Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіс және тіс қатары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.47 Mб
Скачать

2.2. Артикуляция және окклюзия, тістем және тістем түрлері

Окклюзия (лат. оcclusus-жабылған) – тіс қатарының, не қарсы тістердің жеке топтарының қабысуы.

Артикуляция (лат. Articulato-буындасу) – төменгі жақ сүйекің жоғарғы жақ сүйегіне қатысты барлық мүмкін болатын жағдайы мен қозғалуы, мұндай қозғалыс шайнау бұлшық еттері көмегімен іске асады.

Артикуляция бірін-бірі ауыстыратын окклюзиялық тізбектерден тұрады.

Окклюзияның мынадай бес түрі бар:

- орталық;

- алдыңғы;

- бүйірлік (оң және сол);

- артқы.

О рталық окклюзия - тісаралық түйісу саны ең көп шамаға жететін тіс қатарының қабысуы.

Бұл жағдайда төменгі жақ сүйегінің басы буын төмпешігі ылдиы негізінде орналасып, төменгі тіс қатарын жоғарғы қатармен жанастыратын бұлшық еттер (самай, тура шайнау, медиальды қанат тәрізді) бір уақытта және бірдей жиырылады. Осы орналасудан төменгі жақ сүйегінің бүйірлік ығысуы мүмкін.

Сурет 13. (а). Орталық окклюзияның бүйір көрінісі (В.Ю.Курляндскийден алынған).

Орталық окклюзияда төменгі жақ сүйегі бас сүйекте орталық орында болады. (басқа окклюзиядағы оның эксцентрлік орнынан айырмашылығы).

Төменгі жақ сүйегінің орталық орны орталық окклюзияда қабысқан тістермен, ал олар болмаған жағдайда төменгі жақ сүйегі бастарымен анықталады. Бұл бастар буын шұңқырларында артқы еркін орналасып, төменгі жақ сүйегінің бүйірлік қозғалуына мүмкіндік береді.

Мұнда иектің орта нүктесі мен күрек тісі сызығы сагитальды жазықтықта орналасып, беттің төменгі жағының биіктігі қалыптан аспайды. Төменгі жақ сүйегі орталық орында болғанда оның жоғарғы жақ сүйегімен арақатынасы да орталық деп аталады.

Алдыңғы окклюзия төменгі жақ сүйегінің алға шығуымен сипатталады. Ол үшін латеральды қанат тәрізді бұлшық еттер екі жақтан жиырылады. Қалыптағы тістемде беттің орта сызығы орталық окклюзия кезіндегідей күрек тістері арасымен өтетін орта сызыққа сай келеді. Төменгі жақ сүйектерінің бастары бұл кезде алға ығысып, буын төбешіктері ұшына жақын орналасады.

Сурет 11. (ә). Алдыңғы окклюзия (Бонвильдің үш нүктелі түйісуі), (В.Ю.Курляндскийден алынған)

Бүйірлік окклюзия төменгі жақ сүйегі солға (сол бүйірлік окклюзия) және оңға (оң бүйірлік окклюзия) ығысқанда пайда болады.

Төменгі жақ сүйегі басы ығысу жағында сәл айналып, буын төбешігі негізінде қалады, ал қарсы жақта ол буын төбешігінің ұшына қарай ығысады. Бүйірлік окклюзия ығысуға қарама-қарсы жақтағы латеральды қанат тәрізді бұлшық еттің бір жақты жиырылуымен жүреді.

Сурет 12. Бүйір окклюзия (В.Ю.Курляндскийден алынған)

Артқы окклюзия төменгі жақ сүйегінің орталық орнынан дорзальды ығысуы кезінде пайда болады. Бұл кезде төменгі жақ сүйегінің бастары дистальды және жоғары ығысады, самай бұлшық еттерінің артқы байламы керіліп тұрады. Осы орыннан төменгі жақ сүйегінің бүйірлік ығысуы мүмкін емес. Төменгі жақ сүйегін оңға не солға ығыстыру үшін, оны алдымен алға – орталық не алдыңғы окклюзияға шығару керек. Артқы окклюзия төменгі жақ сүйегінің сагитальды шайнау қозғалысындағы ең шеткі дистальды орналасуы болып табылады. Физиологиялық окклюзиядан басқа патологиялық окклюзия кездеседі (шайнау аппаратының түр-пішіні мен қызметінің бұзылуы). Бұл жай тістер жартылай жоғалғанда, аномалияларда, өзгерістерде, пародонт ауруларында, тіс тез қажалғанда байқалады. Патологиялық окклюзияда пародонтқа, шайнау бұлшық еттеріне, шықшыт буынына шамадан тыс қызмет жүктеледі. Төменгі жақ сүйегінің қозғалысы шектеледі.

Пародонттың шамадан артық жүктемеге бейімделуі оның орнын толтыру мүмкіндіктері, оның беріктік қоры мен резервтік күштеріне байланысты (Е.И.Гаврилов).