Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы 86-97 (88,89,94).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.41 Кб
Скачать

86. Карбюратордың жүйелері (іске қосатын қондырғы, бос айналыс жүйесі, басты мөлшерлегіш қондырғы, экономайзер, тездеткіш сорабы )

Бос жүріс жүйесі иінді біліктің аз айналу жиілігі кезінде, қозғалтқыштың орнықты жұмысын қамтамасыз ету үшін, байытылған жану қоспасын дайындауға арналады. Оның құрылымдық құраушылары: отынды және ауалы жиектемелер, эмульсионды канал ол ауа мен отынның кіруіне себебін тигізеді, ал екі тесік пен реттеуші бұрандама араластырушы камераға эмульсия мен ауаның шығуына көмектеседі. Үлкен сиретілудің әсерінен еркін жүріс кезінде, дроссельді жапқыштан ары отын жиектеме арқылы эмульсионды каналға барады, онда ол ауамен араласады да, ол ауа жиектемесі және жоғарғы тесік арқылы эмульсия тудырады. Алынған эмульсия төменгі тесік арқылы дросселді кеңістікке барады, ол қозғалтқыштың нормалық жұмысын қамтамасыз етеді. Бұрандамалық арқылы жеткізілетін эмульсия саны реттеледі.

Қуатты режимдердің экономайзері жану қоспасын байытып, қозғалтқыштан толық қуат алуға қолданады. Механикалық жетегі бар қуатты режимдердің экономайзері, клапан және шток орналасатын поплавокты камера ауамен байланысатын экономайзер құрамына енеді .

Мәжбүрлеуші бос жүріс экономайзері отын шығынын және жұмыс істеп біткен газдардың улылығын азайту үшін қолданылады. Бұл дегеніміз автомобильдің қозғалтқыш пен тежелуі кезінде, қосылып тұрған беріліспен төмен қарай сырғанаған кезде жүзеге асады.

Тездеткіш сорап жану қоспасын аз уақытқа байыту үшін қолданылады, ол дроссельді жапқышты бірден ашқанда іске асады, ол көбінесе автомобильдің үдете қозғалуында болады. Үдетуші сораптың құрамына кіретіндер: құдықша , штогі бар піспек , кері және айдаушы клапандар, жиектемелер және жетек.

95.Автомобиль трансмиссиясы. Қызметі мен түрлері.

Трансмиссия, автомобильдердің жетекші доңғалақтарына қозғалтқыштан шыққан айналдыру моментін беру қолданылады. Автомобильдің жетекші доңғалақтарына моментті беру кезінде өзгерілуі болады және момент доңғалақтар арасында өзара тең бөлініседі. Айналдырушы момент қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігінің жетекші доңғалақтарға қатынасына тең болатын беріліс санымен анықталады. Бұл жағдайда энергияның жоғалуын ескермейді.

Қозғалтқыш пен жетекші доңғалақтар арасындағы байланыстың сипаты бойынша трансмиссияларды төмендегідей ажыратады: механикалық, гидро көлемді, электрлік және комбинирленген (гидромеханикалық және электро- механикалық) Қазіргі таңда көбірек тарағаны - механикалық трансмиссия болып табылады, олар автомобильдерге лайықты жасалған. Ондағы қозғалтқыш пен жетекші доңғалақтардың орналасуына байланысты әртүрлі сұлбаларға сәйкес жасалады. Автомобильдің трансмиссиясын бағалау үшін доңғалақтық формуланы қолданады, ондағы алғашқы сан автомобиль доңғалағының санын көрсетсе, екінші саны ондағы жетекші доңғалақтардың санын көрсетеді.

Трансмиссияның қызметі. Трансиссияның қызметі — автомобилдердің жетекші доңғалақтарына механикалық күштерді береді, мұнда доңғалақтың тіреніш бетімен әсерлесуінің салдарынан автомобильдің қозғалмалы жүрісі пайда болады. Трансмиссиядан айналу моментінің түрленуімен бірге беріліс санына пропорционал айналу моментінің жылдамдығыда өзгереді.

Трансмиссияға келесі негізгі талаптар қойылады: жоғарғы сенімділік және машинаның барлық диапазонындағы жұмыс режимінде беретін қуаттың аз шығыны (жоғары ПӘК); берілген машинаның түріне жарияланатын нақты талаптарды қамтамассыз ету; мүмкіндігінше габаритті өлшемі және массасы аз; машинаның талап етілген мәнде қозғалыс жылдамдығын және тарту күшін қамтамассыз ету үшін беріліс санын рационалды таңдау; ауыл шаруашылығында және өндіріс орындарында қажетті өтімділігін жақсарту үшін доңғалақтардың әр-түрлі жылдамдықта айналуы және тұйықталуды доңғалақ аралық, сондай-ақ өс аралық етіп іске асыру; басқару жеңілдігі; басқару органдарының ыңғайлы орналасуы; техникалық қызмет және жөндеу кезіндегі ыңғайлылығы; трансмиссиядағы шуыл және діріл орнатылған нормада; жұмыс жабдығына, толықтырушы механиздерге және құрылғыларға күштерді таңдау мүмкіндігі.

Трансмиссияның жіктелуі. Қуатты беру тәсілі бойынша трансмиссияны механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық, гидро-көлемді деп бөледі.

Механикалық трансмиссияда (9.1, а, б, в, д, сур) қуат берілісі іліністегі механикалық үйкелістің есебінен, сондай-ақ біліктердің шарнирлердің және тісті берілістердің жалғасуы арқылы жүзеге асады.

Гидромеханикалық трансмиссияларда қозғалтқышпен трансмимссияның механикалық бөлігінің арасында гидротрансформатор немесе гидромуфта орнатылады, ол қозғалтқышпен трансмиссияның арасында гидравликалық байланысты іске асырады. Гидромуфта берілетін айналу моментін өзгертпейді және әрқашанда турбинді доңғалақтың сораптыға қатысты сырғуында жұмыс істейді,соған байланысты қуат шығыны болады. Үлкен айналу жиілігінде сырғу 2...3 % құрайды, аз кезінде 100% құрайды. Отын шығынының, массасының, габаритті өлшемдерінің және құнының жоғары болғандығына байланысты отандық автомобилдерде гидромуфтаны пайдаланбайды

Электромеханикалық трансмисияда (9.1, г, сур)қозғалтқыш (әдетте дизелдегідей) электр генераторының роторын айналдырады, сол қуатты электр желісімен электр қозғалтқышына одан раы тісті редуктордың көмегімен жетекші доңғалақтарға немесе жетекші доңғалақтарда орналасқан электр қозғалтқыштарына береді. Электомеханикалық трансмиссия сәйкес реттеуші апараттардың көмегімен жоғарғы түрлендіргіші және ауыспалы жүктемеге қолайлы, ал қозғалтқышы тиімді режимде жұмыс істейді.