Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык экономика ГОС (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.82 Кб
Скачать

3 Халықаралық тауар қозғалысы мен өндіріс факторлары.

Халықаралық тауар қозғалысы

Халықаралық еңбек нарығындағы ең маңызды көрсеткіш – елдер арасындағы тауар қозғалысы жатады.

Халықаралық сауда-мемлекеттер және шаруашылық арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы.

Халықаралық сауда халықаралық саудаға қатысқан мемлекеттердің санына бөлінеді. Жалпы бір мемлекеттің өзінде болатын сауданы мемлекеттің сыртқы саудасы деп атайды. Ал өзара 2 ел арасыда жүретін сауданы-мемлекетаралық сауда, екіжақта сауда деп, Бірнеше мемлекетте жүргізілетін сауданы халықаралық және әлемдік сауда деп аталады.

Халықаралық сауда бір-біріне тәуелді өзара байланысты 2 бөліктен тұрады:

Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты – капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ “ноу-хау” нысанында) орналастыру. Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚ қызметтер көрсету және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды табыстау сәтінде тіркеледі. Тауарларды елдің кеден аумағынан әкетпей жасалған‚ атап айтқанда‚ шетелдік тұлғаның елдегі тұлғадан сатып алуы, қайта өңдеу және қайта өңделген тауарды кейіннен шетелге әкету үшін оны елдегі тұлғаға табыстау кезінде жасалған жекелеген коммерц. операциялары тауар экспортына теңестіріледі. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында экспорт халықар. экон. ынтымақтастық пен еңбек бөлінісінің негізгі нысаны болып табылады. Сондай-ақ экспорт импорттың материалдық алғы шарты‚ өйткені ол импортқа төлеудің және сыртқы қарыз бойынша есеп айырысудың негізгі көзі.

Импорт(латынша: іmportare – әкелу) – ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елден тауарлар, технологиялар әкелу.

Импорт құрылымы белгілі бір елдің табиғат жағдайларының ерекшеліктерімен‚ оның экономикасының дамуымен және оның халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлімен айқындалады. Экономиканы индустрияландыру‚ технологияларды жаңарту үшін шет елден машиналар мен жабдықтарды әкелудің маңызы зор.

Импортқа ерекше кеден тәртіптемесі‚ салық төлемдері‚ лицензиялар‚ т.б. белгіленеді. Бір елдің импорты екінші елдің экспортына тең болады.

Экспорт пен импорт халықаралық тауар қозғалысын анықтайтын ең негізгі фактор болып табылады.

Сыртқы сауда сальдосы – Елдің эспорты мен импорты арасындағы құндық тұлғадағы айырма.

Сыртқы сауда айналымы — елдің (елдер тобының) белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорты құнының сомасы. Тауарлардың әкетілімі мен әкелімі қандай тауар келісімі (келісімшарты және қандай кезеңнің мәмілесі есебінен жүзеге асырылатынына қарамастан есеп күнтізбелік кезеңде жүргізіледі. Тиісті жылдардың нақты және салыстырмалы бағасымен есептеледі.

Кеден шекарасында экспорт пен импорт қатар қолданылған сәтте халықаралық сауда ьолып саналады. Мысалы, Ресей территориясында өндірілетін компьютер АҚШ-қа сатылған жағдайда Ресей үшін экспорт, ал АҚШ үшін импорт болып табылады. Керісінше, Ресейде өндірілген мұнай АҚШ-қа сатылды дейлік, алайда АҚШ компаниясы Ресейдің территориясында орналасқан. Бұл жағдайда сатылған мұнай Ресей экспорты болып табылады, хотя мұнай Ресей шекарасынан асқан жоқ.

4 Халықаралық экономикадағы өзара функционалды байланыс Халықаралық экономика экономиканың ажыратылмайтын құрамдас бөлігі болып табылады. Макроэкономикада ол, әдетте, төрт секторға бөлінеді: • Шынайы сектор (жеке қаржылық емес сектор) үй шаруашылығы мен мемлекеттік емес қаржылық емес кәсіпорындардан тұрады. Бұл сектор ел тауарларының ішкі және әлемдік нарыққа өндірісі мен ұсынысын қамтамасыз етеді. Ол жеке және өндірістік тұтынуға арналған тауарларға сұраныс жасайды. • Бюджеттік сектор (үкіметтік, мемлекеттік немесе фискальдік сектор), мемлекеттік бюджетпен қаржылана отырып, ең алдымен, табыстарды қайта үлестіру үшін қызмет етеді. Мемлекеттік бюджеттің шығындары агрегирленген сұраныстың құрамдық бөлігі болып табылады • Ақша секторы (қаржы немесе банк секторы), орталық және коммерциялық банктер арқылы өтетін ақша ағымдары түрінде көрініс табады. • Аталған әрбір секторлардың шет мемлекеттермен операцияларынан тұратын және төлем теңгерімінде көрініс табатын сыртқы сектор. Экономикалық қызмет секторларының арасындағы келісімдер, көпшілік жағдайда, материалдық активтерге меншік құқығын беру бойынша келісімдер мен осы активтерді төлеу бойынша оларға сәйкес қаржы келісімдерінен тұрады. Шынайы келісім мен қаржылық келісім бір медальдің екі жағы болып табылады, сондықтан да әрбір сектор аясындағы осы келісімдердің теңгерімі, анықтама бойынша, нольге тең болуы тиіс. Халықаралық экономикадағы функционалды байланыс сыртқы сектордың басқа – шынайы, ақша және бюджеттік секторлармен өзара байланыс арқылы көрінеді. Шынайы немесе жеке қаржылық емес сектор үй шаруашылығы мен мемлекеттік емес қаржылық емес кәсіпорындардан тұрады. Ол ел тауарларының ішкі және әлемдік нарыққа ұсынысы мен сұранысын қамтамасыз етеді. Бюджеттік сектор – мемлекеттік бюджетпен ұсынылған. Ақша секторын қаржы немесе банк секторы деп атайды, ол банктер арқылы өтетін ақша ағымдарынан көрініс табады. Сыртқы сектор әрбір сектордың шет мемлекеттермен операцияларынан тұрады және төлем теңгерімінде көрініс табады. Шынайы және сыртқы сектордың өзара байланысы ішкі пайда мен шығынның, жинақ ақша мен инвестициялардың теңгерімі ағымдағы төлем теңгерімінде көрініс табуынан тұрады. Егер де резиденттердің жиынтық табысы олардың жиынтық шығындарынан көп болса, немесе жинақ ақша ішкі инвестициядан жоғары болса, онда төлем теңгерімінің сальдосы оң болады. Егер де резиденттердің жиынтық табысы олардың жиынтық шығындарынан аз болса немесе ішкі инвестициялар жинақ ақшадан көп болса, төлем теңгерімі сальдосы теріс болады, тапшылық орын алады. Ақша және сыртқы секторлардың өзара байланысы ағымдағы төлем теңгерімі тапшылығын халықаралық қаржыландырудың көзі болып шетелден түсетін капитал ағымы немесе халықаралық мемлекеттік қорларды пайдалану табылатындығында, банк жүйесінің шетелдік активтермен әрбір операциясы елдің төлем теңгерімінен – капитал қозғалысын есептеуде немесе жалпы теңгерімнен - орын алады. Бюджеттік және сыртқы секторлардың өзара байланысы төлем теңгерімі капиталымен операция есепштында көрінетін бюджеттік тапшылықты басқа елдер үкіметтері мен халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан үкіметке несие беру түрінде қаржыландырудың сыртқы көздерін тартудан көрініс табады. Сыртқы сектор шынайы, бюджеттік және ақша секторларының секторлық теңгерімдерін қаржыландыру көзі болып табылады. Сондықтан да ол экономикалық даму мәселелерінің бейнесі болып табылады. Экономикалық секторлардың өзара байланысын жеке мемлекет емес мемлекеттер тобы мысалында талдау жасауға және оларды өзара салыстыруға болады. Халықаралық экономика аясында мемлекеттер индустриалды, дамушы және өтпелі экономикалы болып бөлінеді. Халықаралық экономикада бірдей немесе ұқсас экономикалық даму сипаттамаларына, шаруашылық басқарудың ұқсас институционалды құрылымына, өндірісті ұйымдастырудың ұқсас қағидаларына ие мемлекеттер топтарға бірігеді.