Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіс және тіс қатары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.47 Mб
Скачать

2 . Сурет. Сауыт бұрышы және түбір бұрышының белгілері (и.С.Кудрин бойынша сұлба).

Алайда, тіс бетіне жақын орналасқан призмалардың жалпы бағыты радиальды. Кіреукеде көлденең шлифте анықталатын Гунтер-Шредер радиальды жолақтары – иір призмалардың радиальды қозғалуының нәтижесі. Кіреукеде сонымен бірге Ретциус сызықтары (жолақтары) бар, олар кіреукені қисық қияды, ал көлденең шлифте концентрлі шеңбер пішінді болады. Бұл аймақтың құрамында әк тұздары аз кездеседі.

Сауыттардың ең жоғарғы бетіндегі призмалар тістің сыртқы сұлбасына параллель орналасып, біртұтас қабыққа – тіс кутикуласына айналады. Оны сонымен қатар насмит қабығы деп атайды.

Цемент – түбір дентинін сыртынан жабады, оның құрамы қатты талшықты сүйекке ұқсас. Бұл тығыз тін, химиялық құрамы дентинге ұқсас, бірақ онда органикалық заттар басым, бейорганикалық заттар – 60%. Цемент дентинмен оған ұласатын әгі қайтқан коллаген талшықтары арқылы берік қосылған. Ол негізгі заттан тұрады, түрлі бағытта көптеген коллаген талшықтарымен өрілген. Жасушалық элементтер тек түбір ұшында ғана, ал өте көп мөлшерде бір-біріне қараған түбір беттерінде кездеседі. Мұндай цемент екіншілік цемент деп аталады. Алайда, цементтің басым бөлігі жасушасыз, олар біріншілік цемент деп аталады. Цемент периодонттан диффузия жолымен қоректенеді. Тістердің жақ сүйегінің белгілі бір жағына тиесілілігі тістердің жалпы белгілері бойынша анықталады (2-сурет). Мұнда үш белгі негізгі болып табылады: сауыт бұрышының белгісі, сауыт қисаюының белгісі, түбір орналасуының белгісі. Сауыт бұрышы белгісі кескіш шет (шайнау беті) және мезиальды бет арасында бұрыштың кескіш шет (шайнау беті) және сауыттың қалған беткейі арасындағы бұрышпен салыстырғанда өте үшкір келуімен айқын. Сауыт қисаюының белгісі мезиальды шет жанындағы вестибуляр бетінің қатты қисаюымен және осы қисықтың дистальды шетке қарай жазық ылдиымен сипатталады. (2-сурет). Түбір орналасуының белгісіне (жақ сүйегінен суырылған тісте ғана көрінеді) түбірдің дистальды тұрғыда тіс сауытының ұзына бойы осіне қатысты ауытқуы тән.

Күрек тістер шайнаудың бірінші сатысын – тістеуді (кесуді) орындайтын алдыңғы тістерге жатады.

3-сурет. Жоғарғы (а) және төменгі (ә) жақ сүйектерінің алдыңғы тістері: жоғарғы қатар – орталық күрек тіс; орта қатар – бүйірлік күрек тіс; төменгі қатар – сүйір тіс

Әрбір жақ сүйегінде екі орталық (немесе медиальды) және екі бүйірлік (латеральды) күрек тістерді ажыратады (3-сурет). Орталық жоғарғы күрек тіс – топтағы ең ірі тіс, күрек тәрізді сауытқа ие. Қажалмаған кескіш шетте үш төбешік болады, олар вестибулярлы бетте көрінер-көрінбес біліктер түрінде жалғасады.

Сауыттың тілге қараған беті ойық, әсіресе ұзына бойы бағытында. Оның шетімен екі ұзын, мойынға қарай қалыңдай түсетін білік өтеді, олар тіс төбешігіне ұласады.

Түйісу беті жағынан орталық күрек тісі сауыты кескіш шетке қарай тарылатын сына тәріздес келеді. Түйісу бетінде (барлық қалған алдыңғы тістердегідей) түбір цементі дөңес толқынмен сауытқа шығады да, тісаралық бүртік сұлбасына сәйкес келеді. Аталған тісте сауыт қисаюының белгісі айқын білінеді, ал кескіш шеті қажалмаған жағдайда сауыт бұрышы белгісін де байқауға болады. Түбір орналасу белгісі де көрінеді.

Тіс қуысы оның сыртқы сұлбасына сай келеді. Оның ұзына бойы осі сауыттың вестибуляр бетіне жақын орналасады. Түбір өзегінің саңылауы салыстырмалы түрде кең әрі тік.

Бүйірлік жоғарғы күрек тіс орталыққа қарағанда кіші, оның пішіні әр түрлі келеді. Вестибуляр бетіндегі біліктер онша білінбегенмен, таңдай бетінде тіс төбешігі сияқты айқын көрінеді. Алдыңғы жағынан тұйық шұңқыр байқалады. Таңдай беті ойыстығы орталық күрек тістерге қарағанда анығырақ білінеді. Сауыттың дистальды беті көп жағдайда жұмырланып, кескіш шетке ұласады. Осыған байланысты бүйірлік күрек тісте бұрыш және сауыт қисаюы белгілері айқын. Тіс қуысы шағын. Пішіні оның сауытына ұқсас. Түбір өзегі жеткілікті кең. Орталық төменгі күрек тіс – топтағы ең кіші тіс. Пішіні қашау тәрізді, тіске тиісілі жалпы белгілері байқалмайды. Тіс төбешігі білінер-білінбес. Тілге қараған беті әлсіз ойық бедерлі. Тіс қуысы фронтальді жазықтықта үшбұрышты саңылауға ұқсайды. Бүйірлік төменгі күрек тістің орталық күрек тістен айырмашылығы аз. Әдетте ол ірілеу, дистальды шеті медиальды шетке қарағанда ұзындау. Онда тіс белгілері жиі анықталады. Тіс қуысы орталық күрек тісіндей, ал өзегі өзінің орта бөлімінде екіге айырылады, бұл кезде бір бөлігі түбірдің вестибуляр бетіне жақын өтіп, екіншісі тіл бетіне жақындайды.

Алдыңғы топ тістерінің анатомиялық құрылым ерекшеліктерін тереңірек қарастырайық. Тіс қатарының алдыңғы бөлігін күрек тістер топтары қалыптастырады.

Жоғарғы жақ күрек тістер тобын екі орталық және екі бүйір тістер құрайды. Орталық күрек тістер осы топтаманың тұрақты тістері болып табылады. Ал бүйір күрек тістер өзгергіштікке бейім болып саналады. Төменгі жақ күрек тістер тобын екі орталық және екі бүйір күрек тістер құрайды. Бұл тістердің негізгі жоғарғы күрек тістерден айырмашылығы сауыт мөлшерінің кішілігімен айқындалады. Төменгі жақсүйегінің тұрақты күрек тістері бүйір күрек тістер болып саналады. Ал орталық күрек тістер өзгергіштікке бейім және мөлшері жағынан тістердің ішіндегі ең кішісі. Емдік шараларын жүргізгенде науқастардың тіс жақ жүйесінің топография жағдайын обьективті бағалау тексерудің комплексті клиникалық маңызы зор шаралардың бірі. Науқастармен алғашқы қарым қатынас тексеру кезінде дәрігер стоматолог ортопед оның анатомиялық ерекшеліктеріне яғни: бет әлпетінің келбетіне, шайнау бұлшық ет аппаратының даму дәрежесіне, күлкі бедерінің көлеміне, еріндірінің бедеріне көңіл бөлу қажет. 1907 жылдың өзінде Вильямс өзінің назарына тістердің үш түрлі пішіндерін анықтаған. Бірінші топ тістердің пішіні тік бұрышты шаршы тістер құрайды. Бұл жағдайда тістредің түйісу қабырғаларының беттері кесу қырына дейін бір-біріне паралель (4-сурет).

Сурет 4. Бірінші топ тістердің пішіні тік бұрышты шаршы

Екінші топ тістер бет әлпетінің келбеті үшбұрыш тәрізді. Бұл жағдайда тістредің түйісу қабырғаларының беттері медиальді қабырғалары иілген және дистальді қабырғалары аз ғана шығыңқы болады (5-сурет).

Сурет 5. Екінші топ тістердің пішіні үшбұрыш

Үшінші топ тістердің пішіні жалпақ доғал тәріздес. Бұл жағдайда тістредің түйісу қабырғаларының беттері доғалданған (6- сурет ).

Сурет 6. Үшінші топ тістердің пішіні жалпақ доғал

Бет әлпеттің келбеті мен тістерінің пішіндері байланысты екені айқын. Осыған орай бет әлпеттің келбетін үш типін ажыратады: тік бұрышты шаршы, үшбұрыш және жалпақ доғал. Бет әлпетінің келбеті тік бұрышты шаршы болса тістері бірінші топтағы тістер сай келеді. Бет әлпетінің келбеті үшбұрыш болса тістері екінші топтағы тістер сай келеді. Бет әлпетінің келбеті жалпақ доғал болса үшінші тістер сай келеді.

Центральные резцы верхней челюсти - из группы резцов самые большие и имеют долотообразную уплощённую в вестибуло-лингвальном направлении коронку.

Медиальный резец верхней челюсти — наиболее крупный и группе резцов. Коронка зуба относительно широкая, а медиодистальный ее размер незначительно уступает высоте, что позволяет отличать его от других резцов. Для определе­ния принадлежности зуба к правой или левой стороне зубной дуги используют все основные признаки латерализации.

У медиального резца верхней челюсти у мужчин небная поверхность чаще уплощена, а краевые гребешки слабо выражены и не доходят до режущего края коронки. Небный бугорок нередко плоский или округлой формы и не имеет заметной вершины. У женщин медиальный резец верхней челюсти с небной стороны, как правило, имеет хорошо выраженные краевые гребешки по всей поверхности коронки.

Небный бу­горок имеет четкие контуры с вершиной, зачастую достигаю­щей средней трети коронки. Расщепление небного бугорка на фрагменты встречается одинаково часто у мужчин и женщин. Количество фрагментов бугорка при его расщеплении варьи­рует от двух до пяти (чаще бывает два).

Переход контура коронки в контур корня достаточно заметен, причем более выражен с дистальной стороны, как у муж­чин, так и у женщин.

Признак кривизны коронки (угол между медиальным и вестибулярным контурами коронки меньше, чем угол между вестибулярным и дистальным контурами) хорошо выражен у зубов лиц обоего пола.

Точки наибольшей выпуклости вестибулярного и язычно­го контуров располагаются чаще вблизи условной срединной вертикали. Апроксимальные контуры коронки по величине изогнутости мало отличаются друг от друга. Дистальная же часть режущего края чаще изогнута в язычную сторону.

Эмалево-цементная граница своей выпуклостью обраще­на к корню. Точка ее наибольшей кривизны с вестибулярной стороны у мужчин чаще смещена в медиальную, а у женщин - в дистальную сторону от условной срединной вертикали.

Для зубов лиц женского пола характерна более округлая форма коронки, при которой вестибулонебный и медиолатеральный диаметры примерно одинаковы по величине.

Точка наибольшей выпуклости вестибулярного контура находится вблизи условной срединной вертикали, нередко смещаясь от нее медиально. Эта же точка язычного контура чаще располо­жена более латерально от условной срединной вертикали. Из апроксимальных контуров коронки медиальный чаще протяженнее латерального, а режущий край в медиальной части не­редко имеет изогнутость в язычную сторону.

Абсолютные размеры медиального резца верхней челюсти у мужчин несколько больше, чем у женщин.

Достоверные раз­личия отмечаются по медиально-латеральному диаметру коро­нок, величина которого преобладает у лиц мужского пола, в то время как размер вестибулярно-небного диаметра мало отлича­ется у мужчин и женщин.

Разность между медиально-латераль­ным и вестибулонебный диаметром несколько больше у муж­чин. Высота коронки у мужчин и женщин почти одинакова.

Вестибулярная поверхность: Прямоугольник, треугольник и овал - наиболее часто встречающиеся формы центрального резца.

При параллельных краях коронка приобретает форму прямоугольника, при сходящихся в сторону шейки краев треугольную, при изогнутых, когда наибольшая ширина коронки находится не у режущего края, а ближе к средней части овальную форму.

У зубов прямоугольной формы вестибулярная поверхность слегка выпукла и имеет полуовальный рельеф в медио-дистальном направлении с двумя углублениями (бороздками) разной степени выраженности, идущими вертикально и сходящимися в пришеечной части коронки. Данные углубления треугольной формы с основанием у режущего края.

Вершина медиального треугольного углубления расположена в пришеечной трети коронки, дистального несколько ниже, оканчиваясь на уровне середины коронки.

Эти углубления контрастируют три вертикально идущих и сливающихся в пришеечной части валика (пластины), которые хорошо развиты и равномерно распределены по вестибулярной поверхности и на режущем крае только, что прорезавшегося зуба образуют три бугорка, быстро стирающиеся впоследствии, из которых медиальный выше остальных (рис.1,).

рис.1.

У зубов треугольной формы на губной поверхности чаще всего имеются хорошо развитые краевые валики. Они контрастируют треугольной формы углубления с плоским дном, т.к. центральный валик развит слабо или вовсе отсутствует (рис. 3,4).

рис.З. рис. 4.

У зубов овальной формы (рис. 4), наоборот, центральный валик широкий, хорошо развит и закруглёнными краями плавно переходит на апроксимальные поверхности, т.к. краевые гребни выражены незначительно. В результате этого вестибулярная поверхность при осмотре со стороны режущего края у зубов прямоугольной формы довольно ровная, без резких выступов и вогнутостей, у треугольных - имеется углубление в центральной части, у овальных - выступ в центральной.

Иногда, особенно если коронка имеет небольшой вертикальный размер и по форме приближается к квадратной, валики и углубления отсутствуют. При этом коронка имеет округлую форму - форму сферы с меньшим радиусом в медио-дистальном направлении и большим в вертикальном.

Медиальный край коронки верхних центральных резцов сходится с режущим краем под прямым или же острым углом. Причём этот угол, хорошо выражен и имеет острую, резко очерченную вершину, так как режущий край, обычно скошен в дистальном направлении. Дистальный угол большей частью тупой и при этом округлён. При овальной форме коронки округлён и медиальный угол, но в меньшей степени, чем дистальный. На вестибулярной поверхности обнаруживается два признака, служащие для определения стороны, к которой принадлежит зуб, и учитывающиеся при моделировке:

1. Признак угла - дистальный угол более округлый по сравнению с медиальным.

2. Признак кривизны коронки - медиальная часть эмали коронки на вестибулярной поверхности более выпукла по сравнению с дистальной, т.е. эмаль постепенно утолщается в медиальном направлении.

Р ис. . Медиальный резец верхней челюсти.

Нёбная поверхность: имеет форму треугольника с закруглённой вершиной и ограничена краевыми гребнями (пластинами), идущими от режущего края и соединяющимися в пришеечной трети коронки, образуя лингвальный бугорок зуба, величина которого варьирует. При большом бугорке в месте схождения валиков образуется ямка. Степень развития краевых гребней так же сильно варьирует.

Иногда они могут практически отсутствовать, вследствие чего лингвальная поверхность зуба кажется плоской либо равномерно вогнутой. Когда гребни сильно развиты и окаймляют лингвальную поверхность в виде высоких бортиков, она приобретает вид широкого желоба, «совковой» лопаты. Зависимости формы коронки зуба и степени выраженности лопатообразности не обнаружено.

При выраженной лопатообразности у зубов прямоугольной формы гребни находятся под прямым углом к нёбной поверхности, у треугольных - развернуты кнаружи, у овальных они кажутся суженными вовнутрь (11), (рис. ).

Между выраженной лопатообразной формой и формой, лишенной заметных краевых гребней, имеется ряд промежуточных форм, представляющих собой разные степени развития лопатообразности. При сильно выраженной лопатообразности краевые гребни сходятся в цервикальной трети коронки в одной точке, образуя сплошной поясок, между которым и небной поверхностью тела коронки остается некоторое пространство.

При более слабо выраженных степенях лопатообразности или полном отсутствии небного бугорка бывает в виде различных вариантов. Обычно небный бугорок представлен более или менее выраженным вздутием, от которого в сторону режущего края отходят зубцевидные выступы, переходящие на уровне средней трети коронки в тонкие удлиненные эмалевые валики, тянущиеся в направлении режущего края.

Большей частью наблюдаются два таких зубца: медиальный и дистальный, которые могут быть равны или не равны по величине. Среди верхних резцов можно наблюдать топографические варианты, имеющие иное число зубцов. Например, между двумя упомянутыми зубцами небного бугорка можно наблюдать иногда третий зубец – центральный. В этом случае мы говорим о трехзубцовой форме небного бугорка. Центральный зубец может быть расщепленным на два меньших зубца, давая, таким образом, четырехзубцовую форму.

1 2 3 4 5

Рис. . Строение небного бугорка верхних резцов. 1-3 формы с различным числом зубцов; 4-увеличение дистального зубца; 5-коронорадикулярная борозда, разделяющая небный бугорок.

Боковые поверхности коронки имеют клиновидную форму, её вестибулярный контур выпуклый, а оральный - вогнутый. Основания клина - линия шейки - изогнуто, на дистальной поверхности в пришеечной области имеется небольшое, растянутое по всей поверхности, углубление, которое просматривается и с вестибулярной стороны. У резцов шейка округлой формы, несколько уплощена с вестибулярной поверхности, что составляет характерную особенность этих зубов. С боковой поверхности отчётливо определяется выпуклость коронки - экватор зуба на вестибулярной и нёбной поверхностях. Создающаяся за счёт гребешков и вогнутостей разная толщина коронки способствует лучшему раскусыванию пищи, а вертикальная вогнутость в сочетании с бугорком зуба и экватором отводит пищу от десневого края, предупреждая травму слизистой.

Верхние боковые резцы - по размеру меньше центральных (7 мм не более) имеют долотообразную коронку. На режущем крае у недавно прорезавшегося зуба также имеется три зубчика, стирающихся впоследствии. Латеральный (боковой) резец верхней челюсти в целом по форме сходен с медиальным, но, в отличие от последнего, имеет несколько меньшие размеры коронки и занимает вто­рое место после третьих постоянных моляров по выраженности редукции. Признак редукций верхнего латерального резца определяются баллами. Балл – 0 характеризуется отсутствием редукции (ширина латерального резца примерно равна от 0,7 - 0,8 ширины медиального резца). Балл – 1 характеризуется первой фазой редукции: суженный латеральный резец, ширина которого равна приблизительно ½ ширины медиального резца. Режущий край сохраняется. Балл – 2 характеризуется конической формой латерального резца, имеющий вместо режущего края заостренную вершину. Полная высота коронки сохраняется. Балл – 3 характеризуется колышковидной формой латерального резца, имеющий острую вершину, причем коронка по высоте значительно уступает соседним зубам (Зубов А.А., 1968). Признаки принадлежности зуба к правой или левой стороне зубного ряда, выражены хорошо.Форма коронки бокового резца достаточно вариабельна. Режущий край может быть прямым или извилистым в зависимости от выраженности бугорков. Они хорошо заметны у формирующихся зубов, но с возрастом стираются, что делает режущий край прямым и несколько скошенным в дистальном направлении. Медиальный контур апроксимальной поверхности корон­ки бокового резца верхней челюсти выпуклый. Точки же наибольшей выпуклости чаще располагаются в средней части ко­ронки, придавая ей как бы овальную форму. У представителей обоего пола хорошо заметен признак угла коронки, однако, у женщин латеральный угол коронки более округлый, чем у мужчин (Дмитриенко С.В. с соавт., 2000).Точка наибольшей выпуклости эмалево-цементной грани­цы с вестибулярной стороны располагается вблизи срединной линии, однако она смещена в латеральную сторону у мужчин и в медиальную у женщин. На небной поверхности точка наибольшей

выпуклости эмалево-цементной границы, как прави­ло, смещена в латеральную сторону у лиц мужского пола и в медиальную у женщин.

Рис. . Боковой резец верхней челюсти

Признак кривизны коронки хорошо определяется у лиц мужского пола и слабо выражен у женщин. Точка наибольшей выпуклости вестибулярного контура коронки у мужчин чаще располагается латеральнее от условной средней линии. У женщин эта точка располагается в средней части коронки. У боко­вых резцов верхней челюсти лиц мужского пола медиальный контур коронки чаще несколько шире латерального и чуть-чуть уплощена, а у лиц женского пола апроксимальные контуры коронки, как правило, одинаковы.

Вестибулярная поверхность: выпукла, в основном имеет форму треугольника, или овальную форму, редко прямоугольную. Латеральный угол в значительной мере закруглён. Хорошо выражены признаки кривизны коронки и угла. Боковые резцы одни из наиболее нестабильных и подверженных редукции зубов. Если рассматривать совершенно нестёртые верхние резцы, можно заметить на их режущем крае три-четыре небольших бугорка, к каждому из которых на вестибулярной поверхности идёт слабо выраженное продолговатое возвышение эмали. Вестибулярная поверхность, таким образом, не является совершенно плоской, а имеет три-четыре широких и пологих валика, между которыми наблюдаются две ложбинки. Обычно эти образования бывают выражены слабо, но медиальный и дистальный валики (пластины), проходящие по краям коронки, могут достигать значительного развития. Как правило, если центральный резец имеет определённую форму, то и резей повторяет её (овал, прямоугольник, треугольник), но иногда формы не совпадают. Нёбная поверхность: с медиальной и дистальной сторон часто ограничена краевыми гребнями, тянущимися от основания коронки до углов режущего края. Степень развития краевых гребней сильно варьирует. Иногда они могут практически отсутствовать, вследствие чего нёбная поверхность зуба кажется плоской либо равномерно вогнутой. Но в других случаях гребни развиты чрезвычайно сильно и окаймляют нёбную поверхность в виде двух более или менее высоких «бортиков». Краевые гребни, сходясь у шейки зуба, образуют бугор, а в местах схождения возникает хорошо выраженная «слепая» ямка. Зубной бугорок выражен сильнее и расположен несколько дальше от шейки зуба, чем у центральных резцов. Так же лопатообразность встречается у них чаще, чем у центральных резцов. Функциональная значимость вогнутости нёбной поверхности и экватора также, что и у резцов - предупредить травму десневого края.

Резцы нижней челюсти - коронки узкие в медио-дистальном направлении и удлинены вертикально. Центральные резцы уже боковых, их вестибуло – язычный размер также меньше.

Рис. . Коронки нижних резцов.

Медиальный резец нижней челюсти имеет наименьшие размеры среди резцов (рис. 5). Отличительная особенность этого зуба — слабая выраженность или отсутствие признаков латерализации, т.е. принадлежности зуба к правой или левой стороне зубной дуги, сглаженность рельефа поверхностей коронки (вертикальных эмалевых валиков, язычного бугорка и краевых гребешков). Апроксимальные контуры коронки равномерно конвергируют к условной срединной вертикали, а кривизна эмалево-цементной границы примерно одинакова с обеих сторон. В вестибулооральном сечении форма коронки напомина­ет вытянутый по вертикальной оси прямоугольник. В то же время нередко встречаются резцы трапециевидной формы за счет увеличения ширины режущего края, например, при повышенной или возрастной стираемости. На вестибулярной поверхности коронки вертикальные эмалевые валики, переходящие в бугорки режущего края, встречаются только у нестершихся зубов. Форма язычной поверхности коронки менее рельефна, чем у других резцов. У мужских резцов язычный бугорок чаще плоский, иногда он имеет округлую форму и крайне редко вершину, расположенную в пришеечной части коронки. У женских зубов язычный бугорок чаще имеет вершину, а у некоторых из них отмечается расщепление язычного бугор­ка на фрагменты. Со стороны режущего края пришеечная часть коронки, как правило, вытянута в вестибулярно-язычном направлении, а режущий край коронки располагается вблизи условной срединной вертикали. Уплощенный язычный контур коронки чаще вы­является у мужчин. Для женщин характерна изогнутость языч­ного контура с точкой наибольшей выпуклости, расположенной в шеечной или средней трети коронки. Переход контуров коронки в контуры корня резче выражен у лиц женского пола.

Р ис. . Медиальный резец нижней челюсти

Латеральный резец нижней челюсти несколько крупнее медиального и имеет более широкую коронку (рис. 6). Вертикальные эмалевые валики, краевые гребешки и язычный буго­рок выражены слабо. Линия экватора на апроксимальных поверхностях проходит в окклюзионной трети коронки, в то время как у одноименного антагониста - чаще в средней трети коронки. Признаки латерализации выражены достаточно ярко.

Губная поверхность коронки этих зубов у лиц мужского пола чаще имеет треугольную форму. Для женских зубов наи­более характерна трапециевидная и овоидная формы.

У нестершихся зубов на прямом режущем крае имеются достаточно выраженные бугорки. Наибольшая выпуклость апроксимальных контуров чаще располагается в окклюзионной трети коронки.

Признак угла коронки, как правило, выражен хорошо, при­чем у женщин лучше, чем у мужчин.

Рельеф вестибулярной поверхности менее выражен, чем у латерального резца верхней челюсти. У нестершихся зубов вертикальные эмалевые валики вестибулярной поверхности, как правило, переходят в бугорки режущего края. Медиальный и дистальный валики нередко более заметны, чем срединный. На язычной поверхности хорошо выражены краевые гре­бешки. Однако у мужчин чаще, чем у женщин, язычная повер­хность более плоская, со слабо выраженными краевыми гре­бешками. Язычный бугорок у латерального резца выражен меньше, чем у медиального. Однако вершина бугорка у жен­щин чаще располагается в средней трети коронки и иногда рас­щепляется на фрагменты, а у мужчин - в шеечной трети коронки.

К ак у мужчин, так и у женщин встречаются варианты коронки с уплощенным и выпуклым вестибулярным контуром. Точка наибольшей выпуклости вестибулярного контура, как правило, располагается дистальнее условной срединной вертикали.

Рис. 6. Латеральный резец нижней челюсти

Режущий край коронки: горизонтальный, углы между ним и боковыми поверхностями у 1\1 почти прямые, а у 2\2 дистальный угол более тупой и закруглён. Режущий край коронки нижних резцов имеет три довольно крупных четко выраженных бугорка, хорошо видимых на не стёртых зубах (рис.).

Вестибулярная поверхность: на коронке заметны, идущие вертикально до середины две борозды между тремя валиками разной степени выраженности. Особенно широкие, отчётливо заметные валики подходят к медиальному и дистальному бугоркам. Они сближаются по мере удаления от режущего края, постепенно становятся всё более пологими, наконец, в средней трети коронки сливаются друг с другом и сходят на нет. Между краевыми валиками проходит средний валик, соединяющийся со средним бугорком режущего края. Иногда вестибулярная поверхность бывает гладкой, равномерно выпуклой в вертикальном и поперечном направлениях или слегка уплощённой, так что описанная выше система валиков практически отсутствует. Боковые поверхности идут от режущего края к шейке слегка на конус, так что вестибулярная поверхность имеет форму вытянутого треугольника. При этом коронка медиальных резцов особенно узка, а латеральные резцы имеют более широкий режущий край. Медиальный и дистальный углы коронки медиальных резцов мало, чем отличаются друг от друга, а режущий край их не имеет скоса. Режущий край коронки латеральных резцов, напротив, имеет характерные различия углов коронки: медиальный угол их более острый, с чётко оформленной вершиной, дистальный - более тупой и округлый. Дистальный угол латеральных нижних резцов при этом часто довольно сильно выступает в сторону клыка, вследствие чего дистальный край коронки образует с осью коронки больший угол, чем медиальный край, обычно проходящий почти отвесно. В пришеечной половине коронки резцы слегка выпуклы, причём признак кривизны боле выражен у 2\2. На оральной поверхности медиальный и дистальный краевые гребешки сливаются в пришеечной области в центре в слабо выраженный бугорок, который и образует здесь экватор зуба. Чаще всего оральная поверхность до бугорка зуба имеет слабовогнутый рельеф. Лингвальный бугорок всегда представляет собой округлое вздутие, незначительно варьирующее по степени выступания. Оно никогда не образует самостоятельной вершины, не имеет чётко оформленных зубцов. Латеральные резцы чаще имеют более вогнутую лингвальную поверхность. Боковые поверхности: имеют форму треугольника, линия пришеечного основания значительно изогнута в сторону режущего края, причем язычная часть более длинная. Контур шейки имеет форму овала, вытянутого в вестибулоязычном направлений.

Сүйір тістер де алдыңғы тістерге жатады. Оның қызметі тығыз, қатты тағам бөліктерін жырып (жыртып), шайнаудың бірінші сатысында кесектерге турау. Әрбір жақ сүйегінде екі сүйір тістен бар – оң және сол жақта бір-бірден.

Жоғарғы сүйір тістің сауытының пішіні найза тәріздес. Күрек тіске қарағанда ол неғұрлым мықты, себебі вестибуляр бетінде жеке айқын бейнеленетін білік түрінде шорлану кездеседі. Екі түйісу беті біртіндеп кескіш шетке қарай айырылады.

Кескіш шеті бұрыш асты жақындасатын екі ылдидан тұрады, олар жыртатын төбешік түзейді. Бұл төбешік тістің мезиальды бетіне жақын орналасады. Айта кететін жайт, мезиальды бет дистальды беттен жоғары, ал жыртушы төбешіктің мезиальды ылдиы дистальды ылдиға қарағанда қысқа.

Тіл бетінде тіс төбешігінен айырылатын үш білік арасында екі ойық болады.

Тіс қуысы конусты дөңеспен басталады, бұл дөңес сауыт орталығынан мойынға қарай кеңейе түсіп, біртіндеп түбірдің тарылатын арнасына ұласады. Сүйір тістің түбірі өте ұзын.

Төменгі сүйір тіс жоғарыдан кіші, пішіні жоғары бүйірлік күрек тіске ұқсас, алайда оның кескіш шеті мен вестибуляр беті жоғарғы сүйір тістікіндей.

Тіс қуысы жоғарғы сүйір тіс қуысындай, бірақ түбір ішінде ол мезио-дистальды бетте қысылып, кейде екіге де айырылады.

4-сурет. Жоғарғы (а) және төменгі (ә) жақ сүйектерінің премолярлары: жоғарғы қатар - бірінші премолярлар; төменгі қатар - екінші премолярлар.

Бүйірлік (азу) тістер «диірмен» тістер деп те аталады. Олардың негізгі қызметі – тамақты үгу. Олардың бәрінің шайнау беті немесе қарама-қарсы тістер қатары тістерімен қабысу (окклюзия) беті бар.

Бұл бетте шайнау төмпешіктері болады. Тістің вестибуляр бетіне жақын ұрт төбешіктері орналасқан, ал ауыз бетіне жақын таңдай төбешіктері болады.

Барлық азу тістер кіші және үлкен болып бөлінеді.

Премолярлар (кіші азу тістер) Кіші азу тістер сауыттарының пішіні сүйір тістермен бірдей. Премолярларда екі шайнау төбешігі болады (4-сурет).

Ересек адамда барлығы сегіз кіші азу тіс бар – екі жақ сүйегінің әрбір жағында екі-екіден. Олар әрбір сүйір тістен дистальды орналасады. Сүйір тіске жақыны – бірінші премоляр, ал алыстау орналасқаны екінші премоляр.

Кіші азу тістерде бір түбірден болады. Тек бірінші жоғарғы премолярда түбір ұрттық және тілдік болып екіге айырылады.

Екіге айырылу түрлі деңгейде орын алады: түбір ұшында сәл айырылудан, тіс мойнына дейін дерлік мүлдем екіге бөлінуі.

Жоғарғы кіші азу тістер төмендегілерден сауыт пішінімен ерекшеленеді, сауыт мезио-дистальды бағытта қысылып, сопақ көлденең қимаға ие. Төменгі премолярда қима жұмыр келеді.

Сонымен бірге жоғарғы премолярларды көлдененең жырашық (фиссура) шайнау бетінде екі төбешікті тереңірек және айқын ажыратады. Ұрт төбешіктері бірінші премолярларда екіншілерге қарағанда анық білінеді.

Бірінші жоғарғы премоляр өзінің вестибуляр бетімен тістер қатарының қарсы жағындағы сүйір тіске ұқсас. Сауыт қисықтығының кері белгісіне ие, яғни, оның вестибуляр бетінің мезиальды жаққа ылдиы дисталды бетке қарағанда неғұрлым тік келеді.

Бұл шайнаудың екінші сатысында тамақ кесегін езу үшін оны сүйір тістер маңында уақытша тоқтату қажеттігінен туындайды деген болжам бар.

Тілге қараған беті неғұрлым дөңес және шағын. Шайнау беті сопақ, көлденең жырашықпен (фиссурамен) бөлінген, мұның өзі ұрттық және таңдай төбешіктері арасындағы шекараны белгілейді.

Тілдік төбешік әдетте ұрттық төбешікке қарағанда кішірек. Түбірі көбінесе екіге айырылған. Сауыт белгісі білінеді. Тіс қуысы мезио-дистальды бағытта қысылған, ұрт және тіл дөңестері шайнау төбешіктеріне сай келеді.

Екінші жоғарғы премолярдың сауыты біріншіге қарағанда кішілеу. Көлденең қимада сопақ келеді. Екі төбешіктің өлшемі мен орналасу деңгейі шамамен бірдей. Түбір әдетте біреу, конус тәрізді.

Тіс жақтары белгілері жақсы білінеді. Тіс қуысы мезио-дистальды бағытта шұңғыма тәрізді қысылған.

Бірінші төменгі премоляр көлденең қимада жұмыр сауытқа ие. Ұрт төбешігі тілдік төбешіктен едәуір басым. Өлшемі және орналасу деңгейіне қатысты вестибуляр беті дөңес ауызға қарай еңкейген. Көлденең төбешік аралық жырашық тісаралық білікпен екі шұңқырға бөлінген. Білік шайнау бетінің екі алаңшасын түзеді.

Төбешіктері біркелкі дамымағандықтан, төменгі бірінші премоляр сүйір тіске ұқсас, әсіресе вестибуляр беті жағынан. Сауыттың қисаю және бұрыш белгілері білінеді. Тіс қуысы мезио-дистальды бағытта сәл қысылған. Әдетте жеке түбір арнасы екіге айырылуы мүмкін.

Екінші төменгі премолярдың сауыты шар тәріздес. Ұрт төбешігі бірінші премолярмен салыстырғанда анық білінбейді. Шайнау бетіндегі шұңқырлар таға тәрізді жырашыққа ұласуы мүмкін.

Тіс жақтары белгілері айқын білінеді. Түбірі бірінші премолярға қарағанда неғұрлым ұзын да ірі. Ауыз қуысы төбешіктерге сай екі дөңесті келеді.

5- сурет. Жоғарғы (а) және төменгі (ә) жақ сүйегінің бірінші моляр: жоғарғы қатар – бірінші моляр, екінші қатар – екінші моляр.

Молярлар (үлкен азу тістер) қатты асты ұсақтауға, үгуге арналған. (5- сурет). Олардың сауыты ірі, шайнау беті көлемді, онда 3-5 төбешік болады. Жоғарғы молярларда үш түбірден (2 ұрттық және таңдайлық), төменгілерде – екеуден (мезиальды және дистальды). Барлығы 12 үлкен азу тіс болады, жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің әрбір жағында үшеуден (бірінші, екінші және үшінші моляр). Үлкен азу тістер екінші премолярдан дистальды орналасады.

Жоғарғы молярлар шайнау бетінен қарағанда ромб пішінді, ал төбешіктерді бөлетін жырашықтар қисайған «Н» әрпін түзеді. Төменгі моляр шайнау бетінен қарағанда тік бұрышты, ал төбешіктерді бөлетін жырашықтар крест немесе «Ж» әрпіне ұқсас келеді. Шайнау төмпешіктері, премолярдағыдай, вестибулярлық немесе ауыздық (таңдайлық, тілдік) деп аталады. Тіс қатарының бағытына қарай оларды медиальды және дистальды деп атайды. Басқаша айтқанда, әрбір төбешік екі анықтамаға ие: медиальды ұрттық, дисталды, таңдайлық. Жоғарғы молярларда вестибулярлық төбешіктер, ал төменгі молярларда тілдік төбешіктер неғұрлым айқын білінеді. Молярлар шамасы біріншіден үшіншіге бойлағында кеми бастайды. Олардың вестибуляр беткейі дөңес, тік жырашық шайнау беткейінен тіс мойнына дерлік жетеді.

Бірінші жоғарғы молярдың ірі сауыты тіс мойнынан шайнау бетіне қарай бойлайды. Бұл бет ромб пішінді, неғұрлым ұзын диагоналі ұрттық медиальды төбешіктен таңдайлық дистальды төбешікке дейін созылған. «Н» тәрізді үш жырашық шайнау бетін төрт төбешікке бөледі. Кейде сауыттың таңдай бетінде, таңдайлық медиальды төбешік аймағында тағы бір қалыптан тыс Карабелли төбешігі немесе «кіреуке тамшысы» түзіледі. Тіс қуысы кең, ромб тәрізді шайнау төмпешіктеріне сай көлденең қимада төрт дөңесті. Қуыс түбі дөңес, орталығында үш шұңғыма (воронка) тәрізді ойықтар (түбір өзектерінің сағасы) бар. Кейде ұрттық медиальды түбір өзегінің екіге ажырауына байланысты төрт саға түзіледі.

Екінші жоғарғы моляр пішіні және Карабелли төбешігімен бірінші молярға ұқсас келеді, бірақ одан кіші. Үш шайнау төбешігі бар нұсқалар кездеседі.

Үшінші жоғарғы моляр жоғарғы «ақыл тіс» деп те аталады. Ол басқа молярлардан кіші, сауытында үш шайнау төбешігі болады. Үш түбірі көбінесе біреуге ұласады. Түбір өзектері да бір арнаға қосылуы мүмкін.

Бірінші төменгі моляр куб тәрізді сауытқа ие. Бұл сауыт тіс қатары бойына біршама ұзартылған, бес шайнау төбешігі бар. Оның екеуі - вестибулярлы, екеуі - тілдік, біреуі - дистальды. Медиальды төбешіктің екеуі де басқалардан ірілеу, ең кішісі – дистальды төбешік.

Медиальды түбір, әдетте, дистальдыдан ұзын. Тіс қуысы кең шатырында төбешіктерге сай келетін төрт не бес дөңесі бар. Қуыс түбі үш түбір өзегіне ұласады, оның екеуі медиальды түбірде, біреуі дистальды түбірде орналасады. Екінші төменгі моляр куб тәрізді пішінде, біріншіден кішілеу. Шайнау беті крест тәрізді жырашықтармен қиылған, төрт шайнау төмпешігі бар. Тіс жақтарының белгілері айқын білінеді. Тіс қуысының пішіні бірінші молярдікіндей, бірақ көп жағдайда түбірге сәйкес екі өзекке ғана ұласады.

Үшінші төменгі молярды төменгі «ақыл тіс» деп те атайды. Оның сауыты басқа төменгі молярдан кіші, ол да куб пішінді. Шайнау беті фестонды, сызылған, онда 4-5 төбешік орналасқан. Түбір, әдетте иілген конусқа ұласады. Тіс қуысы сауытқа сәйкес. Екі түбір өзегі бар: медиальды және дистальды.

Тіс қатары (тіс доғасы). Тіс мүшелері жақ сүйектерінде тіс сауыттары тіс қатарын (төменгі және жоғарғы) түзетіндей етіп орналасады.

Ересек адамның тіс қатарында 16 тіс болады. Тіс қатарының орталығында тамақты тістейтін тістер, бүйірлерінде – ұсақтайтын және үгетін тістер орналасады.

Алдыңғы тістер (күрек тістер және сүйір тістер) – бір төбешікті, бір түбірлі.

Бүйірлік тістер (премолярлар және молярлар) – көп төбешікті, көп түбірлі.

Тістердің орналасуы әдетте тіс формуласы ретінде жазылады, онда жеке тістер не тістер топтары сандармен белгіленеді. Ең кең тараған тіс формуласын Зигмонди ұсынған (1861). Ол мынадай:

8 7 6 5 4 3 2 1

1 2 3 4 5 6 7 8

8 7 6 5 4 3 2 1

1 2 3 4 5 6 7 8

Оның халықаралық баламасы мынадай:

18 17 16 15 14 13 12 11

21 22 23 24 25 26 27 28

48 47 46 45 44 43 42 41

31 32 33 34 35 36 37 38

Екі формулада да төрт шаршы бар, олар жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің сол және оң жақтарын білдіреді. Әрбір тістің өз нөмірі бар.

Зигмонди формуласында тістің жақ сүйегіне және оның оң не сол жағына тиесілі бұрыш асты қиылысқан сызықтарды пайдалану арқылы анықталады.

Халықаралық тіс формуласында тіс санмен цифрмен белгіленеді. Біріншісі тістің жақ сүйегінің белгілі бір жағында орнығуы көрсетеді.

Екіншісі – тістің өзіндік реттік нөмірі. Мысалы:

13 – жоғарғы оң сүйір тіс;

21 – жоғарғы сол орталық күрек тіс;

34 – төменгі сол бірінші премоляр;

47 – төменгі оң екінші моляр.

6 -сурет. Тіс қатарының формуласы: а) жоғарғы – жарты эллипс тәрізді; ә) парабола тәрізді

Тістердің орналасу тәртібі формулада біз оларды алдымызда тұрған адамда қалай көреміз, солай көрсетілген.

Уақытша немесе сүт тістер формулада рим цифрлерімен берілген, жоқ тістер О әрпімен көрсетілген. Формулаға жарып шықпаған тістердің, жасанды сауыттардың, бітемелердің, көпір тәрізді протездердің шартты белгілерін енгізуге болады. Егер тіс қатарында барлық тіс сақталған болса, мұндай қатар толық деп аталады. Барлық тістер сау болса, олар интактілі (дертке шалдықпаған, өзгермеген) деп аталады.

Тіс қатары – дерексіз бейнелі ұғым. Сондықтан шынайы болмысқа дәл сай келетін «тіс доғасы» термині қолданылады. Бұл тістер қатарының кесуші шеті шайнау бетінің және ортасымен өтетін ойдағы сызық.

Тұрақты тістердің жоғарғы тіс қатары жарты эллипс түрінде, ал төменгі- параболаға ұқсас (6-сурет). Жоғарғы, сонымен қатар, төмендегіден кеңірек, сол себептен жоғарғы алдыңғы тістер төменгі аттас тістерді жауып тұрады, жоғарғы бүйірлік тістердің ұрттық төбешіктері төменгі және аттас төмендегілерден сыртқа қарай орналасады. Тіс қатарларының мұндай арақатынасы шайнау мүмкіндігін арттырып, асты ұсақтап үгуге арналған алаңды кеңейтеді.

7-сурет. Тісаралық түйісу пункттері мен алаңдары: а) тісаралық түйісу пункттері (сызықпен көрсетілген) тіс қатарының үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ұрт дөңесі тілдік дөңестен үлкен, сондықтан тістер көлденең қимада трапеция пішінде көрінеді; ә) түйісу алаңдарының түзілуі тіс қатарының қысқаруына әкеледі.

Тіс қатары тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторлар. Тіс қатары морфологиялық және қызметтік тұрғыдан біртұтас нәрсе.

Тіс қатарының бірлігін қамтамасыз ететін тісаралық түйісу, альвеола өсіндісі, альвеола бөлігі және пародонт. Тіс қатарының тұрақтылығында тістердің орналасу сипаты, сауыттары мен түбірлерінің бағытталуы маңызды орын алады.

Алдыңғы тістерде тісаралық түйісу пункттері кесуші шетке жақын, ал бүйірлік тістерде қабысу (шайнау) бетіне жақын орналасады.

Олардың астында негізгі альвеола бөлігіне қараған үшбұрышты кеңістік бар. Бұл кеңістік қызыл иектік (тісаралық) бүртікпен толтырылған, ол (бүртік) осылайша тағаммен зақымданудан сақталады.

Тісаралық түйісу тіс қатарының морфологиялық бірлігін қамтамасыз етіп, оған шайнау кезінде жүйе сипатын береді. Белгілі бір тіске түсетін қысым, оның түбірлері арқылы альвеола бөлігіне ғана тарап қоймай, тісаралық түйісу арқылы көрші тістерге де беріледі.

Жас ұлғайған сайын түйісу пункттері қажалып, олардың орнында түйісу алаңдары түзіледі. (7-сурет). Түйісу пункттерінің қажалуы тістердің физиологиялық қозғалғыштығының жанама дәлелі. Мұндай қозғалыс үш, өзара перпендикуляр бағытта (тігінен, трасверзальды және сагиттальды) жүреді.

Түйісу пункттерінің қажалуы тіс қатарының үздіксіздігін бұзбайды. Бұл тістердің медиальды ығысуымен түсіндіріледі, оның салдарынан тіс қатары 1 см-ге дейін қысқаруы мүмкін.

Тіс қатары тұтастығын сонымен бірге пародонт және альвеола қыры қамтамасыз етеді. Жеке тістердің байланысы үшін маргинальды пародонттың тісаралық байламы өте маңызды. Ол бір тістің цементінен екінші тіс цементіне тісаралық перде ұшы үстімен дәнекер тінді талшықтардың қуатты байламы түрінде жетеді. Осы байлам арқасында бір тістің жылжуы медиальды не дистальды қатар тұрған тістерді жылжытады. Төменгі тістер, сонымен бірге, қосымша тұрақтылыққа тіс доғасының ұрттық дөңестігі және тіс сауыттарының пішіні есебінен жетеді. Мына жайды байқауға болады: төменгі тістердің тіл беті вестибулярлы бетке қарағанда тарлау, сондықтан сауыттардың түйісу беті параллель келмей, тіл бағытында жақындасады. Тіс пішінінің бұл ерекшелігі тіс доғасының дөңестігімен байланысты емес, себебі жоғарғы тістер параллель түйіспе беттеріне ие. Бірінші жоғарғы молярда бұл беттер кейде тіпті кері, яғни ұрт бағытында жақындасады.

Төменгі жақ сүйегі тістері сауыттары ішке қарай еңкейген, ал түбір сыртқа қарай еңкіш келеді. Тіс доғасының дөңес келуі, төменгі жақ сүйегі тістерінің түр-пішіні және орналасуы, міне, осылай төменгі тістер қатарының орнықты болуына жағдай жасайды. Мұндай құрылым трапеция түріндегі кірпіштерден салынған, қамал тәрізді мықты арқалық күмбезін еске түсіреді.

Жоғарғы жақ сүйегі тістерінің еңкіш келуі олардың орнықты тұруына онша жайлы емес. Жоғарғы жақ сүйегі тістері сауыттарымен сыртқа, ал түптерімен ішке еңкейген. Шайнау кезінде пайда болатын көлденең әсер ететін күштер тіс еңкіштігін арттыра түседі. Тістің сыртқа қарай ылдиы артқан сайын ол соғұрлым қатар тұрған тістердің қолдауынан айырылады. Тістердің осылай орналасуы жоғарғы тіс қатарын төменгімен салыстырғанда неғұрлым тұрақсыз етеді. Мұндай кемістіктің орны жоғарғы шайнау тістерінің түбірлерінің көп болуымен толтырылады.

8-сурет. Тіс (а), альвеола (ә), базалық (апикальді) (б) тіс доғаларының арақатынасы

Айта кететін жайт, жоғарғы тістер қатары пішіні жағынан жарты эллипске, ал төменгі – параболаға ұқсас келеді. Тіс доғаларының пішіні, оларда тістің орналасуы, еңкіштігінің сипаты жеке ерекшеліктер болып табылады.

Сондықтан тіс доғасының типтік және кең тараған пішінімен қатар белгілі бір жаққа ауытқулар кездеседі. Бұл тіс қатарының ерекше қабысу сипатында (тістемінде) білінеді.

Ортопедиялық стоматологияда тіс доғасымен қатар альвеолалы және базальды (апикальді) доғаларды ажыратады. (8- сурет). Альвеолалы доға деп альвеола қырының ортасы бойынша ойша өткізілген сызықты айтады.

Базальы доға – тіс түбірі ұшы бойынша ойша өткізілген сызық. Оны жиі апикальді негіз деп те атайды.

Жоғарғы жақ сүйегінде сауыттар сыртқа, ал түбірлер ішке еңкіш келгендіктен, оның тіс доғасы альвеолалықтан кеңірек, альвеолалық өз кезегінде, базальдыдан кең. Базальда доға, міне, осылай шайнау қысымы шоғырланатын және өз бастамасын контрфорстан алатын орын болып табылады.

Төменгі жақ сүйегінде, керісінше, сауыттар ішке, ал түбірлер сыртқа еңкіш болғандықтан, тіс доғасы альвеола доғадан, альвеола доға базальдыдан тар келеді. Осыған байланысты төменгі жақ сүйегі тістен мүлдем айырылғанда жоғарғы жақ сүйегіне жақындағанда алға шығып прогения (қарттық прогения) көрінісін береді, яғни, иектің алға шығып кетуі.