ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Маңғыстау политехникалық колледжі
Келісілді: Бекітемін:
Техникалық пәндері бірлестігінің жетекшісі Директордың оқу жұмысы
Мангибаева Р.Ж.__________________ жөніндегі орынбасары
«______» _____________ 2015 ж. Матаев Т. Х.____________
«______» __________ 2015ж
Т Е С Т С Ұ Р А Қ Т А Р Ы
Мамандығы: 1517000- «Төтенше жағдайлардан қорғау»
Пәні: «Топография бағдарлай білу және төтенше жағдайларда аман қалу»
Тобы: ЧС-12-02с
Тест сұрақтарының саны: 140
Тест сұрақтары бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған
«___» ____________ 2015 жыл
Әдістемелік кабинетпен тексерілді:___________________
Тест сұрақтарын дайындаған оқытушы__Акимжанова М.Р______________
1. Картографиялық проекция теориясын әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды
1. математикалық картография
2. картографиялық семиотика
3. картографиялық топонимика
4. картометрия
5. полиграфиялық
2. Жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым
1. геометрия
2. география
3. геология
4. топография
5. геодезия
3. Карталардың мазмұнын неше негізгі элемент (тұрық) құрады
1. 5
2. 6
3. 7
4. 9
5. 4
4. Масштаб қандай қызмет атқарады
1. жер эллипсоидін қолдануға қолайлы көз жетерлік мөлшерде кішірейту
2. бұл бейнелеу тәсілдерінде пайдаланылатын белгілеулермен діттелген (бедерленген, өрнектелген) жер келбеттері.
3. құрлықтағы өзен-сулар, мұхиттар мен теңіздер, көлдер. олардың жағалаулық сызықтары
4. елді мекендер жинақталу мен сұрыптаудан өткен соң, пунсон дөңгелектерімен көрсетіледі.
5. кірме карталар, цифрлы деректер, кестелер, тіліктер, профильдер, суреттер, фототүсірімдер, диаграммалар, мәтіндік жазбалар беріледі.
5. Жер қыртысының берілген бағыттар бойынша тіке тілігі және онымен қоса тіке бағытта жинақы көрсетілетін маңайдағы құбылыстар қалай аталады?
1. блок-диаграммалар
2. құрылымдық профилъдер
3. мұхиттық су массалары
4. анаглификалық карталар
5. фотокарталар
6. Бұрмалануларға байланысты масштабты неше түрге бөлінеді
1. 4
2. 2
3. 5
4. 4
5. 6
7. Эллипсоидтың кішірейту мөлшері-
1.бас масштаб
2.сандық масштаб
3.үлкен масштаб
4.таулы масштаб
5.сызықтық масштаб
8. Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік арақашықтық планға неше см-лік кесінде түрінде кескінделген болады?
1.2см
2.6см
3.1см
4.10 см
5.100 см
9. t = cb =А' О=a/m*n мына формула нені анықтайды?
1. масштаб дәлдігі формуласы
2. көлденең дәлдік формуласы
3. күй формуласы
4. сандық формула
5. сызықтық формула
10. Топографиялық картаның (планның) басты қасиеті оның....
1.масштабтылығы
2.ұзындығы
3.енділігі
4.топтасуында
5.бөлінуінде
11. .......бұл сандық пен атаулық масштабтардың ұштастырылғын түрі.
1. атаулық масштаб
2. сандық масштаб
3. үлкен масштаб
4. бас масштаб
5. кіші масштаб
12. Квадраттық палетка дегеніміз:
1. арасы 2;2, 5;5 мм тушпен сызылған өзара перпендикулярлы тік сызықтар торы.
2. арасы 3;3, 5;5 мм тушпен сызылған өзара перпендикулярлы тік сызықтар торы.
3. арасы 4;4, 5;5 мм тушпен сызылған өзара перпендикулярлы тік сызықтар торы.
4. арасы 2;2, 6;6 мм тушпен сызылған өзара перпендикулярлы тік сызықтар торы
5. арасы 2;5, 5;5 мм тушпен сызылған өзара перпендикулярлы тік сызықтар торы.
13. Суретте не көрсетілген?
1.нүктелік палетка
2.квадратқа бөлінген палетка
3.квадраттық палетка
4.өзен
5.сызықтар
14. Жер танабында сынық сызықты көпбұрыштар (тұйықталған немесе тұйықталмаған) құрылып, оларда барлық жазық бұрыштар мен қабырға ұзындықтары өлшенеді.
1. полигонометрия
2. трилатерация
3. нивелирлеу
4. полигондау
5. тік бұрышты координаталар жүйесі
15. Карта бойынша пратикалық жұмыстарды орындау.
1.коммуникативті
2.оперативті
3.танымдық
4.болжамдық
5.айқындылық
16.Дербес ерекшеліктермен сипатталған жер бедерінің, жер келбетінің,ауа райының, жер қыртысының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің,өзен-су айдындарының табиғи байланыстылғы?
1.ландшафт
2.гидрографиялық объектілер
3.картографиялық бейнелеу
4.салынды
5.масштаб
17.Қара теңіздің ең үлкен тереңдігі?
1.124м
2.520м
3.2210м
4.2250м
5.550м
18.Карта мазмұны элементтерінің бейнелеуде ең күрделісі?
1.жер бедері
2.елді мекендер
3.жол қатынастары
4.планета
5.атластар
19.Көбінесе 1:30000000-1:80000000 масштабта кішірейтілген жер шарының көлемдік сүлбісі (моделі)
1.глобустар
2.планета
3.аспан
4.атластар
5.бет-бейнелік карталар
20.Жер телімінің үш өлшемді көлемдік сүлбісі?
1.атластар
2.бет-бейнелік карталар
3.құрылымдық профильдер
4.блок-диаграммалар
5.анаглификалық карталар
21.1:1000 000 1:10 000-ға дейінгі масштабтан құралған карталар қалай аталады?
1. фотокарталар
2.анаглификалық карталар
3.бет-бейнелік карталар
4.географиялық карталар
5.топографиялық карталар
22. Фотобейнелеумен үйлестірілген карталар.
1.фотокарталар
2.топографиялық карталар
3.географиялық карталар
4.физикалық карталар
5.демографиялық карталар
23. Бойлық және ендік профильдері кескіндерімен кандай болса да бір беттің қосарланған үш өлшемді жазықтықтағы картографиялық келбеттері?
1.құрылымдық профильдер
2.математикалық картография
3.жалпы картография
4.блок-диаграмма
5.картометрия
24.Жер бетінің кішірейтіліп,жинақы түрде жазықтықта шартты белгілерімен бейнеленуі-
1.географиялық карта
2.топографиялық карта
3.физикалық карта
4.демографиялық карта
5.бет-бейнелік карта
25.Пландағы объектілер орындарының жергілікті жердегі нақтылы орындарымен айырмашылығы шамасын сипаттайтын ұғым-
1.план элементтері
2.топографиялық сипаттама
3.пландар дәлдігі
4.диаграмма
5.анықтама
