- •5В050300 – Психология
- •Пәннің тақырыптық мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік (методикалық) қамтамасыздандыру картасы
- •2012 -2013 Оку жылы
- •Дәріс комплексі
- •Глосарий
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
Әлеуметтік психологиялық пәндер кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Экономика Жоғары мектебінің
директоры м.а А.И. Қаржаубаева
_____________________________
«___» _________________ 2014 ж.
ПӘНДЕР МОДУЛІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Әлеуметтік - психологиялық пәндер кафедрасы
Пәндер модулінің атауы: «Педагогикалық психология»
Модуль деңгейі: Бакалавриат
5В050300 – Психология
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
Астана – 2014 ж.
Пәндер модулінің оқу-әдістемелік кешенін дайындауға жауаптылар:
РhD доктор, аға оқытушы Сақтағанов Б.К.
Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедра отырысында талқыланды
Хаттама № __1__ «__25___» ______тамыз________________ ____2014_____ж
Кафедра меңгерушісі
______________ «_____» __________________________ ___________ ж.
Экономика Жоғары мектебі Кеңесінің отырысында мақұлданған.
Хаттама № __1__ «__28___»____тамыз______________ ____2014_______ж.
Экономика Жоғары мектебі Кеңесінің төрағасының м.а. А.И. Қаржаубаева
__________________ «_____» ____________________ ___________ж.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
Әлеуметтік психологиялық пәндер кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Экономика Жоғары мектебінің
директоры м.а А.И. Қаржаубаева
_____________________________
«___» _________________ 2014 ж.
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)
Пәннің атауы: «Педагогикалық психология»
5В050503 –Психология
Оқу нысаны күндізгі
Атау коды PР 4308
Барлығы 2 кредит
Курс ___4__ Семестр __7___
Дәріс___20_ сағат
Практикалық, семинарлық 10 сағат
СОӨЖ 15 сағат
СӨЖ 45 сағат Емтихан 7 семестр
Барлығы 90 сағ.
А С Т А Н А – 2014
Силлабус жасаған: аға оқытушы Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін, «Психология-педагогика» мамандығы бойынша бітірген, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, «Психология-педагогика» мамандығы бойынша Философия докторы РһD. 413 каб., тел. 70-30-46
Пререквизиттер: Педагогикалық психологияны тиімді меңгеру үшін педагогиканы, тәрбие теориясын, қоғамдық пәндерді, жас ерекшелігі психологиясын, адам құқықтарын, тұлға психологиясын, жоғарғы білім беру сипаттамасын, т.б. білуі керек.
Постреквизиттер: Студент психологиялық дүниетанымын және тұлғалық құндылық бағыттылығын қалыптастыру керек ;
Практикалық психологияны, психодиагностиканың теориясы мен әдістерін, методологиясын, технологиясын меңгеруі қажет;
Білім беру саласындағы педагогикалық-психологиялық диагностиканың бағыттарын, оның құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың жолдарын білуі керек;
Студент педагогикалық үрдісін, білім жағдайларын болжау және реттеу жұмыстарын жасай алуы қажет;
Пәннің мақсаты: Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгеруіне байланысты педагогикалық практиканың түрлі аймақтарындағы психологиялық-педагогикалық диагностиканы ұйымдастыру негіздері. Психодиагностикалық әдістемелердің сапасын бағалаудағы талаптар және олардың түрлері. Өздігінен психологиялық-педагогикалық диагностиканы әлеуметтік өмірдің түрлі жақтарын ескере тиімді жолдарын құрастыру, нәтижелерін сандық-сапалық тұрғыдан талдап баяндау.
-Студенттерге педагогикалық психологияның методологиялық негіздерін түсіндіру ;
-Педагогика-психология мамандығының қоғамдағы орны мен қызметіне сыни көзқарастарды қалыптастыру;
-Студенттің әлеуметтік педагогикалық практикадағы атқаратын кәсіби әрекеттерінің жүйесін ғылыми-теориялық тұрғыда қалыптастыру;
Пәннің міндеттері:
-Студенттерді педагогикалық психологияның ілімімен, оның білім беру саласындағы ролімен, әлемдік ғылым жүйесімен таныстыру;
-Педагогикалық психология теориясының ғылыми таным дамуындағы методологиялық қызметін, оның жалпы ғылыми және арнайы ғылыми әдістерінің ролін үйрету;
-Дидактикалық міндеті ретінде әр түрлі оқу-тәрбие жағдайларын шешу барысында оған психологиялық және педагогикалық талдау жасай алу және оны біріктіре алу;
-Негізгі педагогикалық-психологиялық мәселелерді (психодиагностикалық әдістемелердің сапасын бағалаудағы талаптар және олардың түрлері; өздігінен психологиялық-педагогикалық диагностиканы әлеуметтік өмірдің түрлі жақтарын ескере тиімді жолдарын құрастыру, т.б.) анықтай білуге үйрету;
