- •Халықаралық экономиканың дамуының негізгі кезеңдері
- •3 Халықаралық тауар қозғалысы мен өндіріс факторлары.
- •5 Меркантилизм теориясының негізгі түсінігі
- •6 Халықаралық саудатеориясына Адам Смиттің тигізген үлесі мен теориялық негізі.
- •7Халықаралық сауда теориясына Давид Рекардоның тигізген үлесі мен теориялық негізі
- •Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпалы
- •10 «Леонтьев парадоксы» деген не және оның мәні неде
- •11Халықаралық сауданың альтернативтік теориялары мыналарды қамтиды:
- •13 Сыртқы сауда саясаты мен оның құралдары
- •14 Халықаралық сауда капиталы: түсінігі, себебі
- •17. Халықаралық технология беру формасы.
- •18 Төлем балансы: түсінігі, құрылымы, қағидасы және құрылу ережесі
- •2. Капиталдармен операциялар және қаржы операциялар есебі:
- •21 Валюта курсы: түсінігі, түрі, ерекшелігі
- •22. Валюта курсы мен оны реттеу. Валюта режимі мен қр-дағы валюталық реттеу.
- •23 Халықаралық экономикалық интеграция: түсінігі мен мақсаты, түрлері.
- •24 Еркінсаудасаясаты мен протекционистік саясатын салыстырыңыз
- •25Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық ерекшелігін ашып көрсетіңіз.
- •26 Мемлекеттердің дсұ-на мүше болуға негізболатын аргумент пен қарсы аргументті атаңыз.
- •27 Қазақстанның ко-қа мүше болуындағы артықшылығы мен кемшілігінатап көрсетіңіз.
- •28Қабылдаушы елдің экономикасына тұк- дың әсері. Қазақстандағы тұк.
- •29Халықаралық инвестициялаудағы тұк рөлі.
- •30Халықаралық несиелеу мен қарыз алу: түсіні мен рөлі.
Халықаралық экономика теориясының зерттеу пәні мен әдістері. Бұл ғылымның обьектісі – дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні – мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі-мемлекет болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі деп жазылған. Ал басқа басылымда Халықаралық экономикалық қатынастар –әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі-делінген. Халықаралық экономикалық қатынастар мазмұны ешқандай қиыншылықтар туғызбаса да, осы қатынастар теориясы күрделі мәселе болып табылады. Болып жатқан ағымды жағдайлардың теориялық көрінісін беру оңай емес. Бірақ мұндай әлемдегі экономикалық мектептердің бағыттары тарихи, сонымен қатар лоогикалық жағынан алғанда әр лауан болуына байланысты қосымша қиындықтар туып отыр. ХЭҚ теориясы жалпы саяси экономия теориясы негізінде пайда болып дамыды да, соңғысының шеңберінде арнайы ғылыми іздену саласын құрды. ХЭҚ арнайы теориясының зеттеу пәні жалпы саяси экономия теориясының пәнімен бірдей-деп жазылғын отандық алғашқы оқулықтардың бірінде. Халықаралық экономикалық қатынастар арнайы теориясының зерттеу пәні саяси экономия теориясының пәнімен бірдей: ол адамдар арасында өмірге қажетті заттарды өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастары. Әлемдік шаруашылықтың, сонымен бірге халықаралық қатынастардың ерекшелігі-таптар арасындағы қарым-қатынас мемлекет шекарасы арқылы іске асырылып, халықаралық экономикалық қатынастар түрінде көрінуі дейді. ХЭҚ теориясы экономикалық теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктердің зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады. Сондықтан ол жалпы саяси экономика шеңберінде дамыды. Бұл жағдай арнайы халықаралық экономика бөлімдері бар батыс оқулықтарымен расталады. Ал ХЭҚ теориясының ерекешеліктеріне келсек, олар өз обьектісінің ерекшеліктерімен немесе П.Х.Линдерт сөзі бойынша, әлемдік өзгешелігімен анықталады.
Халықаралық экономиканың дамуының негізгі кезеңдері
Әлемдік экономика деп ұлттық шекарадан тысқары, адам өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстар, мемлекетаралық айырбасты қажет ететін экон/қ жүйе, күрделі процесс. Оның өзіндік тарихы, пайда болу мен даму кезеңдері, әрекет ету заңдылықтары бар. Оның даму кезеңдерін тоқталып кетсек:
1-ші кезең - XV-XVII ғғ. – әлемдік капиталистік нарықтың қалыптаса бастауы. Нарықтар пайда болысымен белгілі бір салаға маманданып (еңбек, капитал, сауда) ж/е нарықтың бір бөлігі сыртқы сатып алушыға бағыт алды. ХУІ ғ-дан – ХУІІІғ. ортасына дейін мануфактура масштабты тауар өндірісіне мүмкіндік беріп, нарықтар аймақтық, мемлекеттік, мемлекетаралық және әлемдік масштабтарға шейін кеңейді. Хал/қ нарықтар пайда болды. Осы кезеңге тән сипаттамалар: ұлы географиялық ашылулар; отар/ң пайда болуы; бағалар революциясы; мануфактуралық кезең.
2-ші кезең - XVIII-XIX ғғ. – әлемдік қапиталистік нарықтың қалыптасуы, әлемдік еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы. Осы кезеңге тән ерекшеліктер: өндірістік төңкеріс, буржуазиялық революциялар; мануфактуралық жүйеден фабрикалық жүйеге өту. ХІХ ғ. бірінші жар/да үлкен фабрикалық-зауыттық индустрия пайда болып, олардың тауарлары әлемдік сұранысты талап еткендіктен, мемлекетаралық сауданың кейбір орталықтары ортақ әлемдік нарықтар деңгейіне жетті.
3-ші кезең – (ХІХ ғ.соңы – ХХ ғ. бірінші жартысы) әлемдік еңбек бөлінісі жүйесінің қалыптасуы және оның негізінде әлемдік шаруашылықтың дамуы. Осы кезеңге тән ерекшеліктер: электротехникалық революция; әлемді экономикалық бөлісу; монополистік капитализмге өту. ХІХ ғ.соңында әлемдік тауар нарығының дамуы халықаралық экономикалық қатынастардың интенсификациясына және хал/қ тауар нарығы шеңберінен асып кетуіне алып келді. Қаржы капиталы көлемдерінің өсуі және өндірістік күштердің дамуы әлемдік шаруашылықтың пайда болуына алып келді. Ал әлемдік шаруашылық әлемдік нарыққа қарағанда нарықтық экономиканың дамуының жоғары сатысы болып табылады. Осыған байланысты бөлек ел/ң экономикасы біршама ашық болып, хал/қ экон/қ қатынастарға бағыт алған.
5-ші кезең – (ХХ ғ. 50-ж/нан – қазіргі уақытқа шейін ) Әлемдік еңбек бөлінісі жүйесінің қызмет етуі, барлық ел/ң экон/ң өзара тәуелділігінің күшеюі. Негізгі ерекшеліктер: ғылыми-техникалық революция; интернационализация және интеграция үрдістері. ХХ ғ. 30-ж/ғы терең дағдарыстар, 2-ші дүниежүзілік соғыс, т.б. жағдайлар әлемдік шар/қ барлық елдер үшін ортақ координация мен басқару механизмдерін қажет ететінің айқын көрсетті. Микродеңгейде фирмалар басқарудың вертикалды түрін белсене пайдаланып, бірте-бірте хал/қ корпорацияларға деңгейіне көтерілді. Макродеңгейде хал/қ экон/қ дамуды бақылайтын және реттейтін экон/қ ж/е қаржылық ұйымдар жүйесі пайда болды.(мыс., Хал/қ Валюталық Қор, Әлемдік Банк, Дүн/к Сауда Ұйымы) ХХ ғ. 50-ж/да отарлық жүйе күйреді. Бұрыңғы отарлық және соц/к ел/ң нарыққа қол жеткізуі арқасында экономикасы біршама ашық болды. Осылайша, ХХ ғ. 2ші жар/да нарықтық экономика жаңа, әлемдік шар/қа қарағанда жоғары сапаға, хал/қ сипатқа ие болды
