Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәрістер .doc fktevtnnbr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.22 Кб
Скачать

Оқытуды ұйымдастыру формалары

Коррекциялық оқыту үрдісі әдістерді қолдануда ғана емес, сонымен қатар оқытудың түрлі формаларын ұйымдастыруда әртүрлілікті талап етеді, яғни сабақтың түрлі типтерін жоспарлау алдын ала қарастырылады. Сондықтан, психофизикалық дамуында кемшілігі бар балаларға арналған мектепте сабақтың қандай да бір типін «таза түрде» айқындау мүмкіндігі бола бермейтінін ескеру керек. Қай сабақта болсын педагог өткенді қайталайды, жаңа материалды түсіндіреді, өзіндік жұмыстың орындалуын тексереді, бақылау жүргізеді, балалармен бірге қорытынды жасайды және т.б. Сабақтың негізгі типтерін анықтау қажет.

Тақырып 4. Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау сабағының түрлері мен типтеріне сипаттама.

Әр сабақтың өзін басқа сабақтардан өзгешелейтін өзіндік ерекшелігі,мазмұны мен міндеттері бар.Сабақтың дидактикалық міндеттері сабақтың негізгі түрлерінің негізі болады:

- кіріспе сабақ – оқушыларды жаңа материалды қабылдауына дайындау. Бұл сабақта оқытылатын материал бойынша оқушылардың меңгерілген біліміне сүйеніп қойылады,жүйеленеді және келесі сабақтарда танысатын материалды қабылдауға қажетті жалпы мінезде кейбір мәліметтер хабарланады.

- жаңа білімді қалыптастыру сабағы, бұл жерде негізгі назар жаңа матиералды меңгеруіне бөлінеді;

- білім мен дағдыларды қалыптастыру және бекіту сабағы, бұл жерде басты назар практикалық іс-әрекетке аударылады;

- жалпылауыш (қайталау-жалпылау) сабағында белгілі тақырыптар мен бөлімдерден меңгерілген материал жүйеленеді;

- бақылау сабағында оқушылар бақылау және тексеру жұмыстарының түрлі деңгейлерін орындайды (ауызшы және жазбаша)

- аралас сабақ сабағында түсіндіру, бекіту,қайталау,практикалық жұмыс, қорытынды сияқты түрлі жұмыстың түрлері үйлеседі.

Әр сабақ өзіне берілген міндеттерді шешуге көмектесетін сабақтың этаптарымен,моменттерімен, бөлімінің қатынасы мен кезектілігімен анықталатын құрылысы бар.

Оқытудың теориясы мен практикасында әр сабақтың типіне байланысты анықталған құрылысы бар. Сабақтың жалпы элементі болып:

- сабақтың басталуын ұйымдастыру

- үй тапсырмасын тексеру

- өтілгенді қайталау

- сабақты қорытындылау,бағалау

- үйге тапсырма беру.

Сабақтың басталуын ұйымдастыру кезеңі бір немесе бірнеше минутты алады. ӘТБ сабағының ұйымдастыру кезеңіне ерекше назар аударылады,өйткені оның нәтижесі қалған сабақ бөліктеріне әсер етеді. Ұйымдастыру кезеңі кезінде ақыл-ойы төмен балалардың бір әрекет түрінен екінші әркет түріне ауысуының қиындығын ескере отырып, олардың артық ??????? басу керек, мысалы, үзілістен кейін,дене шынықтыру сабағынан кейін т.с.с. және болатын сабаққа назарын аударту.

Үй тапсырмасын тексеру – жаңа материалды оқытуда,қайталау мен бақылауда болатын сабақтың дәстүрлі бөлігі.

Тексеру этабында оқушылардың басты назары үй тапсырмасын орындаудың негізгі ережелеріне бағытталады. Мұғалім үйге берген тапсырманы барлығы орындағанын, кімде қандай қиындықтар болғанын,қандай түрдегі қателіктер кеткенін тексереді.

Егер үйге тапсырма бермесе,онда мұғалім дайындаған сұрақтарға жауап береді.Сұрақтардың жауабы жаңа сабақта қолданылатын материалды түсіндіруде қолданылады. Сабақтың осы бөлігі арқылы оқушылардың жаңа сабаққа деген танымдық белсенділігі мен қызығушылықтары артады.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою - оқушылардың назарын белсенділеу үшін және оқушылардың оқытылатын пәнге бастапқы қызығушылықтарын қалыптастыруда маңызы зор.

Жаңа материалды түсіндіру – сабақтың құрылысында маңызды орын алады.Ақыл-ойы кем оқушылардың ғылыми-дәлелдердің логикалық білімдеріне сүйеніп оқушылардың жаңа материалды қабыладуының және жақсы түсінудің қарапайым және түсінікті формасы.

Бекіту – сабақта бұл этапқа басты көңіл аударылады.Бекіту жаттығу түрінде, жеке жұмыс түрінде жаңа тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін арнайы тапсырмалар беру түрінде өтіледі.Оқушылардың білімі мен дағдыларына сүйене отырып, теориялық білімдерін практика жүзінде көрсете алуларына бұл этап пайдалы болып табылады.Бұл этап негізінде оқушыларға дифференциалды көңіл аудару мақсатында, олардың өткен материал бойынша алған білімдерін қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай тексереді. Педагог бұл этапты ауызша түрде өзкізуге болады: дәптерге жазғаннан басқасын ауызша айту, текстен керекті жерін тауып оқу, тақтада жазылған сұрақтарға жауап беру, дидактикалық материалдармен жұмыс және т.б.

Өткенді қайталау - өткен материалдарды тақырып бөлім бойынша қайта жаңғырту, қарым-қатынасқа түсу, жүйелеу мақсатында өткізілетін этап. Бұл этаптың басты қиындығы – көмекші мектептің оқушыларының елестету іс-әрекетінің нашарлығынан, яғни өз беттерімен өткен матералдардың маңызды элементтерін естеріне түсіре алмаулары. Олар өткен тақырыптың кейбір жерлерін ғана естеріне түсіреді, басты бөлімін ұмытып қалады, себеп-салдарын шатастырады. Сондықтан мұғалім алдын-ала қайталаудың жоспарын құрастырады: оқушыға қандай сұрақтар қойылады, қандай материалды қайталайтынын ойластыру, қандай жаттығу беру қажет екенін жоспарлайды.

Арнайы мектепте қайталау процесінің жағдайын жақсарту үшін, оның формасына өзгерту жасау қажет( мысалы, сурет бойынша әңгіме құрау, сюжеттік пәнге рөльдік ойындар, видео-сюжеттік демонстрация, слайд, т.б)

Оқушылардың жұмысын қорытындылау және бағалау.Сабақтың бұл бөлігін ұмытып кету мүмкін емес.Аздаған минут аралығында мұғалім оқушылардың жұмысының басты бөлігіне назар аударады, жетіспей қалған бөлігіне тоқталып өтеді.

Арнайы мектепте оқитын оқушылардың білімін бағалау жалпы мектептің бағалауы сияқты өтеді. Бағалау кезінде басты назарды арнайы мектептің программасына аудару қажет, әсіресе баға қою кезінде бұл маңызды роль атқарады.Оқушылардың тәрбиесіне жоғары баға қою үшін,олардың жұмысқа деген қабілетін білу қажет,содан кейін мұғалім оқушылардың өз іс-әрекетіне баға қоя білуіне тәрбиелеу қажет.Бағалау үшін мұғалім оқушылардың ағымдық және қорытынды біліміне назар аудара отырып орындағаны абзал.

Ағымдық баға оқушылардың үлгермеушілігін ескере отырып,олардың біліміне, дағдысына назар аудара отырып материалдардың ара қашықтығын алыстатпай,қайталата отырып бағалау қажет.

Қорытынды баға оқушылардың күнделікті ауызша жауабына қарай, жеке және топпен тапсырма орындарына қарай, практикалық жұмысына және тағы басқа тапсырмаларына қарай сынып жұмысы мен үй жұмысына қарай,сонымен қатар ағымдық және қорытынды бақылау жұмысына қарай қойылатын бағаны айтамыз.

Ағымдық бақылау жұмысы өткен материалды тексеру мақсатында жүргізіледі.Мазмұнын мұғалім таңдайды.

Қорытынды бақылау жұмысы оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық бейімделуі үшін қажетті білімдерін және олардың білімі мен дағдысын тексеру мақсатында арнайы жүргізіледі.

Бұл бағалардың барлығын оқытудың іс-әрекеті ретінде қолданып,олардың бірнеше жұмыстарын реттеуі кезінде үлкен балл деп саналады.

Үй жұмысын хабарлау. Мұғалім үй жұмысын қалай орындау керектігін түсіндіреді. Бұл этаптың басты міндеті - ӘТБ сабағында алған білімдерін, іс-әрекеттік тәжірибелерін тұрмыстық жағдайда орындай білу.