- •86. Карбюратордың жүйелері (іске қосатын қондырғы, бос айналыс жүйесі, басты мөлшерлегіш қондырғы, экономайзер, тездеткіш сорабы )
- •95.Автомобиль трансмиссиясы. Қызметі мен түрлері.
- •Механикалық трансмиссияның жалпы кұрылысы
- •97.Ілінісу муфтасы, құрылымы, күтімі
- •90.Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің негізгі функциялары мен түрлері
- •87.Іштен жану қозғалтқыштарындағы жану қоспаларының түрлері
- •92.Іштен жану қозғалтқыштарындағы форсункалар. Форсункалардың жіктелуі
- •91.Іштен жану қозғалтқыштарындағы жоғары қысымды жанармай сорабы. Жіктелуі.
- •93.Карбюраторлы қозғалтқыштың тұтандыру жүйесі
97.Ілінісу муфтасы, құрылымы, күтімі
Ілініс қозғалтқышпен беріліс қорабын аз уақытқа ажыратып, оны жаймен қосуға арналған. Бұл кезде автомобильдің орынынан біртіндеп қозғалу керек. Сонымен қатар ілініс трансмиссияның бөлшектерін, иінді біліктің бірден айналысын бәсеңдеткенде, қозғалтқышты айналатын массаларын туғызатын инерциялы моменттен қорғауға арналған.
Құрғақ, бір дискілі ілініс, жеңіл автомобильдерде қолданылады, жетекші және жетеленуші бөлшектерден, сөндіру механизмінен және жетектен тұрады. Жетекші бөлшектерге басылатын диск (2) (10.5- сурет) кіреді, ал қаптама (1), рычагтар (7) және серпімді пластиналар (5), басылатын серіппелермен (6) байланысқан. Жетеленуші дискіде (4) жетеленуші механизмдер жинақталған.
Жұмыс істеу принципі үйкеліс күшінің қолданылуына негізделген, ол диск (2) және оның (4) беттері арасында пайда болады (10.5, а- сурет). Жетекші диск (2) қозғалтқыш маховигімен (3) байланысқан, ал жетеленуші диск (4) беріліс қорабының жетекші білік (12) шлицтеріне киілген. Қосылып тұрған іліністе серіппелер (6) жетекші дискпен жетеленуші дискті маховикке қысады, мұнымен иінді біліктің айналушы моментін беріліс қорабының жетекші білігіне береді.
Іліністі баспаға (10) басу арқылы сөндіреді, ол сөндіру муфтасы және мойынтірегі арқылы жүзеге асады. (10.5, б- сурет). Мойынтірек беріліс қорабының білігі арқылы алдыға жылжиды және сөндіру рычагына (7) барып, олар жетекшіге басылатын дискті артқа итереді.
Орталық диафрагмалы баспалы серіппелі ілініс, ВАЗ-2105, ВАЗ-2108 және «Москвич-2140» автомобильдерінде қолданады, ал баспалы серіппелері периферинді орналасқан ГАЗ-3102 «Волга» автомобильдерінде қолданылады. ВАЗ-2105, «Москвич-2140» автомобильдерінде іліністі сөндіру жетегі- гидравликалық, ал ВАЗ-2108 автомобильдерінде — механикалық. Күшейткіш серіппелі механизмдерді ВАЗ автомобилдерінің жетектерінде қолданады.
90.Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің негізгі функциялары мен түрлері
Отынды жану қоспасын ауамен цилиндр ішінде қысу арқылы отынды өздігінен тұтату дизелді қозғалтқыштың негізгі ерекшелігі болып табылады. (өнер табыс иесінің атауымен аталады Р. Дизель). Дизельдерде отын жоғарғы қысымды тораптан бүркігіштер арқылы цилиндрге қысым арқылы бүркіледі, ол сығу ырғағындағы ауаның қысымынан бүркелетін отын қысымы бірнеше есе көп болады. Қоспа жасалу отынның цилиндрге кіруінен басталады. Қоспа жасалу үрдісінің цилиндрде ауа мен отын өте кіші бөлшектерге ыдырап, ол өз кезегінде конус тәрізді түрі бар отынды алауға айналады. Сондай-ақ, отын қанша мөлшерде аз бөлшектерге ыдыраған болса, мейлінше оның жануы жақсы болады. Сығылған ауаның жоғары қысымы мен температурасы (сығу ырғағының соңында ауа температурасы 550-700° С тан артық болады, ал қысым — 3,5-5,5 МПа) оның жанып, булануына көмегін тигізеді. Отынды қажетті тездетумен бүрку үшін, отынды тораппен қатар қозғалтқышқа отынды ертерек бере бастау қажет. Ол мезет ,яғни, уақыт отынды тораптан бүркігішке берілетін уақытпен байланысты. Отынды тораптан отынды берер кезге дейінгі мезет иінді біліктің қос иіні «ЖӨН» жетпейтін бұрышы отынды берудің озу бұрышы деп аталады. Дизельдердің әртүрлілігі: олардың түтінсіз жұмысына сәйкес болатын ауаның артықшылық коэффицинтінің минималды мәні = 1,3-1,7 аралығында орнатады. Мұнымен қатар дизельдерді карбюратормен салыстырғанда олар үлкен үнемділігімен ерекшеленеді. Қоспа жасалуын жақсарту және жану үрдісі жұмыстық қоспа жасалу тәсілі мен жану камерасы түріне тікелей байланысты. Бөлінбеген жану камерасы (8.1, а- сурет) ол қалпақша тәрізді жазықтығы (2) және піспек «ЖӨН» ұқсас болады, ал піспектің жоғарғы төбесі, яғни, жазықтығы арасындағы көлем (3) болып табылады. Мұндай камераларда қоспа жасалу үрдісі сығылған ыстық ауаға отынды бүркумен шартталады, ол дизелдің жану камерасы көлемінде болады, сондықтан да оларды кейде бір сызықты көлемді қоспа жасалу камерасы деп атайды. Қазіргі дизельдерде көп қолданылатыны үлпекті қоспа жасалуы. Үлпекті қоспа жасалу жану камерасының шар тәрізді ыстық қабырғаларына қоспаның көп бөлігі беріледі деп тұжырымдалған. Аталған қабырғада отын үлпек тудырады, кейіннен қабырғалардан жылу жартысын алған кезде қоспа жанып, буланады. Үлпекті және көлемді тәсілдер былайша ерекшеленеді, 1) отынның негізгі бөлігі алғашқыда буланады да және буланған күйде ауа мен камерада интенсивті құйындатушы қозғалыс нәтижесінде араласады, 2) бүркілген отын бөлшектері тікелей ауамен араластырылады. Тағы бір таралған түрі көлемді- үлпекті қоспа араласу арқылы жасалынады. Мұндай қоспа жасалу көп отынды дизельдер жасауға мүмкіндік береді, ол дизельмен қатар жоғары октанды бензин және спиртті (метанол) қолдануға мүмкіндік береді. 8.1- сурет. Дизельдердіңжанукамералары: а- ЯМЗ-236; б- ЗИЛ-645; в- құйындатушытүрі. Цилиндрлерқалпақшасында (4) орналасқанекітесіктібүркігіштен (9) отынжанукамерасынабүркеледі. Қабырғажанындағытегеурін (8) жанукамерасықұраушысыныңбойынабағытталған, ал көлемдітегеурін (7) камераның ,яғни, оныңцентрінежақынішкікөлемдіқиыпөтеді. Қабырғағабағытталғантегеурінүрдісінкөбінесекөлемдіқабарғаға 88 бағытталғанүлпектіқоспажасалудепатайды. Басқа да қоспажасалуүрдістеріменсалыстырғандабұлүрдісжақсыүнемділіктіқамтамасызетедіжәнедизелдің цилиндр ішіндегіқысымыныңбірқалыптыөсуін, тұрақтыжұмысынқамтамасызетеді. Сондай-ақдизельдіңіскеқосылусапасынжәнеэкологиялықкөрсеткіштерінтүтінніңаздығы мен жұмысістепбіткенгаздардыңулылығыназайтуғамүмкіндікбереді. Бөлектенгенжанукамераларыекікөлемнентұрады: негізгікөлем, олпіспектүбініңкеңістігіндеорналасқан, ал қосымшакөлем- шығырқалпақшасындаорналасады. Камераларөзараарналарменбайланысқан. Көбінесебөлінгеннемесеекісызықтыкамералардыңекітүріқолданылады: құйындыжәне камера алдыкамераларықолданылады. Құйындыкамералардыдизельдерде (8.1, в- сурет) қосымшакамераның (10) көлемінегізгіжанукамерасынан 0,5- 0,7- мәнінқұрайды. Негізгі (12) жәнеқосымша (10) камераларыөзараарнаменбайланысады, ал ауаныңқұйындықозғалысынқамтамасызететінқосымша камера тудырушығатангенсиалдыорналасады.
