- •Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды оқытудың мақсат- міндеттері.
- •Оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Тақырып 4. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабағының түрлері мен типтеріне сипаттама.
- •Тақырып 5. Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау сабағын жобалау.
- •Тақырып 6. Әлеуметтік–тұрмыстық бағдарлау кабинеті
- •Тақырып 6. Үйде білім алатын балаларға әлеуметтік тұрмыстық бағдарлануды оқыту ерекшелігі.
- •Тақырып 7.Үйде білім алатын баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауда педагогтың іс-әрекеті
- •Тақырып 8. Үйде білім беруді жүзеге асыру үшін қажетті сипаттамалар
- •Стол басында дұрыс отыру әдебі
- •Тақырып 10. Оқушыларды асхана әдебіне оқыту міндеттері.
- •Стол басындағы әдепті меңгеру этаптары:
Тақырып 7.Үйде білім алатын баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауда педагогтың іс-әрекеті
Үйде оқытатын педагогтың іс-әрекеті төмендегідей бағыттардан тұрады:
- Отбасында тәрбиелеу ерекшеліктеріне әсері.
Бұл баланы әлеуметтік дамытуда ата-ананың бойында дұрыс нұсқауларды қалыптастыруға бағытталған. Мұндай әсер ету балаға педагогтың практикалық іс-әрекетіне бағытталуы керек. Баланың өзін-өзі қызмет көрсеткенде оның потенциалды мүмкіндіктерін көрсету керек, күнделікті өмірде және қоғамда жеткен табыстарына көп көңіл аудару керек.
Оқушыға тұрмыстық-әлеуметтік бағдар берудің мақсат-міндеттерін құру, тұрмыстық-әлеуметтік бағдар берудің индивидуалды программасын құру. Бұл жұмыс психологиялық-педагогикалық диагностикалық мәліметтеріне міндетті түрде тіркелуі керек. Отбасының әлеуметтік-тұрмыстық тәртібін және отбасылық тәрбиелеу стилін, баланың қазір тұрып жатқан жағдайларын есепке алу керек.
Қоғам және күнделікті өмірге қатысты түсініктер қалыптастыру, яғни баланың әлеуметтік жағдайда дамуы үшін маңызды жалпы және арнайы түсініктерді қалыптастыру: баланың дамуы үшін қажетті білім және дағдыларды үйрету.
Оқушының үй тапсырмаларын тексеруін жоспарла. Үй тапсырмаларын ата-анасымен бірлесіп беру керек. Сонымен қатар тұрмыстық-әлеуметтік бағдар беру кезінде алынған білім және дағдыларды нығайту керектігін ата-аналарға түсіндіріп отыру керек.
Тақырып 8. Үйде білім беруді жүзеге асыру үшін қажетті сипаттамалар
Ата-аналары баласының психикалық дамуының индивидуалды ерекшкелітерін, баласының жүріс-тұрысын, сондай-ақ бейімделуге деген мүмкіндіктерін білу керек. Жолдастарымен қарым-қатынасын қадағалап отыруы керек, тіл байлығын дамыту үшін нұсқаулар беріп отыруы қажет т.б. Баласының бойында дұрыс әдет- дағдыларды қалыптастыруды ата-аналары кешігіп қалса, ондна баланың бойыда әсер етуі мүмкін. Ақыл-ойында кемшілігі бар балалар үшін әдет-дағды қоршаған ортаның жағдайына бейімделуі үшін толықтырушы механизм болып табылады.
Ақыл-ойында кемістігі бар балаларды ата-анасы еңбектен, мүмкіндіктерден, қамқорлықтардан қорғап, оларды дұрыс тәрбиелейді. Ақыл-ойында кемістігі бар балалардың жанында болғанда жұмыстарды өзі істеу үшін оған қолдау көрсетіп отыру қажет. Ақыл-ойы кем балаларды ынталандыру, мадақтау, жаттықтыру арқылы тәрбиелеу керек.
Балаларға берілген тапсырмаларды шешуде жетістіктерге жетуді айтып кету маңызды. Бала сәтсіздіктерді басынан көп өткізгеннен кейін, келешекте қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға бас тартады. Ақыл-ойы кем балалармен жұмыс жасауда қолдау көрсетудің әр түрлі әдістерін қолдану керек. Қолдау көрсетудің бір түріне ересек адамның көңіл бөлуі жатады (педагог ата-анасының)
Балаға қажетті дағдыны меңгерту үшін бұл процессті жеке қадамдарға бөлу керек және бала оңай мкңгеру үшін бұл қадамдар кішкентай болуы тиіс. Бұл біртіндеп оқытудың принципі болып табылады. Мысалы: төсекті жинау бір ғана ұзақ іс-әрекет емес, ол жеке іс-әрекеттерді біріктіруден тұратын логикалық түрде қиын тізбек, демек ақ жайманы (простыня) салу, оны жөндеу; көрпені салу; жастықты жөндеп, салу.
Егер де педагог ақыл-ойында кемістігі бар балаларды оқыту процесінде бір уақытта бірнеше тапсырмаларды шешуге тырысса, үлкен проблемалар пайда болуы мүмкін. Мұндай оқыту баланы шатастыруы және жаңа материалдарды қабылдауда қиындықтар тудыруы мүмкін.
Оқу процесінің үздіксіздігі-жетістікке жету үшін маңызды болып табылады. әлеуметтік-тұрмыстық бағдар берудің технологиялары мен талаптары баланың бойында дұрыс әдет-дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл үшін оқушыларға үй тапсырмаларын беру керек, және ата-аналарға тапсырмалардың көлемі мен жүйелілігін түсіндіру керек.
Бала оқудан төмендегідей себептерге байланысты бас тарта алады:
Ұзақ және біркелкі іс-әрекеттен шаршау;
Оқушының ынтасын жоққа шығару (бұл тапсырманы қалай шешу керектігін мұғалім «жақсы біледі»
Бала берілген қиын тапсырмаларды сәтсіз орындаса;
Көсетілген себептерді болдырмау үшін:
Баланың мүмкіндіктеріне байланысты сабақ уақытын қысқарту керек;
Баланың ынтасын қабылдау және де оның ынтасын тапсырмаларды шешу үшін қолдану керек;
Балаға оңай тапсырмалар беру;
Оқушы үшін әрбір сабақ табысты болып аяқталғанын қадағалау маңызды болып табылады. Сабақ соңында оқушы жаңа әдет-дағдыны меңгере алғанын айтуы керек және де жаңа материал қиын болып, оқушы оны дұрыс меңгермеген болса да, балаға жеңіл тапсырмалар беру керек.
Баланың үйде білім алатын психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оны мектеп жағдайындағы оқу процесінде жартылай интеграциялауға болады. Бала сыныптың фронтальды сабағына қатысатын болса, оның коммуникативті қызметтері дамиды. Бала берілген жеке тапсырмаларды мұғалімнің қадағалауымен және оның көмегі арқылы орындайды, ал одан кейін үйдегі жағдайлар арқылы оны практикада жүзеге асырады.
Тақырып 9. Сабаққа өзіндік талдау
Мұғалімнің шеберлігі – бұл жоғарғы және үнемі тәрбиелеумен оқытудың мүлтіксіз өнері.
Педагогикалық шеберлік – бұл өзіндік талдау үнемі кәсіби іс - әрекетпен қамтамасыз етілген жоғарғы өзіндік ұйымдастыру деңгейі, мұғалімнің жеке тұлға жиынтығының кешені.
Мұғалым жүргізген сабақты талдауда жеке іс - әрекет қорытындысын толығымен бағалайды. Ең алдымен жүргізілген сабақ пен оның құрамындағы – этаптағы барлық ойлауды топтауда өзіндік талдауды қажет етеді. Қатысушылардың қозғалмалығы мен сәттілігі, қазіргі жоспарланған даму жолымен жүзеге асыруда деңгейлерді бағалауға көмек беріп, әрбір қойылған этаптың маңызды тапсырмалары пайда болады.
өзіндік талдау этабы.
Бірінші этап:
Сабаққа жалпы әсері;
Сабақты жалпы бағалау;
Сабақтан кейінгі көңіл – күй;
Өзіне қанағаттану (қанағаттанбау);
Барлығы ойланып орындалған ба
Оқушылардың жұмысы қанағаттанарлық па
Сабақтағы тәртіп қандай және т.б.
Екінші этап:
Сабақта қойылған міндеттерге қол жеткізе аламыз ба;
Оқу үрдісі оптимальды жүреді ме;
Оқушыны оқыту, тәрбиелеу, дамыту мақсатты бағыттауда жүзеге асырыла ма;
оқушының танымдық қызығушылықтары қалыптасады ма;
Әдет пен дағды, білімді қалыптастыруда өзара байланысқа қол жеткізуге бола ма;
Сабақта ғылыми еңбекті ұйымдастыруда қажеттіліктерді сақтайды ма (уақыт үнемділігі, мұғалім мен оқушы жұмыс орнын нақты ұйымдастыру рациональды тәсіл т.б.);
Оқушылар сабақта қалай жұмыс істеді: белсенділік, жұмысқа қабілеттілік, назар, сабаққа қарым – қатынас, жауапкершілік, өздігінен және т.б.
Оқушылардың өзгерісі болмайды ма, оқушылармен байланыс орнайды ма;
Мұғалім жүргізген сабағындағы өзінің мінез – құлықна стильі мен әдісіне толады ма;
Келесі сабаққа толықтыру, өзгерту, түзетуге тез арада не керек.
Өзіндік талдауға негізгі қажеттілік.
Сабақтың мақсаты мен міндеті;
Барлық сабақ жүйесіндегі қарастырылған сабақ орнындағы нақты тақырыптар;
Методикалық ұсыну мен нормативті қажеттілік, бағдарлама, психологиямен әдістер, негізгі дидактикалық білім;
Өзінің саба,ын талдауда көрсеткіш пен позицияны бөліп көрсетеді;
Сабақ жұмысындағы бұл ерекшеліктерді ескеру мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сипаттама;
Сабақ білімділік, тәрбиелік, түзете дамытушылық міндетіне негізделеді;
Сабақ жоспарына оның типіне, құрылымына, мазмұнына, әдіс пен құралына негізделеді;
Жүргізілген сабаққа, жаттығу мен оқу міндетті жүйесімен психологиялық және педагогикалық бағалау;
Әр түрлі сабақ бөліміне оқушылардың өзіндік ойлауы мен өзіндік іс - әрекетінің дамуын бағалау;
Сабақтың міндетін орындау: педагогикалық мақсатты жинақтауды бағалау.
Сабақтың этабын бағалап қана қоймай, олардың өзара байланысын көрсетеді.
Жүргізілген сабаққа қанағаттану.
Мұғалім өзінің сабағының қорытындысын объективті бағалау.
Мұғалім кемшіліктерді жояды.
Өзінің шеберлігін күнтізбелік және тақырыптық жоспардағы нақты түзетуде мүлтіксіз жазады.
