Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәрістер .doc fktevtnnbr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.22 Кб
Скачать

Тақырып 10. Оқушыларды асхана әдебіне оқыту міндеттері.

  • Тамақтанғанда дұрыс отыру қалпын уйрету. Қасықты, шанышқыны, сүлгіні қолдана білуге үйрету.

  • Оқушыларды нені, немен жеуді және қалай жеу керектігін үйрету (нан, котлет, салат, суп, каша, бутербурод және т.б.)

  • Ыдыстың көп түрлігімен таныстыру (шәйдің, асхананың); шәйға үстел дайындауды үйрету.

  • Тамақтанып жатқан уақытта дұрыс қарым – қатынас жасауға назар аударту. (дауысты баяу шығарып сөйлеу, ауызды толтырып сөйлемеу, балалардың өтініштері мен тілектеріне сыйластықпен қарау)

  • Дұрыс жасалынған столдың әдемілігіне назар аудару.

  • Маталы майлық дұрыс қолдануға үйрету (оны дұрыс қоюдың бірнеше әдісімен таныстыру)

  • Стол басында үйретудің тәсілдерін үйрету, арнайы сөздің формула көрсету («өтініш, алып беріңізші», «рахмет» «өтініш»)

  • Нені немен және қалай жеу керектігімен таныстыру. (кәмпит, печенье, варенье қайнатылған жұмыртқа, пирожки, сосиски және т.б.)

  • Столды дайындау жөніндегі білімін кеңейту (таңғы ас, түскі ас, шәй ішу) және стол заттарын (пирожкидің тарелкасы, десертті қасық және т.б.) білімдерін арттыру

  • Столға дайындық жасаудың эстетикалық қатынасын қалыптастыру, столды әдемілеу біліктілігін жаттықтыру (гүлдері бар вазалар, салфетканың түрлілігі)

  • Столды әдемілеудің түрлерін үйрету

  • Нені, немен және қалай жеу керектігін түсіндіруді жалғастыру. (жүзім, банан, балық және т.б.)

  • Стол басында қарым – қатынас жасау дағдыларын жаңарту (сөйлескенде тақырып таңдауға, достық қарым – қатынасты ұстап тұруға, сөйлеп отырған адамды мұқият тыңдауға үйрету) жүргізушінің рөлін бұрынғыдай үлкен адам атқарады, бірақ оларға балаларда қосылады.

  • Столды әшекейлеу үшін ыдысты, және оның элементтерін дұрыс тыңдай білуге үйрету.

  • Эстетикалық қабылдауын дамыту; столды әшекейлеудің түрлі тәсілдерін үйретуге жаттықтыру: («жаңа жылдық» арнайы стол жасау, «8 мартқа» және т.б. )

  • Нені, немен және қалай жеу керектігінің теоретикалық білімін арттыру (лимон, арбуз, қауын, апельсин және т.б.) және сәйкес дағдылар

  • Стол басында қарым – қатынас жасау дағдыларын үйрету.

  • Эстетикалық түсінігін қалыптастыруды жалғастыру, столды жасау біліктілігі ине жаттығу жасауды жалғастыру (вазалар, аты бар табличкалар және т.б.)

Стол басында дұрыс отыру әдебі

  • Стол басында қалай отыру керек: арқаны түзу ұстап, шынақты ішке қарай бүгіп, басты кішкене бүгіп, аяқты бірге қойып, столға дұрыс отырып, қолды жуу керек.

  • Асхана заттарын қалай қолдану керек: қасықты оң қолға ұстап, ауызға кең жағымен әкеліп, қолындағысын ауызға салады; шанышқыны оң қолынада, сол қолына ұстауға да болады. Оң жағымен – егер столда тек шанышқы ғана болса ұстайды, сол жағымен – егер столда шанышқы мен пышақ тұрса ұстайды. Қағазды салфетканы тек бірақ рет қолданады, қажетті жағдайда екінші рет тағы алады, ал қолданылғанын кішкене орап тарелканың шетіне қойып қояды.

  • Нені, немен және қалай жеу керек: супты қасықпен ішеді, сосискны вилкамен пышақпен; макорон пельменді – тек вилкамен, нанды тістемейді, қолымен бөліп алады, арбузды – тек шанышқымен пышақпен жейді.

  • Стол басында қалай қарым – қатынас жасау керек: дауысты бәсең шығарып, әр нәрсені сыпайылықпен, өтінішпен «өтініш, алып беріңізші», рахметті толтырылған ауызбен айтпау керек.