- •1.2 Кестенің жалғасы
- •1.5 Пайдалану жұмысын басқару және станса жұмысын шұғыл жоспарлау
- •1.6 Шұғыл жоспарлардың мазмұны
- •1.7 Пойыздардың жақындағандығы туралы ақпарат
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •Станция жұмысының тәуліктік жоспар-кестесі
- •2.2 Кестенің тәуліктік жоспарын құру үшін уақыттың технологиялық нормаларын есептеу
- •2.2 Кестенің жалғасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Теміржол - күрделі құрылыстар кешені. Тасымалдау саласындағы негізгі атқарушы күш. Басқа көлік түрлеріне қарағанда жүк тасымалы үшін үлкен сұранысқа ие. Себебі, географиялық орналасуы теңізден алшақ, ауа райына төзімді, бағынышты емес жәнеде елді мекендердің орналасуы алшақ болып келеді.Осы теміржол көлігі еліміздің экономикасын дамуына үлкен көмек десек артық айтқанымыз емес.
Телімдік, сұрыптау стансалары арқылы жүктің үлкен көлемі өтеді жәнеде сұрыптау жүргізіліп, құрастырылып түрлі бағыттарға жөнелтіледі. Осы құрастыру жұмыстары, яғни айлалық жұмыстардың тасымалдау процесіне тигізер әсері өте үлкен. Айлалық жұмыстар алдын ала жоспарланып отырылады. Операция барысында шұғыл іске асуы керек іс қимылдарды станса кезекшісі басқарады, негізінен айланы құрастырушы толықтай жоспар бойынша өзі басқарады. Айла жұмыстары кезінде қол сигналдық аспаптармен сигнал беруге рұқсат етіледі.
Айлалық жұмыс станса жұмысының технологиялық процесі мен жоспар бойын- ша орындалуы тиіс:
-пойызддарды дер кезінде құрастырып жөнелту;
-вагондарды жүк әрекеттеріне арнап дер кезінде беру және оларды жүк әрекеттері аяқталғаннан соң дер кезінде әкету;
-вагондарды өңдеуден өткізуге арнап уақыттың барынша аз мөлшерін жұмсау;
-барлық айлалық құрамдар мен техникалық құрылғыларды ұтымды пайдалану;
-қозғалыстың қауіпсіздігі, айлалармен қатысы бар қызметкерлердің қауіпсіздігі және жылжымалы құрамның сақтанымдылығы. Айла жұмыстар аса жауапкершілік пен мұқияттылықты талап ететін жұмыс. Айла жұмыстарына қатысатын тұлғалардың аса білікті,зерек,тез шешім қабылдай алуы қажет.
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМІ
1.1 «Шахтинск» стансасының техникалық жабдықталуы және пайдалану сипаттамасы
«Шахтинск» стансасы барлық парктері параллель орналасқан, учаскелік болып табылады. Ол Чу – Қарқаралы бір жолды бағытта орналасқан.
Стансаға жақын орналасқан аралықтар пойыздар қозғалысын реттейтін келесі құралдармен жабдықталған: Чу - Шахтинск аралықтар жартылай автоматты блоктаумен; Шахтинск - Қарқаралы аралығы автоматты блоктаумен.
Қабылдау-жөнелту парктерінің жұп және тақ бағыттарында қайта өңдеусіз сәйкесінше жұп және тақ транзитті пойыздарды (өз қалыптасуындағы) қабылдау және жөнелту үшін екі жол бар.
Қайта өңдеу паркінде - 2 жол, ол Чу – Қарқаралы бағытынан таратуға пойыздарды қабылдауға және өз құрастыруындағы пойыздарды сәйкес бағыттарға жөнелтуге арналған.
Сұрыптау паркі алты жолдан тұрады.
Қайта өңдеу паркі сұрыптау паркімен Ml, M2 екі тартатын жолмен қосылған.
Стансаның парктері стрелкалар мен сигналдарды электрлік орталықтандырумен жабдықталған.
Стрелкалар мен сигналдарды басқару үшін стансада ЭО пост бар.
Пойыздарды қалыптастыру кезінде сұрыптау паркінің артқы басының стрелкалары жергілікті басқаруға беріледі, вагонды істен шығару үшін стансаның қос басында және сұрыптау паркінің артқы басында телетайптық істен шығару посттары бар.
Стансалық технологиялық орталық (СТО), ол сұрыптау паркінің басында орналасқан, қабылдау-жөнелту парктерімен үлкен диаметрдегі пневмопочтамен
байланысады.
Станса жұмысшыларының жұмыс орындары сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етумен ЭЕМ базасында автоматтандырылған жұмыс орындарымен (АЖО) жабдықталған.
Стансада локомотивті депо, вагон жөндейтін депо және вагондарды техникалық тексеру және жөндеу пункті орналасқан.
M 1 тартатын жолға мунай база жанасып жатыр, М 2 тартатын жолға жүк ауласы кіріс жолы жанасып жатыр; отын қоймасы локомотив шаруашылығының аумағында орналасқан.
Жолаушыларға қызмет көрсету үшін стансаның жолаушылар ғимараты және бас жолдарда жаяу жүргіншілерге арналған жолаушылардың екі жоғары платформасы бар. Жолаушылар ғимараты қаланың тұрғын массив жағында орналасқан. Стансада локомотивті депо, вагон жөндейтін депо және вагондарды техникалық тексеру және жөндеу пункті орналасқан. Техникалық құрылысы мен қызметтік-техникалық ғимараттар орналасқан станса сұлбасы 1.1-суретте келтірілген.
сурет «Шахтинск» телімдік стансасының сұлбасы
1.2 Стансаның пайдалану сипаттамасы
Станцияға қайта өңдеусіз он транзитті, сегіз телімдік поездар келеді, Чу және Қарқаралы бағытынан сәйкес бағыттарға жөнеледі.
Станция таратуға 6 поезд, станцияда құрылатын 2 өтпелі поезд, өз құрылуындағы 2 учаскелік және 2 құрама поезды қабылдайды.
Поездарды құру жоспарына сәйкес Чу және Қарқаралы станциясында өтпелі поездар құрылады, поездардың жоспарына сәйкес өтпелі поездарға, Чу және Қарқаралы учаскесінде – учаскелік поездар, Чу-Шахтинск және Шахтинск- Қарқаралы учаскесінде құрама поездар.
Станцияның жүк тиеу жұмысы құрайды: жүк түсіру - 24 вагон, тиеу - 24 вагон, 5 бос вагон заводқа және жүк ауласына 3 бос вагон тиеу үшін келеді.
Жүк тиеу ауласында 16 бос вагон босатылады және қайта тиелді. Отын қоймасынан 6 бос вагон босатылды.
1.3 Парктер мен жолдардың мамандандырылуы
Мамандандырылу қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек және пойыздарды қабылдау мен жөнелту операцияларын және маневрлік жұмысты үдетуге мүмкіндік береді.
Бас жолдар қозғалыс бағыттары бойынша мамандандырылады.
Парктер мен жолдардың мамандандырылуы 1.1-кестеде ұсынылған.
1.1-кесте Парктер мен жолдардың мамандандырылуы
Паркке кірмейтін, парктер мен жолдардың атауы. |
Жолдың саны |
Мамандандыру |
Басты жолаушылар паркі |
І
ІІ
3 |
Жұп жолаушылар пойыздарын қабылдау және жөнелту үшін. Тақ жолаушылар пойыздарын қабылдау және жөнелту үшін. Қос бағытта жолаушылар пойыздарын қабылдау және жөнелту үшін. |
1.1 кестенің жалғасы
Тақ парк |
4,6
|
Қайта өңдеусіз тақ пойыздарды қабылдау және жөнелту үшін. |
Жұп парк |
5,7 |
Қайта өңдеусіз жұп пойыздарды қабылдау және жөнелту үшін. |
Жүретін жол
|
7 |
Пойызд локомотивтерін депоға және кері өткізу үшін. |
Қайта өңдеу паркі
|
9, 10 |
Өз құрылуындағы пойыздарды жөнелту пойыздарды таратуға қабылдау үшін. |
Паркке кірмейтін, парктер мен жолдардың атауы. |
Жолдың саны |
Мамандандыру |
Сұрыптау паркі |
1
2
3
4
5
6
7 |
Чу стансасына және басқаларға міндеттері бойынша вагондарды жинақтау үшін.
Майкудук стансасына және басқаларға міндеттері бойынша вагондарды жинақтау үшін.
Құрама вагондарды жинақтау үшін.
Қарқаралы стансасына және басқаларға міндеттері бойынша вагондарды жинақтау үшін.
Шет стансасына және басқаларға міндеттері бойынша вагондарды жинақтау үшін.
Құрама вагондарды жинақтау үшін.
Жергілікті вагондар үшін.
|
Тартым жолдар |
M l, М 2 |
Құрамаларды таратуға және құру үшін және вагондарды жүк нысандарына жіберу, алу үшін. |
1.4 Пойыздар мен локомотивтердің жүру маршруттары
Жүру маршрутын анықтау кезінде жүру түрін, жүру қайдан және қайда болып жатқандығын және тиелетінмен қосқанда, алып тұрған стрелкаларды анықтайды.
Пойыздардың, локомотивтер мен маневрлік құрамалардың жүру маршруттары 1.2-кестеде көрсетілген.
1.2 кесте Пойыздардың, локомотивтер мен маневрлік құрамалардың маршруттары
Жүру түрі |
қайдан |
қайда |
1.Қайта өңдеусіз жұп транзитті пойызды қабылдау.
|
Қарқаралы-Шахтинск екі аралығынан |
4 ЖҚЖП |
2.Қайта өңдеусіз жұп транзитті пойыздың астынан пойызд локомотивін алу. |
4 ЖҚЖЖ |
Депоға |
3.Қайта өңдеусіз жұп транзитті пойыздың астына пойызд локомотивін жіберу.
|
Деподан |
4 ЖҚЖП |
4.Қайта өңдеусіз жұп транзитті пойызды жөнелту. |
4 ЖҚЖП |
Шахтинск-Чу перегонға |
5.Қайта өңдеусіз тақ транзитті пойызды қабылдау. |
Чу-Шахтинск перегоннан |
3 ТҚЖП |
Жүру түрі |
қайдан |
қайда |
6.Қайта өңдеусіз тақ транзитті пойыздың астынан пойызд локомотивін алу |
3 ТҚЖП |
Депоға |
7. Қайта өңдеусіз тақ транзитті пойыздың астына пойызд локомотивін жіберу. |
Деподан |
3 ТҚЖП |
8. Қайта өңдеусіз тақ транзитті пойызды жөнелту. |
3 ТҚЖП |
Шахтинск-Қарқаралы перегонға |
9.Қайта өңдеумен жұп транзитті пойызды қабылдау. |
Шахтинск-Қарқаралы перегоннан |
5,6 ЖҚЖП |
10.Қайта өңдеумен жұп транзитті пойыздың астынан пойызд локомотивін алу |
5,6 ЖҚЖП |
Депоға |
11.Жұп тарту жолына бөлшектеуді шығару |
5,6 ЖҚЖП |
М2 |
12.Тақ тарту жолына бөлшектеуді шығару. |
5,6 ЖҚЖП |
М1 |
1.2 Кестенің жалғасы
13.Қайта өңдеумен тақ транзитті пойызды қабылдау. |
Шахтинск-Қарқаралы перегоннан |
5,6 ТҚЖП |
14.Қайта өңдеумен тақ транзитті пойыздың астынан пойызд локомотивін алу |
5,6 ТҚЖП |
Депоға |
15.Құраманы сұрыптау паркінен қайта өңдеу паркіне жұп тарту жолына қою |
СП 1,4 |
5,6 ТҚЖП |
16. Құраманы сұрыптау паркінен қайта өңдеу паркіне тақ тарту жолына қою |
СП 1,4 |
5,6 ӨП |
17.Пойызд локомотивін өз құрылуындағы жұп поезға жіберу |
Деподан |
5,6 ӨП |
18. Өз құрылуындағы жұп пойызды жөнелту |
5,6 ӨП ЖҚЖП |
Чу-Шахтинск перегонға |
19. Пойызд локомотивін өз құрылуындағы тақ поезға жіберу |
Деподан |
5,6 ӨП |
20. Өз құрылуындағы тақ пойызды жөнелту |
5,6 ӨП |
Шахтинск-Қарқаралы перегонға |
21. ГД-ға вагондарды жіберу, алу. |
СП 5,6 |
ЖА-ға |
22.Вагондарды отын қоймасына жіберу |
СП 5,6 |
ОҚ-ға |
23. Вагондарды отын қоймасынан алу. |
ОҚ-дан |
СП 5,6 |
24. Вагондарды заводқа жіберу, алу |
СП 5,6 |
базаға |
1.5 Пайдалану жұмысын басқару және станса жұмысын шұғыл жоспарлау
Стансаның барлық өндірістік-шаруашылық жұмысын станса бастығы (ДС) басқарады, оның қарамағында станса бастығының орынбасары, бухгалтерия және кадрлар бөлімі болады. ДС жүк тиеу жұмысы жөніндегі орынбасарына тауар кеңсесі, жүкті қабылдап-тапсырушы және жұмыс тобы бағынады.
Стансаның бүкіл маневрлік жұмысын маневрлік диспетчер басқарады, оған формирования паркінің кезекшісі, құрама бригадалар, РДВ, стансалық
технологиялық орталық бағындады.
Пойыздарды қабылдауды, жөнелту мен өткізуді станса кезекшісі
басқарады,
оған ДСП жанындағы оператор, парк кезекшілері, сигналисттер бағынады. ДСП сонымен бірге бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлерді басқарады, пойызд локомотивтерін депоға және кері өткізеді, маневрлік диспетчердің қарамағында СТО операторы, құрама бригадалар, РСДВ болады.
1.6 Шұғыл жоспарлардың мазмұны
Станса жұмысын шұғыл жоспарлау міндеті әр тәуліктің немесе ауысымның нақты жағдайларында мемлекеттік тасымалдау жоспарын, қозғалыс кестесін және пойыздарды қалыптастыру жоспарын, станса жұмысының технологиялық процесін орындауды қамтамасыз етеді. Шұғыл жоспарлау жүйесі пойыздарды бөгетсіз қабылдауға, дер кезінде қалыптастыруға және жөнелтуге, вагондардың стансада тұру уақытын қысқартуға, маневрлік құралдардың өнімділігін жоғарылатуға, тиеу жоспарларын орындауға мүмкіндік береді.
Стансаларда тәуліктік, ауысымдық және ағымдағы шұғыл жоспарларды жасайды.
Станса үшін тәуліктік жоспарды жол бөлімшесі дайындайды. Ол диспетчерлік бұйрық түрінде стансаға жоспарланатын кезеңнің басына дейін үш сағаттан кешіктірілмей келіп түседі.
Тәуліктік жоспар келесі тапсырмалардан құралады: әр бағыттан қабылдауға жататын пойыздардың жалпы саны, транзитті және қайта өңдейтін деп бөлінетіндер; жөнелтуге бос вагондарды бөлумен, өз құрылуындағы пойыздарды көрсете отырып, әр бағытқа жөнелту жоспарланатын пойыздардың жалпы саны; бос вагондарды жылжымалы құраманың бағыты мен түрін көрсете отырып, жөнелтуге тапсырма; маршруттарға жөнелтуге жататын вагондардың санымен, маңызды жүктерді бөле отырып, тиеу және түсіру өлшемдері.
Ауысымдық жоспарды өз формированиесіндегі құраманы бөлумен
қабылдауға, расформированиеге, формированиеге және бағытқа жөнелту жататын пойыздардың саны бойынша белгілейді; маңызды жүктерді бөле отырып, тиеу және түсіру, жылжымалы құраманың бағыты мен түрін көрсете отырып, бос вагондарды жөнелтуге тапсырма; вагондарды маршруттарға жөнелту (жүктерді); вгондарды сұрыптау платформасына жіберу және алу, контейнерлік пункттер, тиеу жолдары, жүк ауласы және басқалар. Ауысымдық жоспар маневрлік диспетчердің кестесінде белгіленеді. Ауысымдық жоспарды нақтылау пойыздардың құрамы және олардың келу уақыты туралы дәл ақпараттың негізінде ағымдағы жоспарларды құру кезінде жүзеге асырады. Ауысымдық жоспарды нақтылауды пойыздардың құрамалары және олардың келу уақыты туралы дәл ақпараттың негізінде ағымдағы жоспарларды құру кезінде жүзеге асырады. Кезекшілік процесінде маневрлік диспетчер құрамалардың расформирование және формирование басталу мен аяқталу мерзімін, топтық пойыздарды өңдеу, жергілікті вагондарды жіберу және алу мерзімін көрсете отырып, маневрлік жұмысты әрбір 1 - 2 сағатқа жоспарлайды. Маневрлік диспетчер жақын учаскелердегі вагондар тобының кестесі бойынша келісіп жеткізуді ескере отырып, құрамалар формированиесін аяқтауды жоспарлайды.
