Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык экономика ГОС (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.82 Кб
Скачать

11Халықаралық сауданың альтернативтік теориялары мыналарды қамтиды:

1) Ауқым нәтижесі немесе төмендеуші шығындар теориясы.

2) Тауардың өмірлік цикл теориясы.

3) Техникалық үзіліс теориясы.

4) Ұқсастықты қалау теориясы

5) Сала ішілік сауда теориясы.

1. Ауқым нәтижесі қызметімен байланысты теория өндіріс шығынының төмендеуіне және еңбек қабілетінің жоғарлауына мүмкіндік туғызады, өндіріс төлемінің өсуі жүреді, ел тар ішкі нарыққа кездеседі, ішкі нарықта бөлінбеген артықшылық пайда болады, яғни сыртқы нарыққа шығу қажеттілігі туады. Өндіріс көлемінің өсуі → тар ішкі нарық → артықшылық → сыртқы нарыққа шығу.

2. Альтернативтік теорияның негізгі танымал теориясы 1966 ж. американдық ғалымдар Раймонд Вернон, Кин Дельберг, Уэльстер ойлап тапқан тауардың өмірлік цикл болып табылады. Бұл теорияға сәйкес әр бір жаңа өнімді өндіру оны нарыққа енгізу, кеңею, кемелдену және қартаю тәрізді кезеңді қамтитын циклден өтеді. Бұл теория неліктен тауарды экспортшы ел өндіруден бас тартып, ол тауарды импорттайтындығын түсіндіруге маүмкіндік береді. Бұл теория бойынша тауарлар өзінің дамуында 4 кезеңнен өтеді:

1. Тауардың пайда болуы. Тауар бірнеше елдің біреуінде ғана пайда болады. Жаңа өнімді ішкі нарық үшін өндіре бастаған циклдің бірінші кезеңінде оған деген сұраныс өте көп емес. Мұндай сұраныс тауарды сатып алу туралы шешім қабылдайды. Оның бағасына ерекше мән бермейтін табысы жоғары адамдарға ұсынады.

2. Өнімнің кеңеюі кезеңінде (тауардың өсуі) ішкі нарықтағы сұраныс жедел өсіп, өнім көпшілікке танымал бола бастайды. Ел тауарды экспорттай бастайды. Себебі, ол шыққан елінде де, шет елде де сұранысқа ие.

3. Кемелдену кезінде ішкі нарық көлемі жоғары деңгейге жетеді. Өндірістік технология толық стандарттады. Бұл біліктілігі төмен жұмыс күшін пайдалануға өндіріс шығынының бағаны төмендетуге тауарлар пайда болған елдің ішкі нарығына ене бастаған жаңа фирманың тауарлар өндірісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

4. Тауардың құлдырауы. Циклдің соңғы кезінде өнім қартаяды. Оны өндіру қысқара бастайды. Бағаны бұдан әрі төмендету, кемелдену кезіндегі сияқты сұраныстың өсуіне әкелмейді. Көп жағдайларда бұл кезеңде тауардың орнын басатын жаңа тауарлар пайда болады.

3. Өндіріс факторына бірдей елдің арасындағы сауданың дамуы елдердің бірінде техникалық өзгерістер арқылы пайда болған делінеді. Егер елдер техникалық прогресте әр түрлі сатыда болса және бұл қатынастар тұрақты болса, онда бұл елдерде келесі сауда қатынастары орнайды: дамыған елден дамушы елге тауарлар ағымы жүреді. Заңдылығында ескі тауарлар экспорттарды, тауарлар жетекші елде айналасынан шығып қалған тауарлар түрлері.

4. Ұқсастықты қалау теориясы нақты елде өндірілетін тауарлар жинағы және ассортиментті бұл ел тұрғынына қажет тауарлар тізімімен сәйкес келмейді. Елдер негізінен экономикалық деңгейі жағынан жақын елдермен сауда жасайды. Ел тек бірнеше тауарлар түрін өндіруге маманданады, қалғанын ол басқа елдерден импорттайды. Егер ел деңгейі бойынша төмен болса, онда оның экспорттайтын тауардың кең ассортименті болмайды.

5. Сала ішілік сауда. Елден бір тауар түрін экспорттады және импорттады. Сондықтан өнімнің бір бірімен теңесуі орын алады.

12 Жалпы тепе- теңдік ол халықаралық саудадағы тепе- теңдік. Ал халықаралық саудадағы тепе- теңдік ұлттық нарықтағы тепе- теңдіктің сақталуын білдіреді. Тепе- теңдік баға мен тепе-теңдік көлем экономикада сұраныс пен ұсыныстың ортақ әсерімен анықталады. Бұл жағдай ұлттық нарық пен қатар әлемдік нарық үшін де әділ болып табылады. Жалпы қандай да бір тауарға немесе қызметке деген нарықтық сұраныс адамдардың сол тауарға немесе қызметке деген қажеттілігімен түсіндіріледі.

Жалпы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін I мемлекетінің 1 тауарының экспорты II мемлекетінің 1 тауарының импортына тең болуы керек және I мемлекетінің 2 тауарының экспорты II мемлекетінің 2 тауарының импортына тең болуы керек, яғни

Q1–D1=D1'–Q1'

D2–Q2=Q2'–D2' (4.6)

Бір графикте көрсетілген I және II мемлекеттерінің өзара келісімді сұраныс қисықтары халықаралық сауданың барлық мүмкін болатын параметрлерін анықтайды. (4.5 сүр.) ОЕ сызығының еңкею бұрышы олар арасындағы сауданың жүзеге асырылатын салыстырмалы бағаны құрайды, ОG – I мемлекетімен экспортталған және II мемлекетімен импортталған 1 тауарының нақты саны, ОG' – I мемлекетімен импорттаған және II мемлекетімен экспортталған 2 тауарының нақты саны. Е=Е' нүктесі 1 тауарының белгілі-бір саны 1 таарының белгілі-бір санына айырбасталатын нақты салыстырмалы бағаны анықтайды. Нәтижесінде халықаралық деңгейдегі тепе-теңдік жағдайы пайда болады.

Жалпы/ халықаралық тепе-теңдік (general/international eguilibrium) – халықаралық және ішкі саудадағы тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың біркелкі теңесуі.(ішкі және әлемдік саудада)

Кез келген салыстырмалы баға кезінде (P=4, P=2, P=1/4 немесе P=1/4) I мемлекеті мен II мемлекттері экспорттағысы немесе импорттағысы келетін 1 және 2 тауарларының саны бірдей болмайды. Сұраныс ұсыныстан жоғары болады немесе, керісінше ұсыныс сұраныстан жоғары болады. Бұл мемлекеттерді өзара келісімді талаптарын есепке алуға және тепе-теңдік нүктесіне жылжуға күштейді. Біздің мысалда 1-ге тең салыстырмалы баға бойынша I мемлекетімен 1 тауарының 60 бірлігінің экспорты және II мемлекетінің тура осындай санының импорты нарықта тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. ½ салыстырмалы бағасы кезінде,I мемлекет экспорттауға 1 тауардың тек 40 бірлігін ғана ұсына алады, бұл, II мемлекеттің сатып алғысы келетінінен аз болып келеді. Шектеулі ұсыныс және шегінен тыс болып келетін сұраныс салыстырмалы бағаны 1-ге тең болатын тепе-теңдік жағдайына дейін өсуге күштейді. Жалпы тепе-теңдік моделінің көмегімен табылған сауда параметрлері бізбен халықаралық саданың стандарттық моделімен анықталған параметрлерне толық сәйкес келеді (4.2 сүр.).

Сонымен, халықаралық сауданың стандарттық моделі халықаралық саудадағы жалпы тепе-теңдік моделі болып табылады және мемлекет ішіндегі тауарға деген сұраныс пен ұсынысты шет елдегі тауарға деген сұраныс пен ұсынысты байланыстырады. Ол мемлекетті экспортқа басқа тауардың көптеген өзге де санын сатуға ынталандыру үшін, мемлекетке импортталатын тауардың қандай саны қажет екенін көрсететін өзара келісімді сұраныс тұсінігіне негізделген. Модель халықаралық саудның барлық негігі параметрлерін зерттеуге және онымен байланысты ұлттық экономика параметрлерін зерттеуге мүмкіндік береді. Ол тұтынушылардың өндіріс (ұсыныс) және талғам (сұраныс) шарттарын және әр мемлекеттің салыстырмалы артықшылықтары сияқты саудасыздық жағдайындағы салыстырмалы тауарлық бағаларды көрсетеді. Сауда шартында модель әр тауардың өндірісінде мемлекеттердің мамандану деңгейін, сауданың физикалық көлемін, сауда шарттарын, саудадан түскен табысты және оның мемлекеттер арасындағы бөлуді көрсетеді. Жалпы/халықаралық тепе-теңдік ішкі және халықаралық саудада тауарға деген сұраныс пен ұсыныс теңескенде жүзеге асырылады (ішкі және халықаралық нарықта).