Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халык экономика ГОС (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.82 Кб
Скачать

2. Капиталдармен операциялар және қаржы операциялар есебі:

- капиталды;

- қаржылық есеп.

Капиталды – капиталды трансфері, өндірістік емес активтер операциялар енеді.

Қаржылық есеп – халықаралық инвестициялық жағдайды өзгертетін барлық операциялардан тұрады.

Қаржы есебі:

- тікелей инвестициялар;

- портфельді инвестициялар;

- Басқадай инвестициялар;

- Резерфтік инвестициялар.

Тікелей инвестициялар – негізінен капитал ағымдарының бағытталуымен топтастырылады: резиденттердің шетелге инвестициялары мен резидент еместердің ішкі экономикаға инвестициялары.

Портфельді инвестицияларға ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелері мен акциялар, туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялар енеді.

Басқадай инвестицияларға сауда несиелері, мемлекеттік және жеке қарыздар, валюта мен депозиттер, басқадай активтер мен міндеттемелер, тауар мен қызмет көрсету шарттары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар да кіреді.

Резервтік активтер – мемлекеттің сыртқы операцияларын талдаудағы төлем балансының маңызды бөлігі болып табылады.

19 Халықаралық Бреттон-Вудтік валюта конференциясының негізгі нәтижесі

Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі 1944 жылы 22 мауысымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллармен фунд стерлинг қабылданып, алғы резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Конференцияға 44 ел қатысып, Халықаралық Валюта қоры жарғысы белгіленеді. Бреттон-Вудс бойынша алтынды пайдаланудың 4 негізгі формасы: валюталардың алтындық паритеті және олардың халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал мен халықаралық валюта өтімділігінің компоненті қарастырылды. Алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітіліп, АҚШ долларын алтынға тенестіру, оны шетелдік орталық банктерде 31,1 гр таза алтынға тен функциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылды және іс жүзінде долларлық стандарт орын алды. Бұл конференцияда Бреттон – Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері анықталды. Олар: валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленіп паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты; валюталық шектеу мен валюталық саясат халықаралық келісім-шарттарға бағынды; валюталық бағамдардың режимі белгіленіп,валюта қатынастарын реттейтін орган – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. Оның негізгі мақсаты – халықаралық валюта қатынасында бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ әлемнің ең қуатты державасына айналды, әлемнің басқа жетекші елдерінің экономикалық жағдайы әлсіреді.

Бреттон-Вудс (АҚШ) қаласында өткен халықаралық конференция шешімдері негізінде заң жүзінде рәсімделген 1944 жылы Бреттон-Вудс валюта жүйесі – үшінші әлемдік валюта жүйесі пайда болды.

Алтын доллар (алтын валюта) стандарты бекітілді, себебі американ доллары алтынға айырбасталатын жалғыз валюта болатын.

35 АҚШ доллары = 1 алтын троя унциясы (1 троя унциясы - 31,1 г. ; яғни 1 доллар 0,88571 г. алтынға) қатынасы бойынша алтынға айырбасталды.

Бреттон-Вудс жүйесінің басты ерекшелігі - бекітілген шектеулерден аз алшақтайтын (±1%) қатаң белгіленген валюта бағамдарына ауысу

Алайда америкалық валютаны алтынға тек елдердің орталық банктері ғана айырбастай алатын, алтын, сонымен қатар халықаралық тӛлем және қор құралы ретінде қолданылды.

Бреттон-Вудс конференциясында төлем балансының ауыр тапшылығы туындағанда, ұлттық валюта тұрақтылығы жоғалған жағдайда мүше елдерге несие беруге және мүше елдердің аз міндеттерін атқаруын қадағалауға арналған екі ұйым – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) құрылды.

XX ғ. 70-ші жж. басында Батыс Еуропа елдері мен Жапония экономикасы күшейді, ал АҚШ-тың әлемдік экономикадағы рӛлі тӛмендеді.

Бреттон-Вудс валюта жүйесі әлемдік шаруашылықтын қажеттіліктеріне сәйкес болмады

Осыған байланысты Бреттон-Вудс валюта жүйесі құлдырай бастады.

1973 жылы АҚШ долларын алтынға айырбастау ресми түрде тоқтатылды.

60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-вудс валюталық жүйесі дағдарысқа ұщырады. Бұл жүйенің құлдырау себептері келесідей:

  • Экономкалық тұрақсыздығы және қайшылықтар;

  • Бәсекелестік қабілетіне кері әсер етті;

  • Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында тапшылық болды (АҚШ, Ұлыбритания);

  • Бреттон-вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге сәйкес келмеуі.

Евродоллар нарығының активизациялануы. Қаншалықты АҚШ, өзінің төлем балансының тапшылығын өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының бір белігі Еуропа елдерінде евродоллар нарығының дамуын қолдау мақсатында шетелдік банктерде орналастырылған (80%-ға жуығы немесе 750 млрд. доллар).

20 Халықаралық валюта жүйесінің эволюциясы Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезенде жүргізіледі:

I кезең — жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.

II кезең — жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.

III кезең — толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.

Дүниежүзілік валюталык жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:

Париж валюталық жүйесі (1867 жылы)

Генуэз валюталық жүйесі (1922 жылы)

Бреттон-вудс валюталық жүйесі (1944 жылы)

Ямайка валюталық жүйесі (19761978 жылдары)

Еуропалық валюталық жүйе (1979 жылы)

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде XIX ғасырда өнеркәсіптік революциядан кейін, алтын монета стандарты нысанында, яғни алтын монеметализмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана нысаны ретінде танылды, яғни, алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.

Париж валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді: -оның негізі алтын монета стандарты болып табылады;

-әр валютаның өзіндік алтынға шаққандағы құрамы белгіленеді (Ұлыбритания - 1816 жылы, АҚШ - 1837 жылы, Германия - 1875 жылы, Франция - 1878 жылы, Ресей — 1895 жылы белгіледі). Алтын құрамына сәйкес валюталардың алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға еркін алмастырылды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;

-нарықтық сұраныс пен ұсынысты ескере отырып валюталарды еркін өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.

Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты. Сөйтіп, ол, ақша және валюта жүйесі ретінде қызметін толық тоқтатты.

Генуэ валюталық жүйесі мынадай кағидаларда қызмет етеді:

-оның негізі болып алтын және девиздер, яғни шетел валюталары саналды. Бұл кезенде 30 елдің ақша жүйесі алтын-девиздік стандартқа негізделді. Ұлттық несиелік ақшалар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қолданылды. Бірақ та, соғыс аралығында резервтік валюта ретінде ешбір валютаға мәртебе берілмесе де, фунт стерлинг пен АҚШ доллары бұл аумақта жетекші қызметге жүрді.

Бұл валюталық тұрақтылықта 30 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың әсерінен құлдырады

Бреттон-вудск келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде алтынды пайдаланудың төрт нысанын карастырды:

-валюталардың алтынның құрамы сақталып, оларды ХВҚ-да тіркеу енгізілді.

-алтын халықаралық төлем және резервтік құрал қызметінде қала берді.

-АҚШ өзінің валюталық-экономикалық әлеуетінің және алтын қорының өсуімен байланысты долларды алтынға теңестіріп, оған басты резервтік валюта мәртебесін талап етгі.

-бірінші рет тарихта халыкаралық валюталық-несиелік ұйымдар: Халықаралық Валюта Қоры және Дүниежузілік қайта құру және даму банкі (ДКДБ) құрылды.

60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-вудс валюталық жүйесі дағдарысқа ұшырады

Валюталар қоржынындағы басты валюталардың құнсыздануы, әсіресе доллардың тұрақсыздығына сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана, халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды. Ямайка валюталық реформасында валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмады.

Ямайка валюталық жүйесінің тұрақсыздығына жауап ретінде Еуропалық қоғамдастық елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін құрды.

Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану үдерісін ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану үдерісінің даму себептеріне: шаруашылықтың интернационализациялануы, өндірістің қарсылас орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық түрақсыздық жатады.

Еуропалық экономикалық қоғамдастық — бұл Батыс Еуропа елдерінің біршама дамыған аумақтык интеграционалдық тобын білдіреді, ол 1957 жылы наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып, 1958 жылдың 1 қаңтардан бастап қызмет етеді.1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді. Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия және Испания қосылған.