- •1 Вариант:
- •1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
- •1 Вариант: сызба «Жер орналастырудың тәртібі» және сипаттамасын жазу
- •12 Тақырыптар.
- •1 Вариант: «Жер құқық бұзушылықтың түсінігі, оның түрлері» қысқаша конспект жазу
- •3 Вариант: Жер даулары қандай сұрақтар бойынша пайда болады? (баяндама)
- •14 Тақырып.
- •1 Вариант: Жер кодексінің 10 тарауы бойынша глоссарий құрастыру
9-10 тақырыптар.
1 Вариант:
«Жер қатынастар мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі»
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретi.
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретiне мыналар жатады:
1) жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
2) жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
3) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыру;
4) жерге орналастыруды республикалық деңгейде жүргізуді ұйымдастыру;
5) жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерiн қорғау;
6) жердi аймақтарға бөлу негiзiнде оның пайдаланылуын жоспарлау мен болжамдауды ұйымдастыру, жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу;
7) жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзудi лицензиялау;
8) мемлекет жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн нақты жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау;
9) жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар беру;
10)жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды әдiстемелiк қамтамасыз ету;
11)жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;
12)пайдаланылмай жатқан жердi және Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жердi анықтау;
13)Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушылықты жою жөнiнде шаралар қолдану;
14) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргiзу;
15) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектiлердi пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, жердi пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлсе, оларды тоқтата тұру;
16)Қазақстан Республикасының жер заңдарын анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде орындалуы мiндеттi нұсқамалар беру;
17) Қазақстан Республикасының жер заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
18) Жер туралы кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде олардың құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер.
Уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi.
1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiту;
2) ауылдық (селолық) атқарушы органдардың қарамағына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын бекiту;
3) жергiлiктi бюджеттер құрамында жер ресурстарын қорғау және топырақ құнарлылығын арттыру жөнiндегi шығыстарды бекiту;
4)жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйi туралы есептерiн тыңдау;
5)Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiкаумақтық бiрлiктер арасындағы шекараны белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау;
6)Жер туралы кодекстеазақстан Республикасының заң актiлерiнде олардың құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде тұрғын халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етедi.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құзыретi.
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi облыстық (қалалық) бағдарламаларды әзiрлеп, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын пайдалану, магистральды құбырлар тарту, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн салу мақсатында жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;
3) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру;
4) Жер туралы кодекстің 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру;
5) мемлекеттiк ғылыми-зерттеу, оқу және басқа да ауыл шаруашылығы ғылыми ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлерiн құру үшiн жердi резервте сақтау;
7) Жер туралы кодекстің 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;
8) Жер туралы кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзыретiне сәйкес аудандар арасындағы жер қатынастарын реттеу;
9) орман қоры жерiн қоспағанда, Жер туралы кодекстің90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;
10) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды үйлестiру, оған басшылық ету және бақылау жасау;
11) Жер туралы кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде оның құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының жер ресурстарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар да жатады: 1) Жер туралы кодекстің 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
2) Жер туралы кодекстің 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қажеттiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;
3) тиiстi өкiлдi органның бекiтуi үшiн оларға әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.
11 – тақырып.
