- •Тіс және тіс қатары
- •2 . Сурет. Сауыт бұрышы және түбір бұрышының белгілері (и.С.Кудрин бойынша сұлба).
- •Тіс қатарының окклюзиялық беткейі
- •Пародонт құрылымы және қызметтері
- •Ауыз қуысы шырышты қабаты құрылымының ерекшеліктері
- •2.2. Артикуляция және окклюзия, тістем және тістем түрлері
- •Тістем, тістем түрлері
- •Қалыпты (ортогнатиялық) тістем
- •Тістемнің ауыспалы (шектес) түрлері
- •Қалыптан тыс тістемдер (аномалиялар)
Ауыз қуысы шырышты қабаты құрылымының ерекшеліктері
Жоғарғы жақ сүйектің альвеола өсіндісін және төменгі жақ сүйектің альвеола бөлімін, қатты және жұмсақ таңдайды, ауыз қуысының басқа да учаскелерін жабатын шырышты қабат құрылысының анатомиялық және гистологиялық ерекшеліктері (11-сурет) протездеу әдісін таңдауда, протездеуді тиімді өткізуде аса маңызды.
Стоматологияда
қозғалмалы және қозғалмайтын шырышты
қабат деп бөледі (12-сурет). Ауыз қуысы
шырышты қабатының қозғалуы/қозғалмауы
негізінде онда шырышасты негіздің
болуы/болмауы жатыр (tela submucoza).
Қозғалмалы шырышты қабат ымдау бұлшық еті жиырылғанда қозғалысқа келеді. Мұндай қозғалғыштықты белсенді, ал осы қасиетке ие шырышты қабатты – белсенді қозғалмалы деп атайды.
Қозғалмайтын шырышты қабатта мұндай қабілет жоқ. Ол көбінесе альвеола қырының ұштарын, қатты таңдайдың алдыңғы үштен бірін және оның орта бөлігін жабады.
Алайда, «қозғалмайтын шырышты қабат» дегеніміз салыстырмалы түрде айтылған ұғым. Шырышты қабаттың кейбір учаскелері ерінді не ұртты саусақпен тартқанда ығысуы мүмкін.
Мұндай шырышты қабат енжар қозғалмалы деп аталады. Егер саусақпен ерінді не ұртты сыртқа қарай созса, вестибулярлы альвеола ылдиында енжер қозғалмалы және қозғалмайтын шырышты қабаттың жігі айқын көрінеді.
11- сурет. Ауыз қуысы: а – жоғарғы ерін үзбесі; ә – ұрт үзбесі; б – таңдайдың көлденең қатпарлары; в – таңдай тігісі; г – тұйық тесік; ғ – қанат-жақ сүйек қатпары; д – таңдай бадамша безі; е – жұтқыншақ; ж – тіл; и – ұрт үзбесі; к – үлкен таңдай саңылауының кескіні; л – таңдай доғасы (алдыңғы); м – таңдай бадамша безі; н – төменгі ерін үзбесі.
12-сурет. Аралық қатпардың (б), бейтарап аумақтың (ә), қозғалмайтын шырышты қабаттың (а) орналасу сызбасы.
Бұл «бейтарап аумақ», яғни енжар қозғалмалы және қозғалмайтын шырышты қабат арасындағы шекара жақ сүйектің альвеола бөлігінің вестибулярлы бетін жабады. Және, соңында, мүлде қозғалмайтын шырышты қабат бар. Оның енжар да, белсенді де қозғалғыштығы жоқ. Дегенмен оның кейбір бөлімдері басқан кезде өздері жауып тұратын сүйек бағытында ығысуы мүмкін. Мұндай шырышты қабатты батымды деп атайды. Мысалы, қатты таңдайды жабатын шырышты қабат белсенді қозғалмаса да батымды келеді. Батымдылығы түрлі учаскелерде бірдей болмауы мүмкін, яғни, ол енжар тік қозғалғыштыққа ие. Протез орны шырышты қабатының батымдылығының негізінде, Е.И.Гаврилов көрсеткендей, оның қан тамырларының қан көлемін өзгерту қабілеті жатыр.
Бұл буфер аймағы теориясының негізгі қағидаларының бірі (Е.И.Гаврилов бойынша). Аталған теория сонымен бірге мынадай ұстанымдарға негізделген:
жоғарғы жақ сүйектегі буфер аймақтары альвеола өсіндісінің негізі және таңдай тігісіне сәйкес орта аймақ арасында орналасады. Бұл аймақтар қатты таңдайдың қалың қан тамырлы алаңына кескін түсіреді;
қатты таңдай және мұрынның шырышты қабығының қан тамырлары арасында анастомоздың қалың торабына байланысты протез орнының тамырлы сағасы гидравликалық амортизатор ретінде протез әсерінен өз көлемін тез өзгерте алады;
толық алмалы-салмалы протездің базисі қызметтік қалып әдістемесіне байланыссыз ұлпа толқынының әсерінен шағын қозғалыстар жасайды;
буфер аймағы туралы ереже протездің альвеолалық өсіндісі мен қатты таңдай арасында шайнау қысымын тарату механизмін анықтауға мүмкіндік береді;
буфер аймағы шырышты қабатының амортизациялайтын қасиеттерін ескере отырып, компрессиялық қалыптың қысымсыз алынған қалыптан артықшылығы дәлелденді;
протез орны тіндерінің қызметтік-құрылымдық өзгерістері барысының негізінде де тамырлар факторы, яғни протездің жанама әсерінен протез орны шырышты қабатының қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы жатыр.
Ауыз қуысының шырышты қабатының тісті тікелей қоршайтын бөлігі қызылиек деп аталады. Оның үш бөліктен тұрады: бекітілген, бос және қызылиектің тісаралық бүртіктері.
Бекітілген қызыл иек деп сүйек қабымен, сүйекпен не тістермен тығыз байланысқан шырышты қабатты атайды. Сонымен бірге ол альвеолалы, қозғалмайтын қызыл иек деп аталады.
Бос қызыл иек не шет қызыл иегі қызыл иектің тіс бетіне жақын жатып, одан тар саңылаумен ажыратылған шеті. Бұл саңылауды сонымен бірге қызылиек жырашығы деп аталады, ол бос қызылиектің шетінен бекіту эпителийіне дейін орналасқан, тіс пен қызылиек арасындағы тар саңылау тәрізді кеңістік. Қызылиек жырашығының тереңдігі 0,5-3 мм.
Шырышты қабық альвеолалық өсіндіден ерін мен ұртқа ұласқанда кіреберіс күмбезі түзіледі.
Ауыз қуысы кіреберісі күмбезінің шыңы бойынша ойша жүргізілген сызық аралық қатпар деп аталады.
Кейде аралық қатпар деп шырышты қабаттың ауыз қуысы түбінен төменгі жақ сүйектің альвеола бөлімінің ауыздық ылдиына ұласу шегін атайды.
Жоғарғы жақ сүйектің кіреберісінде орта сызық бойында жоғарғы еріннің үзбесі орналасқан. Оның бір ұшы аралық қатпарға ұласып, басқасы қызылиек шетінен жоғарылау, альвеола өсіндісінің шырышты қабатына бекітіледі.
Кейде үзбе төмен бекіп, күрек тістер арасында төменгі ұшымен орналасады, бұл жағдайда аталған тістердің жігі аздап ажырауы мүмкін.
Үзбе ерін үшін қозғалмайтын нүкте, ол еріннің қозғалыс аумағын шектейді.
Жоғарғы ұрт үзбелері, премолярлар аймағында орналасып, ауыз кіреберісінің алдыңғы бөлігін бүйірлік бөліктерін шектеп тұрады.
Бұл қатпарлардың қызметі жоғарыда сөз болғанға ұқсас келеді, ал қанат-жақ сүйектік қатпар қанат тәрізді өсіндінің қармағынан төменгі жақ сүйектің шырышты төмпешігінің дистальды бөлігіне дейін созылады.
Сол жерде төменгі жақ сүйектің вестибулалы жағында төменгі еріннің үзбесі және премолярлар аймағында төменгі ұрт үзбелері орналасқан. Тіл жағынан альвеола бөлігіне тіл үзбесі бекітіледі. Оның беку биіктігі тіл қызметі үшін және де тіл жағынан протез шетін белгілеу үшін өте маңызды. Қатты таңдайда, оның алдыңғы үштен бірінде көлденең таңдай қатпарлар бар, олар жастарда айқын көрініп, жас келген сайын көмескі тартады.
Жоғарғы жақ сүйегі альвеолалық өсіндінің ішкі жағынан орта сызық бойына (орталық күрек тістер артында) күрек тістер бүртігі бар. Тісті жоғалтқан соң ол семіп қалады, бірақ кей жағдайда протез негізінің қысымына сезімтал болып, сақталуы мүмкін.
