- •І. Фонетика
- •166. Төмендегі тұрақты тіркестер қолданыла ма:
- •_________________________________________________________________ Жұмыстың орындалған мерзімі (айы, жылы).
- •Мазмұны
- •Ғабдолла Қалиұлы Қалиев студенттердің диалектологиялық практикасын өткізуде пайдаланылатын көмекші құрал
- •480100, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Ғ. Қ. ҚАЛИЕВ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ДИАЛЕКТОЛОГИЯЛЫҚ
ПРАКТИКАСЫН ӨТКІЗУДЕ
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ
Алматы 2005
Қалиев Ғ. Қ. Студенттердің диалектологиялық практикасын өткізуде пайдаланылатын көмекші құрал.-
Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2005. -29-бет.
Сұраулық 1959 ж. Ж.Досқараев., Ш.Сарыбаев құрастырған Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау бойынша сұраулық негізінде жасалды.
Көмекші құралды студенттердің диалектологиялық практикасына лайықтап жөндеген және диалектілік сөз тудыру материалымен толықтырған – профессор Ғ. Қалиев.
Пікір жазғандар:
Әбдіғалиева Т. – филология ғылымдарының
докторы,
Қалыбаева Қ. – филология ғылымдарының
Кандитаты
Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы оқу-әдістемелік
бірлестігі бекіткен.
© Қалиев Ғ.Қ., 2005.
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2005.
КІРІСПЕ
Қазақтың халық тіліндегі жергілікті ерекшеліктер әр түрлі болады. Бұл ерекшеліктер жергілікті жерде фонетикалық (қолдану –құлдану, бауыздау-мауыздау, деңіз-теңіз, т.б.), лексикалық (там-үй, елкезер-елеуіш, шаппа-шабындық, т.б.), грамматикалық (атпынан-атпенен, кележақ-келмек, барың-бар, т.б.), және семантикалық (қызыл-қырандағы тазартылған бидай; тәртіп-бұйрық, нұсқау; тіршілік-жұмыс, т.б.) құбылыстар ретінде қолданылады. Осындай ерекшеліктерді жинап, зерттеу жұмысының қазақ тілі тарихы мәселелерін шешуде, тілдің даму процестерін байқауда және қазақ тілінің басқа туыстас түркі тілдермен тарихи қарым-қатынасын анықтауда аса зор маңызы бар. Диалектілердің жалпыхалықтық тілге және әдеби тілге қатысын анықтауға, олардың өзара байланысын ашып алуға да көп көмегі тиеді. Сонымен қатар, қазақ тілінің диалектілік, сөйленістік (говорлық) құрамын белгілеу, олардың сипатын, тарихи негізін анықтау мәселерін жергілікті ерекшеліктерді толық жинап, тереңірек зерттеу арқылы ғана шешуге болады. Жергілікті сөздер кейде әдеби тілге еніп, оны байытуға үлес қосады. Мысалы: дақыл, жүйек, аула, қызылша, атыз, жұлықтау, суыру (қырмандағы бидайды ұшыру), шақтау сияқты бұрын диалектизм болып есептелген сөздер қазір жалпыхалықтық сипат алып, әдеби тілге еніп отыр.
Диалектологиялық практиканы өту кезінде студенттер осы құрал (сұраулық ) бойынша не оны негізге ала отырып, халық тіліндегі диалектілік ерекшеліктермен танысуға тиіс.
Оқу құралдарын келтірген сұрауларға жауап берместен бұрын төменде айтылғандармен мұқият танысып алу қажет:
Беріліп отырған сұраулардың бәрі де жеке-жеке нөмірленген. Жинаушы әрбір нөмір бойынша берілген сұрау материалдарымен түгел танысып шығу керек. Қайтарылған жауаптардың бәрі де бөлек блокнотқа сұраулықтағы беріліп отырған сұраулар бойынша ретімен нөмірленіп жазылу керек. Үлгі ретінде мысал келтірейік:
СҰРАУЛЫҚТА БЛОКНОТТА
О/Ү дыбыстарының алмасуы Жоқ (егер бұл алмасулар байқалатын
байқала ма? болса, оған мысал беріңіздер).
Сіріңкені не дейді: сіреңке, Күкірт, спешке дейді. Мысалы: Нәбия,
кеуірт, күкірт, шырпы, шағар, стол үстіндегі күкіртті әперші.
оттық, ши, спешке, шақпақ.
Бұйрық райдың төмендегі Мұның тек айтың формасы ғана
формаларының қайсысы қолда- қолданылады. Мысалы: сен
нылады: айтқыл, айтың, оған айтың! Қыйса, үйге кірің!
айтқын (айт).
Жергілікті жерде қолданылатын сөздерге мысал келтіргенде ол сөздер сөйлем ішінде көрсетілуі керек.
2)Сұраулық бойынша әңгімелесетін кісілер, әсіресе, жасы үлкен, егде адамдар болу керек. Өйткені жергілікті ерекшеліқтердің көпшілігі қарт, егде адамдардың сөйлеу тілінде көбірек сақталады.
Егер де белгілі бір сөз не құбылыс жергілікті жерде сұраулықтағы көрсетіліп отырған тұлғада (мағынада) қолданылмай, басқа тұлғада я басқа мағынада қолданылса, онда олар туралы да мәлімет болу керек. Мысалы: Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында тәртіп деген сөз әдеби тілдегі мағынасынан басқа нұсқау мағынасында да қолданылады. Ондай мағыналарды да көрсетіп отырған жөн.
Егерде белгілі бір зат не құбылыс жергілікті жерде сұраулықта көрсетілгендей емес, басқа тұлғада қолдынылатын болса, ондай сөздерді де көрсетіп отыру керек. Мысалы: сұраулықта мал қораның атауы ретінде аула, шетен, сарай, шарбақ, азбар, қаша, шайла сияқты көптеген сөздер берілді. Егер жергілікті жерде қора атауының сұраулыққа кірмей алған түрлері болса, оларды да ескеріп, мәлімет беріп отыру керек.
Жергілікті жерде шаруашылық түрлеріне (мақта, балық, қызылша, күріш, темекі, кенеп, т.б.) байланысты қолданылатын кәсіби сөздерді де жинап, оларды жауап толтыратын блокнотқа енгізу керек.
Сұраулықтағы жергілікті сөздердің, формалардың түсінікті болуы үшін кейбір жерлерде жақшаның ішіне олардың әдеби тілдегі баламаларын беріп отыруды мақұл көрдік.
Сұраулықтағы материалдар төмендегі ретпен орналастырылды:
І. Фонетика
ІІ. Лексика (бұған кірген сөздер шартты түрде сөз таптарына қарай бөлінді. Бұл тарауға семантикалық құбылыстар да енді).
ІІІ. Грамматика
Жауап толтыратын жеке блокноттың бірінші бетіне жауап берушінің және сол жауапты блокнотқа толтырушының аты-жөні туралы мәлімет беру керек. Ондай мәлімет мына түрде берілетін болсын:
Сұраулықтағы сұрауларға жауап беруші адам туралы мәлімет:
Фамилиясы, аты
Жасы, жынысы, ру, тайпасы
Мамандығы, қызмет орны
Мекен-жайы (облыс, аудан, село)
Туып-өскен жері
Жазып алушының (блокнот толтырушының ) өзі туралы мәлімет:
Фамилиясы, аты
Жасы
Мамандығы, қызмет орны
Мекен-жайы (облыс, аудан, село)
Туып-өскен жері
Сұраулық бойынша орындалған жұмыс нәтижесі жазба түрде (толтырылған блокнот) кафедра тарапынан диалектологиялық практиканы басқарушы адамға өткізіледі. Істелген жұмыс нәтижесіне қарай сынақ қабылданады.
Сұраулық қолданылатын кейбір шартты белгілер:
// - Дыбыстардың алмасуы
Дыбыстардың бір-біріне алмасуы
а дыбысы мен о дыбысының аралығындағы дыбыс
Ж – аффрикат дж дыбысының белгісі
йЕ, уО, уӨ – дифтонг дыбыстарының таңбалары.
І. Фонетика
Дауысты дыбыстардың алмасуы
Төмендегі дауысты дыбыстар алмаса ма:
О//Ұ, Ө//Ү 2. Ұ//Ы, Ү//І
қорытынды – құртынды шұбар – шыбар
сорау – сұрау бұлақ – былақ
қолдану – құлдану бұқтыру – бықтыру
орпақ – ұрпақ бұлғары – былғары
дөнен – дүнен сүмбіл – сімбіл
өгей – үгей үндемеу – індемеу
бөгелек – бүгелек шүмшеру – шімшеру, т.б.
3.А//Ә 4. А//Ы
қатты – кәтті арқалы – арқылы
залым – зәлім айырмасы – айырмысы
мазмұн – мәзмүн аз-маз – аз-мыз
жаутаңдау – жәутеңдеу айқара – айқыра т.б.
қары – кәрі
қайтып – кәйтіп т.б.
5.А//О 6. А дыбысы О дыбысына
бейімделіп айтыла ма:
атар – отар қауын – қоуын
салтақ – солтақ қарбыз – қорбыз
атамды – отамды жауын – жоуын, т.б.
парбаз – парбоз, т.б.
7.Е//Ә 8. уО, уӨ, йЕ сияқты дифтонг
дыбыстар кездесе ме:
дерте – дәрте уОТ, йЕгер, уУақ, т.б.
жігер – жігәр
лезде – ләзде
зембіл – зәмбіл
зеңгу – зәңгу, т.б.
Дауыссыз дыбыстардың алмасуы
Төмендегі дауыссыз дыбыстар алмаса ма:
9.Д//Ж 10. Ж//Й
домалау – жұмалау бұл жер – бұ йер
дүзу – түзу қай жаққа – қай йаққа
дүз – жүз келе жатыр – келе йатыр
дүзік – жүзік, т.б. бара жатыр – бара йатыр, т.б.
11.З//Ж 12. Ж//Ж
нәзік – нәжік жоқ – жоқ
назағай – нажағай жігіт – жігіт
төзу – төжу жас – жас
ілезде – ілежде жылқы – жылқы, т.б.
зәбір – жәбір, т.б.
13.Ж//Ш 14. С//Ш
келемеж – келемеш мысық – мышық
кележек – келешек мұрса – мұрша
ежгім – ешкім тексер – текшер
еждеңке – ештеңке ұқсас – ұқшас
мұқтаж – мұқташ, т.б. масқара – машқара
тұрмыс – тұрмыш, т.б.
15. Ш//Ч 16. С//Ш
шапан – чапан қалың – қалын
шалғы – чалғы терең – терен
шатақ – чатақ өлең – өлен
шыны – чыны көбең – көбен, т.б.
шығу – чығу
шекара – чекара, т.б.
17. Б//М 18. Б//П
бұны – мұны болат – полат
бұнша – мұнша бейнет – пейнет
бана – мана бейіл – пейіл
бұрнағы күн – мұрнағы күн таба – тапа
бауыздау – мауыздау беріп жіберу – періп жіберу
бәлки – мәлки бұтақ – мұтақ
батыру – матыру байқайыншы – пайқайыншы, т.б.
күйбеңдеу – күймеңдеу, т.б.
19. П//М 20. Т//Д
пейіл – мейіл теңіз – деңіз
пеш – меш тізгін – дізгін
пұрса – мұрса тоғару – доғару
пахта – махта тайындау – дайындау
пешмет – мешмет, т.б. тұрыс – дұрыс
оңтайлы – оңдайлы
төрт – дөрт
тұздау – дұздау
томалақ – домалақ , т.б.
21. С//Т 22. З//С
түгесу – түгету айтамыз – айтамыс
қысу – қыту бәріңіз – бәріңіс
саяз – таяз біз – біс
сұрпат – тұрпат сіз – сіс, т.б.
сүрі – түрі, т.б.
23. Д//Л 24. Д//Н
маңдай – маңлай Дүсіп – Нүсіп
өңдеу – өңлеу Доктор – ноктор
бірді жарым – бірлі жарым Дадан – надан, т.б.
түңдік – түңлік
адал – алал
таңдай – таңлай
теңдік – теңлік
тыңдау – тыңлау
ұрлық – ұрдық
зорлық – зордық
өңлеу – өңдеу, т.б.
25. К//Г 26. Л//Ң – Н
күріш – гүріш жалғыз – жаңғыз
кіл – гіл айлану – айналу
көң – гөң жамандат – жамалдат
күн – гүн лас – нас, т.б.
күмән – гүмән, т.б.
27. Қ және У дыбыстарының 28. Р дыбысы түсіріліп не
ауысуы байқала ма: қатыстырылып қолданылатын
сөздер бар ма:
сылақ – сылау жоңырышқа (жоңышқа)
асық – асу берку (беку)
жамақ – жамау көрпеш – көпеш
сайғақ – сайғау ойнарқы (ойнақы), т.б.
шабық – шабу
сыбақ – сыбау
ұрық – ұру
сынақ – сынау
қыстақ – қыстау, т.б.
29. Төмендегі сөздерде 30. Қатаң К, Қ дыбыстары дауысты
Л дыбысы түсіріліп дыбыстардың арасында
қолданыла ма: ұяңданбай айтыла ма:
жөне (жөнел) қараңқы (қараңғы)
ығал (ылғал) нөкер (нөгер)
саған (салған), т.б. жүкірді (жүгірді)
бөтеке (бөтеге), т.б.
31. Төмендегі сөздерде 33. Төмендегі сөздердің ішінде
Ғ, Г, Қ, К дыбыстар дыбыстар өзара алмасып келем ме
айтыла ма: (метатезалық құбылыстар байқала ма):
кигіз (киіз) дорба – добра
құмған (құман) ешкі – екші
ештеңке (ештеңе) әпке – әкпе
егер (ер) әпкел – әкпел
рақайласу (райласу) қақпан – қапқан
суғару (суару) дария – дайра
жалаңғаш (жалаңаш) меңзеу – мегзеу
бигіз (біз) өпке – өкпе
еге (ие) айналу – айлану
мүгіз (мүйіз) сепкіл – секпіл, т.б.
шаңғырақ (шаңырақ)
бірдеңке (бірдеңе), т.б.
ІІ. ЛЕКСИКА
ЗАТ ЕСІМ
33. Үй түрлеріне және оның бөлмелеріне байланысты мынадай атаулар қолданыла ма: кепе, тамкепе, жертөле, там, қақыра, дабыл, үй, тоғай, тақсы үй, киіз үй, кигіз үй, ағаш үй, жолым үй, қара үй, боз үй, төр үй, түпкі үй. . .
34. Үйдің қабырғасын не дейді: қабырға, кереге, жар, дуал, соқпа, қанат. . .
35. Үйдің төбесіне салатын арқалықты не деп атайды: арқалық, үрлік, белдік, белағаш, үстін, ұстын, бұрыс, бөрене, мәтке, матша, қары, сілеген. . .
36. Қамқаны не дейді: қамба, жап, кілет, кібіт, қойма, склад, баз, бора, сусек, азбар. . .
37. Сенекті не дейді: сенек, сене, ауыз үй, бодам, баспахана, далаң, дәлез, айуан. . .
38. Күркені не дейді: күрке, шалаш, балағаш, балаған, шайла, шабра, кепе, аткүрке, алтаяқ, қопын, лапас, жаппа. . .
39. Кірпішті не дейді: кірпіш, қыш, қыс, кесек. . .
40. Фанераны не дейді: Фанер, шебік, шере. . .
41. Известі не дейді: әк, ақтас, нотас, утас. . .
42. Пештің трубасын не дейді: труба, түрба, мұржа, моржа, кен, қуыр, мойын, түтіндік. . .
43. Сіріңкені не дейді: сіріңке, кеуірт, күкірт, шырпы, шағар, оттық, спешке, шақпақ, ши. . .
44. От қысқышты не дейді: отқысқыш, қышқаш, көсеу, шымшуыр, шүмшеуір, мәстемір, жәмке, әтешкір, шаттауық. . .
45. Есіктің ілгегін не дейді: ілгек, ілгешек, ілгіш, крушек, ілмек. . .
46. Шылапшынды не дейді: ләгөн, жам, кірлән, тас, ілеген. . .
47. Табақтың, тегенің мынадай түрлері бар ма: шара, дағара, саған, тегеш, тегене, самар, зерең, керсен, тақша, мескей, ләрен, көзгелдек, көзелек, қыс табақ. . .
48. Құмыраның қандай түрлері бар: құмыр, құмыра, көзе, күзе, құм, құмыршақ. . .
49. Кесенің қандай түрлері бар: сапал, сапалша, пиялай, кәсе, кесе, тасаяқ, шынаяқ, ақпыр, ақпар, кардон, жанан. . .
50. Самауырдың комфоркасын не дейді: кампор, өшірткі, тұндырма, бастырық. . .
51. Көсеуді не дейді: қашагер, күлтартқыш. . .
52. Шелекті не дейді, оның қандай түрлерін білесіз: бөрден, бақыр, бедре, шақа, метей, қылды. . .
53. Төмендегі құман, шәйнек аттары қолданыла ма: тасқұман, аққұман, қара құман, шәйгөн, дүмше, қасқаша, шайдоз, қасқарша, шәугім. . .
54. Ожауды не дейді: бақыраш, ожау, бақыр, былғауыш, шолпы, майшолпы, тесік. . .
55. Пышақтың мынадай түрлері бар ма: бәкі, бекі, шаппа, забиял, селебе пышақ, бодан пышақ, лөкір, кездік, дөкет, балдақ, лөкет. . .
56. Шамның шынысын не дейді: пияла, қуық, мойын, шыны, шыйша, түтік, пөзір. . .
57. Зат салатын қапты не дейді, олардың қандай түрлері бар: дорба, добра, дағар, кісе, күдәй, долы, мешок, дейілше, екенше, шанаш, қанар, тайшұнақ, дегдіше. . .
58. Ағаш, отын шабатын құралды не дейді: балта, байтесе, шапқы, шапашот, шот. . .
59. Баспалдақты не деп атайды: баспалдақ, басқа, басқалдақ, басқыш, саты, зәңгі, шыққыш, мешет, ергенек. . .
60. Құдықтың қандай түрлерін білесіз: еспе, ақшелек, құдық, құй, апан. . .
61. Су әкелетін иінағашты не дейді: иінағаш, мойынағаш, суағаш, әпкіш, күйенте, күйеңке, құрамыс. . .
62. Көршіні не дейді: көрші, қоншы, сыбай. . .
63. Моланы не дейді: бейіт, мола, там, мүрде, қорым, сағана, зират, кесене. . .
64. Ақшаны не дейді, төмендегі сөздердің мағыналарында қандай айырма бар: сом, пұл, бүл, теңке (теңге), манет (мәнет), дәлдір, сөлкебай, мір, шақа. . .
65. Тамақты не дейді: ас, ауқат, тағам.., оның қандай түрлерін білесіз: нарын, төп, ашымал, қарма, қума, қасық, үзбен, ұстаған, атала, тұшпара, салма, кеспе, түйір, бесбармақ, созба. . .
66. Нан түрлерінің қандай аттарын білесіз: көмбе, көмеш, қақтама, зуала, таба, қатырма, шелпек, қыйықша, өтпек, күлше, қазанжаппа, созба, жұқпа, бәтір, тәпенше, шүрек, пәтер, шожба. . .
67. Етке салатын нанды не дейді: нан, жұқа нан, іңкәл, қайыс, нан, қамыр, зуала. . .
68. Нан жаятын тақтайды не дейді: іңкәл жазғыш, нан жайғыш, нан тақтай. . .
69. Оқтауды не дейді: оқтау, ысқыш, нан жазғыш. . .
70. Жұмыртқаны не дейді: жұмыртқа, тұқым, мәйек, мекиен. . .
71. Қантты не дейді: қант, шекер, секер, песок, құмшекер. . .
72. Ұн елейтін елеуішті не дейді: елек, елеуіш, елеме, елемек, ұн қаққыш, елгезер, қалбыр, шайқауыш. . .
73. Еленген ұннан қалған кебекті не дейді: кебек, елеме, ұрпақ, буыз, күпіре, қорпы. . .
74. Марляны не дейді: дәке, дәк, мәрлі, бөлер. . .
75. Орамалдың қандай түрлері бар: сүлгі, беторамал, бет сүрткіш, қолорамал, қолжаулық, десорамал, шыт, лөңгі, сулық, майлық. . .
76. Төмендегі киім аттары қолданыла ма: күмпей (күпі), жейде (көйлек), желең (шапан), күрме (жилетка), кезекей (камзол), теркөйлек (майка), етекше (юбка), жадағай (астарсыз шапан), шидем, жарғақ, жапы, тайжақы, қоршы, күрте, күртеше. . .
77. Әйелдердің бас киімінің қандай түрлерін білесіз: байлауыш, жаулық, кәсінке, шылауыш, шаршы, шек, орамал, сәлде (егде әйелдердің басына орайтын орамалы). . .
78. Еркектердің бас киінің қандай түрлерін білесіз: жек (құндыз бөрік), жалбай, қалпақ, шәпке, доғалай, күләпара, далбай, құлақшын, тұмақ, итқұлақ, бөрік, телпек. . .
79. Тақияны не дейді: топы, топі, тақия, тебетей, кепеш, жатақ, қатырма. . .
80. Басқа орайтын шәліні не дейді: шаршы, салы, орамал, шарқат, желек, бас шұлық, бірбайлар. . .
81. Аяқ киімнің мынадай аттары бар ма: шақай, шоқай, шәрке, шәркей, шарық, шарық мазар, шабаты, шабата, шепшер, саптама етік, мөкі. . .
82. Аяққа киетін мәсіні не дейді: мәсі, мәс, мәш, ату, шетік, кебіс. . .
83. Мойынға орайтын шарфты не дейді: шарф, бөкебай, мойынша, шалма, мойынсалғыш, мойыншалғыш. . .
84. Көрпені не дейді: көрпе, жуырқан, жамылғыш, жайма.., оның қандай түрлері бар: ат көрпе, жабағы көрпе. . .
85. Көрпенің жиегін не дейді: пілте, шырға. . .
86. Жастықты не дейді: жастық, көпшік. . .
87. Сандықтың түрлерінің қандай аттары қолданылады: абдыра, әбдіре, жағлан, кеусандық, текше, шабадан. . .
88. Сырға аттарының мынадай түрлері қолданыла ма: зере, қоза, сонақ, айшық. . .
89. Көзілдірікті не дейді: көзілдірік, көзгелдек, көзәйнек, көзайна. . .
90. Ер-тоқымға байланысты қандай сөздер қолданылады: құрандар, пыстан, тартпа, тартпа айыл, тұрман, шеттік, доға (доға бас), көпшік, ертте, тоқы, қапталдық, жона. . .
91. Арбаның қандай түрлері бар: жер арба, сатылы арба, алқанды арба, мажар арба, қанатты арба. . .
92. Көліктің қандай түрлерін білесіз: лау, қос, бұзаулық, қауар, гүлік (сай гүлік). . .
93. Арбаның белағашын не деп атайды: белағаш, оқағаш, арқалық, белдік, білік, оқтық, көшер. . .
94. Арбаның жетегін не дейді: жетек, ағлоб, тартпа, терте, дәрте, тартар. . .
95. Дөңгелекті не дейді: дөңгелек, дөңелек, доңғалақ, дөңгел, тегершік, тегермеш. . .
96. Малдың мойнына кигізетін қамытты не деп атайды: қамыт, мойынтұрық, мойынағаш, өгізқамыт, жарма, жаппазы, миот. . .
97. Қамшының қандай түрлерін білесіз: атжүргіш, атсоғар, дыр, дойыр, қамшы, шыбыртқы, бишік. . .
98. Шегені не дейді: шеге, мық.., оны суыратын құралды не дейді: кемпірауыз, балықауыз, атауыз, тістеуік, аттіс. . .
99. Темір ұстаның темірді қысып ұстатқызатын аспабын не дейді: тиски, шаттауық, сапсалғы, атауыз, аттіс. . .
100. Қайрақты не дейді: қайрақ, шар, шарық, жануыш. . .
101. Жер қазатын құралдың қандай түрлері қолданылады: шот, тесе, шоқыр, кетпен, кетпеншот, құстұмсық, бел, бәйтесе, метей. . .
102. Айырды не дейді: айыр, аша, ақа, үшақа, төртақа, бесақа, тармақ. . .
103. Ерте туған қозыны не дейді: көбдік, көбе, кебе, кепей, кепе, марқа, аблаңқы. . .
104. Кенже туған қозыны не дейді: көрпелдес, көрпелдеш, көрпеш, көпеш, көпей, кебей. . .
105. Есекті не дейді: естек, ешек.., оның баласын не дейді: қодық, көдек, тайқар, күре. . .
106. Кестірілген малды не дейді: азбан, ақта, пішпе, тарттылған. . .
107. Түйенің қандай түрлерін білесіз: үлек (нар түйенің бурасын), аруана (таза тұқымды малының ұрғашысы), мая (тықыр жүнді нар түйе), бір туған немесе бір тума (лөк пен таза айыр інгеннің қан қосылуынан пайда болған түйе), астаубас (бір туманың ішіндегі сүйегі ірі еркек нар), қоспақ (нардың бурамен шағылысуынан туған түйе), күрт (нар мен үлектен туған түйе), жөң, жөңбай, мырза, қоспақ, қылағай, тұмса (түйе түрлері)...
108. Түйенің жазысын не дейді: жазы, қом, шом, жады, аруана (арбана), ауыт. . .
109. Малда болатын ауру аттары қандай?
110. Адамда болатын ауру аттарының төмендегі түрлері қолданыла ма: қылша (қызыл), бүкіржік (цынга), қадақ (өкпеге суық тиіп ауыру), дегене, сарбуын, сүйек тасу (ревматизм), елі (көз ауруы), мысқыл (золотуха), селеуіш (сыпь), кезік (тиф), самалжел (мұрын ауруы), ысытпа (безгек), әйтек, пес, кезік, қара жел. . .
111. Төмендегі сөздер науқас, ауру сөздерінің баламасы (синонимы) ретінде қолданыла ма: құзыр, кесел, сару, сырқос, сырқат. . .
112. Малға байланысты төмендегі ерекшеліктер қолданыла ма: дүбіраяқ (ерте туған бұзау), арда, баспақ (бір жастағы бұзау), шікәрә (кенже лақ), қашар (екі жастағы ұршағы сиыр), ақтамақ (құнажын), тана, тайөгіз (тайынша), жаба (кішірек жылқы), далағай (күзгі лақ), тақы (жабағы). . .
113. Мал қораны не дейді, оның қандай түрлері бар: шетен, шайла, қаша, қашар, әулі, аула, қора, сарай, азбар, албар, дәмке, шылан, шалы, шыбық қора, аран, лапас, ашық, бітеу. . .
114. Тезектің қандай түрлері бар: баттама, сарытеппе, теппе, қақтама, кепе, жал. . .
115. Балықтың қандай аттары кездеседі, олардың түрлері, сипаты қандай: ақбалық, айнакөз, бекіре, қортпа, жерх, сыла, қызылбалық, қызылқанат, қылышбалық, көксерке, майшабақ, үсіген, шоқыр, шөмейке, құтым балық, ақтыран, аққайраң, қаракөз. . .
116. Құс атауларының қандай түрлер қолданылады: құрылтай, жек, шөже, пәттек, бірқазан, тұрымтай, құрқылтай, шыбый, тазқара, ұлар, чыл, шыл. . .
117. Құрт-құмырсқа, жәндік атауларының қандай түрлері бар: құрмысқа (құмырсқа), құмыты, шымал (шыбын-шіркей), бүрше (бүрге), шұбалшаң (құрттың бір түрі), түлкішек (түкті құрт), тәует (шегіртке тәрізді жәндік), батпа (кесіртке). . .
118. Тышқан түрлерінің мынадай атаулары қолданыла ма: атшалман, момынай, аламан, саркіс, зорман, балпақ, тиін тышқан, тарбаған, шіңкілдек, алпауыз. . .
119. Қандаланы не дейді: қандала, қызыл, кебек, сасық. . .
120. Бақаның қандай түрлерін білесіз: құрбақа, тасбақа, тостаған бақа, тарбақа. . .
121. Тауықтың балапанын не дейді: шөже, шыбый, қызыл шақа. . .
122. Жүгеріні не дейді: жасымақ, жасымық, мекеті, порми, бормы, көмбеқонақ, бұршақ. . .
123. Жүгерінің егісіне байланысты қандай сөздер қолданылады: шіңгіршек (жүгерінің қабығы), собық (жүгерінің дәнді басы), ақ пормы (ірі толық болып шыққан жүгері), сары пормы (нашар шыққан жүгері), мәдек, сота (жүгерінің сабағы), шегелдік (жүгерінің дәні алынғаны, дәнсізі), т.б. . .
124. Күріш егісіне байланысты төмендегі сөздер қолданыла ма: салы (пісіп тұрған күріштің басы), ақұсақ (күріштің ұсағы). . .
125. Мақта егісіне байланысты төмендегі сөздер қолданыла ма: шит (мақтаның тұқымы), қауашақ (мақтаның сыртындағы қабығы), пая (мақтаның сабағы), шақ (мақтаның бұтағы), құлақ (қауашақтың әрбір бөлегі). . .
126. Тары егісімен байланысты қандай сөздер қолданылады: шоқа (тарының баулық үйіндісі), көксағал (тары басының піскен кезіндегі қалпы), кесінді (тарының салам аралас қалдығы), байдербіс (тарының бір түрі). . .
127. Темекі егісімен байланысты қандай сөздерді білесіз: тоқанақ (темекінің төрт-бес жібін төрт қабат топтаған түрі), шөнек, маркир, қоларық (темекіні отырғызатын жол), түк, тай (темекіні басатын құрал). . .
128. Қызылша егісімен байланысты қандай сөздер қолданылады: үймек (қызылшаның үйіндісі), жүйек (қызылша егісінң қатары), жом (қызылшаның қабығы, қалдығы), жұлықтау (қызылшаның түптерін жиектеу, керексізін алып сирету), жиектеу. . .
129. Бидай егісіне байланысты қандай сөздер қолданылады: жарша, көкнайза (қара бидай), шарлы бидай (шөп-шалаңы бар бидай), пая (орылған бидайдың сабағы), көк сағал (егіннің тола піспеген кезі), нарқызыл (кішкене қызыл бидай), шол бидай (суырылмаған бидай), ақпая (егіндік жер), бақал (бидайдың келтегі, дәні түспей қалғаны). . .
130. Мынадай шөп аттары қолданыла ма, олардың түрлері, сипаты қандай: кекіре, ақбас, ақтық, биебау, еңлік, желек, мортық, көкбас, адыраспан, көкпек, баялыш, андыз, ажырық, балықкөз, құрқашаш, сұңғыла, текесақал, тошала, атшоқай, балқорғасын, балмұрын, ебелек, желкек, жыланқыяқ, ермене, жүлгір, итқонақ, рауағаш, жер бұрыш, ашкөк, ақмия, қызылмия, үпілмәлік, қарандыз, майқара, түйеқарын, изен, құмаршық, шалон. . .
131. Төмендегі өсімдік аттары қолданыла ма, олардың түрлері қандай: жасымық, ажырық, сарыбарақ, саумалдық, шетен, құмаршық, құндақ, шырмауық, доңыз, илан, рауағаш, атшоқай, ақ жүрек, жәңкіш, шәңкіш, қарабұта. . .
132. Ағаштың қандай түрлері бар, олардың түрлері, сипаты қандай: шарғай, үшқат, сусамыр, самырсын, тораңқы, ырғай, шынар, сілеге, қарабарақ, ұлқат, тобылғы, балашық. . .
133. Төменгі жеміс аттары қолданыла ма: алқор, шабдал (персик), бадран (қияр), қара өрік (слива), алаша, тұт, тұшала. . .
134. Жүзім аттарының қандай түрлерін білесіз, жүзім егісімен байланысты қандай сөздер қолданылады: ақжүзім (тез пісетін ақ түсті ірі жүзім), қаражүзім (қара түсті ірі жүзім), қырым жүзім (ақ түсті кеш пісетін жүзімнің түрі), қамтек (жүзімнің керексіз шыбығы), зәң (жүзімнің ескі түбі), сөре (жүзім шыбықтарын көтеріп асатын нәрсе). . .
135. Әке сөзі бала, қарағым мағынасында айтыла ма: әкесіне тартқан ғой, әкем. . . (Ғ. Сланов).
136. Шөберені не дейді: шөбере, немелтай, мүдежат. . .
137. Туыстық атаулары қандай?
138. Ай, жыл аттары ескіше қалай аталған?
139. Жергілікті жерде қандай жер-су аттары бар?
СЫН ЕСІМ
140. Сын есімнің түрлері қолданыла ма: зәк (көк, дымқыл), анар (қызыл), атымды, ұтырлы (қолайлы), қырсыз (ебедейсіз), ашты (ащы), ыстық (ыссы), зәу (биік), мүттәйім (залым, қу), оспадарсыз (жағымсыз), шыңға (пысық), ызалы жер (сызды жер), шебік (әлсіз,нашар), білікті (білімді), нарай (көңілсіз), мелжемді (тырнақты), зағыпты (күдікті), жойбар (күшті), әйбәт, сес (жақсы), үргелек, қопал (қорқақ), дүмбіл (жас, шала, піспеген), ауам (аңқау, есуас). . .
141. Төмендегі сөздер сұлу, әдемі мағынасында қолданыла ма: шандоз, саңлақ, беденді. . .
142. Төмендегі сөздердің әшәнде үлкен, зор мағынасында қолданылатын кездесе ме: дәу, дырау, нән, дөкей, әйдік, дере, жоян, ноян, шоң, дығал, дігер. . .
143. Көрім, әжептеуір деген сөздер жағымды мағынада қолданыла ма, жағымсыз мағынада қолданыла ма?
144. «Кішкентай» дегенді не дейді: кішкентай, титтей, кіттей, биттей, кіштей, пыштай, шиеттей, құртақандай, құрттай, құйттай, құртапаштай, шынамдай, қауашадай, бітегендей. . .
Е С І М Д І К
145. Төмендегі есімдіктер қолданыла ма: қайшан (қашан), бана, мана, бағана, бізің, сізің (біздің, сіздің), бізікілер (біздікілер), әнше (сонша), емене (немене), менім (менің), кәй (қай), тонау (сонау), меннен, сеннен (менен, сенен). . .
146. «Бүкіл» сөзінің баламасы ретінде төмендегі сөздер айтыла ма: мүтіл, бүткіл, күллі, күлді, кіл, бәрісі, мұқым, барша, нобайы (номайы). . .
147. Ештеме, бірдеме, дәнеме сөздері қай формада айтылады: ешеңке, ештеңе, іштеме, іждеме, дәнеме, дәнеңке, бірдеңе, бірдеме, біртеңке. . .
148. Маған, саған оған деудің орнына маға, саға, оға деп айта ма?
Е Т І С Т І К
149. Төмендегі етістіктер қолданыла ма:
жойбарсу (мықтысыну)
кезігу (кездесу)
уалау (уқалау)
адырлану (адыраңдау)
кеждену (кежірею)
нұрау (құлау)
мадырау (жаңылу)
көзеу (іліну)
суындау (кептіру)
шану (нану, сену)
пысу (пісу)
бию (билеу)
балау (байқау)
жатырған (жатқан)
ору (қалау, отырғызу)
жеткеру (жеткізу)
маймалдау (майдалау)
сақаю (сауығу)
қауысы (кездесу, бату)
мұштау (жұдырықтау)
отырықтау (отырғызу)
біткеру (бітірі)
туару, шығару (доғару)
дарындау (емдеу)
топу (бату)
бойсалау (қорқыту)
нәренжу (жүдеу)
сүру (ығыстыру)
ұлау (жалғау)
тұту (ұстау)
шақтау (бұтақтау)
жегенелеу (жүйектеу)
мияттау (болысу, сөзін сөйлеу)
сорау (билеу, үстемдік ету)
отқызу (отырғызу)
шөмелеу (шөмелей салу)
әлеукештену (жаңсаттану)
құлдау (бойлай жүру)
күйету (күйсеу)
күйлеу (реттеу, даярлау)
кішірту (кішірейту)
қосу, шегу (1. Жегу, 2. өлшеу)
уану, ұбану (жұбану)
суыру, ұшыру, майқаңдау, қызылдау (бидайды тазалау)
буазу (бастану (Егін туралы))
тігу (ағаш отырғызу, егін егу)
сіберлеу (суық соғу)
бүрлеу (бүршіктеу)
сүрендеу (айғайлау)
райлау (науқастың беті қайта бастау)
қарласу (лақтырып тастау)
қаязу (кезену, кебірсу)
кертелеу (айналдыра қоршау)
желгірту (1. Желге қаратып қою, 2. қыйғаш жүру, 3. бидайды ұшыру).
Маңду (даму).
Ү С Т Е У
150. Үстеулердің мынадай түрлері қолданыла ма: әше (ендеше), ілкі (әуелгі), бітегенеден соң (біраздан соң), баға (бағана), азын-жоғын, азын-шоғын (азды-көпті), ерсен-қарсан (ерсілі-қарсылы), жекеме-жеке, кетпе-кет (артынан іле, ілезде), кәдуілгі (кәдімгі), қарсыма-қарсы (қарама-қарсы), қайтасын-қайта (қайта-қайта), жоғармақта (жуырда), мәлінде, шанда (анда-санда), дембе-дем (тез, жылдам), кешқұрым, кештұрым, кештіғұрым, кешкіғұрым, күңқияр, надақ-мыңдақ (анда-мында), таңертең,ертемен, ертеңмен, таңамалда, алаң-елеңде, алағөбеде, ерен-прпаңда (таңсәріде).
151. Күшейткіш үстеулерінің мынандай түрлері қолданыла ма: ерепан, бек, жүдә, рапайсыз, ірә, қиян (өте, аса, орасан).
Ш Ы Л А У
152. «Түгіл» шылауының баламасы ретінде төмендегі сөздер қолданыла ма: тұрғай, тұрмақ, тұрғын. Күшті қол ағаш тұрғай темірді де сындырмай ма? (Ж. Тілкеов. Қайнар).
153. Шейін, дейін шылауларының төмендегі формалары қолданыла ма: турасында, турада, жайытында, жайында, жайлы, тұрғысында. . .
154. Шылаулардың төмендегі түрлері қолданыла ма: бірауық (біресе), сыйықты, сыйды (сияқты), шар (шығар), жәненші, жаната (және). . .
Е Л І К Т Е У І Ш С Ө З Д Е Р
156. Төмендегі асты сызылған еліктеуіш сөздер қолданыла ма? Жол бойында шөлдеп қалған қадақ-құдақ адамдар (Ғ. Сланов), абыл-ғұбыл (апыл-құпыл), ұпар-тұпар (ұмар-жұмар). Ошаң етіп бір шықпайды қолдары (Х. Ерғалиев).
Бықы-пықы (бықы-жығы). Ежіл-түжіл сырлы әңгіме (Ғ. Сланов) ожыр-бұжыр (бұжыр-мұжыр), бұрқан-тарқан (бұлқан-талқан), оқтым-соқтым (оқта-текте), омай-жұмай (ұмпай-жұмпай), ақпай-тоқпай (апай-топай). . .
О Д А Ғ А Й
157. Төмендегі асты сызылған одағай сөздер қай мағынада қолданылады: Шоқ-шоқ, өл де бар! (С. Мұқанов). Қоқи!-дей көрме бикешжан (Ә. Тәжібаев). Ыбыр!-деп үйге қаша жөнелді (С. Мұқанов). Омай, шіркін, о несі екен? (М. Әуезов). Омай-ау!-деп орнына тағы тұрды (Ғ. Мұстафин). Ләббәй! Жәббәй! Тәубе-тәубе! Ищай! (иша!), Жоқ-а, тәйірі!
158. Жылқыны жемге не құлынға шақырғанда не дейді: моһ-моһ! Пршо-пршо!..
159. Түйені жемге не ботасына шақырғанда не дейді: келе-келе! бот-бот! қос-қос! кәуіс-кәуіс!..
160. Ешкі лақтап, туа алмай жатқанда не дейді: мыш-мыш, шым-шым!..
161. Есекті шақырғанда не дейді: пыя-пыя!..
162. Қазды шақырғанда не дейді: пілет-пілет!..
163. Тауықты не деп шақырады: сеп-сеп! төте-төте!..
164. Малға айтылатын қарғыс одағай атаулары.
165. Әдеби тілде белгілі бір мағынада қолданылатын сөз жергілікті жерде басқа бір ұғымды білдіре ме:
ӘДЕБИ ТІЛДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ
баспа (баспахана) баспа (ілгіш, ілмек)
бел (дене мүшесі) бел (күрек)
дар (дарға асу) дар (арқалық)
кебек (ұнның кебегі) кебек (қандала)
тоғай (ағаш орман) тоғай (өзеннің аңғары, алқабы)
тәртіп (тәртіп) тәртіп (бұйрық, нұсқау)
оздыру (оздыру) оздыру (өткізу)
аяқтай (аяқтау) аяқтай (жаяу)
баю (молаю, ауқаттану) баю (бату)
сұрау (бір нәрсе сұрау) сұрау (қожалық ету, басқару)
оп (оппа, тұтқыр балшық) оп (қырманға қадаған ағаш, егінді
бастыратын көлік)
суыру (суыру, тартып алу) суыру (бидайды тазалау)
мұздау (мұзға айналу, қату) мұздау (тоңу)
қиын (оңай емес) қиын (жақсы, қатты, өте, тым)
тіршілік (күн көру) тіршілік (жұмыс)
долы (ашушаң) долы (бұршақ, қатты дауыл)
қос (қосу) қос (жер жыртатын көлік), т.б.
Т Ұ Р А Қ Т Ы Т І Р К Е С Т Е Р
