Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
S_1201_rauly_1179__1178_az_dialektol.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

166. Төмендегі тұрақты тіркестер қолданыла ма:

он бір жасай келгенде (он бір жасқа келгенде)

аяқ үстінде жүру (кепілде жүру)

есікті қаптыру (есікті жабу)

қар ету (ашулану)

баз кешу (күдер үзу)

күн жарты түсу, күн қауысу (күн бату)

сұрам бермеу (көнбеу)

танасын шығару (есін шығару)

аяқтай сату (тірідей сату)

ауыздай сөгіс (ауызша сөгіс)

жұмыс жасау (қызмт ету)

шұрқан салу (әлек салу)

шырдай қылу (бас қатыр)

мұздай аман (аман)

шырқын шығару (зықысын шығару)

аттап шалу (домбыраны қағып шерту)

жалы ену (жалдану)

жылым айдау (жылым тарту)

ұры қылу (ұрлық қылу)

жер жекендеу (қоныстану)

жер шығып кету (жер құрғап кету)

аяқты үсті болу (сауығу, жазылу)

шақаты келмеу (мұршасы келмеу)

айшығы айналып жүру (шаршап мазасы кету)

ат қосу (ат жегу)

ақырет беру (сөгу)

көрсе басарлық (көрсе қызарлық)

тән алмау (пікіріне қосылмау)

қаза басу (тор құру)

тәсіп ету (мақтау)

қоржын майлану (балықтың ауға түсуі)

аңға жаю (аңызға жаю, жықпыл-жықпыл жыраға жаю)

долы ұру (бұршақ ұру)

нан жабу (нан пісіру)

айдап сауу (қосақтап сауу)

бодан болу, орам болу (бағыну)

бір керен (бір рет)

сұрам бермеу (бағынбау)

нәзір беру (ас беру)

жатыс күні (демалыс күні)

мат қылу (масқара қылу)

бертін қарай, бермен қарай (бері қарай)

гәп асау (қонаққа шақыру)

құрсақ шашу (жүкті әйелге әкелетін шашу)

гүлге кіру, гүлдену (гүлдене бастау, жүзім сала бастау)

ауыздап жіберу (ән салып жіберу)

топырағы ұшу (абыройлы болу)

зат та етпейді (ешнәрсе де етпейді)

намыңыз кім (атаңыз кім)

жар газеті (қабырға газеті)

жылау айту (жоқтау)

я ма? (жарай ма?)

серпіні сегіз болу (беделі арту)

пұшайман жеу (өкіну)

дәс әуелі (ең әуелі)

белі ауру (жаны ашу)

құлып ұру (құлып салу)

суы басқа адам (танымайтын адам).

І І І. Г Р А М М А Т И К А

167. Шығыс септікте айтылуға тиісті сөз барыс септік тұлғада қолданыла ма: Мұғалімге оқыдым (мұғалімнен оқыдым). . .

168. Табыс септік тұлғада айтылуға тиісті сөз барыс септікте қолданыла ма: асқа , табаққа бас салды (асты, табақты бас салды), Асанға қуып жетті (Асанды қуып жетті).

169. Жатыс жалғауы орнына барыс жалғауы қолданыла ма: былтыр осы айға қар жауды (былтыр осы айда қар жауды), күніге (күнде), түніге (түнде), суға жүзді (суда жүзді).

170. Ілік септіктің –ның/нің, -дың/дің, -тың/тің формалары орнына –нын/нін, -дын/дін, -тын/тін тұлғалары айтыла ма: елдін (елдің), біздін (біздің), ауылдын (ауылдың), кітаптын (кітаптың).

171. Көмектес септік жалғаудың мынан, бынан, пынан түрлері айтыла ма: Поезбынан келдім, сенімынан сөйлестім, т.б.

172. Бару керек, алу керек сияқты тұйық райлы етістіктердің орнына бармақ керек, алмақ керек сияқты формалары қоладаныла ма:

173. Қалау райлы етістіктер қандай формада қолданылады: баралық, баралы (барайық), келелік, келелі (келейік), т.б.

174. Қайтайын, берейін формаларының орнына қайтай, берей формасы қолданыла ма?

175. Қалау райдың күрделі түрі қай формада айтылады: барғым бар (барғым келеді), ұйықтағым бар (ұйықтағым келеді), барғым жоқ (барғым келмейді), айтқым жоқ (айтқым келмейді), айтқысы бар (айтқысы келеді).

176. Бұйрық райдың төменгі формалары қолданыла ма: айтқыл! айтқын! айтың! (айт!). . .

177. Бұрынғы өткен шақты жасайтын барыпты, барған, келіпті, келген етістіктерінің орнына барулы, келулі сияқты формалары қолданыла ма: Келдебайдан суық хабар келулі! (Ғ. Сланов).

178. Етістіктің төмендегі формалары келер шақ мағынасында қолданыла ма: кележақ (келмек), бережақ (бермек), барашақ (бармақ), келешек (келмек). . .

179. Жіктік жалғаудың ІІ-жақ сыпайы түрінің - сыз формалары орнына – сыңыз формасы қолданыла ма: барасыңыз, отырасыңыз, күлесіңіз, т.б.

180. Барұр (барар), келүр (келер), бартын-бартұғын (бар болатын), сияқты формалары қолданыла ма?

181. Оқығалы бері, келгелі бері, ауырғалы бері сияқты тіркестер айтыла ма?

182. Барды емес пе, келе жатыр емес пе, келді емес пе? сияқты тіркестер қолданыла ма?

183. Уақытында келдім деудің орнына уақытылы келдім дей ме?

184. Бара жатыр, келе жатыр деудің орнына баратыр, келатыр деп айта ма?

185. Бару керек, жүру керек, айту керек сияқты формалардың орнына баруға керек, жүруге керек, айтуға керек сияқты формалар қолданыла ма?

186. Барған соң, келген соң сияқты формалардың орнына барғасын жерде, келгесін жерде деген формалары кездесе ме?

187. Жүретін шығармын, баратын шығармын деген формалар жүрем шығар, барам шығар сияқты формада айтыла ма?

І Ү. С Ө З Т У Д Ы Р У

188. Келтірілген жұрнақтардың сөз тудыру қызметінде төмендегідей ерекшеліктер кездесе ме?

- шылық/-шілік: малдаршылық (мал шаруашылығы), кедергішілік (кедергі), мұғалімшілік (мұғалімдік қызмет).

- шы/-ші: кірші (шылапшын), бадашы (сиыршы), кереші (араға жүруші).

- аған/-еген: озаған (жүйрік), өтеген (өткір).

- амал/-емел: тиемел (тиісті).

- хана: малхана, айуанхана.

- қал/-ғал: ұртқан (тентек), шоңғал (биік).

- қыр/-кір: айтқыр (айтқыш), желгір (желгіш).

- шыл/-шіл: сарышыл (сарылау).

- қыш/-кіш: тепкіш (саты), маңдайғыш (маңдайға орайтын орамал).

- палы/-пелі: кешпелі (судың аттап өтетін жері)

- қор: сүтқор (сараң), тегінқор (жатып ішер).

- тай: оқтай (оқтау), көзгентай (кішкене сырлы тостаған).

- аң/-ең: бозаң (боз, нашар), зораң (ірілеу, зорлау), мазаң (мазасыз).

- дай/-дей: зыңғыттай, зілмәндай, кекірдей, мауыздай, кесіктей.

- ай/-ей: жуанайған (жуандаған), жеңілейген (жеңілдеген).

189. Қайталама қос сөздердің төмендегідей түрлері кездесе ме: дәсме-дәс (қолма-қол), қапыма-қапы (есікпе-есік), торсадан-торса (тосыннан-тосын), шеге-шеге (жүйе-жүйе), тән-тән (бөлек-бөлек), қалақ-құлақ (аз, шамалы), айра-жайра (мәре-сәре).

Қосарлама қос сөздердің мынадай түрлері кездесе ме: ақи-тақи (үзілді-кесілді), үркін-торқын (үркініш-қорқыныш), ерсең-қарсаң (ерсілі-қарсылы), сән-шәукет (сән-салтанат), ел-сел (ағыл-тегіл), сапса-рас (рас, дұрыс).

190. Неологизм сөздердің төмендегідей түрлері кездесе ме: аудандау (аудандастыру), жұмыстау (жұмыс істеу), қарсылау (қарсы алу), жар газеті (қабырға газеті), қызыл мүйіш (қызыл бұрыш), барлау (тексеру, ревизия), тәртіп (нұсқау, бұйрық), жатыс күн (демалыс күн), сулы бидай (суармалы бидай).

191. Жергілікті жерден алынған диалектілік ерекшеліктер бар мәтіндік материал беру (ертегі, белгілі уақиға туралы әңгіме, аңыз түрінде).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]