Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык экономика ГОС (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.82 Кб
Скачать

14 Халықаралық сауда капиталы: түсінігі, себебі

Сауда капиталы өндірісте шығарылған құнның бір бөлігін иемденеді. Қосымша кұн тек қана материалдық өндірісте шығарылады. Басқа салалар қосымша кұн ендірмейді. Сауда пайдасы қосымша құнның турін өзгерткен үлгісі мен бір болігі. Сонымен, сауда пайдасының қайнар бұлағы, өнеркәсіп капиталистерінің пайдаларының кайнар көзі. Өндіріс саласында өндірілген қосымша кұн, сауда саласында жалпы кұн және қосымша құн да болуы ықтимал. Сауда капиталы осы қатарда тек жалдамалы еңбекті қанауға қатысады.

Тауарды сатып өткізу, айналыс процесінде жүзеге асады. Оған арнайы шығын кетеді. Осындай шығын түрлерін айналыс шығымдары деп атайды. Ол екіге бөлінеді: қосымша шығын және таза айналыс шығындары.

Тауарды сатып алу және сатып өткізу кезінде жарнама істерін және т.б. ұйымдастыруға кеткен шығындар таза айналыс шығыны түсінігін береді.

Тауарды толық тұтынушыларға жеткізуге кететін көптеген шығын түрлерінің жиынтығын айналыстағы өндірістің қосымша шығындары дейміз. Капитализмде сауданың 3 түрі бар: көтерме, бөлшек және сыртқы сауда. Сауда капиталистері тауарларды тікелей тұтынушыларға, халыққа сатады. Бөлшек сауда дегеніміз осы. Бір капиталистердің, басқа капиталистерге тауарларды қол көлемде сатып өткізуін көтерме сауда деп айтамыз.

Капитализмде сыртқы сауда ерекше ролін атқарады. Келешекте бұл тенденция үдей түседі. Шет елдерге шығарылған тауарлар экспорт, әкелінген тауарлар импорт деп аталынады. Экспорт көлемі импорттан асып түссе сауда балансы активті, ал импорт экспорттан басым болса сауда балансы пассивті болғаны. Қазір, әсіресе келешекте ел тағдырын шешетін күштердің бірі - әлемдік рынок.

Төлем балансына сырткы саудадан, тасымал кұралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциядан және т.б түскен табыстар кіргізіледі. Толем балансының маңызды құрамдас бөлігі сауда балансы. Онда елдің экспорт, импорт және экспорт бойынша кірістері мен шығындары анықталады.

15 Халықаралық еңбек күшінің миграциясы: түсінігі, себебі, түрлері Хал/қ миграция жұмысшы күшін экспорттайтын н/е импорттайтын елд/ң арасындағы эк/қ даму жағдайы мен халықтың табиғи өсу қарқынында елеулі айырмашылықтар болғандықтан пайда болады. Иммиграциянын географиялык орталыктары акш, канада, австралия, батыс еуропа елдерінің көпшілігі жогары экономикалық дамыуы және мұнай сатудан түсетін жогары табысқа өте қарқынды экономикалық дамыған елдер болып отыр. Елдер қатарына Бахрейн, Кувейт, Қатар, Сауд Аравиясы, Бірікен Араб Эмираттарын жатқызуға болады. Әлемнің көптеген мемлекеттері сыртқы сауданы либерализациялау жолына түскен кезде, жұмысшы күшінің халықаралық миграциясын шектейтін         шаралар қолдануда. Иммиграциялық саясаттың мақсаттары үш аспектіде қарастырылуы мүмкін. Миграциялық саясат концепциясын таңдау кезінде  елдің ұлттың тарихи ерекшеліктері маңызды болады. Батыс Еуропа интеграция концепциясы хх ғасыр басында басталып, 60-70 жылдары жаппай  алған ротация концепциясына ауысты. Германияда мигрант жұмысшы топтары арасында жүргізілген  қолданылатын әлеуметтік зерттеуі  жоспарламайтын адамдарды  үлесі жоғары. Иммиграциялық саясаттың маңызды мақсаттарының бірі ұлттық еңбек рыногын еңбек күші қорғау болғандықтан,император елдер иммиграцияны болдырмау шетел жұмысшы күшінің санын қысқартуға шараларды қолдануда. АҚШ 1984 жылы Президенттің заңсыз келген шетелдіктер лагерь құру туралы №12473 Жарлығы бекітілді. Акцияға мемлекеттік бюджеттен 200мың адамға арналған  10 лагерь құрылысына 8 млн.262 мың доллар жұмсалады. Депортация 1986 жылға дейін, иммиграциялық заң қабылданғанша жүргізілді. Жұмыс күші сапасы қабылдаушы ел мойындайтын білім/ң не мамандық дәрежес/ң болуымен анықталады. Мигрант/ң білім алу мен кәсіптік дайындық құжаттарын  тексерудің белгілі тәртібі бар. Мәселен, Еуропалық одақ/ң шешімі бойынша, 1991жылдан бастап одақ мүшелірі/ң біреуінде алынған дипломдар ЕО территориясында қабылдауы қажет. Басқа мем/р диплом/ң танылуы үшін оның иесі диплом бойынша Еуропа одағ/ң бір елінде 3жылдан астам мерзім жұмыс істеу қажет. Осы жұмысшы күші  сапасына қойылатын басқа талаптар/ң қатарына/ келуші мигранттар/ң денсаулығы жақсы болуы/бірқатар мамандақтар мен кәсіпптерге қойылатын қосымша кәсіби талаптар. АҚШта шетелдік бағдарламашы елде қабылданған бағдарлама құралдарын пайдалана алуы,компьютерлік жүйелермен таныс болуы қажет.

16 Халықаралық технология алмасу: технология түсінігі мен құқықтық қорғау формасы Халықаралық саудада тәжірибе жүзінде ғылыми -техникалық білімдерді айырбастауға қатысты бірнеше терминдер қолданылады. Соның ішінде, «халықаралық технология айырбасы», «өнеркәсіптік технология айырбасы», «ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің халықаралық айырбасы», «технологияның берілуі» сияқты терминдер кең қолданыла бастады. Ғылыми -техникалық білімдер саудасы бойынша жасалынатын операциялар мазмұны-коммерциялық негізде шетелдік сатып алушыларға тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар, тәжірибелік құндылығы жоғары ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін беру. Тәжірибе жүзінде мұндай операциялар технологиямен халықаралық айырбас деп аталады.

Формасы жағынан бұл сыртқы сауда келісімін сақтай отырып, технологияның берілу негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар «ғылыми-техникалық байланыстар» терминінің де мәні зор. «Ғылыми-техникалық байланыстар» халықаралық сауда операциясын жүргізу жолмен жүзеге асырылатын өндірістік тәжірибе, техникалық өңдеулер, тәжірибелік-конструкторлық, ғылыми зерттеулер нәтижелерімен айырбас негізінде байланыста болатын валюта-қаржылық, құқықтық қарым-қатынастар жиынтығы. Әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесінде маңызды роль атқара отырып және осы жүйенің маңызды бөлігі ретінде, ғылыми-техникалық байланыстар әлемдік қол жеткізілген жетістіктердің жедел түрде ғылым мен техника саласында қолданылуына жағдай жасайды.

Берілетін технологияның түрлері:

1. Пайдалы, тиімді модельдер.

2. Өнеркәсіптік үлгілер.

Пайдалы, тиімді модельдер мәні жағынан «шағын ойлап табу» болып табылады және ол барлық елде бірдей қорғала бермейді. Өнеркәсіптік үлгілер өнеркәсіп бұйымының эстетикалық қораптауын сипаттайды. Ғылыми-техникалық, өндірістік, басқару, коммерциялық, қаржылық сипаттағы білім мен тәжірибе немесе халықаралық сауда келісім шарттарында сатып алу объектісі болып табылатын, әрі ғылыми зерттеу процесінде бәсекеге қабілетті өнім өндіру, өткізу және пайдалануда қолданылатын тәжірибенің барлығы «Ноу-хау» түсінігін қамтиды. Мазмұны жағынан «ноу-хау» конструкторлық, технологиялық, өндірістік, басқарушылық, коммерциялық, қаржылық та болуы мүмкін.

«Ноу-хау» құжаттар формасында (сызба, нұсқалар) немесе белгілі бір салада өндірістік тәжерибесі мол мамандардың жіберілу жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен мамандар өздері ойлап тапқан немесе қызметіне байланысты өзі білетін өндіріс процесіндегі технологиямен ғылыми-техникалық жетістіктер туралы қандай да бір мәліметтерді рұқсатсыз жарияламауға міндеттенеді.

Қазіргі жағдайдағы технологиямен халықаралық айырбасқа тән белгілер:

- Ғылыми-техникалық біліммен халықаралық айырбас дамуының объективтік сипаты.

-Технологиялық білімдердің монополизациялануы.

-Технологияның берілуі саласындағы фирмалардың мақсаты бағытталған саясаттың жүргізілуі.

- Сыртқы экономикалық дамудың бір құралы есебінде фирманың, технологияның корпорация ішінде айырбасын қолдануы.

- Орта және ұсақ фирманың технология халықаралық айырбасқа белсенді түрде араласуы.

- Әлемдік тауар нарығы ТҰК (транс ұлттық корпорация) арасындағы бәсекелестік күрестің күшеюіне әкеп соқтыратын, технология халықаралық айырбас ортасындағы қарама-қарсылықтың күшеюі.

- ТҰК-тің дамушы елдердің экономикалық тәуекелділіктің жаңа формасын құруға деген ынталар.

- Дамушы елдердің технологиясының берілуінде белгілі бір тәртіпті орнату үшін күресуі.

Технологияның берілуі саласындағы іс-әрекеттің халықаралық кодексін әзірлеу қажеттілігі туралы шешім 1947 ж.БҰҰ бас Ассамблеясында қабылданды. Кодекс жобасы 10 бөлімнен тұратын мынадай 10 преамбуладан тұрады:

- Қолдану ортасын анықтау;

- Мақсаттар;

- Қағидалар;

-Технологияның берілуі бойынша келісімді ұлттық реттеу;

- Шектеулі іскерлік тәжірибе;

- Жақтардың жауапкершілігі мен міндеті;

- Дамыған елдер үшін арнайы реттеулер;

- Халықаралық әріптестік;

- Келіспеушілікті шешу мен қолданылатын ережелер;

- Басқа да шарттар.