Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәрістер .doc fktevtnnbr.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137.22 Кб
Скачать

+Тақырып 1. Кіріспе.

Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауды оқытудың мақсат- міндеттері.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептерде сабақтың өз мақсат және мазмұны, материалдың көлемі әр түрлі болғанымен, педагог сабақтың құрылымына байланысты қойылатын талаптар, оның басқа пәндерге де ортақ екеніне келісу керек. Бұл талаптар келесідей:

1. Әр сабақтың мақсаты болу керек – мұғалім мен оқушының мақсатқа жету барысында нәтижесін ойша қызықтау. Мұғалімнің сабаққа дайындалу барысында ең алдымен мақсатын сабақтың мазмұнында немесе күнтізбелік жоспарда нақты ұйымдастырған жөн. Әр мақсат бес өзіндік қасиетке ие.

- мазмұны толық

- шығатын нәтижесін бақылау

- уақтылы анықтау

- шындық (оқушының мүмкіндіктеріне сай)

- ояту ( субъектінің іс-әрекет мотивіне сәйкес)

2. Сол сабақта берілген тапсырмаға қойылған мақсатына жетуін қамтамасыз ету. «ӘТБ сабағындағы басты талап» бөлімінде көрсетілгендей сабақты өткенде өзара байланысқан 3 негізгі міндеті пайда болды.

- Ұйымдастыру міндеті – мұғалім арнайы дидактикалық қағидаларға сүйене отырып, ақыл-ойы кем балалардың танымдық үрдістерін дамыту, оқушыларды білімді меңгеріп, іскерлікке және психолого-педагогикалық қолдау көрсетіп, оқып – тануға ынталандыру. Әр сабақтың тақырыбы бөліммен, әрі үздіксіз, нақты болу керек.ӘТБ сабақтарында алынатын білім оқушылардың алдымен меңгерілген білімдерінің арқасында қаланады. Бұнымен жаңа сабақ жақсы меңгеріледі, сондай-ақ өткен материалды бекітеді.

- Түзете-дамытушылық міндеті - ақыл-ойы кем балалардың мақсатқа бағытталған ойлау қабілетін ұйғарымдау ( есін, назарын, ерік-жігерін, еңбекке қабілеттілігін) әр сабақтың түзете-дамытушылық бағыты болу керек. Ол үшін мұғалім этап бойынша оқытуда баламен жүргізілетін жеке жұмыстарды өткізу үшін әр баланың дамуындағы жеке мінез-құлқын көре білуі керек.

- Тәрбиелік міндеті - әрқайсысының мақсатқа бағытталған жағымды жақтарын, мәдени-эстетикалық және әлемді тану жақтарын қалыптастыру. Тәрбиелік міндеттің нәтижесінің сәтті болуы, оқушылардың әлеуметтік еңбекке бейімделі қабілетінің артқаны.

Мұғалімнен тәрбиелеу, оқыту процесін іске асыруда мыналар талап етіледі:

- ақыл-ойы кем балалардың педагогикалық ситуацияларда оқушының істеген іс-әрекеттеріне, мінез-құлқына психолого-педагогикалық анализ бере алу.

- адекватты жастағы және балалардың жеке мүмкіндіктеріне түрлі амал, тәрбиелік әдістерді қолдану.

- еңбек іс-әрекетін ұйымдастыруда өз беттілігін қалыптастыру, сондай-ақ, өз-өзіне қызмет ету шарты туады.

- ақыл-ойы кем балалардың әлеуметтік интеграциясын зерттеу және анализдеу, оның шарты мен мүмкіндіктерінің нәтижесі.

- ақыл-ойы кем балалардың профессионалды маңыздылығын диагностикалауды өткізуде, оларға профобейімделуіне кеңес беру.

Тақырып 2. ӘТБ кездесетін жалпы түсік.

Арнайы мектеп оқушыларына мынадай білім беру керек: қоршаған ортаға бейімделуді үйрету, өз орнын табуға, өз бетінше болуға.Мұндай мекемелердегі мұғалім жұмысының ерекшелігі бірінші кезекте оқыту мен тәрбиелеуді білім беру жүйесіне біріктіру болып табылады.Білім беру барысында түсіндірілетіндер:

1. Толыққанды жеке тұлғаның қалыптасуы.

2. Тұлғаның жеке немесе білім беру жүйесінде және білім беру мекемелерінде жүйелендірілген білім, дағды, біліктілікті меңгеру. Білім – түсіну, есте сақтау және сол білімді қолдану. Біліктілік – алған білімді тәжірбие жүзінде қолдану.Дағды – біліктіліктің қосымша элементі, автоматтандырылған іс қимыл өзіндік дамудың жоғары деңгейі.

Бастауыш,орта,жоғары, жалпы және арнайы, сонымен қатар техникалық,гуманитарлық білімді ажырату.

3.Әлеуметтік институт тұлғаның қоғамда қалыптасуы және сол қоғамның мәдениетін меңгеру. Білім беру – тұлғаның әлеуметтік деңгейінің көрсеткіші және қоғамда өзгеру факторы.

Білім берудің мазмұны – бұл мазмұн қоғамдық тәжірибеде, білім беру және тәрбиелеу, әдістердің түрлерін таңдау арқылы меңгеріледі. Дұрыс таңдалған білім беру мазмұны мен дұрыс қолданылған әдіс және мұны жеткізу тұлғаның ақыл-ойының және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді.

Егер білім беруді педагогикалық көзқараспен қараса, онда басты және екіжақты білім беру жүйесінің қарым-қатынас ерекшелігі – білім беру мен дағды болып табылады. Білім беру – білім берушінің іс-әрекеті, ал оқу – білім алушының іс-әрекеті.

Танымдық іс-әрекет білім беруден тыс, мұғалімсіз орындала береді.Бірақ, бір-біріне тығыз байланысты іс-әрекет – білім беру және біліктілік тек білім беруде орындалады. Дидатикалық қарым-қатынас «Білім беру – біліктілік» танымдық іс-әрекеттің мұғалімнің арнайы мақсат қоюына қарайды. Білім беру мен біліктіліктің , қарым-қатынасының ерекшелігін анықтауда әлеуметтік білім беру – педагогикалық іс-әрекет сияқты болып табылады.

Білім берудің басқа да маңызды сипаттамасы тәрбиелеу мен білім берудің біртұтастығы. Білім берудің құрылымдық бөлімдері:

- біртұтастық;

- мотивациялық;

- мазмұндамалық;

- эмоционалды - күш-жігерлік;

- бақылаушы, еліктегіш;

- баға қоюшы – нәтижелі;

- іс-әрекет.

Тақырып 3. Оқыту әдістері

Білім беру, түзету-дамыту және тәрбиелеу міндеттерін шешу сабақта түрлі оқыту әдістерін қолдануды талап етеді. Оқыту әдісі арқылы мұғалімнің беру жолымен (кейде – тәсіл дейді) оқушылардың білім, білік пен дағдыны меңгеруі түсініледі.

Оқыту мазмұны (бағдарлама), оқытудың ұйымдастырылған формасы (сабақ) және оқыту әдістер» тығыз байланыста болады, бірақ бұл ұғымдар айқындауды талап етеді.

Бағдарлама оқыту мазмұнын анықтайды, яғни оқушы меңгеруге тиісті білімнің көлемі мен жүйелілігі.

Сабақ – оқудың ұйымдастырылған формасы. Оқыту әдістері оқытудың қандай да бір ұйымдастырылған формасында нақты пән бойынша білімді мұғалімнің беру тәсілі мен оқушылардың меңгеруін көрсетеді. Оқыту әдісін ақыл-ойы артта қалған балаларды оқыту құралдарымен араластыруға болмайды. Сабақта қолданылатын әдістер (мұғалімнің әңгімесі, әңгімелесу, бақылау және т.б.), нақты сабақтың тақырыбы мен мазмұнына байланысты. Оқыту әдістері балалардың психологиялық, жас ерекшелік және индивидуалды ерекшеліктеріне сәйкес таңдалынады (дефекттің ерекшелігі және оның компенсациялық деңгейі).

Оқыту әдістерінің белгілі бір жүйесі бар. Олар:

  • Білім көзі бойынша (сөздік, көрнекілік, практикалық);

  • Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипаты бойынша (түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, пролемді, жиі-іздеуші, зерттеушілік);

  • Дидактикалық мақсат бойынша (жаңа білім беру әдістері, қайталау, білімді бекіту, бақылау әдістері).

ӘТБ (СБО) мұғалім мына әдістерге ерекше назар аудару керек:

Мұғалімнің ауызша әңгімесі. Материалды ауызша жеткізу – оқытудың ең қолайлы әрі жетілген әдісі. Зияты зақымдалған балалар ауызша тілді қабылдауда қиындық көреді. Себебі олардың зейіні тұрақсыз, аз уақыттан соң олар басқа жаққа елеңдеп, мұғалім әңгімесінің мәнін жоғалтады, соған қарамастан көмекші мектептерде бұл әдіс оқытуда жетекші орынды иеленеді, яғни тәжірибеде дәлелденгендей.

Мұғалімнің материалды ауызша жеткізуі бірнеше формада болуы мүмкін:

  • көрнекі құралды пайдаланбай-ақ;

  • көрнекі құралдарды пайдалану арқылы;

  • түрлі техникалық оқыту құралдарын пайдалану арқылы (диафильм, диапозитив, видеофильм).

Әңгімелесу оқытудың сұрақ-жауапты түрінде жүреді. Материалды қабылдауының дұрыстығын жиі тексеруді қажет ететін ақыл-ойы артта қалған балалардың ерекшеліктерін ескере отырып белсенді ойлау жұмысы үшін жағдай жасау, оқыту үрдісінде педагог әңгімелесу әдісін жиі қолданады. Дұрыс қойылған сұрақ арқылы мұғалім оқушыларды дербес қорытынды жасауға итермелейді. Сонымен қатар, әңгімелесу әдісі ақыл-ойы артта қалған балалардың оуызша сөйлеудегі өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамытады.

Әңгімелесу әдісін табысты қолдану:

  • әңгімелесу барысында оқушыларға мұғалім қоятын, жақсы ойластырылған сұрақтар жүйесі мен формасы. Оқушылардың ешқандай ойлануын талап етпейтін немесе ия, жоқ жауапты сұрақтарды қолданбау керек. Меңгерілетін материалды оқушылардың түсінуін тексеру және олардың ауызша тілін дамыту мақсатымен сұрақ формасын өзгертіп отыру керек;

  • оқушылардың жауаптарына талаптар қою. Жауаптар мағынасы бойынша, формасы бойынша толық, дұрыс болу керек. Жауапта оқушылардың тілінде аграмматизмдерді, қате екпінді дұрыстау керек, фразаны сауатты қайталатқызу керек.

Түсіндірмелі оқыту әдісі. Зияты зақымдалған оқушыны кітаппен жұмыс істеуге үйрету өте маңызды. Кітап, оқулық, түрлі құрылымдағы баспалы мәтін білімді бекітуге көмектеседі. Баспалы мәтінмен жұмыс істей отырып оқушылар біртіндеп дербес оқу және оқығанды түсіну дағдыларын меңгереді. Түсіндірмелі оқу әр сөздің де, бүкіл мәтіннің де мән-мағынасын айқындауға мүмкіндік береді. Түсіндірмелі оқу сабағында оқушы жалпыға ортақ білім алады және осыған байланысты сөз қорын толықтырады, сөздік логикалық тілін және ойлауын дамытады.

Экскурсия. Зияты зақымдалған оқушыларды әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлай оқытуда экскурсияның мәнін бағалау қиын. Экскурсия табиғи жағдайларда әлемнің қандай екенін бақылауға мүмкіндік береді. Көмекші мектеп оқушыларымен экскурсия жүргізу өте қиын екені рас. Экскурсия кезінде мұғалімге түсіндірме жасау, оқушылармен байланыс орнату едәуір күрделі, себебі олардың назары шашыраңқы, шоғырлануы қиын. Сондықтан мұғалімге қажет:

  • экскурсияға мұқият дайындалу, оның мақсатын, мазмұнын, түсіндірмелі әдістерін анықтау.

  • Оқушыларды дайындау: экскурсияның мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы жайлы айту, экскурсиядағы жұмыс формасы жайлы айту, жауабын оқушылар экскурсия кезінде табуға тиісті сұрақтар қою;

  • Экскурсия жүргізу кезінде барлық оқушыға зерттелінетін материалдың мәнін ұғындыруға тырыса отырып ешбір оқушыны назардан тыс қалдырмау керек;

  • Экскурсия жүргізген соң міндетті түрде экскурсияматериалдарын бекіту мақсатымен әңгімелесу жүргізу керек.

Лабораториялық әдіс. Көмекші мектепте оқытудың лабораториялық әдісін пайдалану тіптен мүмкін емес деген қате түсінік бар. Бұл ұғымды жақтаушылар бұл әдіс арнайы жағдайды қажет етеді дейді. Негізінде, кәдімгі кабинетте лабораториялық жұмысты ұйымдастыру қиын емес. Мұндай жұмыстар мысалы ыдысты жуу үшін сұйықтықтың әсерімен тарелка бетіндегі майды кетіруді, киімді жумас бұрын суға салып қоюды, үй құралдары арқылы киімнен дақты кетіруді, су температурасын өлшеуді, консервілеу үшін маринад даярлауды бақылау.

Жазба және графикалық жұмыс түріндегі жаттығу. Сабақ барысында оқушылар меңгерілетін бағдарламалы материалды жақсы ұғыну, есте сақтауға көмектесетін сызбалар мен жазбалар жасайды. Жазбаны дұрыс жүргізу үшін ақыл-ойы артта қалған оқушылар мұғалім жетекшілігін қажет етеді. Оларды болашақта есте сақтау үшін негізгілерін жазуға үйрету керек. Бұл үшін мұғалім оқушыларға тақтада, кітапта, газетте жазылған мәтіннің негізгі мәнін анықтауды ұсынады және оны дәптерге жазу керек.

Алған білімді қолданудағы жаттығулар. Білім, білік пен дағды бір-бірінен ажыратылмауы керектігі бәріне белгілі. Ақыл-ойы артта қалған оқушылар көбейту кестесін білуі мүмкін. Бірақ оны тәжірибеде қолдана алмауы мүмкін, немесе грамматика ережесін біліп, бірақ оны жазуда сақтамайды, 1л 1000мл-ге тең екенін біліп, оны 250 мл стақандағы су көлемін өлшей алмайды. Арнайы ұйымдастырылған сабақта қайталау үрдісінде тәжірибеде алған білімді қолдана алуды қалыптастыру қажет.

Білімді тексеру әдістері. Зияты зақымдалған оқушылардың білімін дұрыс бақылау өте күрделі міндет. Ақыл-ойы артта қалған оқушы әрқашан өз білімін еш кедергісіз жеткізетіндей деңгейдегі тілді игермейді. Сондықтан білімді тек ауызша сөйлеу арқылы айқындауды объективті деп тануға болмайды. Ақыл-ой дамуында проблемасы бар балалардың бұл ерекшеліктерін ескере отырып, тексеру жұмыстарының түрлі түрлерін ұйымдастыру қажет, сондай-ақ оқушылардың білімін түрлі тәсілдермен тексеру керек. Мұнда педагог оқушының іс-әрекетінің түрлі тұстарын талдауға, оқушылардың алған білімін тәжірибеде, осы өмірде қолдана білуін міндетті түрде ескеруге тырысу керек. Білімді қадағалау жүйесі «ӘТО сабақтарында оқушылардың тәжірибелік біліктері мен білімдерін есепке алу және қадағалау» бөлімінде толық берілген.