Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык экономика ГОС (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.82 Кб
Скачать

28Қабылдаушы елдің экономикасына тұк- дың әсері. Қазақстандағы тұк.

 Трансұлттық  және көпұлттық корпорацияларға  халықаралық компаниялардың ішінен бөлініп шыққан өркениетті корпорацияларды қосуға болады. Олар ХХ ғасырдың 80-ші жылдары дами бастады. Өркениетті корпорациялар қазіргі әлемдік қаржылық капиталдың бүкіл қуатын қамтиды. Химиялық, электро-техникалық, электронды, мұнайлы, көлікті, ақпаратты, банкті және т.б. кейбір салалар глобализацияның қарқынды дамуын білдіреді.

    ТҰК-ның шығуының жалпы себебі өндірістік күштердің дамуының негізінде ұлттық-мемлекеттік шекараларынан асып, өндіріс пен капиталдың ұлттандыру процесінің айғағы.

   

Отандық ортада корпоративтік қатынастардың дамуын келесідей негіздеуге болады:

  • Халықаралық корпоративтік құрылымдардың басым қызметі;

  • Инвестициялық нәтижелерді іске асыру – ішкі және сыртқы инвестиция тапшылығы;

  • Инновациялық мүмкіндікті іске асыру – нарық қоры мен нарықтық инфрақұрылымның дамымауының әсері.

Қазақстандағы өндіріс концентрациясы өте жоғары. Қазіргі кезде елдің экономикасы 16 мыңға жуық өнеркәсіп жұмыс істейді, оның ішінде 1,6 %-ы барлық қазақстандық азық-түліктің 77%-дан астамын өндіреді, ал республиканың ірі корпорациясы “Испат-Кармет” елдің барлық ЖІӨ-нің 7-10%-ын береді.

Қазақстандағы корпоративті сектордың өзіне тән сипаты ондағы шетел капиталының басым және жылдам өсетін үлесі болып табылады. Статистика Комитетінің мәліметі бойынша 1997 жылдағы шетел жеке меншігінің үлесі 10,6 %, ал өнеркәсіптік өнім саласындағы шетел қатысуының үлесі - 14%-дан аса. Қазақстан экономикасына қатысу ауқымы бойынша жетекші орындарды АҚШ, Ұлыбритания және Жапония компаниялары алады.

Шетелдік инвесторлар көбінесе Қазақстанның минералды-шикізат ресурстарына, және ең алдымен мұнай өндірісіне қызығушылық танытады. Статистика мәліметі бойынша тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемінің 60%-ын мұнай өндіру және өңдеу инвестициясы құрайды. Шетелдік қатысумен жүзеге асушы жобалар негізіндегі потенциалды инвестициялар 40 млрд. АҚШ долларымен бағаланады. Қазақстан экономикасына инвестицияның басым бөлігін Шеврон, Бритиш Газ, Аджип, Сумитомо Корпорейшн, Эльф Акитэн, БМВ, Туркие Петроллери, Оман Ойл Компани, Джапан Петролиум Эксплорейшн және т.б. сияқты белгілі трансұлттық компаниялар енгізді.

29Халықаралық инвестициялаудағы тұк рөлі.

Дамыған елдерде халықаралық сауданың үлкен бөлігін ірі фирмалардың халықаралық тікелей инвестициялардың үлесі алып отыр, яғни халықаралық корпорациялардың халықаралық инвестицилауда рөлі артып келеді.

1974 жылы БҰҰ әлеуметтік және экономикалық кеңесінде ТҰҚ комиссиясы және жұмыс істеуші орган ретінде ТҰҚ орталығы құрылды. Бұл дегеніміз халықаралық экономикадағы ТҰҚ-тың дамушы рөлін халықаралық қауымдастық мойындағанын білдіреді. Кейінірек, бұл комиссия БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) бөлімшесіне айналды.

ЮНКТАД жариялайтын әлемдік инвестициялар бойынша, әлемде:

  • 37 мың ТҰҚ бар, 206 мыңнан аса филиалдар бар;

  • Оның 100 ірі ТҰҚ 1/3 барлық тікелей инвестициялардың үлесі тиесілі;

  • Оның 38 Батыс Еуропада, 29 АҚШта, 16 Жапонияда, болса, қалғандары Аустралия, Канадада, Финляндияда, Жаңа Зеландияда және басқа индустриялы елдерде;

  • Халықаралық сауданың ТҰҚ ішкі корпорациялардың тасымалдау жатады;

  • Ең ірі 100 ТҰҚ – тың шетел активтері бойынша, әсері электрондық өндірісте (бар шетел активтердің 26% тиесілі), тау-мұнай өндіруші өндірісте (24%), автомобиль өндірісінде (19%), тамақ өндірісінде (9%), химия және фармацевтикалық өндірісте (15%) , саудада (4%) және металл өндірісінде (4%).