Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы 86-97 (88,89,94).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.41 Кб
Скачать
  1. Механикалық трансмиссияның жалпы кұрылысы

Механикалық трансмиссиялар. 4х2- доңғалақтық формуласы бар автомобильдер үшін келесі түрдегі сұлба жиі қолданылады, қозғалтқыш алдында орналасқан, ал артқы доңғалақтары жетекті және трансмиссияның негізгі бөліктеріне көлденең өспен орналасады (МАЗ-5335, ГАЗ-53А, ГАЗ-З110 «Волга», ВАЗ-2101— 2107 «Жигули» және т.б.). Қозғалтқыштан (1) шыққан (10.1, а- сурет) айналдырушы момент ілініс (2) арқылы 110 беріліс қорабына (3) беріледі. Беріліс қорабында айналдырушы момент қосылған беріліске байланысты өзгереді. (10.1,б- сурет). Берілісті қозғалу шартына байланысты таңдайды. Ілініс пен беріліс қорабы бір құрылымдық шешімдерге байланысты қозғалтқышпен бір шығырға орналастырылған күштік агрегат болып табылады. Беріліс қорабынан шыққан айналдырушы момент кардан берілісі (4) арқылы басты беріліске (6) беріледі, онда ол көбейіп, дифференциал (7) және жартылай өстер (8) арқылы жетекші доңғалақтарға беріледі. (10.1, а- сурет). Дифференциал оң және сол жақтағы доңғалақтарға моментті бөліп таратады ( М п және М л моменттері). Жетекші белдік (5) құрамында басты беріліс, дифференциал және жалпы картерге біріктірілген жартылай өстер болады. Сондай ақ 4х2 доңғалақтық формуласы бар жеңіл автомобильдердің мехеникалық трансмиссияларының басқа да сұлбалары кездеседі. Қозғалтқыш, ілініс және беріліс қорабы жетекші белдік жанында орналасады, олар артқы жетекті қозғалтқышы артында орналасқан автомобильдер (10.2, а- сурет), немесе ВАЗ-2I09, 2110 және т.б. автомобильдердегі сияқты күштік агрегат алдында және сол алдыңғы доңғалақтар жетекші болып табылады (10.2,б- сурет). Мұнда жетекші доңғалақтарға итерме жартылай өстер арқылы емес, карданды берілістер арқылы жүзеге асады. Жетекші, басқарылатын доңғалақтарда теңесуі бұрыштық айналу жылдамдығы бар кардан топсаларын (6) қолданады. 4х4- доңғалақтық формуласы бар автомобильдің механикалық трансмиссиясын қарастырайық (10.3- сурет). Оған қосымша үлестіруші қорабы (7) кіреді, ол арқылы айналдырушы момент бөлек кардан берілісі (4) арқылы жетекші алдыңғы және жетекші артқы доңғалақтарға қатар беріледі.

Алдыңғы жетекші белдік, басты беріліс, доңғалақ жетегіндегі дифференциал жартылай өстері және кардан топсаларынан (6) құралған, ол алдыңғы жетекші басқарылатын доңғалақтарға айналдыру моментін беруге мүмкіндік береді. Үлестіргіш қорапта өс аралық дифференциал (8) арқылы орнатылуы мүмкін. (10.3, в- сурет) Бұл айналдырғыш моменттер жетекші белдіктерге белгіленген тепе- теңдікпен беруге мүмкіндік береді. Айналдырушы момент аралық және артқы жетекші белдіктерге, механикалық трансмиссияларда, яғни, үш өсті автомобильдерде жалпы бір білікпен (10.3, б- сурет) немесе бөлек екі білікпен жетек беріледі. (10.3, в- сурет). 8х8- доңғалақтық формуласы бар автомобильдерде базаны үлкейту мақсатында, көбінесе жетекші белдіктерді арба аралық орналастыруды қолданады. Мұндай құрылымда бірінші белдік екінші және үшінші және төртінші белдіктерге жақындап орналасады. Екі алдыңғы белдіктің доңғалақтары басқарушы болып табылады. Олар дифференциалы бар үш үлестіргіш қорапты иеленеді: біреуі арба аралық, ал екеуі өс аралық, олар кардан берілістерімен байланысқан. Бұл жағдайда автомобильде кейде екі қозғалтқыш пайдаланады, ол екі ілініспен екі беріліс қорабын талап етеді. (10.3, д- сурет)