- •3 Курс студенттерінің үздіксіз педагогикалық практиканың бағдарламасы
- •3 Курс студенттерінің қызметінің мазмұны:
- •I . Практика нәтижесі бойынша есептің кестесі:
- •II. Кәсіби – педагогикалық қызметі бойынша практиканттың әр апта сайын талдау жұмыстарының кестесі:
- •III. Тәрбиелік іс - шараның жоспар конспектінің кестесі:
- •IV. Сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмыстары талдауының үлгісі
- •Нәтижелігі :
- •Бекітілген сыныпта практика барысында сынып жетекшісінің студент – машықтанушыға мінездеме және бағаның берілуі -20
- •Есепке қосымша:
3 Курс студенттерінің үздіксіз педагогикалық практиканың бағдарламасы
Теоретикалық және практикалық дайындықты 3 курс үшін «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Педагогикалық психология» пәндері, арнайы пәндер, білім берудегі әдістеменің арнайы пәндері, яғни оның негізінде студенттер қазіргі танымдық технология және оның мектеп практикасына еңгізу мүмкіндіктерімен танысады.
Машықтану тапсырмалары:
Оқытушы қызметі объекті ретінде педагогикалық үрдісті тұтас деп білу;
Біртұтас педагогикалық процестің субъектері ретінде оқушының тұлға өзіндік дамудың басқарушысы педагогтің рөлі ретінде оқытушы мен оқушының өзара қарым – қатынасын ойластыру;
Пән оқытушысы және сынып жетекшілердің тұтас педагогикалық процесте сыныпта білім берушілік, тәрбиелеушілік және дамытушылық функцияларын жүзеге асыру;
Тұлғалық – бағыттаушылық білім беру жағдайында қазіргі білім беруде және танымдық технологияларды меңгеру;
Алынған жағдайға байланысты психологиялық – педагогикалық зерттеуді жүзеге асыру;
3 Курс студенттерінің қызметінің мазмұны:
Мектептегі тәрбие жұмысының жүйесімен, оның әдеп ғұрпымен, мақсаты және
міндеттімен танысу;
Бекітілген сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігімен танысу;
Сынып жетекшінің тәрбие жұмысы жоспарымен танысу және талдау;
Сыныпта ағымдық тәрбие жұмысын ұйымдастыруды өткізу;
Сынып жетекшінің құжаттарымен жұмыс жасау, соның құрылымын жасауға
үйрену,мазмұнына толтырылуы, оқушы күнделегін тексеруі, сынып журналын
жүргізуін бақылау;
Педагогикалық іс- әрекет, нәтиже рефлекция, қиыншылықтар, жетістіктер,
кемшіліктерді талдау, к.нәра бақылауды жүзеге асыру;
Сыныптағы тәрбие жұмысының жоспары бойынша ұйымдастыру және өткізу;
Бекітілген сыныпта бір тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастырып өткізу;
Бекітілген сыныпта бір тәрбиелік іс – шараны талдау;
« Қиын балалар» жеке тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда сынып жетекшісіне
көмек көрсету;
Мектеп пен жанұяның арасындағы өзара қарым – қатынас жоспары бойынша іс –
шараны дайындауға қатысу және өткізу;
Бекітілген сыныпта оқу пәні бойынша тәрбие жұмыстарын сыныптан тыс
ұйымдастыру, қосымша сабақтар, факультативтер, кеңестер, пән бойынша
сыныптан тыс іс – шараны өткізу;
Оқу пәні бойынша тәрбие жұмыстарын сыныптан тыс ұйымдастыруда талдау
және өзін – өзіне талдау;
Педагогика кафедрасына кәсіби – педагогикалық практиканың нәтижесі бойынша 3 курс студенттерінің есептік құжатты:
Практика барысында студенттің педагогикалық қызметі туралы есеп беру.(ақпараттық, жалпы);
Бекітілген сыныпта практика барысында сынып жетекшісінің студент – машықтанушыға мінездеме және бағаның берілуі;
Есепке қосымша:
Тәрбиелік іс – шараның жоспар конспектісі
Тәрбиелік іс – шараның талдауы
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс – шараның өткізуін талдауы
Есептік құжаттың ақпараттық картасы:
