Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_Tarikh.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
826.37 Кб
Скачать

Тәуелсіздік жылдары.

1. 1990 жылдың жазында құрылған азаматтық қозғалыс: «Азат». 2. Азат» азаматтық қозғалысын ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы: Қазақстанның егеменді ел болуы. 3. 1990 жылы 25 казанда болған оқиға: «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылданды. 4.Жоғары Кеңестің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды: 1990 жылы сәуірде. 5. 1990 жылы сәуірде Жоғары Кеңестің мәжілісінде Қазақ КСР-інін Президенті болып сайланған: Н.Назарбаев. 6. Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді: 1991 жылы тамызда. 7. 1990 жылдың соңына карай КОКП қатарындағы Қазақстандағы коммунистердің саны: 800 мыңдай. 8. 1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше сьезі қабылдаған шешім: Қазақстан Компартиясын тарату. 9. Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін, оның орнына құрылған жаңа ұйымның атауы: «Социалистік партия». 10. КСРО өмір сүрген жылдар: 1922-1991 ж. 11. Назарбаевтың 1990 жылдың сәуірінен бастап атқарған қызметі: Қазақ КСР-нің Президенті. 12. 1991 жылдың желтоқсанындағы ірі саяси оқиғалардың ең бастысы: КСРО-ның ыдырауы. 13. 1991 ж. 8-желтоқсанда үш славян мемлекеттерінің басшылары бас қосқан қала: Минск. 14.1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, күшін жойғанын жариялаған шарт: КСРО-ны кұру туралы. 15.1991 ж. желтоқсанның 13-күні Орта Азия республикалары мен Қазақстанның басшылары бас қосқан кала: Ашхабад 16.Қазақстан Республикасы атауы қабылданды: 1991 жылы 10 желтоқсанда. 17.1991 жыл 13 желтоқсан- Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабадтағы кездесуі болды. 18. 1991 жыл 8 желтоқсан- Минскідегі славян басшыларының кездесуінде Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын(ТМД) құру туралы шешім қабылданды. 19. 1991 ж. 1 желтоқсан-Назарбаев ҚР Президенті болып сайланды. 20. 1991 жыл 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 21. 1991жыл 21 желтоқсан-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру үрдісі аяқталды. 22.1991жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін таныған ел саны: 18 23.1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін- 30 ел таныды. 24.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 108 мемлекет таныды, оның 70-нің дипломатиялық өкілдіктері астанада ашылды. 25. 1991 ж Қазақстанда өркіреген саяси ахуалға жел берген диссидент жазушы Солженицынның мақаласы «Біз Ресейді қалай көркейтеміз» 26. Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала: Теміртау. 27.Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 28. 1992 жыл 2 наурызда- Қазақстан Біріккен ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 29. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін ІІ-жарым ғасырдан астам уақыт бойы патша отаршылдары мен большевиктік шовинизмге қарсы болған көтерілістердің саны: 400-ге жуық. 30. 1991 ж. желтоқсандағы Алматы кездесуінде басшылары ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол койған мемлекеттер: Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь. 31. 1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмес үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз алмастырылды- «Достастық» сөзімен. 32.Тәуелсіз Қазақстанның Елтанбасы мен Туының алғаш жаңа үлгілері кабылданды: 1992 жылдың маусымында. 33. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды: 1992 жылдың желтоқсанында. 34. 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі: Мемлекеттік тіл. 35. 1993 жылы 7 мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның- 5 мыңға жуығы сауда, қызмет көрсету саласы. 36.1991 ж. жекешелендірудің І-ші кезеңі - 93 жылдың соңына дейін. 37.Қазақстанда жекешелендірудің II кезеңі басталды: 1994 жылдың көктемінде. 38.Жекешелендірудің ІІ-ші кезеңінде әр азамат: 100 купоннан алды. 39.1997 ж. адам дамуы индексі бойынша 174 елдің ішінде Қазақстан-93 орында. 40.1997 ж. адам дамуы индексі бойынша Қазақстан бұрыңғы КСРО ішінде: 7 орында. 41.Маңызды әлеуметтік экономикалық өзгерістер болды- 1995-1998 ж.ж. 42. 1997 ж. 1-шілдесінде Республикада жергілікті халық - 50% -дан асты. 43.Қазақстанда жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады: 1993 ж. Күзінде. 44. 1993 ж.соңына қарай: 11 ірі ұлттық мәдени құрылым, 30 қоғамдық бірлестік болды. 45.1992 ж. астық рекорды: 33 млн тоннаға жетті. 46.1994 ж. егіс алаңы-6 млн га-ға қысқарды. 47.Ұлттык валюта теңгенің айналымға енген уақыты: 1993 жыл 15 қараша. (500 рубль= 1теңге) 48.1993 жылдың соңына карай 3 партия тіркелді: Социалистік, Қазақстан Республикалық, Қазақстан Халық Конгресі. 49.1993 жылдың 28 каңтарында қабылданған Конституция бойынша республикадағы биліктің қайнар көзі: Халық. 50. 1993 ж. 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің таратылғанын ресми түрде жариялаған: С.Әбділдин. 51. Қазақстанда Жоғарғы Кеңес ресми түрде таратылды: 1993 жылдың 13 желтоқсанында 52.1993 ж. соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық саяси бірлестіктердің саны: 300 ден астам. 53.1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы коғамдық козғалыстардың ел ирасыңдағы беделді әрі танымалы:«Невада-Семей» 54. 1993 жылдың соңына карай Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың ел арасындағы беделді әрі танымалы: «Азат»,«ҚХБО» (Қазақстан Халықтарының бірлік Одағы) 55. 1995 жылдын 26 сәуіріндегі референдумда қойылған сұрақ: «Сіз 1991жылы халық сайлаған Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың бірінші желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?» 56. 1995 жылғы референдум нәтижесі- Назарбаевтың президенттік қызметі 2000-ші жылға дейін ұзартылды. 57.Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды: 1995 жылды 30 тамызда. 58.Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс Министрі: С.Нұрмағамбетов. 59. Қорғаныс Комитеті ҚР Қорғаныс министрлігі болып құрылды: 1997 жылы 7 мамырда. 60. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстанның парламентіндегі тұрақты жұмыс істейтін екі палата: Сенат пен Мәжіліс. 61.Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа Парламент тұрақты жұмыс істей бастады: 1996 жылдың 30 каңтарынан. 62.Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы көлемі 1000 шаршы шақырым болатын даулы жердің мәселесінің шешімі: 57%-ы Қазақстанға, 43 %-ы Қытайға жатады. 63.Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары 1998 жылы бас қосқан қала: Алматы. 64.Алғашында «Шанхай бестігі» (кейіннен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталды) басшыларының алғашкы кездесуі өтті: 1996 жылы 26 сәуірде 65. Конституция 98 бап, 9 бөлімнен тұрады, олар: Жалпы ережелер; Адам,азамат; Президент; Парламент:Үкімет; Сот; Жергілікті және өзін-өзі басқару; Қорытынды және өтпелі ережелер. 66.1998 ж. 1-қаңтарда күшіне енген «Зейнетақы заңы» 67.Теңіз мұнай алабын игеруге тартылған шетелдік ірі компаниялар: Аджип, Эльф Акитен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]