
- •Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды оқытудың мақсат- міндеттері.
- •Оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Тақырып 4. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабағының түрлері мен типтеріне сипаттама.
- •Тақырып 5. Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау сабағын жобалау.
- •Тақырып 6. Әлеуметтік–тұрмыстық бағдарлау кабинеті
- •Тақырып 6. Үйде білім алатын балаларға әлеуметтік тұрмыстық бағдарлануды оқыту ерекшелігі.
- •Тақырып 7.Үйде білім алатын баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауда педагогтың іс-әрекеті
- •Тақырып 8. Үйде білім беруді жүзеге асыру үшін қажетті сипаттамалар
- •Тақырып 10. Оқушыларды асхана әдебіне оқыту міндеттері.
- •Стол басында дұрыс отыру әдебі
- •Стол басындағы әдепті меңгеру этаптары:
Тақырып 6. Үйде білім алатын балаларға әлеуметтік тұрмыстық бағдарлануды оқыту ерекшелігі.
Ақыл –ойында кемшіліктері бар балаларды оқыту мен реабилитациялау процесінде отбасы үлкен орын алатыны бәрімізге мәлім. Отбасы мүшелерін осындай жұмыстарға қатыстыру үшін олардың психологиялық –педагогикалық компоненттілігін жоғарылатуға көмектесу керек. Отбасыларға барғанда педагог сол үйдегі тірбиелеу түрін бағалай білу керек. Отбасында тәрбиелеу төмендегідей түрге бөлінеді.
Терісті құптау (потверствующая) шы интерпротекция. Отбасы мүшелері оның қажеттіліктерін көп мөлшерде қанағаттандыруға тырысады. Балаға өте көп қамқорлық көрсетіп ата-аналары оның отбасын бөлек тастап. Сондай-ақ олар баланың кішкентай жетістігіне, табысына қуанады. Сондықтан бала да өзін жоғары бағалай бастайды. Бала ересек адамдардың оны бағалап отырғанын талап етеді. Нәтижесінді, ақыл-ойында кемістігі бар балаларды асырап мақтау өзін жоғары бағалауға әкеп соғады, ал бұл келешекте басқалармен қатынасқа түскенде қолдау таппайды. өзіне деген қарым-қатынастың мұндай өзгеруін ақыл-ойында кемістігі бар бала дұрыс бағалай алмайды және де жаңа ситуацияларға агрессиямен және апатиямен, бір нәрсені істеуге қарсы шығады немесе невротикалық реакциялар көрсетеді.
Басым болатын гиперпротекция, мұнда ата-аналары баласына көптеген күш пен уақыт жұмсайды және де балаға көптеген тыйымдар (запреты) қояды. Нәтижесінде, баланың бойында бағынушылық, тәуелді болу, тіл алғыштық сияқты сапалары дамиды.
Эмоционалды шектелгендік, мұнда ата-аналары баланың тағдырына көңіл аудармайды. Көңіл аудармаушылық немесе антипатия тікелей қатал болу түрлерінде әрдайым көріне бермейді, бірақ баланың психикасын бұзады, оның эмоционалды дамымауына, агрессивті болуына әсер етеді. Ата-аналары баласының өзіндік адамгершілігін сезу, шынайы ата-ана және бала арасындағы махаббат сияқты құндылықтарды ескермейді. Көбінесе, мұндай ата-аналар баласының толыққанды еместігінен ұялады, оны адамдарға көрсетпейді, баласымен бірге қоғамдық орындаға бармайды, ал мұндай жағдай баланың дамуының тоқтап қалуына әкеліп соғады, бала мен қоғамның арасында алшақтық (пропасть) пайда болады.
Ата-анасының жоғары моральды жауапкершілігі баласының эмоционалды қажеттіліктерін жоғары талаптар қоюымен сипатталады. Баласының толыққанды еместігіне көнбей ата-аналары оның (баласының) кемшіліктерін байқамай баланың мүмкіндіктерін көбейтіп жібереді. Баласының шынында қандай екенін қабылдамай ата-ананы баласы туралы өзіндік образы қызықтыратын болса, баланың бойында невроздық, мазасыздық, күмәнданғыш көңіл-күйдің пайда болуына себепші болады.
Гипопротекция (гипоопека) мұнда бала өз-өзіне көңіл бөледі, ал ата-аналары оған қызығушылығын білдірмейді, баласын бақыламайды. Олар баланың қажеттіліктерін дұрыс бағаламайды, ал бала көңіл бөлгенді, басқарғандықты, қамқорлықты қажет етеді. Сонымен, бала гипоопека жағдайында тәрбиеленеді, бала отбасының қолдауымен көмегіне жүгіне алмайды. Егер де дамуында бұзылысы бар бала туралы болса, бұл жағдайда дамуында бұдан да көп бұзылыстардың пайда болуына, адекватты емес реакциялардың пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ ата-аналары баласының барлық мәселелерін мектеп шешуі керек деп есептейді.
Ақыл-ойында кемістіктері бар балаларды тәрбиелейтін отбасылардың көпшілігі нақты белгілермен сипатталады. Олар:
Ата-аналары нервті психикалық және физикалық сезімдерді, шаршау, баласының болашағы үшін сенімсіздік пен қорқыныш сияқты сезімдерді басынан кешіреді.
Баланың жүріс-тұрысы, дамуындағы нәтижелер ата-ананың күткен мүмкіндіктеріне сәйкес келмейді. Нәтижесінде олар қанағаттанбаушылық, күйініш, мазасыз жағдайларға душар болады.
Отбасыішілік қатынастар бұзылады (ерлі-зайыптылар арасындағы, балалар арасындағы қатынастар)
Отбасының әлеуметтік статусы төмендейді, (қалыптасып қалған өмір образын өзгерту, отбасы мүшелерінің біреуінің жұмыс істеуге мәжбүр болуы)
Отбасылық атмосфераға қоғам «әлсіреген» ( ) әсер етеді, дамуында бұзылысы бар баланы ғана емес, сондай-ақ оны емдеп және тәрбиелеп отырған отбасыны жағымсыз бағалайды.
Сондай-ақ көптеген ата-аналар өзінің балаларының дамуы үшін қолайлы жағдайлар құрғысы келеді. Бірақ олар нәтижелі оқытудың әдістерін дұрыс білмейді, және де ақыл-ойында кемшіліктері бар балалардың көңіл-күйіне түсінбейді, баласына қалай көмектесу керек екенін, оны ересек адам болуға дайындау керек екекін білмейді.