Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәрістер .doc fktevtnnbr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.22 Кб
Скачать

Тақырып 5. Әлеуметтік – тұрмыстық бағдарлау сабағын жобалау.

Кез келген сабақты жобалау,яғни жоспарлау, барлық тобының және индивидуалды ерекшеліктерінің жалпы даму деңгейіне сәйкес жүзеге асады, психологиялық-педагогикалық зерттеу көмегімен анықталады.

- егер мектеп солтүстік аймақта орналасса, онда « қысқы киімді жазда сақтауға даярлау» тақырыбы сәуір немесе мамыр айына жоспарланады.

- егер оңтүстікке жақын орналасса онда бұл тақырып ертерек уақытқа жоспарланады.

- егер мектеп тек газ плиталары орнатылған үйлері бар қалада болса, онда электр плитка құрылғысын үйретудің қажеті жоқ.

- егер метро сияқты транспорт түрі жоқ болса ауылда немесе қалада, бірақ тұрғындар осы транспорт түрін пайдаланатын қалада жиі болады, онда әрине метромен танысуды жоспарға енгізу керек.

Сабақты құрастыру оның мақсаты мен міндетін, қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін шешуді анықтаумен байланысты, содан кейін бағдарлама талаптарына сүйене отырып көркем және дидактикалық материалдардың бар екенін, кабинетін жабдықтау деңгейін бағалай отырып, мұғалім оқу материалының мазмұнын анықтайды.

Келесі қадам білім беру технологиясын таңдау( қойылған мақсат пен міндет үшін оқытудың оптималды формасы мен әдістері).

Сабаққа дайындалудың бұл деңгейінде мұғалім:

- сабақ типін анықтайды;

- сабақ құрылымын жасайды;

- сабақтағы дербес және практикалық жұмыс көлемінде жұмыстың көлемінде күрделілік деңгейін анықтайды;

- фронтальды, жұп, топтық және индивидуалдық жұмыс формасымен, көлемімен сәйкестігін анықтайды;

- оқытудың нақты әдістерін қолдануды жоспарлайды;

- сабақ нәтижелерін болжамдайды;

- сабақтағы оқушының іс-әрекетін бағалау критерийлері мен формаларын анықтайды.

- сабақ жүргізу үшін оптималды жағдай жасайды (дидактикалық материал дайындайды, топтағы моральдық, психологиялық климатты ескереді, мектептегі гиниеналық талаптарды сақтайды).

Сабақты жобалаудағы негізгі кілт – біздің ойымызша білім беру технологиясын таңдау болып табылады.

Жаңа материалды түсіндіруге немесе бұрынғы өткенді мұғалім дидактикалық құралдарды, соның ішінде тарату материалдары инструменттер және т.б. жинау керек.Мұғалім сабақта көрнекілік құралдарға сүйенеді. Оларды іріктеу және көрсету әдістемесінде мұқият ойланған болу керек. Ақыл-ойы артта қалған балаларды оқыту үрдісі көрнекілікті міндетті түрде бекітуді талап етеді. Дегенмен көрнекі құралдарды артық қолдану немесе дұрыс қолданбау оқу материалдарын қабылдауды қиындатады.

Мұғалім тақырыптың көп бөлігін жеткізуді жоспарлауға тиіс емес, себебі 8 түрдегі мектеп оқушылары сөздік түсіндірмені ұзақ уақыттың қабілетті емес, сабақта ерекше назарды оқушының тілін дамытуға бөлу керек.Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау бойынша сабақтар үлкен мүмкіндіктерге ие ( мұғалімнің, жолдастарының сұрақтарына жауаптар, алдағы жұмыс жоспарын ауызша жасау, жасалған жұмыс жайлы ауызша көп беру.Өзінің және жолдасының жұмысын бағалау, рольдік ойындар).

Сабаққа дайындалу кезінде сұрақтарды, қорытындыны,ережені жалпыламаны, түсінетін тапсырмаларды құрастыруды, тақтаға жұмыс дәптерінің жазу үлгісін алдын-ала ойлану керек. Сөздік материалды дайындауға ерекше көңіл бөлу керек - әрбір сөз бен фразаны ойластыру керек.Осындай даярлық оқушының белсенді сөздік қорына жаңа терминдерді ендіруді едәуір жеңілдетеді.

Мұғалім сабақ мазмұнын мұқият ойластырып, материал іріктелгенде жоспарын құрады. Едәуір кұрделі сабақтар үшін конспекті құрау керек.