегі бағыт, бағдары да, іс-әрекеті де, бәрі-бәрі өзінің бойына үңілуден басталады. Қабілеттілік – адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шарты- на айналады. Қабілет-тілікті анықтайтын қаси-еттер: сезімталдық, бай- қағыштық, аңғарымпаз-дық, зеректік, ойлампаз-дық, көрегендік, зерделі-лік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т.б.), топшылауға бей-імділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме – жоқ па, білу қиын. Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбек-кер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз». Қабілеттің дамып,  қалыптасуы Бұл үрдіс әртүрлі деңгей-де өрістеп отырады. Он-ың алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады. Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат.  Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады. Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ. Қабілеттілікті  жіктеу 1. Адамның кәсіби қызметінің түрлеріне қарай: инженерлік қабілеттілік, ғылыми қабілеттілік, көркемдік қабілеттілік.  2. Адам психикасының үш түрлі қызметіне қарай: коммуникативтік қабілеттілік, регулятивтік қабілеттілік, танымдық (когнитивтік) қабілеттілік. Іштей сарапталуына қарай танымдық қабілет-тіліктің өзі мынандай түрлерге бөлінеді: білімді жинақтау (оқып-үйрену), білімді түрлендіру, жадта сақтау (шығармашылық, яғни креативтік), білім-ді қолдануға қажет интеллектуалдық қабілет-тілік. Қабілеттің  дамуындағы  нышандар Қандай бір қабілеттің дамуында нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны – адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, «нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерек-шелігі», - деп тұжырым жасайды.  Ұл мен қыздың бәрі бірдей әке- шешесіне, ата-әжесіне тартып, солардай қабілетті болмағанымен, ата-тегіне тартатын да жақтары болады. Мұны тұқым қуалау дейді. Жалпы, тұқымға тарту-ағзаның белгілері мен қасиеттерін ауыстырып отыратын өзіндік тұқым қуалаушылық өлшемі болып табылатын гендер арқылы өтетін құбылыс. Белгілер мен қасиеттер тура атадан балаға өтпегенімен, тұқым қуалаушылық бүкіл үрім-бұтаққа жайылып кетеді. Ал ол байланыссыз ұласу заңына сәйкес ауысып отырады.  Әр ағзаның бір емес, әлде неше белгілерінің болатыны мәлім. Оның үстіне ағзаның әр белгісінің кейде ата-анаға тартатыны ақиқат. Бұл бейімділік белгілері бір жағынан ұштасып байланысады да, екінші жағынан ықтимал теориясы заңына сәйкес айырмашылыққа да ие болып, тұқым қуалаушылық белгілері бір-біріне ұласады, әбден араласып кетеді. Және де тұқым қуалаушылық белгілері әулет өмірінде кейде көрініп, кейде жоғалып, біраздан соң қайтадан пайда болады. Осылайша баланың дене мүшесінің бірі әке-шешесіне, немесе атасына, қабілеттілігі нағашысына әйтпесе аталарының біріне тартып, көрініс береді. Негізінен, тұқым қуалаушылықтың және ортаның өзара әсері-нен адам кемелденеді, қабілеттілігі дамиды. Яғни, әрбір дені сау адамда аз ба, көп пе, әйтеуір, ата-ананың қасиеттері кездеседі. Солардың ішінде жарқырап тұрып көзге түсетіндері де бар. Тек, есте болатын бір жағдай, қазіргі генетиктердің мәлім-деуінше, ата-анасының біреуінің ақыл-ойы кеміс болса, олардан туған баланың да ақыл-есінің 30-35 пайызға кем болуы әбден ықтимал. Жасыратыны жоқ, фило- софия тарихында қабілет-тілік жеке адамға туа біткен ерекше күш, адам жан-дүниесінің тұқым қуалау жолымен беріле-тін ішкі қасиеті ретінде де түсіндірілді. Р.Декарт «ақыл-ой қабілеті іштен туа бітеді», - деп есептеді. 17-18 ғасырларда ағылшын философы Дж.Локк, сондай-ақ, француз материа- листері бұл пікірмен келіс-кен жоқ. Сөйтіп, олар қабілеттілікті адам өмірінің сыртқы жағдайымен байланысты пайда болатын, соған тікелей тәуелді қасиет ретінде қарастырды. Қазір ойшылдар: «Шынды-ғында қабілеттілік ішкі мүмкіндіктер арқылы ашы-лып, адам баласының әр түрлі іс-әрекеттерге қатысуы, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі арқылы нақты қалыптасып, дамиды», - дейді. Ал, В.Обручевтің пайымдауынша: «Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі».

24.Қабілеттің даму деңгейлелері Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы сипаттайды. Ол сапалық пен сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі) және арнайы немесе жекеше  (қандай да бір арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық, сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі). Жекеше қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды), соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Музыкалық, математикалық қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі кезеңде, баланың музыкалық есі мен естуі белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық және көркемдік қабілеттер – сәл кейінірек. Басында тек қана таланттардың нышандарының дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық кезеңін сипаттай келе, соңында Н.С. Лейтеспен қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі әртүрлі психикалық функциялардың (форманы, сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда толығымен қолданыла бастады.

Сонымен қатар, қабілеттің көрінуінде деңгейлерге бөлінуі мүмкін – репродуктивті (қайта жаңғыртушы, яғни адамдарға нені үйретті, соны көрсетеді) және продуктивті, шығармашылық, талант және данышпандылық, онда адам субъективті немесе объективті жаңалық тудырады.

Қабілеттер құрылымында тірек қасиеттерін бөледі, онсыз қабілеттердің көрінулері мүмкін болмайды (мысалы, көркемдік іс-әрекеттер үшін көру анализаторларының сезімталдығы, сенсомоторлы қасиеттер, бейнелі ес) және қабілеттердің дамуының жоғарғы шегін қалыптастыратын, алдыңғы қатарлы қасиеттер. Қабілеттер құрылымы туралы айтқанда, қабілеттер өздерін шыңдайтын, нышандар мен операцияларды бөледі.

Сөйтіп, қабілеттерде табиғи және әлеуметтік мінездің синтетикалық болмысы бар, орнын толтыру мүмкіндігі сияқты сапаны игеретін жүйелі, құрылымға ие болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің әлсіздігі іс-әрекетті толығымен игеруді болдырады. Және, керісінше оқшауланған қабілеттердің бары бірегей сәттілікті болдырмайды. Жеке қабілеттер бір-бірімен өмір сүреді, өзара әсер етеді және дарындылықтың феноменінің пайда болуын әкеледі.

25.Қабілет және тұлға Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы сипаттайды. Ол сапалық пен сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі) және арнайы немесе жекеше  (қандай да бір арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық, сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі). Жекеше қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды), соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Музыкалық, математикалық қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі кезеңде, баланың музыкалық есі мен естуі белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық және көркемдік қабілеттер – сәл кейінірек. Басында тек қана таланттардың нышандарының дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық кезеңін сипаттай келе, соңында Н.С. Лейтеспен қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі әртүрлі психикалық функциялардың (форманы, сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда толығымен қолданыла бастады.

Сонымен қатар, қабілеттің көрінуінде деңгейлерге бөлінуі мүмкін – репродуктивті (қайта жаңғыртушы, яғни адамдарға нені үйретті, соны көрсетеді) және продуктивті, шығармашылық, талант және данышпандылық, онда адам субъективті немесе объективті жаңалық тудырады.

Қабілеттер құрылымында тірек қасиеттерін бөледі, онсыз қабілеттердің көрінулері мүмкін болмайды (мысалы, көркемдік іс-әрекеттер үшін көру анализаторларының сезімталдығы, сенсомоторлы қасиеттер, бейнелі ес) және қабілеттердің дамуының жоғарғы шегін қалыптастыратын, алдыңғы қатарлы қасиеттер. Қабілеттер құрылымы туралы айтқанда, қабілеттер өздерін шыңдайтын, нышандар мен операцияларды бөледі.

Сөйтіп, қабілеттерде табиғи және әлеуметтік мінездің синтетикалық болмысы бар, орнын толтыру мүмкіндігі сияқты сапаны игеретін жүйелі, құрылымға ие болады. Қандай да бір жеке қабілеттердің әлсіздігі іс-әрекетті толығымен игеруді болдырады. Және, керісінше оқшауланған қабілеттердің бары бірегей сәттілікті болдырмайды. Жеке қабілеттер бір-бірімен өмір сүреді, өзара әсер етеді және дарындылықтың феноменінің пайда болуын әкеледі.

26.Сезім мен эмоция туралы түсінік Эмоция түрлері Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсік, ойлау, ес, қиял т. б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердің өрқайсысы сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бүлар бізге айналамызды өр қырынан танытатыны, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені үнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.

Сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нөтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда. Көптеген үнамды және үнамсыз сезімдерді туғызып жек шілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.

Сезімдер  өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-өлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмүнын қоғамдық бол мыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Сезімдерді эмоциялардан дүрыс айыра білмеушілік, бүл екеуінің мәнін бірдей деп үғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының  арасындағы  айырмашылықтарды

бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы қүбылыс, бүл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін — қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т. б. осы секілді сапалар оз ара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі — олардың актив (қажырлы} жөне пассив (солгын) болып бөлінуінен көрінеді.  күш беріп, өрекетке үмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалык,и > ал бүлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық82 деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достык, айбаттылық т. б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т. б. ссзімдер жатады. Бүл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мөселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы түрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.

Сезімдердің ушінші бір ерекшелігі — жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бүл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттерДІҢ емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мөреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жүмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мүны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.

Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі үдайы қинала беретін болса, оның діңкесі қүрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс83 деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді.Организмнің кушті тітіркендіргіштермен айқасқа тусуінкуш салу, немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін ге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мүндай қолайсыз эсер жүйке жүйесінің жүмысына да, дене күшіне де нүқсан келтіретіндіктен, адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.

Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-күлқы мен білім келеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.

Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады.

Сезімнің қораш, солгын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жагымды не унамды эмоцйялар деп аталады. Бүлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т. б.- осындай эмоциялардың енді бір тобы жагымсыз не унамсыз эмоциялар делінеді. Бүлар — белсенді әрекетке азды-көпті нүқсан келтіретін қораш сезімдер. Мүндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т. б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және курделі эмоциялар болып та бөлінеді. қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кіреді.

Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекше л ік: оларда сан алуан мәнерлі қозгалыстардың болып отыратындыгы. Ч. Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жүдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін өзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа түсейін деп түрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауга болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердін алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мүндай көріністер дөрекі, ебдейсіз қимылдар болып табылады. Мүндай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір сыйымсыз сипат. Бүған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан жақын түрады. Адамдардың сана-сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседі. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер түсіретінін, бет әлпеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика), сөздің интонациясы мен тембріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізетіндігін дәлелдейтін мысалдар көп. Қорқу эмоциясы кезінде адамда байкалатын мөнерлі қозғалыстарды алайык-Қорыққан адамның қасы тартылып, түсі бозарады, қозғалыстары баяулап не мүлде тоқтайды, денесі дірілдеп қалшылдайды, шашы үрпиіп, көзі шарасынаи шығып, даусы қарлығып, үні кібіртіктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей алмай, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі тынышсыздану, ауыры — үрейі ұшу т. б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның денесінен байқалатын әр тұрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады.

27.Эмоция туралы психологиялық теорияларға сипаттама\Ч.Дарвин,Джеймс-Ланге,Коннон –Бард,Л.Фейстигер\ Эмоция және оның балалық шақта дамуы. Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоцияға арналған тақырыптарға психологияның өзғе тақырыптарында арнайы мәселе ретінде сөз болмаған, таза натурализм үстемдііі туралы мәселелеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияаіын еңуімен психологиядағы бихевиоризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядары эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жағдайда бихевиоризммен жіптес. Өйткені психологиядағы бихевиористік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияга тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытга баяндальш, өзге тақырынтармен салыстырғанда өз алдьіна ерекшеленіп, арпа ішіндегі бидай дәніндей болып көрінеді.

Бұлай деп аныктаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасымды қозғалыстарының пайда болуы» деген еңбегінде бұрынғы биология ғылымынын дәстүрлерін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы хайуанаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффекттік серпілістерімен тығыз байланысты түрде дамып жетіле түсті дейді. Оның жақында орыс тіліне аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімінің пайда болуы, адамның өзі сияқты, жануарлар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазады. Мәселенің шындығына үңілетін болсақ, Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды.

Бір тарихшы ғалымның айтуына қарағанда орта ғасырлық діни көзқарастарынан арыла қоймаған ағылшынның бір психолог маманы Дарвиннің идеяларына аса сақтықпен қараған көзқарасын бетіне перде етіп тұтып, оған жанашырлық кейіп біріп былай депті: Дарвин адам тіршілігіне тән адам максат-мүддесін және оған құмарлығын жануарларға тән сезім күйі мен әмоциясының пайда болуын дәлелдеп берді.

Сонымен осы айтылған жайттар психологиялық ойдың екі түрлі бағытта дамуына түрткі болды. Оның бірі Дарвин идеяларын дамытуға үлес қоскан психологтар (біршама үлес қосқан Г.Спенсер) мен оның шәкірттері, француз позитивистері Г.Рибо жәнс оның мектебі, немістің биологиялық бағыттағы психологтары адамның сезімі мен аффектік және хайуанаттрдың соқыр сезімге негізделген идеяларын әрі дарай дамыта түсті. Осы бағыттағы зерттеушілердін эмоция жайындары теория (бұл теорияны тиісті әдебиеттерде рудиментарлық деп атайды) барлық дерлік оқулықтарға, соның ішінде орыс тілінде жазылған құралдарымызға да енгізілді.

Осы теория тұрғысынан алып қарағаида біздін бойымызды қорқыныш билегенде, бет құбылысы мен денеміздегі әр ал) қимыл-қозғалыстар арғы тегіміз жануарлар дүниесінің өз жау- ларынан қорқып, сақтануға бейімдеу әрекетінең не бойымыз ашу-ыза кернеп, өз сезімдеріміздің сыртқы әсерлерге серпінуіне пайда болатын қозғалыстардың бәрі хайуанатардың тіршілігі бейнесінен қалған сипатгар екенін байқатады. Соран орай қорқыныш кезінде бөгеліп аңырып қалу, ашу-ыза кернегенде төбелесу де сезім күйдің (эмоцияның) сыртқы көріністері болып табылады. Басқаша айтқанда, адамның абжыл да, шапшаң қимыл-қозғалыстарының бәрі сол ертедегі жануарлар дүниеси тіршілігінен қалған ерекшеліктер деп саналады. Осыган орай Рибо эмоциялық құбылыстардың бәрі адам психикасында ертеден сақталып қалган бірден-бір қасиет, немесе оның өз сөзімен айтұанда эмоциялар «мемлекет ішіндегі мемлекет» деп анықтайды. Рибоның бұл салыстырмалы пікірін адамның сезім күйі оның жан дүниесінің билеушісі деген мағынаны білдіріп, ол адам мінезіндегі ертеден қалған ұнамсыз қылық деп есептейді. Осы орайда қазақ халкының мақалы: «Ашу-дұшпан, ақыл-дос, ақылына ақыл қос» дейді. Рибоның білдірмек болған ойының мәнісі — эмоция жойылып бара жатқан тайпа, не «біздің, психикамыздағы сығандар». Шындығында, осы ретте психолог мамандар белгілі бәтуаға келіп, адамның бойын ашу-ыза кернеп, оның қимыл-қозғалыстары мен мінезіндегі жағымсыз қылықтарын бәрінің сырттай көрінісі сол хайуанаттар дүниесінен қалған сарқыт дейді. Осындай сипат адам психикасының дамуында біртіндеп әлсірейді де, ол адамның сырт көрінісінен де, жан дүниесінің ағымынан да өшіп кететін болады.

Сонымен, сезімнін қисық сызығы уақыт озған сайын бәсенси бермек. Егер, — дейді Сненсердің соңғы шәкірттерің; бірі, — біз хайуа». мен адамды, бала мен ересекті, қарапайым кісі мен мәдениетті адамды өзара салыстырып көретін болсақ, онда эмоцияның біртіндеп әлсіреп, ізін жоғалта бастағанын айқын байқаймыз. Міне, осындай мәліметтерге сүйене отырып, зерт -теушілер мынандай жорамал жасайды: болашақтың адамы эмоциясыз болады, ол өз сезімін ақыл-ойға, жүйелі ойлауға билетеді. Сөйтіп біздің бойымызда ежелден келе жатқан хайуанаттарға тән сезім ізі өшеді дейді. —

Бұл орайда өзінен-өзі айқын болатын бір жайт — хайуанаттардың эмоциялык әсерленуі және онын жануарлар дүнесінде дамуы деген бір ғана тарауды психологияда зерттеу шектелу жеткілікті болар еді. Бұл тарау қазіргі психологияда барынша терең әрі толық зертгелген. Ал адамға қатысты эмоция мәселелерінін өзіндік ерекшеліктері мен дамуы мүмкіндігінше тарапты зеттеуді талап етеді. Әсіресе, балалық кезеңдегі эмоция ерекшеліктерін зерттеп, оны дамыту жолдарын ашып көрсеіудің манызы ерекше. Осы кездегі зерттеулер керісінше балалардың эмоциясын әлсіретіп, оларды болдырмаудың әдістеріне көңіл аударады. Алғашқы адамдардан бастап қазіргі адамдардың эмоция қуатының өзгеру ерекшеліктері эволюциялық даму жолымен салыстырып іздестіріліп келеді. Мұңдай ретте ерекше ескеретін жайт — адам пІсихикасы эволюциялық дамуда үнемі күрделеніп жоғары өрлесе, ал оның эмоцңясының дамуы кері кетіп бәсеңдеп отырады дейді. Эмрция дамуын осы бағытта іздестірген зерттеу-шілердің пікірін мінеп, Рибо адам психикасының дамуында тұтас бір процестің жойылуының даңкты тарихы деп мысқылдайлы.

28.Ерік туралы ұғым.Еріктің әрекет құрылымы Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік[1] ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «бұл алманы жеу керек» деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес.

Ш.Н Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір «ерік» терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады.

Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс таныс болған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис – жын-шайтан қуу үрдісінен көруге болады. Бұл үрдісте адам ылғи да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын, «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Ол күштерді танудан адамның «шын» қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады.

Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылдаған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы-балгер, от пен металды бағындарған темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы–қанішер т.б.

Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа «Қайта тіктелу» заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, «тіпті қателер жіберуге де бейім» дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасымен бөлінуімен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.

Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе «тіршілік философиясы» пайда болды. Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның өмірі мағынасыз «қым қиғаш оқиғалар» жиынтығы да, адамның өзі – «пайдасыз құмарлық». Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттылық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік – бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиғына бір-ақ түсіреді.

Қылық иесі – адам қалыптасқан тағылым-талаптарды жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл әректі екінші бір, қыр-сырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін парақорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қоғамға ерсі болып көрінген қылықтардың өздері де қандай да ұйымдасу негізіне ие, өздеріне сай талап, ережелері, мақтан тұтатын қырлары мен ғұрыптары баршылық.

Бұл тұрғыдан Е.Л.Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психолгиялық болмысының барша деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіліктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұратын үшін жан пидалыққа дейін апарады.

29.Ерік жөніндегі қазіргі зерттеулер Ерік туралы спиритуалистік түсінік мінез-құлықтың шын күмәнсіз формалары мен құбылыстары да лақтырылып тасталуы керек деп ойлау қате болар еді. Оны байрығы психолгия бұрыс талқылап, сипаттаған еді. Бұл мағынада Геффдинг ырықсыз іс-әрект ырықты іс-әрекеттің негізі мен мазмұнын құрайды деген. Ерік еш нәрсені жасамайды, ол құрамайды, әрқашан тек өзгертеді және таңдайды. Ол «ерік өзге психикалық процестердің ағымына процестердің өзіне тән заңмен араласады» деді. Сонымен, ескі психологияның ырықты және ырықсыз іс-әрекетпен қатар, ырықты және ырықсыз есті, түсініктердің ырықты және ырықсыз ағымын ажырытуына толық негізі бар. Геффдинг еріктің сәйкес елестер шақырылғанда алғашқы болып табылмайтынын бекітті. Ерік, - дейді ол, - алғашқы серпілісті тудырады және бұрғылайды, тесік бұрғыланып болған кезде судың ағысы өз күшімен жарып өтуі керек, сонда бізге бір рет жасалғанды ізделіп отырғанмен салыстыру ғана қалады.

30.Зейін туралы ұғым .Зейіннің қызметі және түрлері Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соғанпсихикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.

Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.

Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерініңөзара индукция заңынабайланысты түсінуге болады.

И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).

Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.

Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминантадеп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың «Қозудың оптимальдык, алабы» дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.

И.П.Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.

Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытга қозу пайда болатындай жағымды «оптимальдық жағдай» жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап — ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуледағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді». Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.

Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.

 Зейін түрлері

 Адамдардьщ зейіні ырықты, ырықсызжәне үйреншікті болып үшке бөлінеді.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздіңназарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т. б.  Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу,еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу — ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам өз ісінен шығатын                                                                                                                                                                          нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды, өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтижеге қол жеткізе алмайды.

Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.);

ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.

Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:

1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

2)   Үйреншікті  жұмыс  жағдайын жасап  алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.

3)  Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.

4)  Түрлі қолайсыз жағдайларда да  жұмыс  істеуге машықтану.  Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру.  Бұл зейінді шынықтырудың,  оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.

5)  Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.

Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады.  Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.

Зейіннің үйреншіктідеп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін — адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.

Зейіннің негізгі қасиеттері

Зейін жөнінде әңгіме болғанда оның мына төмендегі қасиеттерін еске алады:

А. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы

Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығыдейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.

Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады.

Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай алатын болады.

Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10—20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді.Толқу — зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.

Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл кеп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу — қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның  дүрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасыңдағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А. П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.

31.Зейіннің қасиеттері Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:

1) интенсивтілігі;

2) жаңалығы;

3) аффективтілігі.

П.Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:

1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;

2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;

3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

32.Зейін туралы психологиялық теорияларғ сипаттама ә. Зейіннің аударылуы

Зейіннің аударылуыдеп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.

Б. Зейіннің бөлінушілігі

Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігінзейіннің бөлінушілігідейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.

Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.) бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және т. б… Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық сыныпты не жеке оқушыларды, не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан сыныпта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін. Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «…біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының тежелудегі бөлімдерімен, қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады».

В. Зейіннің көлемі

Зейіннің көлемідеп бір уақыттың ішінде оның қамтитын, объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтың 1/10 бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5—9 әріпті қамти алатынын, 12—14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеріне қарағанда шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс, сондықтан да оқушыларға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде де белгілі зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін көлемі бір-бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса, нашар өсетіндігін, ал логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса, олардың зейін көлемін өсіретіндігін мұғалім еске алуы қажет.

Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейіндейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизмімен шұқшия жұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді.

Г. Алаң болушылық

Алаң болушылықдеп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері өз дәрежесінде болмайды.

Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле алмаушылықтың кемшілігі зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндігінен.

Зейінді тәрбиелеу жолдары.

Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі.

Мектеп — оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мұғалім — балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселерді санағанда,  көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті — есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша,  мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де алмайды. Зейін тәрбиесінде әрбір мұғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына төмендегілер:

1. Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнінде К. Д. Ушинский былай деген: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек».

2.  Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін.

3.  Бала қайда жүрсе де (мектепте,    үйде,   далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.

4. Зейінді күшті және тұрақты    ететін    құбылыстың бірі — ерік.Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.

5.  Төменгі сынып оқушыларының жүйке жүйесінің әлде  де  болса,   «қатая»   қоймағандығы  еске  алынсын. Олардың   шаршап   кетпеуін  қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар шаралар.

Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды.

Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мұғалім: «Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді» дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады.  Ы. Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» —деп өте дұрыс айтқан.

 

33.Түйсік туралы ұғым.Түйсіктің қасиеттері Түйсік[1] – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш.Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек.” деп түйсік процесін сипаттайды.

Түйсік — материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.

Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:

1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;

2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;

3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;

4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.

Фрейдизм мектебі үшін түйсік негізгі термин. Фрейд алғашқы еңбектерінде түйсіктің екі класын көрсетті: эготүйсік немесе өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныстық немесе репродуктивті түйсік. З.Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл терминді Танатос (өлім түйсігі) пен Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді. Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мотивациялық күші екенін, бірақ мінез-құлықтың ерекше көрінуін анықтамағанын айқын көрсетті. Яғни түйсіктің 1), 2), 3) мағыналары ескерілмеді. Ағылшын-американ психологі У.Мак-Дугаллдың (1871-1938) гормикалық психологиясында түйсік ұғымы 1), 2) және 4) орталық теориялық тұжырымдама ретінде қолданылды. Барлық мінез-құлық мақсатты бағытталған және мотивацияланған түйсік деп қарастырылды. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белгілейміз; сипай сезіну арқылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозғап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі — сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге түйсік хабарлайды. Түйсік материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсік біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Түйсік таным үрдістеріне жатады. Өйткені адам соның арқасында дүниені таныды. Түйсік басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Түйсіктің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар — сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізден сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. Бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипай сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарының қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлер) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс (немесе кинестетикалық) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының рецепторлары (проприоцепторлар) бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.[2]

34.Қабылдау туралы түсінік .Қабылдау түрлері Қабылдау, субъектінің практикалық қызметін бағыттай отырып, сонымен бірге өз дамуында осы қызметтің жағдайлары мен сипатына тәуелді. Ж. Пиаже айтқандай генезисті, перцептивті процестердің құрылымы мен функцияларын зерттеуде проблеманы “праксеологиялық” тәсілдемемен қараудың мәні маңызды.  Қабылдау мен қызметтің өзара байланысы психологияда ұзақ уақыт еленбеді және де немесе қабылдау практикалық қызметтің сыртында (субъективті менталистік психологияның әр түрлі бағыттары) зерттелді, немесе қызмет қабылдауға тәуелсіз (қатаң бихевиористер) қарастырылды.  Тек соңғы он жылдықта олардың арасындағы генетикалық және функционалдық байланыстар психологиялық зерттеу пәні бола бастады. Диалектикалық материализмнің қоршаған шындықты танудағы практиканың роліне қатысты белгілі философиялық ережелерге сүйене отырып отызыншы жылдардың басында кеңестік психологтар (Б.Г. Ананьев, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Б.М. Теплов және т.б.) қабылдаудың субъекті қызметінің сипатына байланыстылығын зерттеуге кірісті. Біздің қызметкерлермен бірге психология Институты мен ПҒА мектепке дейінгі тәрбие Институтында жүргізген қабылдауды онтогенетикалық зерттеулеріміз осы бағытта жүрді.  Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі бслсенді психикалық әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Бұл алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жәй іркенушінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдау лелердем миға жетуі ғана смсс. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті құбылыстарды әуендеп не күбірлей қайталау). Сондықтан да, психикалық қабылдау процесін субъектінің затты тануға ұмтылған тікелсй іс-әрекеті деп қарастырған жөн. Балалардың практикалық қызметінің ерекшеліктері және оның жастық өзгерістері адам қабылдауы онтогенезіне айтарлықтай әсер ететін сияқты. Бүтіндей қызмет сияқты, сондай-ақ оның құрамына кіретін перцептивті процесстердің дамуы спонтанды емес жүреді. Ол өмір мен үйрету жағдайларымен анықталады, оның барысында Л.С. Выготский атап өткендей, бала бұдан бұрынғы буындармен жиналған қоғамдық тәжірибені игереді Зерттеу мақсаты ол қабылдау жөнінде ұғымды зерттеу. Міндеттері: Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу; Қабылдау туралы түсінікті зерттеу; Қабылдаудың кезендеріне талдау жасау; Қабылдау түрлері, қасиеттеріне анықтама беру; Қабылдаудың көру зандылықтарын зерттеу; Қабылдауды даралық ерекшеліктеріне шолу жасау; Тәжірибелік бөлімде қабылдауды ерекшеліктерін анықтау әдістемесін келтіру. Зерттеу объектісі қабылдау сезімдері. Зерттеу пәні қабылдау процессі барысында туындайтын процесстер, ерекшеліктер. Зерттеу болжамы ол адам жан жақты, қоршаған ортасын қабылдау түйсіктері арқылы таниды, сондықтан қабылдау сияқты танымдық процессті зерттеусіз қоршаған ортаны тану ерекшеліктері бейтаныс болады