Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor_Tarikh.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
826.37 Кб
Скачать

XVIII ғасырдын і-ші ширегіндегі Қазақстан. Жоңғар шапқыншылығы.

1.Тәуке ханның билік кұрған жылдары: 1680-1715ж. 2. Тәуке ханның тұсындағы астана: Туркістан. 3. Тәуке хан үш жүздің басын қосып кұрылтай өткізілген жер: Күлтөбе 4. Тәуке ханның заңдар жинағы: «Жеті жарғы» 5.«Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатыскан билер: Төле би (Ұлы жүз), Қазыбек би(Орта жүз), Әйтеке би(Кіші жүз) 6.«Жеті жарғы» бойынша кұрылтай кеңесіне жіберілмей, дауыс беру кұқығынан айырылды: Қарусыз келген адам 7.«Жеті жарғы» заңының бөлімдері: Жер дауы Үй іші мен бала тәрбиелеу Ұрлық,барымта Бір халық пен басқа ру арасындағы дау Ұлтын қорғау Құн Жесір дауы(2007 жылғы окулықта Жер дауы). 8.1694 жылы I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын дамытуға келісім жасаған хан: Тәуке. 9.Билер кеңесі Тәуке кезінде: Түркістан маңы- Битөбеде, Сайрам маңы-Мартөбеде, Сырдария облысы Ангрен маңы- Күлтебеде өткізілетін. 10.«Жеті жарғы» бойынша хан: Барлық ру бірлестігінің басшысы, хандыктың басшысы, бас қолбасшысы 11.Тәуке ханның сыртқы саясаттағы мақсаты: Керші мемлекеттермен одақ құру және бейбіт қатынас орнату 12.1680 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде аман калған қала: Түркістан 13.1710 жылы қазақ өкілдерінің Қаракұм маңында бас косу еебебі:Жонғарларға тойтарыс беру. 14.Тәуке хан тұсында билердің атқарған рөлі: Сот билігін, атқарушы екімет билігін атқарды. 15.1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып. 16.Тәуке ханның өлімінен кейін сұлтандар арасында хандық билікке талас болды. Бұл талас әсіресе қай сұлтандар арасында қатты болды? Батыр мен Барақ. 17.1716 жылы қыркүйектегі Кайып ханның Тобольскіге елшілігін кім баскарды?Бекболат Екешов және Байдаулет Бориев. 18.XVIIғ.ортасында жоңғар мемлекетінің күш-қуатын біршама арттырған қонтайшы: Батыр 19.Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жыл: 1718ж. 20.1718 ж Аягөз бойындағы қазақ-жоңғар ұрысында қазақтардың жеңілу себебі неде? Әбілхайыр,Қайып сұлтандар соғыс қимылын келісіп жүргізбеді 21.1726ж. қазақ жасақтарының жоңғар әскерлеріне күйрете соққы берген жер: Буланты өзені. 22.0рдабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан: Әбілқайыр. 23.Әбілқайыр сұлтан қашан Кіші жүздің жоғарғы билеушісі болып сайланды? 1723 ж. 24.Тәуке хан кезінде жоңғарлардың шабуылын уақытша бәсеңдеткен жағдай: Қырғыз-қарақалпақтармен одақтас болуы. 25.«Жеті жарғы» бойынша хандықтың ішкі өмірімен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешетіндер- билер 26.Болат хан өлгеннен кейін,аға хандыққа таласқан қазақ хандары:Сәмеке мен Әбілқайыр. 27.Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» рөлін атқарады деген патша: I Петр 28.ХVІІ ғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: Жоңғария. 29.Қазақстанға жойкын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты: Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, улан-байтақ жерді өзіне қарату. 30.Жоңғарлардын қазақтарға қарсы жорықтары кашаннан бастап тұрақты бола бастады? Батыр қонтайшы басқарғаннан бастап. 31. 17ғ. 40 жылдары Батыр қоңтайшы басшылығымен Жоңғар әскерлерінің қазақ жеріне басып кіруі немен аякталды? Батырдың қолға түскен тұтқындармен кері қайтуы. 32.1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: Қарақұм. 33. 1723 ж. Жоңғарияның барлық күш - қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі: Цин императоры Кансидың өлімі. 34.Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар билеушілерінің бірі: Цеван-Рабдан. 35.Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырында»: XVIII ғ. 20 жылдары. З6.Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл: 1723 жылы. 37.Жоңғарлардан қашқан Орта жүз рулары үдере көшті: Самарқанға. 38.Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған жер: Жетісу. 39.Қазақтардың қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында соққы беруі: 1726 жылы. 40. Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылык жасаған: Әбілқайыр. 41.Аңырақай шайқасы болды:1729-1730 жылдары. 42.1726 жылы болған Қара сиыр атты жердегі «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді. 43. 1726 жылы казақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған» (Қарасиыр деген жерде). 44.Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап,ерекше көзге түскен қазақ батыры:Бөгенбай. 45.Аякөз өзені жағалауында қазақтардың жоңғарлармен соғысы: 1718 жылы. 46.Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы: 1724-1725 жылы. 47.Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының маңына қазақ жасақтарының жиналуының себебі: Бұл жер Жетісуды азат ету үшін жақын болды. 48.XVIII ғ. 20 жылдары Ордабасы тауының маңында қазақтардың негізгі жаңа күштерінің жинақталуы немен түсіндіріледі? Осы жерден Жоңғариямен шекаралас аудандарға шығу қолайлы болды. 49.Топонимикалық мәліметтер бойынша қазақ жасақтары Ордабасы тауында: жүздік негізде ұйымдастырылды. 50.Балқаш көлінің маңында Аңырақай жерінде жоңғарларға күйрете соққы берген жыл: 1730 (1729)? 51.Неліктен қазақтар Аңырақай шайқасынан кейін қалыптасқан тиімді жағдайды пайдалана алмады? Шыңғыс ұрпақтары арасындағы таққа талас. 52.Қазақ хандықтарының сыртқы саяси жағдайын. 1741-1742 ж. Кімнің шапқыншылығы төмендетті? Қалдан Цереннің. 53. 1745 ж қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығының уақытша тоқталуына не себепші болды? Қалдан-Сереннің қайтыс болуы жоңғарлардың өз ішінде билік үшін күресті күшейтті. 54.Батыр және дипломат Бөгенбай қай рудан шыққан? Қанжығалы. 55.Қабанбай батыр қай рудан шықкан? Қаракерей. 56.Қаракерей Қабанбай батырдың шын есімі:Ерасыл 57.Райымбек батыр қай рудан шыкқан? Албан. 58.Қай шайкаста Райымбек батыр бастаған казақ әскерлері жоңғарларға күйрете соққы берді? Ойрантөбе жерінде. 59.Жоңғар шапқыншылығы кезінде Алматыда жерленген батырлардың бірі? Райымбек. 60.Қазақтар мен жоңғарлар арасында бір-біріне тиіспеу женіндегі келісім Аяқ жеріндегі шайқастан кейін болған еді.Бұл шайқас қашан болды? 1750ж. 61.Қытайлармен шайқаста жеңіліс тапқан,Орта Жүз ханы Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағының мүрагерлігіне таласқан кім? Әмірсана. 62.Жоңғар тағынан дәмеленушілердің бірі, Абылайды паналап орта жүзге қашкан: Әмірсана. 63 Жоңғарияны Қытай әскері қашан талқандады: 1756-1758ж. 64.Жоңғария 1758ж дербес ел ретінде тарихи сахнадан жоғалып, 1761 ж қай елге Шыңжаң әкімшілік бірлестігі болып, Цинь империясының құрамына кірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]