Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык экономика ГОС (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.82 Кб
Скачать

23 Халықаралық экономикалық интеграция: түсінігі мен мақсаты, түрлері.

Жалпы, интеграция (латын тілінен integer- бүтін) – экономикалық субъектілердің бірігуін, өзара әрекетінің тереңдеуін, арасындағы байланыстың дамуын білдіреді. Экономикалық интеграция ресурсты пайдалануда, капиталдың бірігуінде өндірістік – технологиялық байланыстардың кейеюінде айқындалады. Халықаралық экономикалық интеграция – ұлттық шаруашылық арасындағы еңбек бөлісу және тұрақты өзара байланыстың даму негізінде елдің шаруашылық – саяси бірлестік процесі. Микродеңгейде бұл процесс жеке шаруашылық субъект арасындағы экономикалық келісім жүйесінің қалыптасу жолымен жүреді. Мемлекетаралық деңгейде интеграция, мемлекеттің экономикалық бірлестіктерінің пайда болу және оның ішкі және сыртқы саясатының келісу жолымен жүреді. Фирма арасындағы байланыстың қарқынды дамуы елдер арасындағы еркін тауар және қызмет көрсету, капитал, жұмыс күші қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекетаралық реттеу қажеттілігін тудырады. Оның нәтижесінде бірыңғай валютамен, инфрақұрылыммен, жалпылық экономикалық пропорциямен, қаржылық қормен, жалпы мемлекетаралық басқару органымен аймақтық шаруашылық комплекстің құрылуы болды.

Экономикалық интеграция келесілерді қамтамасыз етеді:

Біріншіден, интеграциялық ынтымақтастық барысында шаруашылық жургізетін субъектінің ресус турлеріне – қаржылық, материалдық, еңбек, жаңа технологияға мүмкіндігі кеңейеді.

Екіншіден, елдердің экономикалық жақындасуы аймақтық шеңберде экономикалық интеграцияға мүше мемлекеттің фирмалары үшін басым жағдай туғызады.

Үшіншіден, интеграциялық өзара әрекеттесуі елдердің өткір әлеуметтік мәселелерді, еңбек нарығында жағдайды жеңілдету, денсаулық сақтау жүйесін дамыту т.б мәселелерді шешуіне мумкіндік береді.

Халықаралық экономикалық интеграциялық үрдісті анықтаушы факторлар:

- шаруашылық өмір интернационализациясы

- халықаралық еңбек бөлінісінің терңдеуі

- ұлттық ашық экономика деңгейінің жоғарылауы

Интеграция үрдісінде өндірістің өзінің дамуында бірқатар кезеңдерден өтеді – еркін экономика зонасы, кедендік одақ, ортақ рынок, экономикалық одақ және саяси одақ.

Еркін сауда жағдайында мемлекет өз еркімен тек қана белгілі бір бірлестік бойынша өз серіктесімен қатынасында өзінің ұлттық нарығын қорғаудан бас тартады. Еркін сауда зонасының әр қатысушы үшінші елмен жекеменшік тариф орнатады. Бұл интеграция түрі ЕАСТ, НАФТА елдерімен және басқа да интеграциялық топтармен пайдаланылады.

24 Еркінсаудасаясаты мен протекционистік саясатын салыстырыңыз

Еркін сауда – еркін нарық күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.</h4>

Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмекте-седі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ынтасы төмендейді.

Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.

Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.

Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.